Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Л. С



бет1/2
Дата03.01.2022
өлшемі17.93 Kb.
#451028
  1   2
Документ Microsoft Office Word


Қорытынды.

Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Л.С. Выготский пікірінше, ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырып, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып үйрене бастайды. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойнайды, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері мен таным үрдістері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.

Математика сабағындағы балалардың бойына қалыптастырудағы танымдық қызығушылық оқу-тәрбие үрдісінің барлық саласында көрініс табады. Қазіргі тәрбиелеп оқыту – ең көкейкесті проблемаларды , танымдық қызығушылық мәселелерін қарастырады. Оқу үрдісін белсенді түрде өткізу жолдары балалардың математика сабағына деген қызығушылығын , сол арқылы танымдық қызығушылықты дамытуды көздейді, сабақтың қай түрі болмасын қызығушылық пен уәждемелерге, яғни (мотивация) бағытталады. Танымдық қызығушылық мәселесі қазақ ойшылдары мен ағартушы педагогтардың да назарынан тыс қалмаған. Әл-Фараби: «Баланың рухани негізі түзу болса, оның тілегі, қалауы дұрыс болады. Оқып-үйрену нәтижесі шәкірттің ниетіне әсер етеді, көңіл қалауы болмақ» - деген екен. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Л.С. Выготский пікірінше, ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырып, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып үйрене бастайды. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойнайды, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері мен таным үрдістері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды. Математика сабағында алуан түрлі ойындарды, оның ішінде дидактикалық ойындарды қолдануға болады. Жұмысты жеңілдету мақсатында осы дидактикалық ойындарды топтастырып жинадым, картотекасын құрдым. Картотекада мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру мақсатында қолданылатын дидактикалық ойындар жинақталып берілген. Дидактикалық ойындар жинағы математиканың бес бөлімін қамтиды және логикалық ойындар да кіріктірілді. Мектепке дейінгі мекемедегі педагогикалық үрдісте ойынның рөлі ерекше екендігі белгілі. Өйткені мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс әрекеті ойын болып табылады. Сондықтан да оқу-тәрбие жұмысының орталық құрылымы ойыннан құралатынын ұмытпаған жөн. Қызықты ойындар оқу үрдісін қосымша жүктемесіз жүргізуге көмектеседі. Кез келген ойын баланың толыққанды дамуына қажетті нақты тәжірибе алуға ықпал етеді. Ең бастысы қоршаған әлем жайлы қарапайым түсініктер мен танымдық іс-әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгерген, игерген дағдыларын күнделікті өмірде қолдануға қабілетті мектепке дейінгі жастағы бала тұлғасын қалыптастырады. Ұсынылып отырған картотекада балалардың математика пәніне қызығушылығын арттыру мақсатында берілген ойындар орын алады. Онда дидактикалық, логикалық ойындардың мазмұны, шарты көрсетілген. Олар балалардың математикалық білімдерін, танымдық іс-әрекет дағыдаларын бекітуге арналған. Берілген ойындар қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру мазмұнын аша түседі және балалардың математикалық қабілеттерін дамытады. Математикалық ұғымдарды ойынмен тиянақтау білімнің беріктігіне негіз болады.

Бұл ойындарды әр педагог өзінің шығармашылық шеберлігімен түрлендіріп, балалардың жас ерекшелігіне сай ұйымдастыра алады. Жинақталған ойындарды сабақта жүйелі қолдануға болады. Дидактикалық іс-әрекет педагогикалық еңбектің өнімділігін сапалы өзгертетін оқыту мен тәрбиелеудің жаңа үлгілері мен әдістерін құру үрдісіне ықпал жасайды.Осы жұмыста мектепке дейінгі мекемеде балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру үрдісіндегі дидактикалық огйындар арқылы меңгеретіні баяндалды. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудағы дидактикалық ойындар технологиясы тиімділігі теориялық және тәжірибелік тұрғыда қарастырылды. Осы жұмыс нәтижесін мектеп жанындағы шағын орталықтар мен балабақша педагогтарына ұсынуға болады. мектепке дейінгі мекемеде балаларға алғашқы қарапайым түсініктер қалыптастырылу ісі өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырлуы керек. Қоғамыздағы өзгерістер де қарапайым математикалық ұғымдарды ұғымдарды қалыптастыру әдітемесін мазмұндық жағынан өзгертуге ықпал етеді. Мектепке дейінгі кезеңде бастапқы қарапайым математикалық ұғымдарға баулу сабақ барысында жүзеге асырылады.Нақты бағдарлама мазмұнына сай балаларға жалпы қарапайым математикалық түсініктер туралы мағлұмататрды балаларға қарапайым әдіс-тәсілдерді қолдана отырып бала бойын сіңдіруге болады.,балалардың қарапайым дағдыларды қалыптастыру және алған дағдыларын жаңа жағдайларды пайдалана білуге үйретуге мәселелері оқу мен тәрбиелеудің арнаулы мақсаттары ретінде қарастырылып ,үнемі оны жетілдіру жолдарын іздестіру қажет. Жалпы алғанда бүгінгі таңда білім беру жүйесінің алғашқы буыны болып табылатын мектепке дейінгі кезеңде балалардың ақыл-ой қабілетін жан-жақты дамыту және тәрбиелеу мәселесіне ерекше мән берілуде. Өйткені, мектепке дейінгі кезеңде шаралардың басты міндеттері ең алдымен баланың танымдық қызығушылығын арртыру, баланың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиелеу болып табылады. Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру бағытындағы шаралар да осы міндеттерді жүзеге асыруды көздейді. Балалар элементар математикалық білім саласында мәнді нәрсені байқауға және ажырата білуге,жинақтаған білімдерін жалпылай және жүйелей білуге, оларды өзінің тұрмыстық және ойын әрекеттеріне пайдалана білуге, қарапайым ұғымдарды игеруге даяр болуы тиіс.Сонымен қатар, балалардың математика жөнінде білімін кеңейте отырып, оларды математика саласында біраз хабардар етілді. Және де қарапайым математикалық түсініктерінің жоғары дәрежеде қалыптастыра білуін басшылыққа алған болатынбыз. Сол міндетеріміз толық түрде орындалғандығын көре аламыз. Қорыта келгенде, дидактикалық ойын – балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп өркендей алмайды. Бұл – өмірдің заңдылығы. Сондықтан да ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде дидактикалық ойын элементтерін пайдаланудың балалардың ой белсенділігін арттырудағы маңызы зор.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет