Ерте ерте ертеде, ерте жүні бөртеде жапан далада бір сарай болыпты. Сол даладағы жалғыз сарай осы болыпты. Ел арасында бұл сарай туралы көптеген өсек тарапты



Дата15.04.2024
өлшемі13.96 Kb.
#498755
акмарал


Ерте ерте ертеде, ерте жүні бөртеде жапан далада бір сарай болыпты. Сол даладағы жалғыз сарай осы болыпты.Ел арасында бұл сарай туралы көптеген өсек тарапты. Бірі бұл сарайды Ханның Хор қызы тұрады десе, енді бірі бұл Сарайда Ханның бар байлығы жиналған деседі. Ал бұл сарайдың ішінде кім тұратынын және бұл сарай нені жасырып тұрғанын бірге білейік. Бұл сарайды Хан миллиондаған алтын ділдәларға салғызған екен.Ең алғашында сарай ішінде Патша өз патшайымымен бақытты өмірлерін бастамақшы болған екен. Патша мен Патшайым өз өмірлерін өте керемет бастап келе жатыпты, бірақ ұзақ уақыт бала сүйе алмапты, 10 жылда ұзақ күттіріп келген балалары тілінде кемістігі бар болып дүниеге келеді екен. Оны білген патша өз абыройына кір келтіріп алмас үшін бала 10 жасқа келгенде 100 күтушісімен сол сарайға апарып тастаған екен. Бір күні сол патшаның алдына бір жас мұғалім жігіт барады екен. Мемлекет балаларын жаңа білімге үйретемін деген сұраныспен. Патша оған не білетініңді көрсет мені таңқалдыр дейді. Жаңағы жігіт өзінің бұрыннан бері оқытып келе жатқан ерекше кекештене сөйлейтін баламен жасаған жұмыстарын көрсетеді, түрлі тәсілдер көрсетіп баланың тіл кемістігін қалай жойғанын көрсетеді.Патша бұған сенбейді, алдап ақшаны мектеп ашуға емес жайдан жай алып жатыр деп ойлайды. Сосын патша ұзақ ойлана ол жігітті өз баласына жіберуді шешеді. Жігітке бұйырады патша: Ей мұғалім сымақ егер сен осы баланы осы кемістігінен айырсан мен саған 100 мың алтын ділдә, сарай, 100 жылқы және ең бастысы өзіңе жеке мектеп ашып беремін дейді. Мұғалім жігіт қуана қуана келіседі. Мұғалімнің көзін байлап сол сарайға апарып тастайды. Мұғалім келген күннен бастап, бар назарын осы балаға салады, баланы барынша аша түседі, өз тәсілдерін пайдаланып, 10 айда баланы толықтай тіл кемістігінен айырады. Патша ұзақ жылдардан соң осы сарайға келеді. Өз баласының еш қиындықсыз таза сөйлеп тұрғанын естіген Патша өз құлағына өзі сене алмайды. Солай мұғалімге уәде еткен сый сияпаттарының бәрін береді. Мұғалімге уәде еткендей мектеп ашып береді. Ол мектепте барлық мемлекеттегі тіл кемістігі бар балалар білім алып ауруларынан айығып жатты. Ал Патша өз баласын Патша етіп орнына қойды. Үшеуі мәңгі бақытты өмір сүрді.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет