Ішкі ағзалар төмен түскене қолданылатын Емдік гимнастика



Дата28.09.2023
өлшемі119.92 Kb.
#479043
емдік 14 (1)


Ішкі ағзалар төмен
түскене қолданылатын
Емдік гимнастика
Орындаған: Амренова А.К
Асқазан, ішек тағы басқа ағзалардың төмен түсіп кетуіне құрсақ бұлшық еттерінің босап, созылуы себеп болады. Ол кенет азып, арықтап кеткен адамдарда, көп бала көтерген аналарда, ауыр жұмыстан қажыған, әлсіреген адамдарда кез-деседі. Мұндай жағдайда асңазан, ішек-қарын, бәрі төмен сырғып кетеді. Осының әсерінен адам болымсыз тамақ ішсе де асқазан керіп, толып тұрғандай ауырады, ас қорытуы нашарлайды.
Іш құрылысы төмен түсіп кеткенде ең тиімді құрал — гимнастика. Оны пайдаланбай-ақ, ішті тартып тұратын бандаж (құрсау) киюге болады деген түсінік бар. Бірақ үнемі құрсаудың астында жүрген бұлшық ет уақыт өткен сайын семіп, бо-сап қалады, аурудың әрі қарай асқынуына ықпал жасайды. Сондықтан бұлшық ет, сіңір-тарамыс-тарды шымырлап шыңдаған дұрыс. Сонда ғана табиғи құрсау пайда болып, ішкі құрылысты қал-пында ұстап тұрады. Ол үшін барлық бұлшық еттерге, -оүкіл денегё жаттығулар жасалады. Тек секіруге, демді' іште ұстап тұруға, күш түсіретін тартылулар жасауға болмайды. Себебі ол құрсаң ішіндегі қысымды жоғарылатады. Осыған орай емдік гимнастика методикасының өз ерекшелігі бар. Олар: жаттыгулар жасау үшін төсектің аяқтары көтеріңкі болу керек. Адам.тек екі қыры-Кан жатып, еңбектеп тұрып қана жаттығулар жасайды (бір қолды көтеріп, бір аяқ, бір қолды шрден көтеру; «қайшы», «велосипед», алма-кезек инқтарды көтеру т. б.).
Науқас адамға секіруге, жүгіруге, тартылуға іюлмайды, күш жұмсайтын жаттығулар қолдан-байды.
Еске ұстайтын бір жай — жаттығулар жасаған кезде құрсау киіп алған жөн.
Жаттығулар басында баяу, ақырын жасалып, Гііртіндеп күрделіленеді. Дегенмен ырғақты, мөл-шерлі болғаны жөн. Қанша қайталанатынын адам өз жағдайына қарай ықшамдайды.
Өз бетінше дене тәрбиесімен айналысатын адамдарға мөлшерлі жүзу, ескек есу, шаңғы тебу, нолейбол, теннис ойнау өте пайдалы, өйткені осының бәрі құрсақ бұлшық етін жетілдіріп, машықтандырады, іштегі қысымды қалпына келтіреді.
Емдік гимнастиканың жиынтығы жалпылама жаттығулардан, тыныс алу және бұлшық ет-герді босаңсытатын жаттығулардан тұрады. Жасалған қимыл-қозғалыстар тыныс алумен үштасып отыру керек, өйткені ішке терең дем алған кезде, құрсақтың көк еті (диафрагма) ба-уырға массаж сияқты соққылап әсер етеді, оның озі бауыр ішіндегі қан-лимфа айналымын жақ-сартады да, өттің жүру жолын ашады. Мұндай жаттығулар жасағанда адам оң жағында жат-са, өттің жүруіне үлкен ықпал жасайды. Сол сияқты төрт тағандап шынтақпен тіреп, тізерлеп түрса, ал жаттығулар жасаганда шалқадан жат-са, өте нәтижелі болады. Түрегеліп тұрып бір орында жүру, тізені жогары көтеріп қимыл жа-сау өте пайдалы. Жаттығулар байыппен, асықпай, бірқалыпты ырғақпен 20—30 минут жасалады.
Санаторий-курорт жағдайында ауруларға іштің бұлшық етін шынықтыруға көңіл аудару керек. Ол үшін көбірек серуендеген пайдалы.
Организмде зат алмасу процесінің бузылуы
Зат алмасуы тек белгілі аурулардың салдарынан бұзылып қоймай, өзінше жеке-дара ауру ретінде де кездеседі. Оның себебі — ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуы, тұқым қуалаушылық, организм функциясының орталыққа лайық өзгеруі, әр түрлі ауруға шалдығу болып табылады.
Денедегі май, углевод, белок сияқты пайдалы заттардың өзгеруінен, олардың дұрыс өндірілмей қалуынан сан алуан кемшілік байқалады.
Май алмасуы бұзылса, денеде семіздік пайдаболады, углеводтар — қант диабеті, ал белок алмасуы бұзылса — подагра ауруына душар етеді Бұл аталған заттар бір-бірімен тығыз байланыста. Оның біреуі нашарласа, екіншісін қоса за қымдайды. Зат алмасуы ауруын емдеуге дәрілер гормондар, массаж, токпен емдеу және дене тәрбиесін қолданады.
Осы айтылған аурулардың ішіндегі ел арасында жиі кездесетін түрі — семіздік.
Емдік гимнастиканың негізгі мақсаттары: денеде тотығу-қышқылдану процестерін үдету; жүрек-өкпе жүмыстарын жақсарту; ішек-қарынның ас қорыту қызметін арттыру; энергияның; көп бөлініп шығуына ықпал жасау. Жалпы қимыл-қозғалысты көбейтіп, дене салмағын кеміту.
Семіздікке емдік гимнастика екі кезеңде қолданылады. Біріншіде науқас адам дене тәрбиесіне өзін үйретеді. Онда ертемен зарядка жасап, таза ауада жүріп, өзіне-өзі массаж жасайды.
Осындай дене тәрбиесіне үйренген соң ақырындап екінші кезеңге көшеді. Мұнда бұрынгы жаттығуларға қоса 10 км жазықтықта жүреді, баяу жүгіреді, суда жүзіп, шаңғы теуіп, әр түрлі ойынға қатысады. Қалайда артық салмақтан құтылуға ынталану керек.
Алайда семіздік тек мешкейліктен болса, онда жаттығулар ширақ, жылдам, дененің ірі бұлшың еттеріне, қарынға тиімді етіп өткізіледі.
Мөлшермен 100—200 метр жайлап жүгіру, арасында аяңдап қойып, 40—60 минутқа созу керек.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет