I тарау дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары


Дене шынықтыру жүйесінің негізгі белгілері



бет6/75
Дата26.12.2023
өлшемі0.68 Mb.
#488091
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75
I òàðàó äåíå øûíû?òûðó æ?éåñ³í³? ì³íäåòòåð³ ìåí ìà?ñàòòàðû

Дене шынықтыру жүйесінің негізгі белгілері
Біздің елімізде дене шынықтыру мақсаттары,міндеттері адамның жан-жақты дамуы жөнінідегі ілім өзінің нақты бейнесін тапқан. Жеке адамның жарасымды дамуы жан-жақты қоғам құру шарттарының бірі ретінде қаралды. Біздің елімізде дене тәрбиесінің мақсаты – өмірге,еңбекке және Отанды қорғауға даярлау болып табылады. Бұл мақсат адамдардың дене шынықтыруды жүзеге асыратын барлық мекемелер мен ұйымдар үшінбірдей болады.
Дене шынықтырудың аталған мақсатына сәйкес төмендегідей міндеттерді шешу қарастырылады:
1.Сауықтыру міндеттері: денсаулықты нығайту,денені жан-жақты дамыту,ағзаны шынықтыру,адамдардың ұзақ шығармашылық өмірін қамтамасыз ету.
2. Білім беру міндеттері:қозғалыс дағдылары мен іскерлікті қалыптастыру,дене қасиеттерін (жылдамдық, ептілік, икемділік,күш-қуат, шыдамдылық,т.б.) қалыптастыру, арнаулы білімді меңгеру,ұйымдастырушылық қабілеттерді бойға сіңіру.
3. Тәрбиелік міндеттері: жан-жақты тәрбие арқылы ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, және еңбек тәрбиесіне ықпал ету.
Бұл міндеттер дене шынықтырумен айналысушы жастарға байланысты олардың жас ерекшеліктеріне,денсаулық жағдайына,дене дамуының деңгейіне,дене әзірлігіне,сондай-ақ кәсіптік ынта-ықыласына қарай нақтыланады.
Жан-жақты мақсаттылық, халықтық-ғылымилық дене шынықтыру, дене тәрбиесі жүйесінің негізгі белгілері болып табылады.
Дене шынықтыру жүйесінің мақсаттылығы – жан-жақты бағытта екендігі. Дене тәрбиесі үрдісінде дене тәрбиесімен айналысушылардың жан-жақты дүниетанымы қалыптасады, адамгершілік қасиеттерге тәрбиеленеді.
Дене шынықтыру жүйесін одан әрі дамыту Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан – 2030” стратегиясында 1997 жылғы Қазақстан Республикасының халқына Жолдауында, дене шынықтыру және спорт жөніндегі Заңда, нақты қаулыларда көрініс тапқан.
Дене шынықтыру жүйесінің халықтығы – оның өмір талабына сәйкестігі. Еліміздің тұрғындарының денсаулығын нығайтудағы, денені дамытуды жақсартудағы табыстары, жеке адамның әл-ауқатын сондай-ақ, халықтық, ұлттық спорт ойындары түрлерін дамыту болып табылады.
Халықтың дене шынықтырумен айналысу – мемлекеттік маңызды іс.
Ғылымилық - дене шынықтыру жүйесінің сипатты белгісі болып табылады. Зерттеу негізінде бағдарламалар, оқулықтар, оқу құралдары жасалады және жетілдіріледі. Дене шынықтыру жұрал-жабдықтарына қойылатын талаптар анықталады, әрбір жас кезеңіне қарай дене дамуының, дене әзілігінің өлшем көрсеткіштері жасалады.
Зерттеулер нәтижесінде алынған жаңалықтардың бәрі мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық орындардың және отбасы тәжірибесінде жүзеге асырылады.
Дене шынықтыру мәселелерін негіздеу мен ғылыми-зерттеу жүргізуге жұмылдыратын ғылыми-педагогика мамандарын даярлау жөнінде маңызды шаралар жүргізіледі.
Дене шынықтыру жүйесі төмендегі топтардан құрылған
1.Мектеп жасына дейінгі балалар дене шынықтыруы (отбасында, балабақшада, балалар үйінде 1 жастан 7 жасқа дейін).
2.9 жылдық және орта мектепте, арнаулы оқу орындарындағы дене шынықтыру.
3.Жоғары оқу орындарындағы дене шынықтыру.
4.Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне дайындық дене шынықтыру.
5.Қала, ауыл азаматтарының дене шынықтыруы, өз еркімен ұйымдастырылған спорттық қоғамдар.
Сонымен қатар, дене тәрбиесі сыуықтыру-прифилактикалық, емдеу мекемелерінде, демалыс орындарында, дене жаттығуларын радио, телехабарлары арқылы беру түрінде ұйымдастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет