Негізгі гимнастика. Негізгі гимнастиканың міндеті – денсаулықты нығайту, қозғалыс дағдыларын, жетілдіру және жалпы дене дайындығы, тұлғаны дұрыс қалыптастыруға тәрбиелеу, ағза жүйелерінің қызмет дәрежесін арттыру және дененің шынығуымен қамтамасыз ету болып табылады.
Негізгі гимнастика: сапқа тұру және қайтадан сапқа тұру, жалпы дамыту жаттығулары, еркін, қолданбалы жаттығулар, снарядта орындалатын жаттығулар, тірек секірулер, қарапайым акробатикалық жаттығулар және қимыл қозғалыс ойындары жатады.
Негізгі гимнастика мектеп жасына дейінгі балалар және бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың, орта мектеп, арнаулы оқу орындарының және жоғары оқу орындарының міндетті оқу бағдарламасында маңызды орын алады.
Негізгі гимнастика спорттың әр түрімен айналысуға қажетті алғашқы кезеңнің негізін қалыптастырады.
Гигиеналық гимнастиканың міндеті – адам денсаулығын нығайту, денесін қалыптастыру, денесінің дамуын және дұмыс істеу қабілетін жоғарылату. Гигиеналық гимнастиканың негізгі міндеті – жаттығуларды іріктеп алу барысында ағзаның негізгі жүйелерінің – тыныс алу, қан айналым, зат алмасу, бұлшық ет топтарының жұмыс істеу қызметін нығайту.
Гигиеналық гимнастиканың кең көлемде қолданатын түрі ертеңгілік гимнастика болып табылады. Гигиеналық гимнастикамен жеке және топ түрінде айналысады. Жеке адам гимнастикамен күнделікті ұйқыдан кейін айналысады. Осы жағдайда ертеңгілік гимнастиканың құрылысы қарапайым, жалпы дамыту жаттығулар тобынан құрылды. Бұл жаттығулар тобына кең көлемді жұртшылық үшін радиохабарлар арқылы берілген жаттығулар үлгісі жатады.
Гигиеналық гимнастиканың топтық түрі балалар үйінде, мектеп интернаттарында, жазғы демалыс лагерінде, балалар алаңдарында, демалыс ойындарында, сауықтыру мекемелерінде, өндіріс орындарында өткізіледі.
Жеке және топтық сабақтар қысқартылған дене тәрбиесі сабағы болып табылады. Сабақ құрылысына жаттығулар топтары:сапқа тұру және қайтадан сапқа тұру, кедергілерден өту, снарядтарда жаттығулар түрлерін орындау кіреді.
Спорттық гимнастика – дене шынықтыру құралдарының бір түрі болып табылады. Негізгі міндеті дененің қалыптасуы мен спорттық шеберліктің жоғары дәрежесіне жетуге бағытталған адамның икемділігін жетілдіру болып табылады.
Оқу жұмысында спорттық гимнастиканың жүйелік бағдарламасы бар, осы бағдарлама негізінде гимнастикалық жарыстар өткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |