I тарау дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары


Дене шынықтыру жүйесі қызметінің негізгі бағыттары мен шарттары



бет2/75
Дата26.12.2023
өлшемі0.68 Mb.
#488091
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75
I òàðàó äåíå øûíû?òûðó æ?éåñ³í³? ì³íäåòòåð³ ìåí ìà?ñàòòàðû

Дене шынықтыру жүйесі қызметінің негізгі бағыттары мен шарттары
Дене шынықтыру жүйесінің үш бағыты бар: жалпы дене шынықтыру,кәсіптік қолданбалы және спорттық дайындық .
Жалпы дене шынықтыру денсаулықты нығайтуға, дене қуатын арттырып, қимыл ептілігін дамытуға негізделген арнайы спорттық дайындық шаралары. Дене шынықтыруға әр түрлі дене тәрбиесі амалдары,жаттығулары және санитарлық-гигиеналық факторлар жатады.
Кәсіптік қолданбалы дене шынықтыру дайындығы дегеніміз-еңбек пен әскери іс-әрекеттерге тікелей бағытталған дене тәрбиесінің арнайы мамандану үрдісі.Кәсіптік дене шынықтыру дайындығына ең алдымен,кәсіптік іс түріне ұқсас жаттығулар қолданылады. Кәсіптік дене шынықтыру дайындығы тәсілдерін қолдану еңбектегі қимыл ептілігі мен дағдысының қалыптасуын тездетеді. Еңбек өнімдлігін арттырады,адам ағзасының сыртқы қолайсыз факторларға қарсылығын күшейтеді.
Адамның өзі қалаған спорт түрі бойынша жоғары нәтижелерге жету қолындағы ізденістері мен талпіністарын спорт дайындығы деймыз.
Дене шынықтыру жүйесінің қағидалары
Қағида – бастапқы негіз, қандай да бір теория ілімінің даму заңдылығы. Дене шынықтыру жүйесінің қағидаларына: адамның үйлесімді дамуы;дене шынықтыру қағидаларының еңбек ету және Отан қорғау тәжірибесі мен үйлесімі; дене шынықтыруы-ның денсаулықты нығайту пәрменділігі жатады.
Адамның жан-жақты үйлесімді даму қағидасы екі бағытқа бөлінеді:
1.Дене шынықтыру тәрбиенің басқа түрлерімен тығыз байланысты болып, жастарды өнегелі тәрбиеге баулиды, зейінділік, еңбексүйгіштік қасиеттерін қалыптас-тырады, адамның көркемдік-әсемдік танымына әсерін тигізеді.
2.Дене шынықтырудың әр түрлілігі. Дене күшін жан-жақты дамытуға арналған жаттығулары дене шынықтыру үрдісі кезінде спортшылардың қимыл шеберлігін, дағдысын жетік игеруіне көмектесуі керек. Дене шынықтыру қағидасының еңбек ету және Отан қорғау тәжірибесі мен үйлесуі дене шынықтырудың жеткіншек ұрпақты еңбекке және Отан қорғауға бейімдейтін қолданбалы ерекшелігін көрсетеді. Қазір азаматтық және әскери мамандық адамның дене күшін көп талап етеді. Дене шынықтыру жаттығуларымен айналысу адамның денсаулығын нығайтып, қимыл ептілігі мен дағдысын меңгеруге көмектеседі. Жұмыс істеуге ынтасын арттырады. Дене тәрбиесі және спортпен айналысқан адамдар мамандық игеруге, спортпен айналыспаған адамдармен салыстырғанда уақытты 1,5-2 есе аз жұмсайды.
Дене күші дайындығына, әсіресе үлен мән беріледі. Сарбаздың кәсіптік қабілеттілігі – оның жылдам жүгіретініне, төтенше жағдайға бейімділігіне, әскери мамандықты тез меңгеруіне, т.б. байланысты. Сондықтан жалпы білім беретін мектептерде, кәсіптік-техникалық лицейлерде, арнаулы орта білім беру орындарында жеткіншектерді әскер қатарына шақыруға дейін дайындаған жөн. Әскери мамандықты жақсы игеру үшін сол кезеңнен бастап ептілікке, жылдамдыққа, шыдамдылыққа, т.б. тәрбиелеу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет