Хаттама №6 Е. А. Бөкетов атындағы Қарму студенттерінің академиялық ұтқырлығы: жағдайы мен келешегі



Дата25.02.2016
өлшемі26.5 Kb.
21.12.2011 ж. Ғылыми кеңестің шешімі

(Хаттама № 6)
1. Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ студенттерінің академиялық ұтқырлығы: жағдайы мен келешегі.
Қаулы етті:

1. Серіктес жоғары оқу орындарымен академиялық алмасу бағдарламалары шеңберінде қосымша жазғы семестрді ұйымдастыру.

Жауаптылар: оқу ісі жөніндегі проректор, ОӘБ бастығы.

Мерзімі: 30 маусым 2012 жыл.

2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы міндеттеріне сәйкес академиялық ұтқырлықты жүзеге асырудың келешектік жоспары әзірленсін.

Жауаптылар: оқу ісі жөніндегі проректор, факультет декандары.

Мерзімі: 01 ақпан 2012 жыл.

3. Znanie.ksu.kz. білім беру порталының контенті жаңартылсын.

Жауаптылар: Тіркеу және студенттердің академиялық ұтқырлығы Орталығының жетекшісі, ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялар Орталығының бастығы.

Мерзімі: 01 ақпан 2012 жыл.

4. Академиялық ұтқырлық шеңберінде профессорлық-оқытушы құрамның қашықтықтан біліктіліктерін арттыру ұйымдастырылсын.

Жауаптылар: оқу ісі жөніндегі проректор, БЖФ деканы, ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялар Орталығының бастығы.

Мерзімі: 01 қыркүйек 2012 жыл.

2. Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың білім беру бағдарламаларын халықарылық аккредиттеу туралы.
Қаулы етті:

1. Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың білім беру бағдарламаларын халықарылық аккредиттеу бойынша жоспарлы іс-шараларды жүзеге асыру барысы қанағаттанарлық деп танылсын.


2. Университетті халықаралық аккредиттеудің кезекті кезеңіне дайындау аясында биология-география, заң, экономика және шетел тілдер факультеті білім беру бағдарламаларын өзін-өзі бағалау бойынша есептер құрылсын.

Жауаптылар: бірінші проректор, стратегиялық даму, СМЖ және аккредиттеу Орталығының директоры, білім сапасын бағалау және мониторинг бөлімінің бастығы, биология-география, заң, экономика және шетел тілдер факультеттерінің декандары.

Мерзімі: наурыз 2012 жыл

3. Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың Ғылыми кеңес шешімдерінің орындалуы туралы (2011 жыл маусым-желтоқсан айлары.
Қаулы етті:

1. Есеп беру кезеңінде (2011 жыл маусым-желтоқсан айлары) Ғылыми кеңес шешімдерінің орындалуы қанағаттанарлық деп танылсын.


2. Тұрақты орындалу мерзімді шешімдердің әрі қарай жүзеге асырылуын бақылау бірінші проректорға және ғалым хатшыға жүктелсін.
Каталог: files -> Kollegialnye organy -> Academic council
Academic council -> Хаттама №4 2008-2009 оқу жылындағы университеттің қызметі туралы ректордың есебі және алдағы оқу жылындағы міндеттер туралы
Academic council -> Оқу жылына арналған Ғылыми кеңес жұмысының жоспары
Academic council -> Хаттама №9 Е. А. Бөкетов атындағы Қарму-дың 2009 жылғы ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері және оның әрі қарай даму келешегі
Academic council -> Ғылыми кеңестің 2010-2011 ОҚу жылына арналған жұмыс жоспары
Academic council -> Ж. Ғылыми кеңестің шешімі (Хаттама №5)
Academic council -> Ж. Ғылыми кеңестің шешімі (Хаттама №2)
Academic council -> Хаттама №7 Ұлттық аккредиттеуге дайындық аясында Қарму-дың өзін-өзі бағалау нәтижелері туралы
Academic council -> Ж. Ғылыми кеңестің шешімі (Хаттама №4) 2011 жылғы «Ғылым туралы»
Academic council -> Хаттама №8 Е. А. Бөкетов атындағы Қарму-дың 2011 жылғы ғылыми-зерттеу қызметі туралы есебі
Academic council -> Ж. Ғылыми кеңестің шешімі (Хаттама №1)


Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет