Германиядағы экологиялық білім беру



бет1/9
Дата03.01.2022
өлшемі344.94 Kb.
#451153
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
germania

Германиядағы экологиялық білім беру


Германияда табиғатты қорғаудың қоғамдық қозғалыстары индустрилизация процесстерімен қатар күш ала бастады. 19 ғасырдың аяғында Европаны романтизм идеялары жаулап ала бастады. «Табиғат» және «Отан» түсініктері Германияның халқының көп бөлігінің санасында ерекше маңызға ие бола бастады.

Өткен ғасырдың аяғында Германияда үш негізгі табиғат қорғау қозғалыстарының бағыты қалыптасты, («Отан қорғау», «Табиғат ескерткіштерін қорғау», «Ландшафттар экологиясы және көгалдандыру қозғалысы») және практикалық акцияларды жүргізу дәстүрінің негізі қаланды

Германияның мемлекеттік экологиялық саясатының қалыптасуына халықаралық тәжірибе әсер етті. 60-жылдардың аяғы мен 70-жылдардың басында АҚШ және Жапонияда арнайы заңдар мен оларды орындау механизмдері жасалды. 1971 ж. ФРГ алғашқы мемкеттік қоршаған орта бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламаның мемлекеттің экологиялық саясатын жасаудағы маңызы зор болды.

Германия әлемдегі ең гүлденген экономикалық елдердің бірі ғана емес, сонымен қатар қазіргі экологиялық қозғалыстың алдыңғы қатарында. Елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға және "жасыл" технологияларды игеруге азаматтардың тиісті тәрбиесі, балабақшадан, мектептен бастап Берлин, Мюнхен, Гамбург, Кельн, Бонн және т. б. қалаларда орналасқан ірі университеттерге дейін елеулі үлес қосады.

Экологиялық білім Германияның оқу және балалар мекемелерінде 1980-ші жылдардан бастап, федералды деңгейде "Экология және оқыту" бағдарламасы қабылданған кезден бастап енгізіле бастады. Кейіннен бұл бағдарлама Германияның барлық мектеп мекемелерінде білім беру процесіне енгізілді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет