Жалпы білім беретін мектептердегі оқушыларға патриоттық тәрбие беру деңгейін зерттеу туралы



Дата04.07.2016
өлшемі36.24 Kb.
#175908
АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ БОЙЫНША
Б Ұ Й Р Ы Қ
Ақтөбе қаласы № 236 «25» наурыз 2011 жыл
Жалпы білім беретін мектептердегі

оқушыларға патриоттық тәрбие

беру деңгейін зерттеу туралы
Қалалық білім бөлімінің 2010-2011 оқу жылына арналған үйлестіру жоспары негізінде

Б Ұ Й Ы Р А М Ы Н:


  1. 2010-2011 оқу жылының үйлестіру жоспарында көрсетілген тәрбиенің кешенді бағдарламасы шеңберінде, 2011 жылдың 5-9 сәуір аралығында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру деңгейін зерттеу жұмыстары жүргізілсін.




  1. Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру деңгейін зерттеу жұмыстары мына мектептерде жүргізілсін: № 4 ОМ, № 22 ОМ, № 23 ОМЛ, № 24 ЛМГ, № 27 КОМ, № 37 ОМ, № 39 ОМ, № 41 ОМ, Заречный МБ, Ақтөбе ОМ, Елек ОМ, Благодар ОМ, Пригород ОМ, Новый ОМ, Россовхоз ОМ, Аз қамтылған отбасы балаларына арналған мектеп-интернат, Садовый БМ, Ақшат БМ, Ақшат БМ.




  1. Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру деңгейін зерттеу үшін төмендегі құрамда жұмыс тобы құрылсын:

1. Бақытжанова Г. Ш. - ҚҒӘО-тың әдіскері;

2. Жүрсінбаева М. Ө. - № 15 ОМ директорының орынбасары;

3. Мусина Г. Қ. - № 32 ОМГ директорының орынбасары;

4. Тюлюкбаева Г. К. - № 28 ОМ директорының орынбасары;

5. Лобанова Л. Г. - № 2 ОАМ директорының орынбасары;

6. Естілеуова А.С. - № 47 ОМ директорының орынбасары;




  1. Жұмыс тобының жұмыс кестесі (№1қосымша) және зерттеу жұмыстарының мазмұны (№ 2 қосымша) бекітілсін.




  1. Жұмыс тобы мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру деңгейін анықтау жұмыстарының қорытындысын 2011 жылдың 12 сәуірінде ҚББ-не тапсырсын.




  1. № 2 АОМ (Акимова Т.), № 15 ОМ (Енсепбаев Б.), № 28 ОМ (Қорғамбекова Р.), № 32 ОМГ (Малайдар М.), № 47 ОМ (Жаксыбаева А.), директорлары бұйрықта аты-жөні көрсетілген мектеп директорларының орынбасарларын 2011 жылдың 5-9 сәуір аралығында еңбек ақысын сақтай отырып жұмыстан босатсын.




  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау қалалық білім бөлімі бастығының орынбасары Р. Н. Тастанбаеваға жүктелсін.

Ақтөбе қаласы білім бөлімі

бастығының міндетін атқарушы Л. Уразбаева
1 қосымша
Жұмыс кестесі




Мектеп атауы

Зерттеу жұмысының күні

1.

№ 41 ОМ, Пригород ОМ, Ақтөбе ОМ

Аз қамтылған отбасы балаларына арналған мектеп-интернат



05. 04. 2011 ж.

2.

Елек ОМ, Садовый ОМ, Новый ОМ,

Россовхоз ОМ



06. 04. 2011 ж.

3.

Ақшат БМ, Ақжар БМ, Заречный МБ,

Благодар ОМ



07. 04. 2011 ж.

4.

№ 23 ОМЛ, № 4 ОМ, № 37 ОМ, № 39 ОМ

08. 04. 2011 ж.

5.

№ 24 ЛМГ, № 22 ОМ, № 27 КОМ

09. 04. 2011 ж.

2 қосымша


Зерттеу жұмыстарының мазмұны


      1. Тәрбие жұмысының құқықтық-нормативтік құжаттармен қамтамасыз етілуі.

      2. Мектептегі тәрбие жұмысының жоспарлануы және жүзеге асыру барысы (патриоттық тәрбие бағытындағы іс-шаралар).

      3. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған іс-шаралардың жоспарлануы және оның жүзеге асырылу барысы.

      4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауды қалыптастыру жұмыстары.

      5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін заңнамалық талаптарға сай орналастыру мәселесі.

      6. Патриоттық тәрбие бағытындағы мәселелердің кеңестер мен отырыстар, жиналыстарда қаралуы және қабылданған шешімдердің жүзеге асырылуы.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет