Қытай Үкіметінің қытай тілін үйренуге бөлген 1 мың грантының 240-ы бойынша қазақстандықтар оқуда Қхр өкілі



Дата09.06.2016
өлшемі34 Kb.
#124164
2010-09-06 15:09:00.0
Қытай Үкіметінің қытай тілін үйренуге бөлген 1 мың грантының 240-ы бойынша қазақстандықтар оқуда - ҚХР өкілі

АСТАНА. Қыркүйектің 6-сы. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Қытай Үкіметі Қазақстанда қытай тілін үйретуде ғана емес, ғылыми салада да ынтымақтасуға дайын. Бұл туралы бүгін Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде іссапармен болған Қытай Халық Республикасы Шынжаң -Ұйғыр автономиялық өлкесінің Білім басқармасы бастығының орынбасары Ма Вэньхуа мәлім етті.

М.Вэньхуа бастап келген делегацияның құрамында Шынжаң- Ұйғыр ауданындағы Іле Қазақ автономиялы облысының Іле педагогикалық университеті мен Қазақстандағы Қытай Елшілігінің өкілдері болды.

Шетелдік меймандармен С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ ректоры Айтбай Бұлашев кездесті.

А.Бұлашев кейінгі жылдары ҚазАТУ Қытай елімен білім саласында ықпалдасуды мықтап қолға алғандығын және олардың ең алғашқы серіктесі Шынжаң аграрлық университеті болғандығын атап өтті.

 «Екі университеттің арасында қол қойылған келісімшарттың арқасында студенттер мен магистранттар тағлымнамадан өтіп, курстарда оқып жатыр. Қазір тәжірибеден өткізу мәселелерін қарастыру үстіндеміз. Сондай-ақ, магистратураның үш мамандығы бойынша мамандарды бірлесе дайындап, қос диплом беру үрдісін жүзеге асыруды қарастырып жатырмыз. Бұл біздің ынтымақсатықтың бастапқы қадамы ғана. Алда Бейжің қаласындағы Аграрлық унивеситетпен байланыс орнату жоспарланып отыр», - деді А.Бұлашев.

 ҚазАТУ ректоры, Қытайдың ЖОО-ларымен ықпалдастықты тереңдету үшін университетте қытай тілін үйрету курстары мен жуырда білім ордасының өз күшімен «Қазақ-қытай білім және ғылым орталығы» ашылғандығын жеткізіп, алдағы уақытта ҚХР Үкіметінің қолдауымен Конфуций институттары Қазақстанның тек гуманитарлық емес, сонымен бірге техникалық және ауыл шаруашылық ЖОО-ларында да ашылса деген тілегін білдірді. Ректордың бұл тілегіне қытайлық тарап: «Бұл ұсынысты ҚХР-дың Ауыл шаруашылығы министрлігі қолдауы әбден мүмкін», деген жауап қайырды. 

 Бұдан кейін А.Бұлашев, университеттің тарихымен қысқаша таныстырып өтті. 53 жыл бұрын құрылған университеттің қабырғасында бүгінде 10 мыңнан астам жас білім нәрінен сусындауда. «Былтыр университет Италияның Болонья қаласында Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды. Енді біздің университеттің кез-келген студенті білімін шетелдің қалаған ЖОО-сында жалғастыра алады», - деді ол.

 Өз кезегінде М.Вэньхуа, қытай мен қазақ елдері арасындағы достық қарым-қатынастар бұрыннан орнатылғанын, оның ішінде білім саласындағы ықпалдастықтың тамыры тереңде жатқанын айтты.



 Ол, Қытайда Қазақстанда білім алғысы келетін студенттер мен магистранттар жеткілікті екендігін және оларды Қытай Үкіметі қолдайтынын қадап айтты.

 «Бізде шетелдіктерге қытай тілін үйретуде мол тәжірибе бар. Қытай Үкіметі жыл сайын тілді үйренуге 1 мың адамға грант бөледі, қазір бізде 240 қазақстандық студент оқып жатыр. Оларға барынша қолайлы жағдайлар жасалуда. Қазір Қазақстанда екі Конфуций институты бар, тағы екеуі ашылу үстінде. Бұдан тыс, Орталықтар құрылуда. ҚазАТУ Орталықты ашпас бұрын ҚХР университеттерімен байланыс орнатып алды. Біз алдағы уақытта тіл үйретуде ғана емес, ғылыми бағытта да ықпалдасуға дайынбыз. Ол көп уақытты қажет етпейді. Сондықтан жан-жақты көмек көрсетуге әзірміз», - деп түйіндеді сөзін қытай елінің өкілі.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет