Жаңақала жалпы орта білім беретін мектеп



бет1/2
Дата23.11.2023
өлшемі78 Kb.
#484267
түріСабақ
  1   2
5-d0bad0bbd0b0d181d181-d0bbd0b5d0bad181d0b8d0bad0b0d0b4d0b0d0bd-d0bed182d0bad0b5d0bdd0b4-d0bad0b0d0b9d182d0b0d0bbd0b0d183-d0bad0be


Пән мұғалімі: Борашева С.Ж
Күні: 20.01.2017 жыл
Сыныбы: 5-сынып
Сабақтың тақырыбы: Лексикадан өткенді қайталау (5 сынып).
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға лексика тарауы бойынша пысықтау
Білімділік: Өткен материалдарды теориялық тұрғыдан қайталай отырып, практикалық тұрғыдан жүзеге асыра білуді қалыптастыру;
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, сөздік қорын, ойлау қабілетін
дамытуда тапсырмалар, деңгейлік, графикалық сызба, интерактивтік тақта арқылы мәтіннің ішінен табу, әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы қайталау, білімін сарапқа салу және оқушы сезіміне әсер ететіндей, сабаққа деген ынтасын арттыру үшін кестелер және т.б. құралдар пайдалану. Оқушының шығармашылық, ізденімпаздық, зерттеушілік, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Қазақ елі тарихы арқылы елдің тарихын құрметтеу, тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: қайталау сабағы.
Сабақтың түрі: кіріктірілген саяхат сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: интер тақта, кесте, бейнежазба, өзіндік жұмыс парағы т,б
Пәнаралық байланыс: тарих, информатика
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру бөлімі:
1)Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру.
2)Сабақ жабдықтарын даярлау.
II.Жаңа сабақ
Оқушылар, біз бүгін сабағымызда лексика тарауын қайталай отырып, кесте толтыру, деңгейлік тапсырмалар, интеративтік тақтаны пайдаланып, графикалық сызбаны толтырып, кешенді дыбыстық және математикалық талдау үлгісінде талдау жасап шығармашылық жұмыс жасайтын боламыз. Әртүрлі әдіс-тәсілдермен лексика тарауын қайталаймыз.
Ең алдымен Лексикадан өткен тақырыптар бойынша тест сұрақтарына жауап берейік. Экранға назар аударайық.
1. "Лексика" нені зерттейді?
А) Тіл дыбыстарын
В) Сөз таптарын
С) Сөздердің жиынтығы
Д) Сөйлем мүшелерін

2. Эвфемизмге жататын сөзді белгілеңіз


А) найзағай
В) қасқыр
С) бақиға аттану
Д) ұлыма

3. Кәсіби сөздер қатарын тап!


А) ғаламшар, зейнеткер
В) пышқы, кемпірауыз
С) сым, кесе
Д) тәрелке, бәтеңке

4. Қайсысының көбінесе авторы белгілі болады?


А) мақал
В) мәтел
С) тұрақты тіркес
Д) нақыл сөз

5.Тура мағыналы сөзді табыңыз


А) терең құдық
В) жуас кісі
С) тас жүрек
Д) терең ойлы

6. « Ат ізін салмау, тіс жармау» қандай сөздер?


А) жаңа сөздер
В) көнерген сөздер
С) тұрақты тіркес
Д) кірме сөздер

7. Омонимді табыңыз


А) тал түсте далаға шықты
В) бала бал арасын тамашалады
С) жас шақта уақыттың қадірін біл
Д) ол тартпаның тұтқасын тартты

8. Кірме сөз бола алатын сөзді табыңыз


А) мұғалім, кітап, ғалым
В) сұлу, әдемі, көркем
С) ақ-қара
Д) оқтау, қара, кір

9.Мақалдардан антоним сөздерді табыңыз


А) ер мойнында қыл арқан шірімес
В) аңдай сөйлемеген ауырмай өледі
С)ойнап сөйлесең де ойлап сөйле
Д) көз-қорқақ,қол- батыр

10.Синоним емес қатарды табыңыз


А) байсалды,байыпты
В) шалғай,қашық
С) ағайын,туыс
Д) көмексі,ескі
Балалар, бүгін біздің сабағымызға фонетика ғаламшарына саяхатқа апару үшін Томпақ қонаққа келген. Алайда оның құрылғысы істен шығып, саяхатқа апару үшін лексика ғаламшарының барлық сұрақтары мен тапсырмаларына жауап беруіміз керек. Сонда ғана фонетика ғаламшарына барып, тараудың тақырыптарымен танысатын боламыз. Келісеміз бе? Томпаққа көмектесеміз бе?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет