Факультативтік курс «Химиядан к‰рделі химиялыќ есептерді шыѓару»



бет1/5
Дата11.09.2023
өлшемі70.5 Kb.
#477148
  1   2   3   4   5
факультативтік курс сандық есептер


Факультативтік курс


«Химиядан сандық есептерді шығару»


Түсінік хат 
Химия пәнінен бұл бағдарлама жалпы мектептердің 9-11сыныптарында оқушылардың алған білімдерін әрі қарай тереңдете бекітіп, білімдерін тексеруге арналған. Химия курсының теориялық материалын сәтті игертудің тиімді жолдарының біріне химиядағы типтік есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру мен меңгерту жатады. Химиялық есептер – оқушылардың химиядан білім сапасын анықтаудың негізгі құралдарының бірі. Химия есептері сан және сапа есептері болып екіге бөлінеді. Бағдарламада сандық есептерді шығару көзделген. Курстың негізіне атом-молекулалық ілім, стехиометриялық заңдар, химиялық элементтердің периодтық заңы алынған.
Болашақта химия және биология мамандықтарына даярлайтын жоғары оқу орнына түсем деушілерге, әртүрлі типтегі химиялық есептерді шығару әдістемесін игерудің пайдасы орасан.
Бағдарламаның негізгі мақсаттары:

  • Бейорганикалық және органикалық химиядан алған білімдерін қорытындылау, пысықтау.

  • Бар білімді жаңа проблемалар (әр түрлі деңгейдегі есептерді) шешуде шығармашылықпен қолдану.

  • Химияның мектептік курсында қарастырылмайтын ұғымдарды оқып-үйренуді қамтамасыз ету.

  • Оқушылардың талдау, салыстыру, тұжырымдау, ой-өрісін, өз бетімен ойлау қабілеттерін дамыту.

  • Конкурстық, олимпиадалық есептерді шығару алгоритмін жетілдіру, күрделі есептерді шығаруда алгебралық әдістерді пайдалану тиімділігін көрсету.

  • Пәнаралық байланыстардың мазмұның (математика, физика, биология) кеңейту.

  • Химияның қоғамдағы маңызын, адамзат алдында тұрған сан-салалы, ауқымды мәселелерді шешудегі рөлінің артуын ашып көрсету.

  • Оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру.



Міндеттері: 
- химиялық дүниетанымды қалыптастыру
- алған білімдерінінің маңызы туралы түсініктерді меңгерту; 
- әр оқушының оқу деңгейін анықтау
- тәжірибелік білімдерін жетілдіру; 
- химиядан білім стандартына сәйкес келетін оқытудың жоспарланған нәтижесін қамту. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет