«жас келсе, іске сәТ!» Жаңа ұжымға педагогтардың кірігуіне психологиялық бейімдеу мақсатында



бет1/3
Дата21.11.2022
өлшемі195.93 Kb.
#465365
  1   2   3
жас маманға ТРЕНИНГ


«Атамекен жалпы білім беретін мектеп» КММ




«ЖАС КЕЛСЕ, ІСКЕ СӘТ!»
Жаңа ұжымға педагогтардың кірігуіне психологиялық бейімдеу мақсатында
психологиялық тренинг

Педагог-психолог: Абитова Камшат Амангелдиевна

2021-2022 оқу жылы


Мақсаты: Жаңа ұжымға келген педагогтардың әлеуметтік – психологиялық тұрғыда табысты бейімделуіне үлес қосу.
Міндеті:

  • Эмоционалдық қарым –қатынасты тез және нақты орнатуға көмектесу;

  • Ұстаздар тобындағы әріптестікті атмосфераға құруға, адамдарға сенуге;

  • Өз –өзіне сенімділікті қалыптастыруға, ұжымдық шешімге кіруге көмектесу;

Құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер:
Түрлі- түсті лента, сыйлықтар, ватман, маркер.
Таныстыру:
Сәлеметсіздер ме, құрметті жас мамандар!Тренингімізді бастамас бұрын мына аңызды айтуды жөн көріп тұрмын:
-Бір күні Насредин атты адам үйіне кеш келе жатыпты.Келе жатып үлкен қамалдың жанынан өтіп бара жатып атты адамдардың даусын естиді де, қарақшылар деп қаша жөнеледі. Қашып бара жатып шалынып құлап, жаңа қазылған орға түсіп кетіпті. Ал шын мәнінде атты адамдар қарақшылар емес, кәдімгі диқаншылар еді. Олар қашқан адамды көріп:
-Мына адамға көмек керек болар, барайық,-деп Насрединнің жанына барады. Барып «Не істеп жатырсыз»,-деп сұрайды.
Сол кезде Насредин «Бұл күрделі философиялық сұрақ. Ең бастысы сіздер мен үшін осындасыздар, ал мен сіздер үшін осындамын»-деген екен. Олай болса , сіздер біз үшін, біз сіздер үшін осында жиналып отырмыз.Сол үшін жақсы көңіл -күйде , жақсы қарым қатынаста тренингімізді бастайық.
Бүгінгі күні Сіздермен бірлесе, ынтымақты жұмыс жасаймыз деп ойлаймын. Ендеше қазір, сәлемдесу рәсіміне көшейік.

  1. «Сәлемдесу, танысу» . /презентация 1 слайд/ 2 мин

Мақсаты: Педагогтар арасында жағымды қарым-қатынас орнату.
Шарты:
Қазір топтың әр мүшесі кезекпен ортаға шығып өз есімін атап, топқа қарап бір-бірін қайталамай топпен кез-келген тәсілмен сәлемдеседі. Ал біз әрбір сәлемдесуді қайталаймыз.
Жаттығудан кейін талқылау. Сәлемдесудің қайсысы сіздің есіңізде қалды және неліктен?
Рахмет!
ЕРЕЖЕ:
- Белсенді қатысу
- Тыныштық сақтау
- Бірін-бірі тыңдау
- Ойын ашық айту
- Бір-бірін сынамау
Бүгінгі тренингімізде команда болып жұмыс істеуді, ұжымға кірігуге үйренеміз. Көбіне жас ұстаздар және жаңа ұжымға келген педагогтар ортаға кірігуге қиналып жатады, қиындықтар да кездеседі сол үшін бұндай тренингтер педагогтардың қиындықтарды жеңуге көптеген көмегін тигізеді деп ойлаймын. Сіздерге сәттілік тілеймін қазір жаттығуымызды бастайық.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет