Іле ауданының әкімі әкімшілік мемлекеттік қызметке бос лауазым орынына конкурс жариялайды



Дата20.05.2024
өлшемі14.84 Kb.
#501487
түріКонкурс
хабардандыру


Іле ауданының әкімі әкімшілік мемлекеттік қызметке
бос лауазым орынына конкурс жариялайды.
Функционалдық міндеті:
Ішкі саясат, білім, ақпарат, мәдениет, денсаулықты сақтау, тілдер туралы, спорт, туризм, жұмыспен қамту, балалар құқығын қорғау, әлеуметтік-саяси процесстер, ұлтаралық қарым-қатынас, жастар мәселесі, гендерлік, демографиялық және көші-қон саясаты, мерзімдік басылымдарға жазылу мәселелерін жүргізу.

Мемлекеттік тілді білу, ұжымда жұмыс жасай білу, коммуникабелдік, психологиялық сиысушылық, компьютермен және оргтехникамен жұмыс жасай білу.


Кандидатқа қойылатын талап :


Жоғары педагогикалық, гуманитарлық, құқықтық, әлеуметтік, экономикалық, техникалық, ветеринариялық.


Педагог, философ, историк, филолог, теолог, дінтану, мәдениеттану, халықаралық қатынас, құқықтану, социолог, политолог, журналист, экономист, финансист, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, қоғаммен байланыс, инженер, ветеринар маманы.


Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес;


жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе ғылыми дәрежесінің болуы;


мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;


4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.


Конкурсқа қатысушыларға жалпы талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдары, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік процедуралар туралы», «Нормативтік-құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» Заңдары, осы санаттағы нақты лауазым мамандығына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.


Конкурсқа қатысуға тілек білдіруші азаматтар Іле ауданы әкімі аппаратына төмендегі құжаттарды өткізеді:


- белгіленген үлгі бойынша өтініш;


- белгіленген үлгі бойынша толтырылған сауалнама;


- кадр есебі бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұратын жері көрсетілген және телефоны, байланыс телефоны);


- нотариалды немесе басқа белгіленген заң тәртібінде расталған еңбек кітапшасының көшірмесі;


- нотариалды немесе басқа белгіленген заң тәртібінде расталған білімі жөніндегі құжат көшірмесі;


- белгіленген үлгі бойынша денсаулығы туралы анықтама («Мемлекеттік қызметке түсушінің денсаулық жағдайы туралы» немесе № 086 -ф үлгісі);


- 3x4 көлеміндегі 1 суреті.


- Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;


- құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат.


Азаматтар білім, жұмыс тәжірибесі, кәсіптік деңгейі және беделі туралы қосымша ақпарат беруіне болады (квалификациясын жоғарылату, ғылыми дәрежесі, мінездеме, ұсыныс, ғылыми жариялымдары туралы құжаттар).


Конкурсқа қатысу үшін құжаттар төмендегі мекен жайға тапсырылады:


Өтеген батыр кенті, З. Батталханов көшесі, 8 үй, 308 кабинет.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет