Эмоция және эмоционалды интеллект


Ең көне ең қарапайым эмоциялар



бет2/5
Дата23.02.2023
өлшемі342.38 Kb.
#469946
түріЛекция
1   2   3   4   5
3лекция Эмоция сезім

Ең көне ең қарапайым эмоциялар:

  • Рахаттану – қарапайым қажеттіліктердің қанағаттандырылуы кезіндегі бастан кешу және
  • Рахаттанбау – қажеттілік күшті бірақ оны қанағаттандыру мүмкін емес болғандағы бастан кешу

Адам эмоцияларының формалары (эмоциялық процестер):

  • Аффект
  • Эмоция
  • Сезім
  • Көңіл-күй
  • Стресс

Аффект

  • Өте күшті, қарқынды, қысқа мерзімді эмоциялық күй.
  • Мысалы, өте қатты ашу-ыза, қорқыныш, қайғы, қуаныш
  • Аффект кезінде өте қарқынды эмоциялық қозу туындайды.
  • Барлық психикалық функциялардың жұмысы күрт өзгереді, әсіресе зейін. Зейіннің ауыспалылығы төмендейді, адам тек бастан кешіріп жатқан эмоциясына қатысты нәрселерді ғана қабылдай алады.
  • Ойлау өзгереді – адам өзінің әрекеттерінің салдарын болжай алмайды.

Эмоция

  • Аффектпен салыстырғанда ұзағырақ, сонымен қатар, тек осы мезетте болып жатқан жағдайларға ғана емес, есімізге түскен немесе қиялдаған жағдайларға да реакция болып табылады.
  • Түрлері:
  • Жағымды (қуаныш, сүйсіну, махаббат, ырзашылық)-
  • жағымсыз(ашу, ыза, жиіркеніш, көңіл қалу, жабырқау)
  • Стеникалық – іс-әрекетті белсендіреді, энергия береді (адам «тау қопаруға» дайын болады);
  • Астеникалық – керісінше, пассивтілік, енжарлық тудыратын эмоциялар.
  • Төменгі (қарапайым қажеттіліктер мен инстинктерді қанағаттандыруға бағытталған – тәтті тағамнан немесе демалудан алатын рахаттану ) – жоғарғы (жоғары қажеттіліктерді қанағаттандыру сезімдері – балаңның жетістігі үшін мақтану)
  • Қарапайымкүрделі
  • Рационалды және иррационалды
  • Рационалды (шынайы) эмоциялар – шынайы нәрсе туралы хабар береді: биіктен қорқу, басқа біреуге зиян келтіргендегі кінәлілік сезімі, бізге біреу зиян келтіргенде ашулану.
  • Иррационалды (жалған) эмоциялар – ойдан шығарылған нәрселер туралы ақпарат береді: биіктік фобиясы, ешқандай жамандық жасамаса да өзін кінәлі сезіну, басқа біреудің заты менікі емес деп ренжу.
  • Иррацоналды эмоциялар – жалған эмоция деген сөз емес, эмоция шынайы, оның себебі жалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет