Ғылыми жетекші: Темиргалиева А. С. «Менеджмент және маркетинг»



Дата23.02.2016
өлшемі55.87 Kb.
#9192
М. Қанатұлы, С.Н. Нұрланова

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің студенті, Семей қ.

Ғылыми жетекші: Темиргалиева А.С.

«Менеджмент және маркетинг» кафедрасының аға оқытушысы.
ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жұмыссыздық дегеніміз - әлеуметтік-экономикалық құбылыс, осы құбылыс кезінде елдің экономикалық белсенді халқының бір бөлігі біршама уақыт тұрақты не жұмыссыз немесе жалақысыз болады.

Жұмыссыздықтың түрлері олардың пайда болу себептеріне қарай өзгешеленеді:



  1. Уақытша жұмыссыздық жұмыспен қамтылғандардың өз ынталары бойынша жұмысты ауыстыруымен байланысты, осындай жұмыстағылар өздеріне ыңғайлырақ жұмысты өз еріктерімен іздейді. Мұндай жұмыссыздық әрқашан және барлық жерде болады.

  2. Құрылымдық жұмыссыздық ҒТР-ң, өнеркәсіптің жаңа салаларының ашылуларының ықпалымен өндіріс құрылымының өзгеруінен туындайды. Осындай жағдайға байланысты жұмыс күшіне ұсыныс пен сұраныс арасындағы сәйкессіздік пайда болады.

  3. Кезеңдік жұмыссыздық өндірістің құлдырауы, экономикалық дағдарыстар кезінде, кәсіпорындар жаппай күйзеліске ұшырайтын, жұмыспен қамтылғандар саны көптеп қысқаратын жағдайларда пайда болады.

Соңғы жылдары жұмыссыздық халықтың қалың топтарын қамтуда және барған сайын ұлғайып келеді.

Жұмыссыздық – экономикалық өсу жетістіктерінің адам дамуына ықпалын азайтатын құбылыс.

Қазақстан Республикасы бойынша 2000 – 2008 жылдар аралығындағы негізгі еңбек нарығының көрсеткіштері бойынша талдау жасайық: 2000 жылы экономикалық тұрғындар белсенді халық 7107,4 мың адам, жұмыссыздар саны 906,4 мың адам, жұмыспен қамтылған халық 6201,0 мың адам, жалпы жұмыссыздық деңгейі 12,8% -ды құрады. Ал 2004 жылы ол көрсеткіштер біршама өзгерген болатын, айта кетсек экономикалық тұрғындар белсенді халық 7840,6 мың адам, жұмыспен қамтылған халық 7181,8 мың адам, жұмыссыздар саны 658,8 мың адам, жұмыссыздық деңгейі 8,4% құрады. 2008 жылы жұмыссыздық деңгейі 6,6% құраған. Ол 2000 жылғы көрсеткіштен 6,2% аз.

Өзіміздің ШҚО бойынша жұмыспен қамтылған халық 2006 жылғы көрсеткіш бойынша 704,4 мың адам, 2008 жылы 715,9 мың адам. Жалпы өсу 1,6% , яғни 11500 адам жұмысқа тұрған. Астана қаласы бойынша өсу 19,1% құраған. Бұл 53200 адам. Алматы бойынша өсу 10,6% құраған.

Ал жұмыссыздар бойынша көрсеткіштерге келетін болсақ, ШҚО бойынша 2006 жылы 52,4 мың адам, 2008 жылы ол көрсеткіш 3 300 адамға азайған. Астанада керісінше 200 адамға көбейді. Алматы бойынша 1000 адамға азайған.

Қазақстан Республикасы бойынша 2006 жылы жастар жұмыссыздығының деңгейі 12100 адамды құрады, ал бұл көрсеткіш 2008 жылы 7400 адамға азайды, яғни 38,8%ға кеміді. ШҚО бойынша жастар жұмыссыздығының деңгейі 12300 адам болса, 2008 жылы 10400 адамға азайды, 15,4% ға азайды. Дәл осылай Астана қаласы бойынша 2006 жылы 13700 адам, 2008 жылы 11400 адам, яғни 16,7 % азайды. Алматы қаласы бойынша 2006 жылы 20900 жастар жұмыссыз болса, 2008 жылы 10200 адам болды және жұмыссыздық деңгейі 51,1 % азайғанын көреміз.

Енді Семей қаласы бойынша жұмыссыздық деңгейін қарастыратын болсақ, соңғы деректер Семей қаласында жұмыссыздар саны азайып отырғанын көрсетеді. Бұл жұмыс орындарының көбеюіне байланысты дейді қалалық еңбекпен қамту орталығының мамандары. 2006 жылы бұл орталық 3000-нан астам адамды жұмысқа орналастырды. Жұмыссыздармен тікелей жұмыс жасайтын қалалық еңбекпен қамту орталығының ақпараты бойынша Семейде өткен жылдың басынан 2449 жұмыссыз тіркелсе, қарашадағы жағдайда 2910 адам кезекке тұрыпты. Семей қалалық еңбек нарығы бөлімінің бастығы Вера Гуторованың айтуы бойынша ағымдағы жылы 3376 адам жұмысқа тұрғызылды, ал бұған ілікпеген 1333 адам уақытша ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға тартылды. Сараптамаға сүйенсек, 1994-98 жж. жұмыссыз қалудың негізгі себебі қызмет орындарындағы қысқартулар болатын. Ал бүгінгі күнде азаматтар көбінесе жұмыс берушінің талабымен келіспегендіктен жылы орындарын босатып жатыр. Қазіргі еңбек іздегендердің көбін 30-40 жас шамасындағылар құрайды. Ал, 24-25 % жастар екен. Еш жерде тіркелмесе де, шемішке, сусын сатып, өз күндерін өзі көріп жүргендер де жетерлік. Дегенмен, үнемі жұмыссыздармен байланыста болатын бұл орталық мамандары қазір шындап іздеген адамға еңбек көзінің жеткілікті екенін айтады. 2009 жылдың 20 шілдесі мерзіміне Семей қаласында жол картасын іске асыру үшін күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары, қалпына келтіру жұмыстары бағытында 116 жобаның тізбесі белгіленді. Бұл мақсаттар үшін 2,374 млрд теңге сомасында (республикалық бюджеттен 1,93 млрд теңге, жергілікті бюджеттен 0,444 млрд теңге) қаражат бөлінді. Барлық жобалар бойынша мемлекеттік сатып алудың конкурстары жарияланып, оларды іске асыру басталды. Осы жобалардың арқасында 4187 жаңа жұмыс орны құрылды. Биылғы жылдың 20 шілдесіндегі жағдай бойынша республикалық бюджеттен 990,2 млн теңге аударылды, игерілгені 828,1 млн теңге (83,6%). Жергілікті бюджеттен 262,3 млн теңге аударылды, игерілгені 127,7 млн теңге (48,7%). Білім беру бөлімінде жалпы сомасы 522,2 млн теңгені құрайтын 102 жоба іске асырыла бастады. 26 мекемеде күрделі жөндеу жұмыстары, 76 білім беру мекемесінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, 1119 жұмыс орны құрылды, 70 объектіні ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Республикалық бюджеттен 211,9 млн теңге аударылды, игерілгені 241,1 млн теңге (113,8 %). Жергілікті бюджеттен 138,5 млн теңге аударылды, игерілгені 86,9 млн теңге (62,8%). Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, көлік және автомобиль жолдары бөлімінде жалпы сомасы 1658,3 млн теңге болатын 11 жоба іске асырылды. Бұл қаражат жылумен қамту, электр желілерін ағымдағы жөндеуге, сумен қамту және субұрғыш объектілерін жөндеуге, жергілікті маңыздағы жолдарды ағымдағы жөндеуге, қаланы көріктендіруге және көгалдандыруға қаралды. 2825 жұмыс орны құрылды. Республикалық бюджеттен 649,5 млн теңге аударылды, игерілгені 490,7 млн теңге (75,5 %). Жергілікті бюджеттен 121,9 млн теңге аударылды, игерілгені 39,7 млн теңге (32,6%).

Мамыр-қазан айларының аралығында Семей қаласының еңбек нарығында тіркелген жұмыссыздардың саны 28 %-ға қысқарды, бірақ та бұл ағымдағы жылдың қаңтар айындағы көрсеткішінен небәрі 4,4 %-ға төмен. Қалалық еңбекпен қамту бөлімі осындай ақпарат беріп отыр. Еңбекпен қамту орталығы сондай-ақ жасырын жұмыссыздықпен қамтылғандардың саны да төмендегенін айтып отыр. Қаңтар айының соңындағы көрсеткішпен салыстырғанда, ақысыз демалысқа жіберілгендердің саны 528 адамға немесе 57,9 %-ға азайған. Дейтұрғанмен, толық емес жұмыс режимінде жұмыспен қамтылғандардың саны 31%-дан астамға артқан. 2008 жылдың 1 шілдесінде аудан бойынша 128 отбасыға және 459 отбасы мүшелеріне атаулы әлеуметтік көмек ретінде 4110,0 мың теңге төленді.

Жұмыссыздық мәселесі қазіргі кезде бүкіл дүние жүзі бойынша ауқымды да, күрделі мәселеге айналып отыр. Американдық еңбек базарында жүргізілген көптеген зерттеулер жұмыссыздық негізгі мінездемелерін анықтап берді. Олар қатарына жұмыссыздық дәрежелері арасында жасы, жынысы және еңбек тәжірибелеріне байланысты ауытқулар, қарсы ағымдардың жұмылдыру мен жұмыссыздықты өсіруі және азайтуы, мұндай ағымдылықтың көпшілігінің циклдік сипатта болуы, көпшілік тұлғалардың қысқа мерзімге жұмыссыз қалуы жатады. Сондай-ақ құрылымдық жұмыссыдық дегеніміз экономиканың толық жұмылдыру жағдайында болатын жұмыссыздық болып табылады. Ал циклдік жұмыссыздық дегеніміз құрылымдық жұмыссыздықты басып озу болып табылады.

Экономиканың қай уақытта толық жұмылдырылған жағдайда болатындығын анықтау экономикалық саясаттың негізгі мәселесі болып табылады. Жұмыссыздықтың табиғи дәрежесі мен құрылымдық дәрежесі мағыналары бойынша сәйкес келетін түсініктер болып табылады. Жұмыссыздықтың табиғи жағдайын анықтаушы факторлар жұмыссыздықтың жалғасуы және жиілігі терминдерінде көрініс табуы мүмкін. Жұмыссыздықтың жағасуы циклдік факторларға байланысты болады.

Біздің елдегі жұмыссыздықтың негізгі нысандары – жасырын және фрикциондық болып табылады. Нарық қатынастарының қалыптасуы барысында, жасырын жұмыссыздық ашық жұмыссыздыққа айнала бастады

Жұмыссыздық зардабын бәсендететін факторлардың бірі – ғылыми техникалық өрлеу, жаңа қосымша жұмыс күшін қажет ететін өндіріс саласында еңбек етуге қабілеті бар тұрғындарды жұмыспен қамтамассыз етуді көбейтеді.Жалпы, ғылыми –техникалық революция жағдайында жұмыспен қамтуды тұрақты түрде өсіру негізінен, өндірістік емес салалардың дамуы арқылы жүзеге асырылады. Онын ұлғаюы, тұрғындардың әр түрлі қызмет түрлеріне деген шығынның тез өсуімен және халық шаруашылығының орташа көрсеткішіне қарағандағы жоғары еғбек ауқымдылығымен сипатталады.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Айкенова А. Қазақстанның еңбек нарығындағы негізгі тенденциялар// Қаржы менеджменті.-2008.- №7.-12б.

  2. Байболов А. Халықты жұмыспен қамту// Саясат.-2007.-№7.-77б.

  3. Жұмакасынова К. ҚР жұмыс күші –қонын мемлекеттік тұрғыдан реттеуді ұйымдастыру// Қаржы-қаражат.-2005.-№2.-61,

  4. Мұхамемедов Ә. Еңбек нарығының негізгі көрсеткішері жайлы түсінік// Жаршы.- 2005.-№6

  5. Қасенқызы Л. Жұмыссыздықпен күрес басты назарда: «Жол картасы» бойынша Семейде атқарылып жатқан іс-шаралар туралы//Семей таңы.-2009.-18маусым.-1б.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет