Ф – об – 001/035 Танымдық сайыс «Ұрпаққа өшпейтін із қалдырған»



бет1/12
Дата13.05.2022
өлшемі197.5 Kb.
#456846
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
kur -tarih-sabagyndagy-oyyndar


Ф – ОБ – 001/035

Танымдық сайыс «Ұрпаққа өшпейтін із қалдырған» 8-10 сынып


Танымдық сайыстың мақсаты:Қазіргі заманына сай білімді,ой-өрісі дамыған азаматты қалыптастыру,оқушылардың пәнге қызығушылығын ояту.
Сайысқа қатысушылар: (Сайысқа қатысушылармен слайд арқылы танысу.)
1.Айтбулатова Гаухар 10 «а» сыныбы.
2. Болатова Айзада 9 «а» сыныбы
3. Шаяхметова Ақтоты 9 «б» сыныбы
4. Бисембаева Айдана 8»а» сыныбы
Әділ қазы алқасы сайысты бағалап отырады.
Танымдық сайыс кезеңдері:
1. «Кім тапқыр?»
2. «Жүйрік ой».
3. «Қызықты төрттік.»
4. «Кім жылдам?»
1. « Кім тапқыр?»кезеңінде оқушыларға Ұлы Отан соғысының батырлары:
Әлия Молдағұлова,Мәншүк Мәметова,Хиуаз Доспанова,Рақымжан Қошқарбаев,Талғат Бигелдинов,Сағадат Нұрмағамбетов, Иван Кожедуб,Бауыржан Момышұлы портреттері көрсетіледі,оқушылар олардың аты-жөнін атауы керек,қосымша мәліметтер берсе ,тағы ұпай қосылады.
2. «Жүйрік ой» кезеңінде оқушыларға Ұлы Отан соғысы тақырыбына суреттер көрсетіледі, 5 минут ішінде олар осы тақырыпқа эссе жазулары керек.
3. «Қызықты төрттік» кезеңінде 4 ұяшық: Дата,сан. Шайқастар. Кеңес Одағының Батыры. Мәдениет берілген. Әрбір ұяшықта 20,30,40,50 ұпайларына лайықты сұрақтар берілген. Оқушылар таңдаған сұрақтарына жауап бере алмаса ,қарсыластары ұпайды ұтып алуға болады.
Дата,сан:
20 ұпай Ұлы Отан соғысы қашан басталды? 1941ж 22 маусым
30 ұпай Ұлы Отан соғысы қашан аяқталды?1945ж 9мамыр
40 ұпай Қазақстандық партизандардың жалпы саны?3,5 мың
50 ұпай “Киров” крейсерінде қанша қазақстандық жауынгерлік сапта болды? 156 қазақстандық
Шайқастар:
20 ұпай Ленинград блокадасы неше күнге созылды? 900күнге
30 ұпай И.В.Панфилов басқарған 316 атқыштар дивизиясы қай қала үшін шайқасқа қатысты?Мәскеу шайқасы
40 ұпай Берлин операциясы қашан болды? 1945ж 16 сәуір
50 ұпай 03.09.1941-20.04.1942 жылдар аралығында қандай шайқас болды?
Мәскеу шайқасы
КОБ Кеңес Одағының Батыры:
20 ұпай Ұлы Отан соғысында 11 600 Кеңес Одағының Батыры болды, қанша қазақстандықтар бұл атақты алды? 497
30 ұпай Днепр үшін ұрыста Кеңес Одағының Батыры атанған ең жас, 18 жасар қазақстандық?Жәнібек Елеусізов
40 ұпай Бородино селосында неміс штабында 5 неміс офицерінің көзін жойған Кеңес Одағының Батыры? Төлеген Тоқтаров
50 ұпай Кеңес Одағының Батыры атағын 2 мәрте алған ұшқыштарды атаңдар?Талғат Бигелдинов,Леонид Беда,Иван Павлов, Сергей Луганский
Мәдениет:
20 ұпай Қанша қазақстандық жазушы мен ақындар соғыс майданында шайқасты? 100-ге жуық
30 ұпай Ленинградтық өренім
Мақтанышым сен едің
Нева өзенін сүйкімді
Бұлағымдай көремін
өлең жолдарының авторы? Жамбыл
40 ұпай Белгілі жазушы Қасым Қайсенов қай жерде партизан жасақтарын басқарды?Украинада
50 ұпай Ғабит Мүсіреповтың қай романында Атыраулық Кеңес Одағының Батыры Қайырғали Смағұловтың ерлік өмірі баяндалады?
«Қазақ солдаты»
4. «Кім жылдам?» Кезеңінде тест сұрақтары берілген.
1.Мәскеу маңындағы майданда Б.Момышұлы қай әскери жасақты басқарды?
а) взвод в)батальонды+
с) полкты д)дивизияны
2.Ленинградты қорғау кезінде қазақтардан кім дзотты жапты?
а) Т.Тоқтаров в)М.Ғабдуллин
с) С.Баймағанбетов. + д)Қ.Сәтбаев
3.Әуе шайқасы кезінде жаудың 37 ұшағын қазақстандық ұшқыш-жойғыштар ішінен кім жойды?
а) Әбдіров в)Павлов
с) Беда д)Луганский +
4.Қазақстандық партизан-жазушы?
а) Ә.Тәжібаев в)Ж.Саин +
с) Ә.Нұршайықов д)Б.Момышұлы
5.Қазақстан қай майданға жақынырақ болды?
а) Мәскеулік в)Ленинградтық
с) Сталинградтық+ д)Смолендық
6.Екінші дүниежүзілік соғыс қашан аяқталды?
а) 09.09.1945ж в)02.09.1945ж +
с) 22.09.1945ж д)09.05.1945ж
7.Ұлы Отан соғысында неше қазақ қызы Кеңес Одағының Батыры атанды?
а)1 в)2+
с)4 д)5
8.Қай жылы Каспий өңіріне соғыс жағдайы енгізілді?
а)1941ж в)1942ж +
с)1943ж д)1944ж
9.Кеңес Одағының батыры Нүркен Әбдіров кім болды?
а)ұшқыш + в)жаяу әскер
с)танкист д)барлаушы
10.Берлин ратуш төбесіне 1008-ші атқыштар полкының туын көтерген қазақстандық жауынгер?
а)Д.Әбдірайымов,Ж.Ахмедияров в)К.Маденов,Р.Қараманов+
с)А.Шәріпов,Қ.Қайсенов д)А.Еремеев,И.Шелихов
11.Шетелдегі Қарсыласу қозғалысына қатысып, ерлік көрсеткен қазақстандық кеңес одағының батыры кімдер?
а) А.Егоров,З.Құсайынов + в)Қ.Сыпатаев,Л.Беда
с)Р.Қошқарбаев,Ж.Болатов д)Т.Жұмабаев,А.Еремеев
12.Фашистер жоспары бойынша Қазақстан қай мемлекетке кіру керек еді?
а) Остланд в)Еділ-Жайық
с) Московия д)Үлкен Түркістан+
Әділқазы алқасы қорытынды ұпайларды шығарғанша «Ұлы Жеңіске ұлы үлес» видеосы көрсетіледі.


Мазмұны




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет