Ғылыми баяндама Болашақ мамандық таңдауда кәсіби бағыт-бағдар берудің рөлі



бет1/2
Дата31.03.2023
өлшемі27.86 Kb.
#471450
  1   2
ғылыми баяндама 2


Ғылыми баяндама
Болашақ мамандық таңдауда кәсіби бағыт-бағдар берудің рөлі.

Болашақта ел тұтқасын ұстайтын азаматтардың болашақ мамандығын анықтауға бағыт-бағдар беру – бүгінгі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселелердің бірі. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында, әр оқушының білімі мен қабілеті деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау керек делінген .Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында көрсетілгендей, білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, еңбек нарығында бәсекелесуге қабілетті білікті жұмысшылар мен мамандар даярлау, олардың біліктілігін арттыру болып табылады.Мамандыққа бағдар беру жұмысы - тарихы өте терең, ежелден дамып келе жатқан психологиялық қызмет көрсетудің бір түрі. Психологиялық қызмет көрсету жұмысының қалыптасуы да мамандыққа баулу және мамандыққа бағдар беру зертханаларында басталған.


ХХ ғасырдың басында В.Вундт, Г.Мюнстерберг, А.Бине, Ф.Парсонс, П.П.Блонский т.б. ғалымдар ұйымдастырған зертханалар сыналушылардың психофизиологиялық ерекшеліктерін бағалау арқылы олардың мамандыққа жарамдылығын анықтаған.
Қазіргі кездегі мектепте жүргізіліп жүрген мамандыққа бағдар беру жұмыстарының негізін құрғандар В.И.Лебедев, Ю.П.Сокольников, А.П.Сейтешев, Е.П.Климов, Г.А.Уманов т.б. ғалымдар. Олар өз зерттеулерінде мамандыққа баулу жұмысының құрылымын, мазмұнын және пайдаланылатын әдіс-тәсілдерді анықтап, мектеп қабырғасында балалармен жүргізілетін мамандыққа икемділігін диагностикалау жұмыстарының бағдарламасын жасады.
Қазіргі кезде бұл жұмыс көпсалалы болып, әр саланың өзіне тән мақсаты мен міндеттері нақтыланды. Мектептің психологиялық қызметі мамандыққа бағдар беру барысында оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін және мамандыққа икемділіктерін анықтау негізінде психологиялық кеңес беру жұмыстарын ұйымдастырады.
Қазақстандық авторлар Р.Озғамбаева, Г.Саудабаева, Л.Мажитова, Ә.Мүсілімова, т.б. өз еңбектеріне «оқушыларға кәсіптік бағдар беруді» жан-жақты зерттеген. Мәселен, Г.Саудабаева кәсіптік бағдар беру жүйесін ғылыми тұрғыдан жан-жақты талдай отырып оны «кәсіби дайындық» және «кәсіби іріктеу» тұрғысынан қарастырады. Нәтижесінде оқушыларға кәсіптік бағдар беру мәселесінде «кәсіптік бағдарын» және «кәсіптік дайындығын калыптастыруға қажет» деген пікірге келеді.
К.Өстеміровтің кәсіптік бағдар берудегі айтқан пікірі бойынша кәсіби бағдар беру – жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы таңдап алуға дайындауға бағытталған мектеп мұғалімдерінің, технологтардың,
дәрігерлердің, педагог-психологтардың, отбасының, еңбек ұжымдарының бірлескен іс-әрекеті.
Жалпы білімнің үш міндеті бар, олар: баланың өзіндік жалпы дамуын, жан – жақты дүниетанымының қалыптасуын қамтамасыз ету және оны болашақта белгілі бір кәсіпке даярлау. Осы үш міндеттің ішінде қоғамдық даму күрделенген сайын баланы жастай алдағы кәсіпке дұрыс бағдарлай алу – ең көкейтесті мәселеге айналып отыр. Кәсіптік бағдар беру жұмысының алғашқы басқышы отбасы тәлім-тәрбиесінен басталып, одан мектеп, мектептен тыс мекемелер, кәсіпорын, шаруашылықпен ұштасып жатыр.
Оқушыларға кәсіби бағдар беру және болашақ мамандығын анықтап алуға ықпал жасау мектеп алдында тұрған міндеттердің бірі. Сондықтан психология мен педагогикада осы мәселеге үлкен көңіл аударылады. Әр мектептің оқушыларды мамандыққа баулу және кәсіби бағдар беру жұмысының жоспары құрылып, оны жүзеге асыруға педагог-психологтардың қосатын үлесі мол болуға тиіс.
Кәсіптік бағдар – бұл өзара байланыста компоненттерден тұратын тұтас жүйе. Оқушылардың әртүрлі қызметке икемділігін – ойын, танымдық еңбек (кәсіптік белсендіру) арқылы қызығушылығын дамыту; кәсіптік психодиагностика, кәсіптік кеңес, кәсіптік іріктеу, кәсіптік бейімделу және кәсіптік тәрбие қарастырады.
Адамның болашағы мамандықпен тығыз байланысты болғандықтан, кәсіби бағдар беру – адам болашағына көптен-көп пайдасын тигізеді деп ойлаймыз. Кәсіби бағдар беру арқылы сол кәсіптің қыр-сырын, мақсатын, мәнін түсіндіріп, көрсетуге болады. Ол үшін мамандық таңдайтын жастардан қандай мамандыққа икемділігі мен қабілеті бар екендігін әр түрлі психологтардың әдістемелері мен тесттері арқылы анықтап, білуге болады.
Мысалы педагогика және психологиялық машық кезінде 10 – сынып оқушыларына сауалнама жүргізілген болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет