Ғ. А. Книязбаев Қазақша күресінің Әдіс-тәсілі мен дамуы



бет1/52
Дата03.01.2022
өлшемі0.6 Mb.
#451598
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Kniazbaev kures — копия


Қазақстан Республикасының

білім және ғылым министрлігі


  • .Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті


Ғ.А. Книязбаев

ҚАЗАҚША КҮРЕСІНІҢ ӘДІС-ТӘСІЛІ МЕН ДАМУЫ
Оқу құралы



«Тараз университеті»


баспасы

Тараз, 2016



ӘОЖ 796.81(574) (072)

КБЖ 75 (5каз) р30



  • 43


Ғ.А. Книязбаев

Қазақша күресінің әдіс-тәсілі мен дамуы. Оқу құралы. – Тараз: Тараз университеті, 2016. – 61б.



Пікір жазғандар:
Шевченко А.Н. – Тараз мемлекеттік педагогикалық инсти-тутының доценті, Жоғары дәрежелі ұлттық төреші баскетболдан;
Джекенов П.С. – М.Х. Дулати атындағы ТарМУ «Дене тәрбиесі» кафедрасының меңгерушісі, доцент.
Оқу құралы негізгі мақсаты ұстаздар жаттығуларды жасатқанда жұмыстарын ғылыми негізге сүйене отырып жаттығу сатыларын дұрыс ұйымдастырып, уақытылы палуанға қажетті әдіс-тәсілін, күшін шыдамдылығын, ептілігін, иілгіштігін бойына сіңіріп санасына жеткізе және жетілдіре білгенде ғана келешекте дүние жүзіне танымал қазақ елінің абыройын көтеретін балуандарды дайындайды.
КБЖ 75 (5каз) р30
Оқу құралы мұнай газ және механика факультетінің ғылыми-әдістемелік жиналысында қаралып шығаруға ұсынылсын. Хатттама №_4_ «_29_»____03___ 2016 ж

© Ғ.А. Книязбаев, 2016

© М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, 2016

2


Кіріспе
Қазақша күрес – қазақ халқының ерте кезден қалыптасқан спорт ойындарының бірі. Басқа халықтардың ұлттық күрес түрлерімен салыстырғанда қазақша күрестің өзіндік ерекшеліктері көп.Кеңес дәуіріне дейін қазақша күрес негізінен әдет-ғұрыпқа байланысты және еңбек процестерінде жеткен жетістіктерін дәріптейтін жиын-тойларда өткізілді. Бұрын қазақша күрес «Күш атасын танымайды» деген түсінікпен салмағына , дәрежесіне, жасына қарамай өткізіле берген. Тіпті, ағасы мен інісі күресіп қалатын кезі де болған. Сондай-ақ, күрестің белгілі бір жүйеге түскен белдесу ережесі де болмаған. Күреске түскендер үлкен-кішілігіне қарамай, қайсысы күшті болса, сол жеңіске жеткен. Жиын-тойларда ғана күш сынасып қоймай, кім жеңеді деп егеске түскен екі балуан кездескен жерде ат үстінен түсе қалып, белдесе кететін болған. Ел ішінде атақтары жайылған Қажымұқан, Балуан Шолақ, Битабар т.б. осындай алып балуандар болды.Қазан төңкерісіне дейін ас беру, қыз ұзату, күзем алу, наурыз сияқты жиын-тойларда белдесу күресі өтетін жерге арнаулы текемет төселіп, балуандар күресуге шыққанда , аяқтарына мәсі киіп немесе жалаң аяқ шыққан. Үстеріне тізеден төмен түсетін шапан киіп, беліне екі-үш қабат белбеу байлаған.Төреші күресуге шыққан балуандарды қолдарын айқастыра ұстап белдестіреді. Бұл белдесуді қазақтар «қоян-қолтық ұстасу» деп атайды. Белдесу барысында, ереже бойынша, қолды белбеуден босатуға болмайды.
Күрестің ұлттық түрі «қазақ күресінің» даму тарихы қазақ халқының тамыры тереңнен тартылатын тарихымен тұтасып жатыр. Түрлі бас қосулар мен мереке тойлар спорттың осы түрінің сайысынсыз өткен емес. Күші басым түсіп, жеңіске жеткен балуандар халықтың төбесіне тұтар құрметті адамына айналған. Қазақтың ұлы батыры Қажымұқан есімі қазақ халқының тарихына ғана еніп қойған жоқ, сонымен бірге спортшылардың әлемдік элитасының қатарына кірді.
«Қазақша күрес» бойынша бірінші ірі жарыс 1938 жылы ауыл шаруашылығы аймақтары арасындағы спартакиада аясында өткен. Сол сәттен бастап жарыс дәстүрлі түрде республика қалаларында тұрақты өткізіліп келеді. Ірі Халықаралық турнирлер 1952 және 1975 жылдары Азия аймағы спортшыларының

3


қатысуымен өткізілді. Ұлттық күрестің дамуы Қазақстан егемендік алғаннан кейін жаңа серпін алды. 1991 жылдан бастап республикалық чемпионаттар мен біріншіліктер жыл сайын өткізілетін болды.
2004 жылы Қазақтардың Берлиндегі Бүкіләлемдік Құрылтайында конференция болып, сонда «Қазақша күрес» күресі бойынша халықаралық федерация ұйымдастырылды. Федерация-ның президенті – Түкиев Серік Адамұлы.
2005 жылы Ресейде (Алтай өлкесі) «Қазақша күрес» күресі бойынша І Азия Чемпионаты өтті. 2005 жылы қарашада Астанада ҚР Президентінің жүлдесіне «Қазақша күрес» күресі бойынша ірі халықаралық турнир болды. Оған әлемнің 25 елінен 100-ден аса спортшы қатысты. Олардың қатарында Германия, Түркия, Голландия, Франция және басқалары бар. Биылғы жылдың шілдесінде Монғолияда «Қазақша күрес» күресі бойынша ІІ Азия Чемпионаты өтті. 2011 жылы тамызда қазақша күрестен Қазақстан біріншілігі болып өтті.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет