«Жау тылындағы бала» көрініс



Дата11.04.2024
өлшемі20.8 Kb.
#498428
Жау тылындағы бала


«Жау тылындағы бала» көрініс:
1-сахна. Керуетте жатқан баласы, Жамал, Жомарт
Телефон шылдырлайды.
Жомарт: Майор мергенбаев тыңдап тұр! (Шошына)
Не?! Қашан?! Қай жерде?! Кімдер?! (Пауза). Құп болады, 
жолдас полковник! Қазір! (Телефон тұтқасы шала ілінеді де, 
арада орнаған сәл үнсіздікті бұзып, дыңылдайды. Жомарт 
шыға жөнеледі).
Говорит Москва өлең қосылады
Жамал: (бетін басып жылап) Құдайым-ай, енді не болар екен, жау бірнеше сағаттан соң қалаға келеді. Серікжан сені бекер- 
ақ әкелдім. апамдар жібергісі келмеп еді… Бүкіл үй-ішімізбен
қырылып қалатын болдық-ау… атар таңымыз, шығар күніміз
алда еді ғой…
Серік: Мама, не болып жатыр. Папа үйге қайтып келе ме?
Жамал: Қайтып келеді, міндетті түрде. Еш уайымдама.
Жомарт: Тұрып киініңдер де, дайын болыңдар. Шекараны фашисттер басып өтіп кетіпті. Біздің бортпен соғыс басталғалы 5 минут болған екен. Жиналыңдар, тездетіңдер.
Жомарт: Жаамал, біз аттанып барамыз. Барлық офиццерлердің семьясы тылға қарай көшіріледі. Кейін, хабарласамыз.
Жамал: Жомарт, жолың болсын. Әлдеқандай уақыт келді. Кім білсін, соғыс ұзаққа созылар. Біз елге қайтайық. Аман болсаң, келерсің. Хат жазып тұр.
Жомарт: Мен де соны айтайын деп тұрмын. Асылы, елге қайтқандарың жөн болар. Барлық туған-туысқандарға сәлем айт. (Құшақтасады)
Жомарт: Ұлым, ақылды бол. Анаңды тыңда. Бетінен сүйеді.
2-Сахна. Паровоздың гудогі естіледі. Жұрт жапа-тармағай вагонға
ұмтылады. Жау самолетінің гуілі естіледі, бомбылай бастайды. 
Дүние астан-кестен болады. Тынышталғанда, ағаш түбін
паналап отырған Жамал мен Серікті көреміз. Жамал жараланып 
жатыр.
С е р і к: (шырқырай жылап) мама! Саған не болды? 
маматайым…
Ж а м а л: (ауырсына) Құлыным! Серігім менің! Ж-а-л-ғы- 
зым… менің… Ух, аллай-ай, қиналды-ау, жаным… Ертеңгі күнің
не болар екен?.. Жазығым не менің?.. Бар жазығым жарымның 
соңынан еріп келгенім бе… Серік… Сені кімдерге тастап 
кетемін?.. Келші… ақырғы рет мауқымды басып сүйейін…
Серікті бауырына тартып аймалайды.
С е р і к: (зар еңіреп) маматайым! Өлмеші!.. атам ұрсады 
ғой маған… Папама не деп айтамын?.. Жұмбашы көзіңді…
Ж а м а л: (ауыр демалып) Жарығым, ақылды қозым… Сен 
тірі қалсаң, елге аман-есен оралсаң – одан артық арман бар ма?
Әке-шешеңнен бірдей айрылып, қу жетім атанар ма екенсің… 
Қайтейін, балам, қайтейін… Хош, ел-жұртым, хош, туған жер,
хош, өскен ел… Тәңірім, табиғат ием, жалғыз ұлымды саған
т-а-п-с-ы-р-дым…
С е р і к: (ышқына айқайлап) мама! Өлмеші! Жалғыз 
тастамашы мені! Қорқамын… сенен айрылып қалсам, атам 
ұрсады ғой…
С е р і к: (ышқына айқайлап) мама! Өлмеші! Жалғыз
тастамашы мені! Қорқамын… сенен айрылып қалсам, атам
ұрсады ғой…
Анна мен Борис келеді.
Анна Ивановн а: (Жамалдың жүрегін тыңдап). Қайран
құрбым-ай, арманда кеттің-ау.
Борис Серікті құшақтап, ол да жылайды. Жау солдаттары-
ның мылтық атып, дабырлағаны естіледі. анна Серік пен
Бористі жетелеп қашады. Серік: «мама», – деп жұлқынып,
шешесінің өлі денесіне ұмтылады. Сахнаға неміс солдаттары
шығады.
Нем і с с о л д а т ы: (Жамалға үңіле қарап). азият…
Европада қайдан жүр бұл?
аяғымен түрткілеп өлі-тірісін тексереді. Кетеді. Басқа
бір ағаштың түбінен сығалап қарап тұрған анна айғайламақ
болған Серіктің аузын алақанымен басады.
Жарық сөніп, қайта жанғанда жас қабірді, сол қабірге гүл
қойып, жылаған анна Ивановна, Серік пен Бористі көреміз.


А н н а И в а н о в н а: Қош, аяулы Жамал! Топырағың
торқа болсын. Обалың жас өміріңді қыршын қиған неміс
басқыншыларына. Сен үшін қасық қаным қалғанша кек аламын.
Серігімді көзімнің қарашығындай сақтармын. Өз баламнан
артық көріп, Жомарттың қолына табыс етермін. Бақыл бол!


С е р і к: (ұмтылып барып, қабірді құшақтап) маматайым!
Папам мен атама не деймін? Қалай айрылып қалдың, деп
ұрсады ғой. мені жалғыз қалдырмашы, мама! м-а-м-а!
Осы кезде барабандата автоматын кезенген фашистер легі
жақындайды. Бұларға қарсы жақтан қара жамылған әйелдер
қарсы шығады. «Топан» күйі ойналады.

3-сахна. Анна есікті түртеді.




Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет