Инсульт – ми қанайналымының бұзылуымен байланысты ауру, нәтижесінде мидың белгілі бір бөлігіндегі қанайналымы төмендейді немесе толығымен тоқтайды. Бүгінгі күні инсульт халықтың өлім-жітім себептерінің арасында екінші орында тұр



бет3/6
Дата02.01.2022
өлшемі22.88 Kb.
#452046
1   2   3   4   5   6
Инсульт дегеніміз не

3. Субарахноидалды қан құйылу. Ми қабығы тамырларының жарылуы нәтижесінде пайда болатын бас миы мен оның қабығы арасында пайда болған гематомалар. Бұл 30-60 жастағы адамдарда пайда болатын инсульттардың ішіндегі ең жасы боп саналады. Ауру себептері негізінен зиянды әдеттер (темекі тарту, ішімдікті ұзақ пайдалану немесе ішімдікті үлкен мөлшерде бір-ақ рет қолдану). Инсультқа себепкер артық салмақ, артериялық гипертензия болуы мүмкін. Ол аяқ астынан немесе бас сүйек-ми жарақаты нәтижесінде пайда болады. Инсульттің осы түрінің себепшісі шамадан тыс физикалық жүктеме болуы мүмкін, мысалы, ауыр затты көтеру, қан қысымының көтерілуімен байланысты жүйкеге күш түсу. Субарахноидалды қан құйылудың аневризма және оның қасындағы құрылымдардың (көз қарашығының ұлғаюы – көзді қозғап тұратын нервті аневризманың басып тұруы) қысымымен шақырылатын симптомдары болады. Симптомдар инсультқа дейін 2-3 аптада білінеді. Геморрагиялық инсульт диагностикасы. Егер қалыпсыз жағдайды дер кезінде байқасаңыз, дәрігерге қаралыңыз. Ол люмбальді функция немесе компьютерлік томография көмегімен Сізге диагноз қояды. Осы шара аневризманың орналасқан жерін уақытында анықтауға және оны жоюға мүмкіндік береді. Диагностика жасау үшін кейде магнитті-резонансты томографияға және компьютерлік томографияға жүгінеді, сол арқылы гематоманың орналасқан жерін анықтауға болады.
Инсульт симптомдарын екі категорияға бөлуге болады: жалпы ми және ошақты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет