Геронтология



Дата10.02.2023
өлшемі18.13 Kb.
#469386
герентология лек №1


ГЕРОНТОЛОГИЯ (грек. geron және logos — ілім) — адамның және жануарлар организмінің қартаю заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Егде тартқан және қартайған адамдардың ауруларын клиникалық медицинаның гериатрия (грек. geron және іatreіа — емдеу) деп аталатын бөлімі зерттейді. 20 ғ-дың 30 — 40-жылдары Қазақстанда қариялар мен мүгедектер үйі, геронтол. және гериатриялық кабинеттер (Алматы, Қарағанды, т.б.), ауруханаларда гериатриялық бөлімдер ашылды, жүйелі зерттеулер жүргізіле бастады. Бұл зерттеулердің нәтижесінде қартаюдың әлеум.-гигиеналық себептері мен клиникалық белгілері анықталды; адам жасының ұлғаюына байланысты жүрек пен қан тамырларында пайда болатын өзгерістер зерттелді; егде тартқан және қартайған адамдардың әдетте байқалмайтын жүрек ақауларына сипаттама берілді. Физиол. және биохим. көрсеткіштердің қалыпты деңгейі анықталып, егде тартқан және қартайған адамдардың денсаулығын тексеру әдістемесі ұсынылды. Кейбір дәрілердің қартайған организмге тигізетін әсері, вегетативтік жүйке мен лимфа жүйесіндегі морфол. және гистохим. өзгерістер зерттелді.
Қарттар мен егде жастағы адамдардың психикасы мен мінез-құлық ерекшеліктерін, жас психологиясының бір саласы геронтологиялық психология зерттейді. Ол қартаюдың белгілерін, яғни адам организмінің функционалдық мүмкіндіктерінің (сыртқы әсерлерді қабылдауы көмескіленіп, қимыл белсенділігі баяулауы, күш-қуатының азайып, денсаулығының нашарлауы) біртіндеп төмендеуін қарастырады. Психика функцияларындағы (зерде, ес, зейін, т.б.) өзгерістер бір жақты ғана байқалады. Қарт адамдардың психикасына интеллектуалдық және эмоционалдық “ішкі әлемге кету”, өткізген өмірін бағалау мен ұғынуға байланысты қайғыру, өміріндегі басты мақсаттары орындалмаса, өкіну, түңілу сияқты қасиеттер тән болады. Алайда, қартаюды тек регрессивтік құбылыс деп қарамау керек. Қартаю дамудың бір кезеңі. Бұл кезеңде адамның рухани жетілу деңгейі жоғары болады. Мыс., қанағаттану, парызын өтеген жағдайда өмірге ризашылық, мейірімділік, т.б. қасиеттермен қатар кемелденген адамдардың даналыққа жетуі — осы қартаю кезінде орын алатын құбылыс. Қарт адамның шығарм. белсенділігі жоғары болатындығы жиі байқалады. Қартаюдың психик. ерекшеліктері мен өзгерістеріне ерте кезден назар аударылса да, Г. ғыл. пән ретінде егде жастағы адамдардың көбеюі, олардың жұмысқа қабілеттілігі мен тұрмыс жағдайының, сондай-ақ іс-әрекетінің сипаты мен құндылықты бағдарларының өзгеруіне, яғни жеке адамның даму мәселелеріне, т.б. байланысты пайда болды. Г-ның қазіргі кездегі негізгі міндеттеріне адамды кәрілікке дайындау, егде жастағы адамдар мен қарттардың белсенді әрі толық өмір сүруі амалдарын зерттеу, т.б. жатады.
Кәрілік проблемалары және олардың шешудегі геронтология ғылымының орны. Әлеуметтік геронтология: объекті, тақырыбы, мақсаты, мәселелері мен бағыттары. Әлеуметтік геронтологияның басқа ғылыми салалармен байланысы; геронтология жүйесінде оның алатын орны. Әлеуметтік геронтологияның негізгі категориялары. Әлеуметтік-геронтологиялық ғылымының даму тарихы: кезеңдері, бағыттары мен мазмұны. Қарт адамның проблемаларын шешудегі әлеуметтік қызметкердің ролі мен алатын орны. 2 тақырып. Қартаю демографиялық процесін зерттеудің теориялық негіздері. Қартаю процесс ретінде. Қартаюдың көріністері. Қартаюдың әлеуметтік-демографиялық аспекті. Жас шамасы, оның көрсеткіштері. Адам онтогенезіндегі кәріліктің ролі мен алатын орны. Қоғамдағы қарт адамның жағдайының тарихи аспекті. Тұрғындардың жас шамасының қазіргі құрылымы, олардың түрлері және әлеуметтік проблемалардың сипатына тигізетін ықпалы. Демографиялық қартаюдың әлеуметтікэкономикалық және медико-психологиялық аспекттері. Адамның белсенді кәрілігін ұластыру мен өмір ұзақтығын ұлғайту проблемалары. 3 тақырып. Қартаюдың жылдамдығы және биологиялық жас шамасы: норма мен патология. Биологиялық жас шамасы. Биологиялық жас шамасын бағалаудың әдістері. Биологиялық жас шамасының экологопопуляциялық және этикалық спецификациясы. Қартаю нормасы. Қазіргі адамның қартаю жылдамдығы. Қартаюдың түрлері. Уақытынан бұрын қартаюдың проблемасы. Оның көрінісінің негізгі факторлары мен формалары. Ұзақ өмір сүру феномені. Ұзақ өмір сүру көрінісінің этномәдениеттік аспекті. Ұзақ өмір сүрушілердің психикалық ерекшеліктері. Ұзақ жасаудың себептері мен факторлары. 4 тақырып. Геронтологиядағы қартаюдың болжаулары. Геронтологиялық ғылымдағы қартаюдың себептерін іздестіру проблемалары. Өмір ұзақтығы – комплексі медициналық-әлеуметтік проблема. Қартаю процесінің жалпы заңдылықтары. Гомеорезді анықтау индивидтің қартаю жылдамдығына ықпал етуші негізгі сипаттама ретінде. Қартаюдың жалпы теориялары. Қартаюдың әлеуметтік теориялары. Тұлғаның қартаю процесіндегі әлеуметтік статустың ролі. Әлеуметтік және жеке ұзақ жасаудың ара қатысы. II бөлім. Егде және қарт жастағы адамдардың медициналықәлеуметтік проблемалары. 5 тақырып. Егде е және қарт жастағы денсаулық проблемалары. Қартайғандағы денсаулық түсінігі: денсаулықтың негізгі аспектері. Өмір салтының қартаюды тездету сипаты мен қартаюдың өтуіне тигізетін ықпалы. Егде е және қарт адамдардың белсенділік топтары. Психикалық денсаулық. Физикалық (соматикалық) денсаулық. Әлеуметтік және экономикалық жұмыс істеу кексе және қарт адамдардың белсенділігін бағалаудың компоненті ретінде. Егде және қарт жаста денсаулықтың негізгі бұзылулары. Әлсіз қарт адамдарға жәрдем көрсету принциптері. Психотерапевтік және психогигиеналық көмектің ерекшеліктері. Өмірден кетудің проблемасы. 6 тақырып. Психикалық қартаю және оның бұзылу түрлері. Психикалық қартаю түсінігі. Психикалық әлсіреу. Жайлы кәрілік. Адамның кәрілікке көзқарасы: теріс ұстанымдар проблемасы. Психоәлеуметтік қартаюдың өзіндік түрлері. Өлемге көзқарасы. Эвтаназия пролемасы және қазіргі қоғамда оны шешудің тәжірибесі. Қартайған шақтағы жүйелік-психикалық бұзылулардың шекаралық формалары. Аномальдық реакциялар қартайған шақтағы жүйкелікпсихикалық бұзылудың формасы ретінде. Аномальдық реакциялардың түрлері. Қартайған шақта жоғарғы психикалық функциялардың бұзылуы. Сезіну мен қабылдаудың бұзылу түрлері. Қартайған шақтағы ойлау және оның бұзылу түрлері. Кексе және қарт адамдардағы эмоционалдық-депрессивтік бұзылулар. Сөйлеудің, естің, интеллектің, еріктің, сананың қартайған шақта бұзылуы: негізгі формалары мен олардың сипаттамасы. Егде е және қарт адамдардың психикалық аурулары. Деменцияны анықтау критерийлері. Егде және қарт жастағы деменция топтары: олардың сипаттамасы, емдеу ерекшеліктері мен алдын алу. Психиканы бұзылған кексе және қарт адамдарды күтудің ерекшеліктері. 7 тақырып. Жалғыздық кәріліктің ерекше әлеуметтік проблемасы ретінде. Әлеуметтік әрекеттестіктің ролі. Жалғыздық феномені. Жалғыз өмір сүру. Жалғыздықтың экономикалық және әлеуметтік аспекттері. Әлеуметтік кәрілік. Кексе және қарт адамдардың отбасылық қатынастары. Кексе және қарт адамдардың отбасы ішінде өзара қатынасының қазіргі проблемалары. Ұрпақтардың өзара көмегі. Әлсіз және қарт адамдар үшін үй күтімінің ролі. Қарт адамның психо-әлеуметтік денсаулығындағы отбасының маңызы. Қоғамдағы кәріліктің стереотипі. Кәрілік және билік. Геронтофобия проблемасы.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет