І Қазіргі қазақ терминологиясының тарихи қалыптасу жолдары. Қазіргі қазақ терминологиясындағы халықаралық терминдердің теориялық негіздері



бет1/5
Дата15.06.2016
өлшемі0.54 Mb.
  1   2   3   4   5
Мазмұны
Кіріспе.

Негізгі бөлім

І Қазіргі қазақ терминологиясының тарихи қалыптасу жолдары.

    1. Қазіргі қазақ терминологиясындағы халықаралық терминдердің теориялық негіздері.

    2. Қазақ тіліндегі терминология саласы мен халықаралық терминдерді қолдану барысындағы сабақтастық негіздері.




11 Қазіргі қазақ терминологиясындағы халықаралық терминдер


2.1 Қазіргі қазақ терминологиясындағы халықаралық терминдерді қолданудағы қалыптасқан қағидалар

2.2 Жалпы терминология саласының қазақ тілінде алатын орыны

2.3 Қазіргі қазақ тілінде термин қалыптастыру мен термин жасам тәсілдерінің маңыздылығы

Қорытынды.



КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі. Қазіргі заман талаптарына орай, Қазақстанның түпкір-түпкіріндегі ғылыми орталықтарда, мектептерде және орта әрі жоғары білім беретін оқу орындарында қазақ тілінде терминдерді оқыту әдістемесі қазіргі уақыт кезеңінде ерекше жолға қойылған. Оның басты себебі, мектеп қабырғасында білім алып жатқан балалардың сыртқы әлемге деген көзқарасын дұрыс қалыптастырып, дүниетанымын кеңейту болып табылады. Осыған орай, қазақ мектептеріндегі сыныптарда қазақ тілі көбінесе, халықаралық терминдермен байланыстыра оқыту арқылы жүргізіледі. Шығыс Қазақстан аймағы бойынша бала оқытудың үздік иегері болған Қанипа Бітібаева, Меруерт Мұқашевалар да бастауыш сыныптан қазақ тілін оқытуда халықаралық негіздегі терминология мәселесіне ерекше зейін қойып, өз пікірлерін баспа сөз беттеріне жариялап келеді. Мәселен, Қ. Бітібаеваның 1996 жылы Қазақстан мектебінің 9 санында жарық көрген “Бастауыш сыныпта қазақ тіліндегі терминдерді оқыту” атты мақаласына сүйенсек, онда балалардың ой-өрісін дамытуда көркем шығарманың өзіндік салмағының үлесі аса зор екендігіне көз жеткізе түсеміз. Демек, бастауыш сыныптан бастап, қазақ тіліндегі терминдерді өту және оқыту оқушыға үш түрлі жақсылық әкеледі.

1. Оқушы термин атауларын сауатты жазып үйренеді;

2. Оқушы тез бөгде сөздерді оқуға жаттығады;

3. Оқушының терминдердің мағынасын түсіну арқылы ой-өрісі ұлғаяды (Дүниетанымы кеңейеді).

Ал, қазіргі қазақ тілінің мәртебесін асыру үшін ғылыми негіздегі халықаралық терминдерді жоғары оқу орындарында өтудің де маңыздылығы бар. Нақты айтсақ, бүкіл дүниежүзіне ортақ халықаралық терминдердің мән-мағынасын дұрыс түсініп, оған өз пікірін еркін түрде қосып бере алу өз алдына, жоғары оқу орнының студенті өз пікірін ғылыми негізде жүйелей алады.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Қазақ тіліндегі терминология ілімінің ғылыми негізін жаңа технологияларын, жаңа әдістерін, инновациялық технологиядағы орнын және оны қолданудың тиімділігін көрсету.

Қазіргі қазақ тіліндегі халықаралық терминдердің ғылыми даму ісіне үлкен үлес қосатындығын дәлелдеу.

Халықаралық деңгейдегі терминдердің қазақ лексикологиясына да қосар үлесі бар екендігін көрсету.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

-Қазақ терминологиясының даму сатыларын айқындау;

-Қазақ тіліндегі халықаралық терминдердің ғылым саласындағы өзіндік маңыздылығын айқындау;

- Терминтанушы ғалымдардың қазіргі қазақ тілінде терминдерді орынды пайдалану тұрғысында жазылған еңбектерін талдау.

Зерттеу пәні. Қазіргі қазақ тіліндегі халықаралық терминдердің тигізер пайдасы және оның ғылыми негіздемесінің адам баласының ой-өрісіне тигізер ерекшелігі бар екендігінің тиімділігін көрсету.

Зерттеу нысаны. Қазіргі қазақ тіліндегі терминдер және халықаралық терминологияның даму жолдары.

Зерттеудің теориялық маңызы. Зерттеу жұмысында қарастырылған тұжырымдар мен мәселелерқазақ тіліндегі терминология саласының қалыптасуы – кез келген ғылым саласының дамуына, қарыштауына, соымен бірге ғылым саласына бет бұрған қазақ жастарының ой-өрісінің дамуына жол ашып, ғылыми жаңалықтардың жетілуіне мүмкіндік береді. Қазіргі қазақ тілінің сөздік қоры молаяды.

Зерттеудің тәжірибедегі маңыздылығы. Диплом жұмысында көрсетілген деректердің алатын орыны аса маңызды. Себебі, халықаралық терминдерді тиімді пайдалану әрі дұрыс түсіне білу негізінде қазақ тілімен сабақтастыру - келешек Қазақстанның өсіп-өнуіне өркендеуіне себебін тигізіп қоймайды, отаншыл, елін-жерін, тілін-ділін сүйетін азаматтардың қалыптасуына да көмек тигізері даусыз мәселе.

І Қазіргі қазақ терминологиясының тарихи қалыптасу жолдары
«Халықтың мәдениеті көтеріліп, санасы өскен сайын тіл қадірі де арта бермек. Ана тілін ардақтайтын дәрежеге қазір біз де жеттік. Ана тілінің әрбір сөзін де, әрбір жұрнағын да халықтың аяулы асылына балап, сол бір қазынаны қамқорлықпен мәпелеп сақтауға, әр сөздің ішкі сырын ашып, мағынасын жетілдіре беруге атсалысу ана тілінде сөйлейтін әрбір кісінің азаматтык борышы»,-дейді ғалым Айғабылұлы (1,56).

Тіл ұстартуға себі тиетін болмашы нәрсенің өзіне мәдениетті қауым дереу назар аудара қояды. Сондай-ақ, орнын таппай оған кірген бір ауыз сөз болса, оған да жұртшылық өкіне реніш білдіріп қалады. Өйткені тарихи дамудың нақ қазіргідей қауырт кезеңінде әрбір сөз халықтың қайрап салар қаруына тең.

«Халықтың тіл қазынасын қорытып, бар сөзін орын-орнына қоятын сөздік жасау - мәңгілік мәдени монумент орнату деген сөз. Екінші жағынан, бұл - ұлт мәдениетінің өскендігін, оның қәзіргі дәрежесін сипаттайтын белгілі бір көрсеткіш»,-дейді ғалым Айтбаев өз еңбегінде(2,86).

«Соңғы бірнеше жылдың ішінде Қазақстан ғалымдары сөздік жасау саласынан көп жұмыстар істеді. Бұрынырақ шыққан орысша-қазақша үлкен сөздікті былай қойғанда, академик Ісмет Кеңесбаевтың басқаруымен қазіргі қазақ тілінің екі томдық түсіндірме сөздігі келді дүниеге. Ғылым мен техниканың әрбір саласын жеке-жеке қамтитын терминологиялық сөздіктер шығып жатыр. Бұлардан басқа академия баспасынан бөлек шыққан Мұсақұловтың, Арзымбетовтың сөздіктері тағы бар. Қазіргі уақытта Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл білімі институты үлкен орфографиялық сөздік, қазақша-орысша үлкен сөздік, этимологиялық сөздік, синонимдік сөздік деген сияқты тағы бірнеше ғылыми еңбектер үстінде шұғылдануда. Қазақ тілінің академиялық үлкен түсіндірме сөздігі көп том болып ол шықпақшы. Сөйтіп, бұл саладан бізде біткен жұмыс та, алдағы уақытта істелетін жұмыстар да көп-ақ»,- деп қуанады ғалым Б. Әбілқасымов (3,67).

Тек қана бір айта кететін нәрсе, сол шығып жатқан күрделі еңбектерді халыққа кезінде таныстырып, кеңінен насихаттап отыру, олардың әрқайсысына талдау жасап, тиісінше қорытынды шығару жағы жеткіліксіз.

Жоғарыда аталған сөздіктердің әрқайсысы жайында арнайы мақала жазылса да артық болмас еді. Өйткені олардың қай-қайсысы болса да көп жылдар бойы сарылып ізденуден, тірнектеп жинаудан, күш қосып жұмыс істеуден туған коллективтік еңбек. Олардың бәрінде де ғылыми тұрғыдан қорытуды, шешуді керек ететін әр алуан тәжірибелер, проблемалық мәселелер, даулы жағдайлар бар.

Біздің қазір сөз еткелі отырғанымыз тек терминологиялық сөздіктер гамл. Бұл саланың өзінен де істелген жұмыстардың көптігі соншалық, оның бәрін тәптіштей талдап, сөздіктің әрбіріне жеке-жеке баға беріп жатуға бұл жерде мүмкіншілігіміз тағы жоқ. Өйткені, бұл сөздіктер қамтитын ғылым мен техниканың әрбір саласында терминдік сөздердің қалай туып, қалай қалыптасып, қалай дамып бара жатқанын зерттеудің өзі қазір арнаулы ғылыми тақырып, немесе пән болуға жетіп қалған сияқты. Мұны дәлелдеу үшін бір ғана биология терминдерінің жасалуы мен қалыптасуы жайында Т. Мұсақұлов жолдастың диссертация қорғап, ғылыми атақ алғанын, медицина саласынан жасалған Орысша-латынша-қазақша терминология сөздігінің авторы М. Исамбаев жолдастың диссертациялық еңбек жазғанын айтудың өзі де жеткілікті. Біздің мақсатымыз - осы шығып жатқан еңбектердің негізінде кейбір ойда жүрген пікірлерді ортаға салу ғана.

1959 жылдан бастап бүгінге дейін бірінен соң бірі қосарлана шығып үлгерген (Қазақ ССР Ғылым академиясының баспасынан ғана) тоғыз сөздік те, сол сияқты басқа баспа орындарынан шыққан сөздіктер де, шындығына келгенде, сонау жиырмасыншы жылдардан бері жүргізіліп келе жатқан бір сала күрделі де жүйелі жұмыстардың жемісі. Сол жылдардың өзінде-ақ, яғни Қазақстанда Совет өкіметі орнағаннан кейін көп ұзамай-ақ ғылым мен техниканың, әсіресе оқу-педагогика саласының терминдерін жасау қолға алына бастады. Сол уақыттан бері жаңа өмірге байланысты туып жатқан жаңа ұғымдардың атауларын қалыптастыру жолында тынымсыз жұмыс істеліп келеді.

М.О. Әуезовтің келтіре кеткен бір сөзіне зер салсақ, онда ол: «Әуелгі кезде бұл жұмысты Қазақстан Оқу халық комиссариатының жанындағы Методикалық бюро басқарған болатын, сонан соң Қазақ ССР Министрлер Советінің жанынан арнаулы Терминологиялық комиссия құрылды. Сөйтіп, мәдени өміріміздің барлық саласынан жаңа келіп жатқан ұғымдарға байланысты атау-терминдер жасау және оны қалыптастыру ісі еш уақытта күн тәртібінен түскен емес»,-дейді(4,52).

Әрине, солай бола тұрса да соңғы жылдары бұл жұмыстың ерекше жанданғанын да айта кету керек. Оған себеп: 1956 жылғы декабрьде Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл мен әдебиет институты жанынан терминология жөнінде арнаулы бөлім құрылды. Сонан соң Ғылым академиясының жанындағы барлық институттар мен секторлар шұғылданып, әр саланың мамандары кірісті. Орысша, қазақша жақсы білетін және сол саланың маманы болып табылатың оның үстіне сөз өнерінен өздерінің де көптеген хабары бар кісілерді іріктеп илып, сөздік жасауға жұмылдыруды және оларға күн сайын басшылық етіп отыруды дұрыстап ұйымдастыра білген Тіл білімі институты қазір жұртшылық алдына жоғары да аталған күрделі еңбектерді ұсынып отыр.

Бұл, әрине, тек көлемі жағынан ғана емес, жалпы алғанда, мазмұны жағынан да құнды еңбек. Бұл еңбектер арқылы біздің мұғалімдеріміз бен оқытушыларымыз, аудармашыларымыз бен мамандарымыз, үгітшілеріміз бен насихатшыларымыз, күллі мәдениетті қауым күнделікті жұмыстарында өздеріне көмекші болатын үлкен құрал тапты.

Терминологиялық сөздіктер біздің халқымыздың көп заманнан бергі СӨЗ жаратушылық өнерінің тәжірибесін қорытады, жалпы тіл ұстарту жолындағы қол жеткен табыстарымызды жинақтайды. Бұл сөздіктер ұғым мен атаудың арасындағы кейбір үйлеспеушілікке, аудармадағы балама сөздердің алалығына және түсінбеушілікке жол бермеуге себепші болады; өмірімізге енді-енді еніп келе жатқан соны атаулардың тез қалыптасып, олардың ғылыми ұғымдарының халық санасынан тиянақты орын тебуіне көмектеседі. Сондықтан да мұндай игілікті еңбектерді жүзеге асыруға аянбай ат салысқан кісілердің халық алдындағы қызметі өте бағалы.

«Терминологияның теориялық мәселелерін зерттеу және бұл саладағы тәжірибелерді қорытып оған бағыт сілтеп отыру ісі бір ғана Қазақстанда емес, бүкіл одақ көлемінде әлі жеткіліксіз екендігі әр жерде-ақ айтылып жүр. Сондықтан ортаға салатын пікірлер де көп-ақ.

Ең алдымен, осы "термин" деген сөздің ұғымы жайында және қазақтың қазіргі ұлттық әдеби тілінің дамуына байланысты бұл сөзді біздің қалай түсінуіміз керек екендігі жайында бірер сөз айту керек сияқты. "Терминология дегеніміз ғылымның, техниканың, саясаттың ұғымдық қасиеті... осы заманғы ғылым мен техниканың тілі", - дейді ғалым. (4,47).

Біздің бүгінгі өмірімізде ғылымның, техниканың, саясаттың қамтымайтын саласы жоқ. Сондықтан термин дегеніміз халықтың жалпы әдеби тілінен оқшау тұрған бірдеңе емес, сол тілдің өзі, өзімен біте қайнасып жатқан қаны мен тәніндей бөлінбес бөлшегі. Олай болса, бізде осы уақытқа дейін "термин" десе, оған халықтың жалпы тілінен оқшау тұрған бірдеңе деп қарау, сол себепті оны қолдануда, немесе жаңа атаулар жасауда әдеби тілдің ежелгі дәстүрінен, ішкі зандылығынан шығып кетсе де болады деген сияқты бір теріс ұғымдардың болып келгенін де айта кетуіміз керек.

«Егер біздің осы уақытқа дейінгі терминологиялық жұмыстарымызда орын тепкен азды-көпті оғаштық болса, оған ең алдымен осы тенденцияның салқыны тигенін мойындауға тиіспіз. Ана тілінің өрбу, туындау, жаңарып-жасару жолдарына көп зер салмайтын кейбір жолдастар, өздерінің әлдеқалай бір қолдап салған терминдерін өзгертуге қимайды да: "е, бұл термин ғой, термин болған соң бола береді", - дегенді сылтау етеді. Сөйтеді де қажетсіз жерде шет сөздерді енгізеді, не болмаса жаңадан сөз жасағансып ешқандай ұғымы жоқ, ұлттық тілімізбен тамырласып жатпайтын қайдағы бір жасанды бірдеңелерді қыстырады.

Тегі бұл мәселеге біздің өз тұрғымыздан келетін жақтарымыз толып жатқан сияқты. "Терминология дегеніміз - осы заманғы ғылым мен техниканың тілі" десе, орыс ғалымдары бұған ғылым мен техниканың ең соңғы шыққан ұғымдарын жатқызады да, "термин жасау" дегеннен сол ұғымдарға әдейілеп ат қоюды түсінеді. Ал біздің шығарып жатқан сөздіктерімізде қазақ болғалы бар сөздер жүр. Мысалы, "жер", "су", "ауа", "астық", "дән", "көмір", "темір" деген сияқты сөздер кімге соны?

Мен бұл сөздердің терминологиялық сөздіктерге еніп кеткендігі әбес болыпты демекші емеспін. Егер орыс тілінде шығарылған терминологиялық сөздіктер болса, осы сияқты кәдімгі қарапайым сөздер енер ме еді?»,- дейді А. Байтұрсынов(5,89).

Шынында біз үшін бұл сөздердің енуі заңды да шығар. Ғылыми ұғымдарымыздың көп атаулары әлі тұрақтап, қалыптасып болмағандықтан, оінейінде қарапайым көрінетін сөздердің біразын, орыс сөздерінің ғылыми ұғымдарына сүйене отырып, тағы бір айқындап берудің қажеттігі де бар шығар. Олар олай болса, біз термин деген сөзге өз тұрғымыздан сәл еркіндеу келуге тиіспіз.

Термин деп аталған сөздерімізге балама іздегенде, ең алдымен, өз тіліміздің қазынасын сарқа пайдалануымыз керек. Өйткені, сол айтылған ғылыми ұғымдардың көбі біздің тілімізде ескі заманнан бар. Ғылыми ой, ғылыми ұғым дсгендер қазақта тек бүгін ғана туды деп ешкім де айта алмайды. Олар тілдік негізінде әуел бастан бірге жаралып, бірге дамып отырған. Сол себепті біз ғылыми ұғымдарын, атауларын саралағанда, өзімізде ежелден бар және күн сайын туындап, толысып жатқан ғылыми атауларды өз орындарына қоя білуді сондай-ақ орыс сөздерімен салыстыра отырып, кейбір сөздердің ұғымдық шектерін ажыратуды, сонан соң өз тіліміздің заңды даму жүйелерін пайдалану арқылы оның қазіргі бар мүмкіншіліктерін де болашақ потенциалдық мүмкіншіліктерін де аша білуді бірінші мақсат етіп қоюға міндеттіміз. Ғылыми терминдердің негізін халықтың бұрынғы ауыз әдебиетінен бастап іздеу керек. Халықтың ежелгі салт-санасы, әдет-ғұрып, қарым-қатынастарында да солардың негіздері жатыр.

«Ауруға ішірткі бергенде "Лұқпан Хәкімнің емі болғай" деп күбірлеп отыратын қазақ оның айналасында аз сөйлемеген болар. Сондықтан қазақ тілінде оған байланысты атаулар да аз болмауға тиіс. Әрине, олардың кейбіреулерінің алатыны бар да, кейбіреулерінің қалатыны бар. Ол өз алдына басқа мәселе.

Тек қана ем мен шипаны, ауру мен сырқатты, кесел мен дертті бір-бірінен ажыратпай, аудармада синонимдік сөздердің бәрін жинап-теріп бір-ақ сөздің балауына беруден, сөйтіп, сол мәндес басқа сөздерге балама таппай отырып қалудан аулақ болайық» (5,89).

Біз ғылым мен техника жаңалықтарының ұғымынан бұрын көбінесе орысша атауларын естиміз. Сол атауларға карап барып, ұғымын жорамалдаймыз да, өзімізше шамалап ат қоямыз. Бұл жерде мамандардан гөрі аудармашылар бұрын кіріседі.

Біздің қазіргі жағдайымызбен санаса келгенде, сірә, мұның өзі заңды да құбылыс болса керек. Мәселен, осы кезде соншалық орнын тауып, әдеби тілімізгс әбден қалыптасып кеткен "өнеркәсіп" деген сөзді алайықшы. Ол қазіргі қалпына келіп жайласуы үшін қаншама эволюциялық жолдардан өтті. Ең әуелі ол "өнерлі кәсіп" болды, содан кейін "өндіріс кәсібі" болды, сонан соң "өнер кәсібі" деп жазып жүрдік. Ақыры міне енді "өнеркәсіп" боп адамзат тіршілігінің аса бір күрделі саласын тұлғалайтын мәні терең ғылыми ұғымның атауы болып, халыққа үздіксіз қызмет етуде. Тіл мәдениетінің дамығанын бейнелейтін мұндай мысалдар қазір көп-ақ.

Терминологияны сөз етушілердің кейбірі еліміздің бұл саладағы еткен жолдарына зер сала келіп, "бір кездерде "отарба", "шайтан арба" деуші едік, паровозды қара айғырға теңеуші едік" дегенді көбірек айтады. Мұның өзі, кейде тыңдаушылар тарапынан арзан күлкі ұтудың оңай жолы тәрізді болып та шығады.

Шынында бұл оншалық күле қоятындай нәрсе емес. Мұнда халық мәдениетінің өсу жолындағы заңды көрінісі жатыр. Жиырмасыншы жылдардың бас кездерінде термин екен деп шет сөздерді нақ қазіргідей көптен енгізе берсе, одан ешнәрсе шықпаған да болар еді. Ол кездегі халықтың жалпы мәдени дәрежесі ондай сөздердің ғылыми ұғымын түсінуге әлі жетпегені, сол себепті мүмкіндігі болғанынша ғылыми атауларды ұғымын елестетіп тұратындай етіп айту керек болғаны былай тұрсын, тіпті, сол "шайтан арба" деп аталған "велосипедты" осылай деп айтуға тілі келетіндердің өзі мүлдем аз емес пе еді? "Барлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер!" деген атақты ұранмен келген "пролетарлар" деген сөздің өзі талай сатылардан өтіп, "бейнеткештер", "бейнетқорлар", "жалшылар" "еңбекшілер" "еңбекшілдер" деген сияқты болып өзгере-өзгере келген жоқ па? Егер сол кездерде "пролетарлары" деп жазса, қазақ кедейлері оны түсінер ме еді, ал түсінбейтін болса, ондай ұранның әсері болар ма еді?

Екіншіден, паровозды "отарба" деуде пәлендей оғаштық та жоқ. Кезінде кімнің қалай өзгерткенін кім білсін, бірақ "паровоз" болғанда "отарба" болмайтын да ештеңе жоқ сияқты. Егер осылай алына бергенде, бұл сөздің жап-жақсы атау-термин болып қалыптасып кетуі де ғажап емес еді. Ал, "қара айғыр" деп паровозды ешкім де атаған емес. Ол атау емес, жай ғана теңеу ретінде айтылатын. Ондайлар бола береді. Самолетті құсқа, паровозды айғырға, дүлдүлге, тракторды егізге, тіпті, тасбақаға теңеу қай халықта болса да бар.

"Термин" деген сөз айтылса болғаны, оның қасында "жасау" деген сөз қабаттаса жүреді. Басқа жағдайда сөз жасалмайды, жиналады, құрастырылады.

Ал, "терминді қолдан жасау керек" деген сияқты ұғым бар. Мұның бәрі термин сөздердің әуелбаста жаңа туған ұғымға қарай қолдан жасалынып, белгілі бір жағдайда келісу арқылы алынатындығынан туған. Ал бізде, жоғарыда айтылғандай, термин сөз көбінесе аудару арқылы шығады. Сол себепті де оның ұғымын беретін атауды біз ең алдымен халықтың бар сөздерінен іздсстіреміз. Мұның тағы бір себебі: сол терминдерді әдепкі жасаушылардың өздері де ат қойғалы отырған ғылым жаңалықтарының қасиетіне, атқаратын қызметіне қарап, халықтың сол ұғымды қалай атайтынын ескере отырып шығарады. Сондықтан да тілді жаңа терминдермен байытудың ең тиімді де өнімді жолы - сол тілдің өзінің сөздік қоры мен диалектілерін пайдалану екенін атақты тіл ғалымдарының бәрі мақұлдайды.

Тіліміздің ежелгі сөздік қорын пайдалану арқылы терминологияны байытуда істелген жұмыстарымыз өте көп. Сөздіктерді құрастырушылар да бұл жағына едәуір назар аударған. Олар аударма мәдениетінің, бүкіл баспасөздің табыстарын жинақтауға тырысқан және өз тараптарынан да талай сөздерді орнын тауып қоя білген.

Сонымен қатар, бұған қатынасқан жолдастардың кейбіреулері терминологиялық ұғымның мағынасын тек өз мамандықтарының тар шеңберінен қана қарап, осы уақытқа дейін сол ұғымның атауы болып келген сөздерді оп-оңай ғана ауыстыра салғандығы, ондай сөздердің ұзақ қолданылу арқасында бірте-бірте толысып, жаңа мағына алып кеткенін ескермегендігі байқалады. Мәселен, "известь" деген сез бүкіл баспасөзде және ауызша да барлық жерде "әк" деп айтылып жүр. Бұл атау Қазақстанның біраз жерлерінде бар сөз болғандықтан да бір кезде баспасөз айналасындағы жұртшылық осылай деп алуға бәтуаласқан болатын. Сол секілді "блок" дегенді "шығыршық" деп алуға да келісіліп, солай алынып жүретін. Мұның бәрі қала беріп, сөздіктің бірінші томында "ізбес", "блок" деп алыныпты. Бірақ іс жүзінде ол сіңе қоймағандықтан болуы керек, басқажерлерде "ізбес", "әк", "блок", "шығыр", "шығыршық" болып шатаса берген. "Форма" деген сөз де сол бірінші томда "форма" болып алыныпты да, басқа жерлерде "қалып", "қалыптау" болып, біресе қайтадан "форма" дегенге көшіп өзгере берген. Сөздіктерде бүйтіп шатысып жүрген сөздер тым көп»,-дейді тілші Р.Барлыбаев (6,78).

Тегінде көптен қалыптасып кеткен және келе жатқан сөздерді ауыстыра беруге әуес абзал Белгілі бір сөзді белгілі бір ұғымның алғаннан кейін, ол баспасөз бетінде де, одан көпшіліктің аузында да сан рет қайталанып айтылады, сөйтеді де, ұғымдық жағынан бірте-бірте толыса барып, өзінің кемеліне келеді; халықтың санасынан солай орын тебеді. Мәселен, "жарна", "мүше", "құн", "тап", "өкімет", "үкімет", "дағдарыс" деген сияқты сөздердің қазіргі мағыналарын бұрынғы мағыналарымен салыстыруға болар ма еді? Салыстыру былай тұрсын, ол сөздердің бір кездердегі ұғымдық шеңбері қаншалық болғанын көбіміз қазір білмейміз де. Олай болса, өзінің жаңа ұғымымен барша жұрттың санасына сіңісіп кеткен сөздерді жаңа бір контексте онша жетіңкіремей тұр екен деп, қайтадан өзгерте салудың жөні жоқ. Ол тек шатастыруға ғана себепші болады.

Айталық, "өзара сын" деген сөз "самокритика" дегеннің баламасы болып барлық жерде өзгермей алынатын. "Сын мен өзара сын" деген сөздер, тіпті, идиомалық тіркеске айналып кетті деуге де болатындай еді. Соның түп тамырын қуа келгенде, бірдеңесі жетпей тұр екен деп, соңғы бір кезде өзгерткен болатынбыз. Содан соң-ақ оның сан алуан түрлері туып, шұбарланып сала берген. Қазір "өзара сын", "өзіндік сын", "өзін өзі сынау", "өзін сынау" деп жазылады. Сөздіктерде осылардың бәрі де жүр. Бұдан не ұттық? Әрине, бұдан түк ұтқанымыз жоқ, қайта тілімізге үлкен нұқсан келді.

Қазіргі қазақтың орта буыннан жоғарғыларының бәрі сауатын ашқаннан бастап "квадрат" дегенді "шаршы" деп, "куб" дегенді "текше" деп оқып, бұл екі сөздің бар ұғымын тек сол атаулар арқылы ғана қабылдап өсті. "Текше метр", "шаршы метр" деген сөздердің мағыналарын түсінбейтін қазақ кем болатын. Сондықтан бұл сөздерді қайта өзгертіп, орысша қалыбына түсірудің не мұқтаждығы болды екен? Мүмкін, математика ғылымына мүлде салынып жүрген мамандарға бұл атаулардың оғаштау көрініп тұратын жайы да бар шығар. Бірақ ондай кісілердің өздері ана тілінен қол үзіп, мұндай мағыналарды қазақша атаулар арқылы ұғынудан аулақтап қалуы да ғажап емес қой. Күн сайын тек орысшасын айтып, орысша естіп жүргендіктен де олардың құлақтары үйреніп кетіп, солай қарай бейімделе бергісі келіп тұруы да мүмкін. Көп адам - әдеттің, дағдының құлы ғой. Кейбіреулердің тіл мәселесіне келгенде әділ ғылым тұрғысынан, жалпы халық тұрғысынан келмей, отбасы, ауыл арасына сіңіскен дағдының ығымен кететін, сөйтіп беталды бұрғыштай беретін әдеті де болады. Бірақ тіл субъективизмнің қолжаулығы емес.

Бұл сөздіктерде құрастырушы мамандардың кәсіптік шеңберден шыға алмағандығының өзі едәуір-ақ сезіледі. "Единица" дегеннің бірде "единица, бірде "бірлік", бірде "өлшем" болу себебі де содан "Договор генеральный" дегенніц "бас шарт" деп алынып, нақ сол жерде "договор двухсторонний" дегенге келгенде "екі жақты договор" болып өзгеріп кетуі де содан. Немесе, тағы да дәл сол жерде "договор типовой" дегеннің "типті шарт", "қалыпты договор" деп, әдейілегендей-ақ, орысшасына казақшасын, қазақшасына орысшасын тіркестіріп шұбарлатып қоюда қандай ғылыми негіз бар? "Қарыз" деген сөздің "заемодавец" дегенде балама болуға жарап, "қарыз беруші" деп алынғанда, "заемовладелец" дегенді балама бола алмай, "заем иесі" болуының себебі қалай? Мұндай мысалдар бірен-саран болса, оған тоқталып та жатпас едік. Ондайлар осы айтылып отырған сөздіктердің бәрінде де түйдек-түйдегімен жүр.

«Ана тілінің байырғы сөздерін тиісті орыс сөздерінің (оның ішінде термин сөздердің де) баламасы ретінде дұрыс қолдану және соған сүйене отырып, оларды мағыналық жағынан жіктеу, балама ретінде тұрақтандыру қазіргі тіл мәдениетін көтерудің аса күрделі мәселесі. Бұл бағытта әлі көп жұмыстар істелуі керек. Осы тұрғыдан қарағанда, шығып жатқан терминологиялық сөздіктерде біраз олқылықтар бар. Сөз баламаларын қолдануда алалық күшті, тиянақтылық жоқ, жүйе жоқ. Мәселен, "Фонд премирования" дегенді "сыйлық қоры" деп алып тұрып, сол жерде қатар келген "Фонд потребления" дегенді "тұтыну фонды" деп жүре берген. Қазақтың "қор" деген сөзі қандай контексте келсе де сол "фонды" дегеннің мағынасын толық бере алады. Бүйтіп құбылта беру, қайта қалыптасып қалған ұғымды тиянақсыз етіп, босаңсытып жіберуге себепші болады.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> «Dream Wiver және Front Page негізінде желілік ресурстар жасау»
umkd -> «Ақпараттық технологиялар» пәнінен оқу-әдістемелік кешені
umkd -> 5В050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> «шетел тарихнамасының жаңа бағыттары»
umkd -> Тарих кафедрасы
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жоғары оқу орындарында тарихты оқыту әдістемесі»
umkd -> Жұмыс бағдарламасы Дәрістер конспектісі Практикалық және семинарлық сабақтар Зертханалық практикум
umkd -> Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umkd -> Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umkd -> Сабақ түрлері бойынша пәннің мазмұны және сағаттарын бөлу


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет