Ұңғымаларды қышқылды өңдеу және қабаттардың гидравликалық жарылуы кезіндегі әдістемелік ұсынымдар



Дата19.06.2016
өлшемі99 Kb.
#146894




Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрлігінің

Төтенше жағдайларды

және өнеркәсіптік қауіпсіздікті

мемлекеттік бақылау

комитетінің

2010 жылғы «22» қазандағы

№ 35 бұйрығымен келісілген



Ұңғымаларды қышқылды өңдеу және қабаттардың гидравликалық жарылуы кезіндегі әдістемелік ұсынымдар

1. Жалпы ұсынымдар
1. Қабаттардың гидравликалық жарылуы – бұл айдаудың жоғарғы екпінінде қабатта сызат пайда болу мақсатында сұйықтың біршама көлемін айдаумен байланысты жұмыстар.

2. Жоғары қысым салдары қабаттардың гидравликалық жарылуы процессті жүзеге асырушы персонал үшін белгілі бір қауіп төндіреді.

3. Агрегаттармен жұмыс кезінде нормадан артық шу пайда болады, ал бұл процессті басқаруды қиындатады және қажет емес салдарға соқтыруы мүмкін.

4. Ұңғыманы қышқылдармен өңдеу сақтанбау салдары ауыр зардаптарға соқтыруы мүмкін сақтанудың ерекше шараларын қажет етеді.

5. Қышқылды дайындаумен және шайқаумен айналысатын жұмыскерлер қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі:

резеңкелі алжапқыш;

мәуіті костюм;

қорғаныс көзілдіргі;

резеңке етік.

2. Қабаттың гидравликалық жарылуы
6. Қабаттың гидравликалық жарылуы алдындағы дайындық жұмыстары:

арнайы киімді, арнайы аяқ киімді және басқа қорғаныс құралдарын, өрт сөндіру құралдарын тексеру және жөнге келтіру;

жұмыс орындары мен жабдықтардың жағдайын, құралдардың, бақылау-өлшеу аспаптарының болуы мен ақаусыздығын тексеру;

забой жабдығын іске қосу алдында (пакер, зәкір, реактивті ұштық және сол секілділер) жабдықты орналастыру схемасын, жабдықты бұдан әрі авария немесе асқынулар жағдайында алып тастау үшін өлшемдерін көрсетумен нобайын жасау;

ұңғымаға түсірілетін құбырлардың ақаулығын жүргізу;

ұңғыманың сағалық жабдығы барлық өзектерге бекітіледі, тартпалар еркін ашылады және жабылады;

ағу блогы түсірілген, бір жаққа бұрылған және көтергіш діңгегіне сенімді бекітілген;

жұмыс алаңы бөгде заттардан босатылған.

7. Қабаттың гидравликалық жарылуы бойынша жұмыстар жүргізу:

қабаттың гидравликалық жарылуы бақылаушы тұлға басшылығымен наряд-рұқсат бойынша жүргізіледі;

қабаттың гидравликалық жарылуы және ұңғымаларды қышқылды өңдеу кезінде пайдаланылатын агрегаттар барынша көп жұмыс қысымынан асатын қысымға есептелген;

агрегаттарда орналастырылған және үнемі бақылау мен күтімді қажет ететін механизмдер, құрылғылар мен өлшеу аспаптарың ыңғайлы және қауіпсіз қолжетімді болады. Агрегат механизмдерінің барлық жылжымалы бөліктері металл қоршаулармен жарақталған;

жабдыққа (қозғалтқыштар, сорғы трансмиссиялары, манифольдар) қызмет көрсетілетін агрегат алаңдары 1 м кем емес биіктікте қоршалады. Агрегат платформасына көтеру үшін қоршаулары мен аяқтары бар саты қарастырылады;

сорғының клапанды және цилиндрлі қақпақтарының құрылымы клапандарды, цилиндрлі төлке мен сорғы поршенін ауыстырудың ыңғайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сорғының гидравликалық бөлігінің клапанды қораптары қаптамамен қоршалады;

сорғының гидравликалық бөлігі мен манифольдің қышқылды агрегаттарының қышқылға тұрақты орындаулары болады;

қабаттың гидравликалық жарылуы және ұңғыманы қышқылды өңдеу кезінде пайдаланылатын сағалық арматураның шайқау құбыр өткізгіштерін сығымдау мүмкіндігін және оларды қышқылды айдағаннан кейін жууды қамтамасыз ететін төрт бұрғышы мен бекіту құрылғысы болады;

ұңғыма сағасын орауды жүргізгеннен кейін шайқау құбыр өткізгіштерін қабаттың гидравликалық жарылуы кезінде күтілетіннен бір жарым есе қысымға сығымдау жүргізу керек;

жабдықты гидравликалық сынау және ұңғыма сағасын орау кезінде қызмет көрсетуші персонал сыналатын объектіден қауіпті аумақтан тысқа шығарылады;

гидрожарылу бойынша жұмыс кезінде пайдаланылатын агрегаттар мен басқа да машиналардың шығыңқы құбырлары ұшқын өшіргіш тұншықтырғыштармен жарақталады;

қабаттың гидрожарылуы кезінде сұйықты шайқау мен үрлеу уақытында ұңғыма сағасы мен айдау құбыр өткізгіштері маңында адамдардың болуына рұқсат берілмейді;

агрегаттарды іске қосу тек агрегаттарда жұмыс істеуге тікелей қатысты емес адамдар қауіпті аумақтан тыс кетірілгеннен кейін рұқсат беріледі;

агрегаттар жұмысы кезінде ұңғыма сағасын орауын бекітуге немесе құбыр өткізгішті жөндеуге рұқсат берілмейді;

сағалық арматурадан ажырату кезінде ондағы крандарды жабу және құбыр өткізгіштегі қысымды атмосфералыққа дейін төмендету қажет;

жарылу және мұнай сұйығының қалдықтары агрегат ыдыстары мен автоцистерналардан өндірістік кәрізге, мұнай аулағышқа немесе арнайы ыдысқа құйылады;

қысқы уақытта жұмыс уақытша тоқтағаннан кейін құбыр өткізгіште кептелістердің болмауына көз жеткізу үшін сұйықты сынама шайқау керек;

айдау құбыр өткізгіштер жүйесін ашық отпен жылытуға рұқсат берілмейді.

8. Қорытынды жұмыстарды орындау:

жұмыстар аяқталған соң желідегі қысым атмосфералыққа дейін төмендетіледі, тек содан кейін барып желі қайта жөнделеді;

сұйық қалдықтар арнайы ыдысқа құйылады, төгілуге рұқсат берілмейді;

барлық жабдықтар қабаттың гидравликалық жарылуы кезінде пайдаланылған ерітінді қалдықтарынан тазартылады.



3. Қышқылды өңдеу
9. Жалпы ұсынымдар:

плавикті қышқыл (Н2 Е2) – бұл газды фторлы сутегінің (НЕ) өткір иісті қатты әсер ететін улы заттарға жататын (түссіз сұйық) сулы ерітіндісі;

шыныны, силикатты және көптеген органикалық қосылыстарды оңай бұзады;

адам денесіне тиген кезде қышқыл қатты қысатындай әсер етеді, күлдіреулер, дерматиттер, қиын жазылатын жаралар пайда болады. Қатты араластырылған қышқылдың да денеге тиюіне жол бермеу керек;

қышқыл буының жоғары концентрациясы кезінде көздің, мұрынның шырышты қабатының ашуы, жас ағу, тамақ, бронхының түйілуі пайда болады және өкпенің зақымдалуы салдарынан өлімге соқтыруы мүмкін;

адам ағзасының ішіне түскен шоғырланған плавикті қышқылдың шамалы мөлшері (5-10 г) өлімге соқтырады;

плавикті қышқыл буының ауада, өндірістік үй-жайларда барынша шекті шоғырлануы газ тәрізді фторлы сутегінің 0,001 мг/л.

Тұзды қышқыл күкірт қышқылы секілді терінің қатты күюіне соқтырмайды, бірақ теріге жиі және ұзақ әсер ету күлдіреуішті асқынулар мен жаралы аурулар туғызады.

Тұзды қышқыл әсерінде мұрынның, ауыздың шырышты қабатының, көз қабағының асқынуы, көздің мүйізгек қабығының бұлдырауы, қарлығу, тұншығу сезімі, кеуде тұсының ауруы, мұрын ағу, жөтел кейде қақырықта қан болу байқалады.

Тұзды қышқыл өзімен НС хлорлы сутегі ерітіндісін түзеді. Хлорлы сутегінің барынша шекті рұқсат берілетін шоғырлануы 0,005 мг/л.

Ұңғымаларды қышқылдармен өңдеу сақтамау ауыр зардаптарға соқтыруы мүмкін сақтанудың ерекше шараларын талап етеді. Қышқылды дайындаумен және айдаумен айналысатын жұмыскерлер қорғаныс құралдарымен: резеңкелі алжапқыш, мәуіті костюм, қорғаныс көзілдіргі, резеңке етікпен қамтамасыз етіледі.

Жұмыс орындарында тұщы су қоры мен медициналық дәрі қорапша болады.

10. Дайындау жұмыстарын орындау.

Ұңғымаларды плавикті қышқылмен өңдеу:

ұңғымаларды қышқылмен өңдеу бақылаушы тұлға басшылығымен наряд-рұқсат бойынша дайындаушы бригадамен жүзеге асырылады;

қышқылды тасымалдау мен сақтауға арналған барлық ыдыстар қышқыл артығын бұруға арналған көрсеткішті өлшегішті ауыстырып құю құбырларымен жарақталады;

плавикті қышқылды шыны ыдыстарда тасымалдау мен сақтауға, плавикті қышқыл шыныны ерітетін болғандықтан рұқсат берілмейді;

плавикті қышқылды полиэтилен бөтелкелер мен басқа да ұсақ габаритті ыдыстарда тасымалдау кезінде жүктер мен адамдарды тасымалдауға рұқсат берілмейді;

плавикті қышқыл ерітіндісін дайындау үшін пайдаланылатын өлшегіш қақпағында кемінде 3 саңылау болады: бірі – қышқылды құю үшін, басқасы – буды шығару үшін. Саңылаудың қалқаны немесе қорғаныс торлары болады;

қышқылды агрегат сорғысын ұңғымамен қосу жоғары қысымды металл желілермен жүзеге асырылады;

плавикті қышқыл ерітіндісін шайқауға дейін ұңғыма арматурасы мен агрегат желісі ұңғыманы өңдеуден күтілетін уақыттан бір жарым еселік қысымды сумен сығымдалады;

плавикті қышқыл ерітіндісін шайқау процессінде коммуникацияға жөндеу жүргізуге рұқсат берілмейді. Жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі кезінде манифольды желіде ерітіндіні шайқау тоқтатылады және қысым атмосфералыққа дейін төмендетіледі;

қышқылды тасымалдау мен сақтауға арналған өлшегіштер мен цистерналар жұмыскерді көтеруге ыңғайлы сатымен және ұстайтын тұтқалармен жарақталған;

плавикті қышқыл ерітіндісін дайындау мен сақтау орындарында темекі шегуге рұқсат берілмейді.

11. Тұзды қышқылды ұңғымаларды өңдеу:

агрегатты ұңғымамен жоғары жұмыс қысымы кезінде қосу күтілетін жұмыс қысымынан 1,5 есе асатын қысымға сығымдалған металл құбырлар арқылы жүзеге асырылады;

тұзды қышқыл ерітіндісін шайқау процессінде коммуникацияға жөндеу жүргізуге рұқсат берілмейді. Жөндеу қажеттілігі болған кезде, ерітіндіні шайқау тоқтатылады және қысым атмосфералыққа дейін төмендетіледі;

ертіндіні қабатқа шайқау бойынша жұмыстар аяқталған соң жабдық пен коммуникация сумен жуылады;

қышқылмен жұмыс орындарында күю жағдайы болған кезде дене мүшелерін жуу үшін таза су қоры мен бейтараптандыратын заттар қоры (қос көмір қышқылды сода мен бор қышқылы) қамтамасыз етіледі;

тұзды қышқыл дайындау үшін пайдаланылатын ыдыстар екі саңылаумен жабдықталған: бірі – қышқылды құю үшін, басқасы – буды шығару үшін. Саңылаудың қалқаны немесе қорғаныс торлары болады;

қышқылды бөтелкеден өлшегішке құю үшін екі адам болуға есептелген алаң, ал бөтелкені өлшегішке жеткізу үшін қоршауы бар трап жабдықталады;

тұзды қышқылды адамдармен бірге тасымалдауға рұқсат берілмейді.

12. Ұңғыманың забой алды аймағын тұзды және плавикті қышқылмен өңдеу:

1) жел күші 12 м/с, тұман және тәуліктің қараңғы уақыты кезінде қышқылды шайқауға рұқсат берілмейді;

2) кезекші қорғаныс құралдарының болуын қадағалауы қажет:

плавикті қышқылмен жұмыс істеуге арналған органикалық шыныдан жасалған қорғаныс көзілдірігі;

тұзды қышқылмен жұмыс істеуге арналған жай шыныдан жасалған қорғаныс көзілдірігі;

резеңке қолғап, резеңке етік, алжапқыштар;

су өткізу түтігінің әрекетке дайындығы;

жұмыскерлердің өкпесіне бу жұтқан кезде алғашқы көмек көрсетуге арналған құралдардың болуы;

3) ұңғымаға жеткізілетін контейнерден жинау процесі және ұңғымаға қышқылды айдау толық герметизацияланады;

4) компоненттерді қосу тәртібі:


Су + НС + Н + ПАВ
5) қышқылды ұңғымаға айдау жұмыстары аяқталған соң жабдық пен коммуникация сумен мұқият жуылады.

4. Алғашқы көмек көрсету
13. Қышқыл буларын (тұзды, сірке сулы, плавикті) жұтқан кезде улану басталады. Бұл ретте жөтел, кеуде қуысының ауруы, тыныс алудың ауырлауы байқалады.

14. Уланған жағдайда зардап шегушіні ластанған атмосферадан таза ауаға шығару қажет. Егер зардап шегуші есінен танып қалса, оған жасанды тыныс алдыру, жедел жәрдем шақыру немесе оны медициналық пунктке жеткізу қажет.

15. Қышқыл, каустикалық сода, формалин теріге тиген кезде зақымдалған жерді ағынды сумен жедел жуу керек, ағынды су болмаған жағдайда шелектен, бөшкеден таза су пайдаланады, содан кейін зақымдалған жерлерді бейтараптандыратын заттармен өңдейді.

Бейтараптандыратын зат ретінде:

тұзды және сірке су қышқылы үшін 2-5 % ауыз су ерітіндісі;

плавикті қышқыл үшін 10 % аммиак ерітіндісі пайдаланылады.

16. Керосиннің теріге ұзақ уақыт әсер еткенінде дерматит пайда болады. Қол терісін керосин әсерінен қорғау «биологиялық қолғап» секілді пасталармен жүргізіледі. Бұл ретте казеинді эмульсия (казеин 200 г, глицерин 50 мл, аммиак 50 мл, су 1000 мл), МП-1 пастасы (картоп крахмалы – 14,1 %, глицерин 12 %, ақ балшық 10 %, тальк 8 %, вазелин майы 7,5 %, су 43,6 %) ұсынылады.

Қол терісін сульфированды кастор майымен майлау қажет.

17. Көзге қышқыл (тұзды, плавикті, сірке сулы), фенол, формалин, каустикалық сода түскен кезде оны су ағынымен дереу және мұқият жуу немесе көзді таза суы бар ыдысқа салып жиі жыпылықтату арқылы жуу керек.

Көзді сумен жуып болған соң, оған 0,5 % новокаин немесе дикаин ерітіндісінің бір тамшысын тамызу керек. Содан кейін міндетті түрде окулист дәрігерге көріну қажет.




Тұзды-қышқылды өңдеу кезінде арнайы техниканың

орналасу схемасы


______________________

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет