ӘӨЖ 81. Ксенобиотиктермен соның ішінде пестицидтермен ластанған топырақта өскен



бет1/5
Дата19.05.2022
өлшемі0.55 Mb.
#457239
  1   2   3   4   5
ПЕРДЕБЕКОВА Камшат 2 макала


ӘӨЖ 581.5


КСЕНОБИОТИКТЕРМЕН СОНЫҢ ІШІНДЕ ПЕСТИЦИДТЕРМЕН ЛАСТАНҒАН ТОПЫРАҚТА ӨСКЕН CUCURBITACEAE (АСҚАБАҚ) ТҮРЛЕРІНІҢ ГҮЛДЕУ КЕЗІНДЕГІ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ


TO STUDY THE FEATURES OF THE MORPHOLOGICAL STRUCTURE OF CUCURBITACEAE (PUMPKIN) SPECIES DURING FLOWERING, WHICH GREW ON SOIL CONTAMINATED WITH XENOBIOTICS, INCLUDING PESTICIDES


Арыстанова С.Д., Кемелбекова Г.А., Пердебекова К.Ұ.
Arystanova S.D., Kemelbekova G.A., Perdebekova K.U.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан


М. Auezov South Kazakhstan Univetrsity,Shymkent, Kazakhstan
kperdebekova@gmail.com


Резюме
Пестициды являются токсичными химическими веществами, используемыми для борьбы с вредными организмами (насекомыми, грибками, микроорганизмами, вирусами и т. д.), которые наносят вред растениям. В данной статье исследовано влияние пестицидов на морфологическую структуру растения, выросшего в почве загрязненной пестицидами в период вегетации и в период цветения растения, выросшего в условиях загрязнения почвы различными пестицидами.


Аbstract
Pesticides are toxic chemicals used to combat plant-causing pests (insects, fungi, micro-organisms, viruses, etc.). In this article, the effect of pesticides on the marfological structure of plants grown during the vegetative period of plants grown in soil contaminated with pesticides and during the flowering period of plants grown in conditions of soil contamination with various pesticides was studied.


Кілттік сөздер: пестицид, ксенобиотик, ластану, топырақ, асқабақ,кәді,метаболит, морфология.
Keywords: pesticide, xenobiotic, pollution, soil, pumpkin,zucchini,will metabolic, morphology.

Республикамызда ауыл шаруашылығы маңызды орынды алады, себебі ол еліміздің экономикасына айтарлықтай өз үлесін қосып отыр. Сонымен қатар берілген бағыт қоршаған ортаны ксенобиотиктермен,соның ішінде пестицидтермен ластану көздерінің бірі болып табылады [1]. Пестицидтердің арасында тұрақты органикалық ластаушыларға жататын хлорорганикалық пестицидтердің тобы аса қауіптілік тудырады. Бұл мәселе ДДТ және ГЦГХ пайдалануы кең таралуы,яғни бұрынғы КСРО мемлекеттері үшін аса өзекті мәселе болып табылады. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығында тыйым салынған, пайдалануға жарамсыз және ескірген пестицидтердің біршама көлемінің жинақталуы өзекті мәселе болып табылады [2-3].


Қазақстанда 1991 жылдан бастап өсімдіктерді қорғау үшін химиялық заттар сақталған көптеген қоймалық бөлмелер бұзылған. Қазіргі кезде бұл территориялар “ыстық нүктелерге” айналған және көптеген пестицидтер ашық күйде қалғандықтан, үлкен экологиялық қауіптілік тудырады. Кейбір “ыстық нүктелер” топырағы тыйым салынған тұрақты токсикалық заттармен, атап айтқанда, ДДТ метаболиттері және ГХЦГ изомерлерімен ластанған екендігі анықталған, олар Қазақстан қол қойған Стокгольм конвенциясы бойынша жойылуы қажет. Осындай ластану қоршаған орта,соның ішінде өсімдіктерге тигізер зияны үлкен болып табылады [4-5].
Ксенобиотиктерге жататын пестицидтер және олардың метоболиттері клетка ядросына еніп, геномның құрылымдық-функционалдық ұйымдасуын өзгертеді [6]. Мутагенділгін зерттеу барысында 407 пестицидтер ішінде 263 түрі мутагенді белсенділікке ие және теріс генетикалық зияндылықты көрсетті, сонымен қатар пестицидтер ферменттік жүйенің жұмысын өзгертеді, ДНҚ және РНҚ жүйесінің бұзылуына алып келеді, ДНҚ-да бір немесе екі жіпшелі бұзылыстарына алып келіп соқтырады [7-8].
Сондықтан қоршаған ортаның ксенобиотиктер,соның ішінде пестицидтермен ластану деңгейі мен салдарын зерттеу, сонымен қатар ластанған топырақтарды “сауықтыру” жолдарының мүмкіндіктерін іздеу өзекті болып табылады. Осыған байланысты, бұл зерттеу жұмысымыздың мақсаты пестицидтермен ластанған топырақтардың Cucurbita pepo L.pumpkin (асқабақ) және Cucurbita pepo var. Ovifera (қабақша) өсімдіктерінің морфологиялық құрылымына әсерін зерттеу болып табылады [9-10].
Зерттеу материалдары және әдістері. Зерттеу объектілері Cucurbita pepo L.pumpkin (асқабақ) және Cucurbita pepo var. Ovifera (қабақша)түрлері алынды.
Вегетациялық тәжірибелерде топырақтық дақыл ретінде 1-ші “ыстық нүкте” территориясынан алынған топырақты, жасанды ластанған және таза топырақты (бақылау) қолданған.
Ерітінді топырақты жауып, әр пестицидтің соңғы концентрациясы топырақтың 1 кг-на 100 мкг тең болатындай етіп, таза топырақты хлорорганикалық пестицидтердің 30%-дық сулы-спиртті ерітіндісімен жасанды ластадық. Топырақтағы пестицидтердің жалпы қосындысы 500 мкг/кг. Пестицидтердің сулы-спиртті ерітіндісінің булану ұзақтығы бір айды құрады. Буланудан кейін құрғақ топырақ араластырылды.
Пестицидтермен ластанған топырақ пен таза топырақты елеуіштен (3 мм) өткізіп, одан кейін жақсылап араластырды. Дренаж ретінде құм мен көлдің ұсақ жұмыр тастарын қолданды. Топырақтық дақыл ретінде 1-ші “ыстық нүкте” топырағын қолданды. Тәжірибе алдында топырақты елеуіштен (3 мм) өткізіп, одан кейін жақсылап араластырды. Дренаж ретінде керамзит пен құмды қолданды. Өсімдіктер дәндерін отырғызуды бір күн ішінде жүргізді. Суаруды күн сайын таңертең құбыр суымен (су мөлшері 400 мл) жүзеге асырған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет