Ғали Орманов атындағы №7 мектеп гимназиясы Тақырыбы: «Ана» деп көркем жыр төккен, Армысың, ару, нұр – көктем! Сынып



Дата29.06.2016
өлшемі48.5 Kb.
#165035
Ғали Орманов атындағы №7 мектеп - гимназиясы



Тақырыбы: «Ана» - деп көркем жыр төккен,

Армысың, ару, нұр – көктем!

Сынып: 1 «А»

Сынып жетекшісі: Камзенова А.М

Тәрбие сағаты



Тақырыбы: «Ана» - деп көркем жыр төккен,

Армысың, ару, нұр – көктем!



Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт – дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа , ізеттілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер мен мақал – мәтелдер жазылған плакаттар, мерекеге байланысты плакаттар, гүлдердің суреті.

Барысы:


Мұғалім: Сәуір - Нурыз егізі,

Бүгін оның сегізі.

Ең қымбат гүл, ол – адамның лебізі

Анаға айтар лебізі,

Ең қымбат гүл,

Ең қымбат гүл, ол – адамның лебізі

дегендей бүгін мен осы мерекеге келіп отырған аналарымызды, ұстаздарымызды, қыздарымызды және барлық аналар қауымын «Халықаралық әйелдер күнімен» құттықтаймын! Осы мерекемізге орай «Ана» - деп көркем жыр төккен,

Армысың, ару, нұр – көктем!

деп аталатын «Көктем аруы 2012» байқауын бастауға рұқсат етіңіздер!

1 – жүргізуші. Мың бұралған арулар билей басып,

Келеді міне ортаға толқып тасып.

Аруларын сыйлаған халқым менің,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық



2 – жүргізуші. Аселя қыз өнерлі

Бойға өнер жиған қыз.



Шынар бізде білімді,

Меңгерген бар ілімді.



Құттықыз да елгезеқ,

Алады тез тіліңді.

Ақша жүзді Розалина,

Ұқсайды хор қызына.



Гүлім қызды айтайын

Инабатты байқадым.



Гүлнұрымыз үлбіреп,

Қос жанары мөлдіреп.



Ұлжалғас ару шығады,

Бұрымдары желбіреп.



Майрамхан да келеді,

Жарқын жүзі күлімдеп.



1 – жүргізуші. Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Әділдік пен шындықты арқа тұтқан.

Әділқазы алқасымен танысайық

1. Смаилова Нұржан Камиевна

2. Мукушева Гүнұр Оразбековна

3. Мамырбекова Ғалия Асановна
2 – жүргізуші Өнер - білім тапқырлықтың тарланы,

Өнердегі әріптестер мақтаны,

Өнеріңді ортаға сал, сайысқа,

Өнер көрсет құрбылармен жарыста,

дей отырып сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін.


  1. Таныстыру (Өзін - өзі таныстыру)

  2. Үй тапсырмасы (Қолөнер)

  3. Өз өнерін көрсету (Ән айту, би билеу, өлең оқу т,б,)

  4. Білімді мыңды жығады,

Білекті бірді жығады (Сұраққа жауап)

  1. Ас адамның арқауы (тағам дайындау, оның құрамы мен қай кезде дайындалатынын айту)

  2. Сән әлемінде (Киім үлгілерін көсету)


1 – жүргізуші. Қыздарымыз гулдердің бірін таңдау арқылы, өздерінің ретін анықтайды.

2 – жүргізуші. Кішкене арулар келіп жетті танысуға,

Бойындағы бар дарынды дамытуға,

Қорықпастан сайысқа келіп жетті,

Әдеп сақтап, ізетпен танысуға.

деп І – кезең таныструға кезек береміз. Осы кезең бойынша әділ қазы - алқаларының бағаларын тыңдайық.

1 – жүргізуші. Өнерлінің өрісі кең – демекші ІІ – кезеңіміз үй тапсырмасы, яғни қолөнерге кезек береміз! (Бұл кезеңде аруларымыз өздері үйден жасап келген қолөнерлерін таныстырады)7 Осы кезең бойынша әділ қазы - алқаларының бағаларын тыңдайық.

2 – жүргізуші. Көркем өнер, жас бөбек,

Сүйкімді болар баптаса,

Қайсысы әнші, кім биші ?

Талабына қарайық,

Кімдер зерек, кім жылдам ?

Тамашалап қарайық.

ІІІ – кезең бойынша аруларымыздың өнерлерін тамашалайық.! Осы кезең бойынша әділ қазы - алқаларының бағаларын тыңдайық.

1 – жүргізуші. Білімді мыңды жығады,

Білекті бірді жығады



  • деп аталатын ІV – кезең сұрақ, жауап кезеңіне кезек береміз. Алдыларындағы сұрақтың бірін таңдап жауап береді.

Сұрақтар:

1 – сұрақ. Жеті атаға не жатады ?

(Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене)



2 – сұрақ. Жыл санау

(Тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз)



3 – сұрақ. Қазақ халқының тарихында қандай билер өткен ?

(Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)



4 – сұрақ. Үш жүзді ата

(Ұлы жүз, Орта жүз, кіші жүз)



5 – сұрақ. Жеті қазынаға не жатады ?

(Ер жігіт, сұлу әйел, берен мылтық, қыран бүркіт, ақыл - білім, құмай тазы, жүйрік ат)



6 - сұрақ. Бес асыл іске не жатады ?

(Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)



7 – сұрақ.Бес дұшпанды ата

(Өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, бекер мал шашпақ)



8 – сұрақ. Қандай тыйым сөздерді білесің ?

9 – сұрақ. Туыстық атауларды ата

Осы кезең бойынша әділ қазы - алқаларының бағаларын тыңдайық.



2 – жүргізуші. «Ас адамның арқауы» демекші 5 – кезеңіміз ас мәзіріне байланысты.Аруларымыз дайындаған тағам түрін таныстырып, құрамын айтады.

Осы кезең бойынша әділ қазы - алқаларының бағаларын тыңдайық.



2 – жүргізуші. Сымбатына сән киім жарасатын,

Аспандағы айменен таласатын.

Өнеріне сәні сай келіп тұрған,

Аруларға қызығып қарасатын.

деп келесі 6 – кезең кезең сән үлгісін көрсету.

Осы кезең бойынша әділ қазы - алқаларының бағаларын тыңдайық.

Сайықа байланысты әділ қазыларымыз шешім шығарғанша, ұлдарымыз бен қыздарымыздың аналарға, қыздарға арналған тілектеріне кезек береміз!

Асылжанның орындауындағы «Ертегілер әнін қабыл алыңыздар»

Марапаттау, құттықтау рәсімі.

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!



Тәрбие сағатымыз аяқталды.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет