Жеңіс, естеліктер, отаншылдық



Дата17.07.2016
өлшемі27.92 Kb.




ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ-65 ЖЫЛ
Бәйгеге! "Жеңіс, естеліктер, отаншылдық"

Жеңіс оңай келген жоқ

Жеңіс...


Ия,бұл сөз қанша тәтті де жақсы естілгенімен де астарында мұң,қайғы-қасірет,көз жасы,қан мен тер,ащы зар барын бәріміз білеміз.Сонда қаншама уақыт күткен жеңістің құны соншалықты ауыр болғаныма? Қаншама адамның өмірі қиылып,қаншама адамның көз жасы төгілді.Бұның бәрі сол жеңіске жету үшін жасалындыма?

Ия, миллиондаған адамның өмірін жалмаған әрі мерейін үстем еткен соғыс халық санасынан ұмытылған жоқ. «Ер басына күн туып,етігімен қан кешкен,ат басына күн туып,ауыздығымен су ішкен» ауыр сын кезеңде біздің оңдаған мың жерлестеріміз кешегі ортақ Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі,жер бетінде бейбіт өмір орнауы жолында кеуделерін оққа тосты.Олардың көпшілігі қан майданнан оралмады.Тіпті,хабар-ошарсыз кетіп,кейінгі тағдырлары беймәлім күйде қалғандары да аз емес.Соғыс қасіретнің әлі күнге дейін жазылмаған жарасы жүрегімізді сыздатады.

Ұлы Отан соғысы тарихының беттерін парақтаған әр адам жеңіс сағатын соқтыруға қазақстандықтардың қосқан үлесі телегей-теңіз екендігін байқар еді.Бауыржан,Әлия мен Мәншүк,Төлеген,Талғат,Рақымжан, сынды қаншама ұл-қыздарымыз елін жаудан қорғады.Бізге олардың есімдері мен ерліктері таныс.Олардың ерліктеріне басымды иемін. Жанып жатқан ұшақта отырып, өзінің тірі қалуы екіталай екенін біле тұра оны жаудың қару сақталған қоймасына қарсы бұрады.Ал осыған қазіргі жастардың күші жетерме еді.Әрине, олай емес. Бұл сөздің барлығына тиіп тұрғанын білемін.Бірақ ондай ерлік қолынан келетін адамдар болса да, олар тым аз.Сондықтан да оларға бас иіп мәңгілік құрметтеп өтейік.Тағы бір айта кететін жайт біз көптеген әскерлердің ерлігін білмейміз. Мысалға мен Ұлы Отан соғысын зерттей келе, Хиуаз есімді қыздың ерлігіне тап болдым. Ол қазақтың алғаш ұшқыш қызы екен. Аспанға ұшақты 300-дей рет көтеріп,жаудың қаншама ұшағын құлатыпты. Шынымды айтсам бұл қыздың ерлігін де,есімін де алғаш естуім.Біз, қазіргі жастар болған жағдайды сол Ұлы Отан соғысына қатысқан адамдардың айтқанынан немесе газет-журналдардан,теледидардан ғана білеміз.Ал көп жастар қазіргі кезде соғыс туралы білмейді десе де болады. Тіпті,үлкендер де тек өз көргендерін ғана айтады,ал қаншама қайтыс болған отандастарымыздың тағдырын,көргенін білмейміз.Олар сол кездегі соғыс теңізінің суын шелектеп ішсе,ал біз қасықтап қана ішудеміз.Ең өкініштісі де- сол.

Қаншама жастар өз еріктерімен майданға баруға жазылып жатты.17-50 жастағы өз еріктерімен майданға сұранған адамдардың санының көп болуы отанына,еліне,жеріне деген сүйіспеншілік,халық жүрегінде,санасында оянған патриоттық сезім еді.

Бұл соғыстың біздің елімізге тигізген зардабын айтпай кету мүмкін емес. Ауыл шаруашылығына, экономикаға миллиондаған шығын келді.Адамдардың жағдайы төмендеді.

Осы сұрапыл соғыстың кезінде әскерлердің рухын көтеру үшін қаншама ақын өлең жолдарын арнады.Оларды радиоларда хабарлап, газеттерге шығарып, тіпті, қала үйлерінің маңдайшаларына да іліп қойды.


Мен өз өлеңімнен үзінді келтіре

Қару алып,оққа ұшып азаптың,

Сорғалатып қанға бояп майданды.

Туғандайсың батыры сен қазақтың

Сақтау үшін,қорғау үшін Отанды.
Ерліктеріңе мақтана алар кім біздей,

Жау тұмсығын Отаныңа кіргізбей,

Отанға атқан оқтарды кеудеңменен

Қағып қалдың ел-анаңа тигізбей.


Жер бөлініп кетердей боп жеңілсең,

Жау жеңетіндей боп көрінді ме,артқа қадам шегінсең

«Тек алға»- деп атой салып ұрандап,

Ел есінде мәңгілікке қалдың сен.


Ұмытқан жоқ,ұмытпайды сендерді,

Туған халқы,туған елі неге ұмытсын батырын.

Көтеріп Жеңіс туын желбіретіп, қолға ұстап,

Өлмес рухы туған елге келе жатыр ақырын.

Жеңісіміздің даңқы ұрпақтан- ұрпаққа мирас болып қала береді.

1941-1945 жылдардағы соғыстың жеңіспен аяқталуы,дүниежүзілік тарихи маңызы зор оқиға.Қан төгіспен өткен бұл сұрапыл соғыста әрбір азамат Отан үшін,ел үшін бар ар-намысымен шайқасып,ерлік пен батырлықтың,қайтпас қайсарлықтың нағыз үлгісін көрсетті.Соғыстың әрбір күні,әрбір сағаты,әрбір минуты мәңгі ұмытылмас тарих,естен кетпес шежіре ретінде жадымызда жатталып қалды.



Ешкім де,еш нәрсе де ұмытылмайды!

Телефон 872832 -2-96-54, 872832-2-96-95


Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет