I тарау дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары


Жас ерекшеліктеріне қарай негізгі қимыл сапасын (күш-қуат, жылдамдық, ептілік, шыдамдылық) дамыту



бет14/75
Дата26.12.2023
өлшемі0.68 Mb.
#488091
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   75
I òàðàó äåíå øûíû?òûðó æ?éåñ³í³? ì³íäåòòåð³ ìåí ìà?ñàòòàðû

4.Жас ерекшеліктеріне қарай негізгі қимыл сапасын (күш-қуат, жылдамдық, ептілік, шыдамдылық) дамыту.
Әр адамға қажетті қасиеттер – күш-қуат, жылдамдық, ептілік, шыдамдылық. Дененің сапалық қасиеттері балалардың қимыл-дағдыларын қалыптастырумен тығыз байланысты. Дене жаттығуларының әр түрлі екпінде өткізілуі дененің сапалық қасиеттерін дамытады.
Батылдық, табандылық, әділеттілік, адалдық, жолдастық сезім, ұжымда жұмыс істей білу, мәдени тәртібін қалыптастыру, еңбекке, қоғам мүлкіне деген жағымды көзқарасын қалыптастыру.
Дене шынықтыру үрдісіне бағалы моральдық және ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеудің маңызы зор. Көптеген дене жаттығулары (биіктікке секіру, биіктіктен секіру, кедергілерден секіру, тепе-теңдік жаттығулары, төбешіктен шаңғымен төмен түсу), және ойын түрлері арқылы табандылық, өзара достық сезімдері тәрбиеленеді.
Оқушылардың дене шынықтыруы мен спортқа деген қызығушылығын жүйелі айналысу дағдысын тәрбиелеу.
Мектептің міндеті – балаларды әр түрлі дене жаттығуларына тек мектепте, отбасында ғана емес, күнделікті өмірде маңызды міндетті шешу балалардың қызығушылығын арттыру отырып, берілетін материалдың мазмұнына, түріне, жағдайына, айналысушылардың өзара қарым-қатынасына көңіл бөлу керек.
5.Оқушылырдың қоғамдық дене шынықтыруы белсенділік дайындығы, ұйымдастырушылық дағдыларын қалыптастыру.
Мектептегі дене шынықтыруы бұқаралық және спорттық сипатта. Дене шынықтыру сабағын сыныптан тыс дене шынықтыру жөніндегі жұмыс шараларын өткізуге мұғалімге үнемі көмектесіп отыратын белсенді оқушылар қажет. Осы міндетті іске асыру үшін оқушыларға әр түрлі жұмыс түрлерін ұйымдастыру және өткізу тапсырмалары беріледі. Оқушылар арасынан сыныптағы дене шынықтыру жұмыстарын ұйымдастырушы, топ басшысы, әділ қазылар, төрешілер сайланады.
Дене шынықтыру белсенділерін дайындаудағы негізгі жағдай:тапсырманы нақты орындау, ұжымның, жолдастарының алдындағы жауапкершілігі болып табылады.
Бұл жерде дене шынықтырудың міндеттері өзара үйлесімділік қарым-қатынас арқылы шешіледі. Бұл міндет мектеп жасындағы балалар дене шынықтырудың жүйелі түрде орындалуы арқылы нәтижеге жетеді.
Сондықтан бүкіл мектеп ұжымының біріккен жұмысында дене шынықтыру құралдары түрлерін, жұмыс түрлерін, дене жаттығуларын тиімді пайдалануда іске асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   75




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет