Ыбырай Алтынсарин –тұңғыш педагог



бет1/4
Дата02.01.2022
өлшемі27.4 Kb.
#453381
  1   2   3   4
Ыбырай Алтынсарин –тұңғыш педагог.


Ыбырай Алтынсарин –тұңғыш педагог.

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Торғай облысының Затобол ауданында туған.



Ыбырай Алтынсаринның  шын аты  Ибраһим, қазақтың тұңғыш аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері. Балғожа би өзінің сүйікті немересін 1850 жылы Орынбор шекара комиссиясының қазақ балалары үшін ашқан мектебіне оқуға береді. Балғожа би немересінің білім алуын, оның ішінде орысша білім алуын жақтаған, өз кезінде прогресшіл адам болған. Ыбырай Алтынсарин мектеп білімімен қанағаттанып қалмай, дүниежүзі әдебиеті классиктерінің шығармаларын өз бетімен оқып, одан үлгі нәр алады. Сабақ берген шығыс зерттеушісі В.Григорьевтің үйінде жиі болып, оның кітапханасынан көркем әдебиет, тарих, философия кітаптарын үнемі оқып, білімін тереңдетеді. Оқуын үздік бітіргеннен кейін, Ыбырайға Орынбор бекінісінде қазақ балалары үшін мектеп ашуды тапсырады. Сол мектепте оны орыс тілінің мұғалімі етіп белгілейді. Осыдан бастап Алтынсариннің ағартушылық-педагогикалық қызметі басталады. Шалғай жерде мектеп ашу, оны ұйымдастыру өте қиын еді, қаражат жоқ, мектеп үйі жоқ, оқытушылар аз, оқулықтар жоқ. Алтынсарин осы да, басқа да қиындықтарды жеңді. 1879 жылы Алтынсариннің әйгілі «Қазақ хрестоматиясы» және «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» атты екі кітабы шықты. Алтынсарин жазушылық қызмет те атқарған, оның «Бай мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейітқұл», «Киіз үй мен ағаш үй», «Надандық» т.б. шығармалары халыққа белгілі. Сондай-ақ «Кел, балалар, оқылық», «Жаз» т.б. өлеңдері де белгілі. Ұлы педагогтің «Кел, балалар, оқылық» деп басталатын өлеңі жастарды өнер, білімге шақырған ұран ретінде оқулықтардан әлі орын алып келеді. Ыбырай Алтынсарин аудармашылық талантымен де ерекше танылған.

Ел ішіндегі ескішілдік, парақорлық пен өсек-аяң оның жанын күйзелтті. "Заман осылай болған соң, амалын тауып, мүмкіндігі бар жерде қазақ халқының елдігін бұзып, болашағын бүлдіріп жатқан жауыздыққа қарсы күресе беру керек" деп санады. Мәдениетті де талантты педагог-жазушы әрі мінезге бай, адамгершілік, жолдастық қасиеті мол Ыбырай орыс зиялыларының арасында мейлінше беделді, сыйлы болған. Оқулық жасау жолында оқулыққа Ыбырай мектепте қазақ балаларына білім мен тәрбие берудің басты құралы деп қарайды. Ол балаларға ана тілін таза және ұқыптылықпен үйретеді, шағын көркем шығармалар арқылы оларды жақсы мінез-құлыққа баулуды көздейді.

Алтынсарин туралы көркем шығармалар, ғылыми-зерттеулер көп жазылды. Қостанайда ескерткіш қойылды. Республикадағы ғылыми мекемелердің бірі – Ұлттық білім академиясы Алтынсарин атымен аталады.


1-тапсырма. Мәтіннен мына сөздердің сәйкес мағыналарын табыңыз.

Бірінші – _________________________________________________________________ [1]

Ұстаз – ______________________________________________________________ [1]

Ақша – ______________________________________________________________ [1]

Жұмыс- __________________________________________________________________ [1]

Келешек – ______________________________________________________________ [1]




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет