Ғаламдық экологиялық проблема.Ғаламдық жылыну



бет1/4
Дата05.12.2023
өлшемі106.81 Kb.
#485468
  1   2   3   4
Ғаламдық экологиялық проблема каракат

Ғаламдық экологиялық проблема.Ғаламдық жылыну

Жоспары

Кіріспе бөлім

Негізгі бөлім:

Кіріспе

  • Адамзат баласы мен Табиғат-ананың айқасы жанайқай шегіне жетіп қалған сияқты. “Табиғатты бағындыру” қағидасы ұранға айналған ХХ ғасырдағы адам әрекеті қоршаған ортаның табиғи тепе-теңдігінің іргетасын шайқалтты. Тіршілік атаулы табиғатпен үйлесімді әрекеті арқылы ғана дами алатындығын, өзі де сол Табиғат-ананың бір баласы екенін жиі естен шығаратын адамзат тойымсыз тәбетін табиғатты тұқырту тәсілімен қанағаттандыру жолына түскен Себепсіз бір тал гүл жұлмақ түгілі, тұтас ормандарды отап, те­ңіз­дерді құрғатқан адам­заттың “Асау та­биғаттың бермегенін тартып алайық!” деп даурыға ұрандағанын да білеміз. Әлі де “ат­тан­дап” келеді. Қан­ша жомарт болса да Жер жарықтық тойымсыз­дықтан тұншықты, қанша төзімді болса да Табиғат-ананың тынысы тарылды.Тарылғаны сол емес пе, ХХІ ғасыр бас­тауы табиғи апаттар мен сілкіністерден ес жи­ғызбай барады. Мәңгі жасыл құрылық­тар­ды жаз ортасында қар басып, Гренландия­ның мұз құрсаулырының жыл сайын 250 млрд. тоннасы еріп, бу мен суға айналып жатыр. Ғалымдық жылынуға мызғымайтындай көрінген Гренландия аралында пайда болған сөгінді-жарық ұлғайып келеді. Арктика мұздары көлемiнiң кiшiреюi де бұл қауіптің басы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сараптамасы бойынша, климаттың ғаламдық өзгеруінен бүгінде 150 мыңнан астам адам көз жұмған. Бүгінде әлемнің барлық жерінде ауа райының жаһандық жылыну үрдісі байқалып, бұл әлемдік экологтардың дабыл қағуына түрткі болып отыр.

Ғаламдық жылыну

  • Ғаламдық жылыну —жердің бетіндегі орташа температураның артуы. Соңғы жүз жылда температурасы шамамен 0, 6 ºС-қа артты. Ауаны ластау, өнеркәсіп санының артуы, ормандарды кесу, жанартаулардың атқылауы және Күндегі өзгерістер, адамның әр түрлі әрекеттері ғаламдық жылынудың басты себептері болып тұр.

Ғаламдық жылынулардың әсерлері
  • климаттың өзгеруі
  • жылу толқындарының жиі болуы
  • теңіз деңгейінің көтерілуі
  • мұздықтардың еруі
  • тасқындар
  • құрғақшылықтар мен дақылдардың шықпай қалуы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет