Жеке табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (240. 00-нысан) Жалпы ережелер Осы Жеке табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары



Дата22.02.2016
өлшемі140 Kb.
#834


Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің Орынбасары-

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің

2013 жылғы «6» желтоқсандағы

№ 558 бұйрығына

27-қосымша


Жеке табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (240.00-нысан)

1. Жалпы ережелер
1. Осы Жеке табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (240.00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және жеке табыс салығын есептеуге арналған жеке табыс салығы бойынша салық есептілігі нысанын (декларация) (бұдан әрі
– декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны мүліктік және басқа табыстар алған жеке тұлғаларды қоса алғанда Салық кодексінің
67-бабы 6-тармағына сәйкес жеке тұлғалар, сондай-ақ Салық кодексінің
185-бабы 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының шегінен тыс орналасқан шетел банктеріндегі шоттарында ақшалары бар жеке тұлғалар толтырады.

2. Декларация Салық кодексінің 67-бабына, 6-бөлімі


18, 20, 21-тарауларына, 204, 205-баптарына сәйкес жасалады. Декларация декларацияның өзінен (240.00-нысан) және салық міндеттемесінің есептелуі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (240.01-ден 240.03-ке дейінгі нысандар) тұрады.

3. Декларация толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздері толтырылмайды.

5. Декларацияға қосымшалар декларациядағы тиісті көрсеткіштерді көрсетуді талап ететін жолдарды толтыру кезінде міндетті тәртіпте жасалады.

6. Декларацияға қосымшалар оларда көрсетілуі тиіс деректер болмаған кезде жасалмайды.

7. Декларацияға қосымшалардың парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда декларацияға қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады.

8. Осы Қағидаларда мынадай арифметикалық белгілер қолданылады: «+» – қосу; «–» – алу; «х» – көбейту; «/» – бөлу; «=» – тең.

9. Сомалардың теріс мәндері декларацияның тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде «–» белгісімен белгіленеді.

10. Декларацияны жасау кезінде:

1) қағаз жеткізгіште – қара не көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық жеткізгіште – Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады.

11. Декларацияға Салық кодексінің 61-бабы 3-тармағына сәйкес салық төлеуші не оның өкілі қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда өзінің атауы жазылған мөрі бар салық төлеушінің мөрімен не оның өкілінің мөрімен куәландырылады.

12. Декларацияны табыс ету кезінде:

1) келу тәртібінде қағаз жеткізгіште – екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен бірге салық төлеушіге қайтарылады;

2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы қағаз жеткізгіште
– салық төлеуші пошта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады;

3) электронды түрде – салық төлеуші салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесінің салық есептілігін қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы хабарлама алады.

13. Қосымшаның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімдерінде декларацияның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімінде көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі.
2. Декларацияны жасау (240.00-нысан)
14. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:

1) ЖСН/БСН – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру (бизнес-сәйкестендіру) нөмірі. Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда сенімгерлікпен басқарушының жеке сәйкестендіру (бизнес-сәйкестендіру) нөмірі көрсетіледі;

2) салық есептілігі табыс етілетін салық кезеңі (ай, жыл) – декларация табыс етілетін есепті салық кезеңі (араб сандарымен көрсетіледі).

Декларацияны табыс ету үшін салық кезеңі салық жылы болып табылады. Егер салық кезеңінің ұзақтығы мынаны құраса:

күнтізбелік жылдан аз – онда «Ай» торкөзінде декларация берілетін айлар саны көрсетіледі, ал «Жыл» торкөзінде ағымдағы салық жылы көрсетіледі;

толық күнтізбелік жыл, «Ай» торкөзі толтырылмайды, ал декларацияның «Жыл» торкөзінде ағымдағы салық жылы көрсетіледі;

3) салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты

Жеке басын куәландыратын құжаттарына сәйкес салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;

4) декларацияның түрі.

Тиісті торкөздер декларацияның Салық кодексінің 63-бабында көрсетілген салық есептілігінің түрлеріне жатқызылуы ескеріле отырып, белгіленеді.

5) хабарламаның нөмірі мен күні

Бұл жолдар Салық кодексінің 63-бабы 3-тармағы 4) тармақшасында көзделген декларация түрі табыс етілген жағдайда толтырылады;

6) салық төлеушінің санаты.

Торкөздер егер салық төлеуші А, B, C, D жолдарында көрсетілген санаттардың біріне жатқан жағдайда белгіленеді.

7) резиденттік белгісі.

Қазақстан Республикасының резидент және резидент емес жеке тұлғалары толтырады, бұл ретте:

А торкөзін Қазақстан Республикасының азаматы, шетелдік тұлға немесе Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын азаматтығы жоқ адам белгілейді;

В торкөзін шетелдік тұлға немесе Қазақстан Республикасының резидент емес тұлғасы болып табылатын азаматтығы жоқ адам белгілейді;

8) азаматтық белгісі.

А торкөзінде «Кеден декларацияларын толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы


20 қыркүйектегі № 378 шешімімен (бұдан әрі – шешім) бекітілген 22 «Әлем елдерінің жіктеуіші» қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматының және Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын шетелдіктің азаматтық елінің коды көрсетіледі;

В торкөзін Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын азаматтығы жоқ тұлға белгілейді;

9) Қазақстан Республикасында резидент емес тұлғаның қызмет көрсету, жұмыстарды орындау кезеңі.

Егер декларацияны резидент емес жасаған жағдайда толтырылады, бұл ретте:

А жолында Салық кодексінің 191-бабы 13-тармағына сәйкес айқындалатын резидент емес тұлғаның Қазақстан Республикасында қызмет көрсетуді, жұмыстарды орындауды бастау күні көрсетіледі;

В жолында оларға сәйкес Қазақстан Республикасында жұмыстар орындалатын, қызметтер көрсетілетін резиденті емес жасасқан бір немесе бірнеше келісімшарттар (шарттар, келісімдер) бойынша резидент емес Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындаудың, қызмет көрсетудің нақты аяқталуы күні көрсетіледі. Бұл жол резидент емес тұлғаның Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындауды, қызмет көрсетуді нақты (түпкілікті) аяқтағаннан кейін толтырылады. Егер есепті салық кезеңі ішінде жұмыстар, қызметтер аяқталмаған жағдайда бұл жол толтырылмайды;

10) резиденттік елінің коды және салықтық тіркеу нөмірі.

Егер декларацияны Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғаның жасаған жағдайда толтырылады, бұл ретте:

А жолында шешіммен бекітілген 22 «Әлем елдерінің жіктеуіші» қосымшасына сәйкес резидент еместің резиденттік елінің коды көрсетіледі.

В жолында резидент еместің резиденттік еліндегі салықтық тіркеу нөмірі көрсетіледі;

11) табыс етілген қосымшалар.

Табыс етілген қосымшалардың тиісті торкөздері белгіленеді.



15. «Мүліктік табыстар және басқа да табыстар» (еңбекші имигранттың табысын қоспағанда) бөлімінде:

  1. 240.00.001 жолы 240.00.001 І және 240.00.001 ІІ жолдарының сомасы ретінде айқындалатын және Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан мүлікті өткізу кезінде алынған мүліктік табыс сомасын көрсетуге арналған;

  2. 240.00.002 жолы 240.00.002 І, 240.00.002 ІІ және 240.00.002 ІІІ, 240.00.002 ІV, 240.00.002 V (240.00.002 І + 240.00.002 ІІ + 240.00.002 ІІІ + 240.00.002 ІV+240.00.002 V) жолдарының сомасы ретінде еңбек имигранттарымен алынған табыстарды қоспағанда, айқындалатын өзге де табыс сомаларын көрсетуге арналған;

  3. 240.00.002 І жолы Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегi көздерден түсетiн табыс сомаларын көрсетуге арналған. Бұл жолға
    240.02-нысанының G бағанында көрсетілген жиынтық сомасы көшіріледі;

  4. 240.00.002 ІІ жолы Салық кодексінің 184-бабы 1-тармағының 2) және 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасында еңбек шарттары (келісімшарттар) және (немесе) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарынан түскен табыс сомаларын көрсетуге арналған;

  5. 240.00.002 ІІІ жолы Салық кодексінің 184-бабы 1-тармағының
    3) тармақшасына сәйкес үй қызметкерлерінің еңбек шарттары бойынша алған табыс сомаларын көрсетуге арналған;

  6. 240.00.002 ІV жолы тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бойынша тұрғынжайдағы үлестi талап ету құқығын беруден түскен табыс сомаларын көрсетуге арналған;

  7. 240.00.002 V жолы Салық кодексінің 184-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес медиаторлар табысының сомаларын көрсетуге арналған;

  8. 240.00.003 жолы салық салуда жеңілдігі бар елде алынған табыс сомаларын көрсетуге арналған. Бұл жолға 240.02 нысанының К бағанында көрсетілген жиынтық сома көшіріледі;

  9. 240.00.004 жолы шетелдік немесе азаматтығы жоқ тұлға алған өзге де табыс сомаларын көрсетуге арналған.

16. «Мүлік және басқа табыстардан салық есептеу (еңбекші имигранттың табысын қоспағанда) деген бөлімде:

    1. 240.00.005 жолы 240.00.001, 240.00.002, 240.00.003 және 240.00.004 (240.00.001 + 240.00.002 + 240.00.003 + 240.00.004) жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, салық салуға жатпайтын табыс сомаларын көрсетуге арналған;

    2. 240.00.006 жолы Қазақстан Республикасында салық салуға жатпайтын табыс сомаларын көрсетуге арналған;

    3. 240.00.006 І жолы Салық кодексінің 156-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында салық салуға жатпайтын табыс сомаларын көрсетуге арналған;

    4. 240.00.006 ІІ жолы халықаралық келісімшарттарға сәйкес Қазақстан Республикасында салық салуға жатпайтын табыстар сомасын көрсетуге арналған. Бұл жолға 240.03-нысанының Е бағанында көрсетілген жиынтық сома көшіріледі;

    5. 240.00.007 жолы Салық кодексінің 166-бабына сәйкес салық шегерімдері сомасын көрсетуге арналған, егер жұмысшының табысын анықтаған кезде осындай шегерімдер жүргізілмеген жағдайда. Бұл ретте, жыл бойынша салық шегерімінің жалпы сомасы тиісті қаржы жылының
      1 қаңтарында қолданыстағы және республикалық бюджет туралы Заңмен белгіленген жалақының ең аз мөлшерінің жалпы сомасынан аспау керек;

    6. 240.00.008 жолы (240.00.005–240.00.006 – 240.00.007) жолдарының айырмасы ретінде айқындалатын, Салық кодексінің 178-бабы 1-тармағына сәйкес салық салуға жататын табыс сомасын көрсетуге арналған;

7) 240.00.009 жолы Салық кодексінің 178-бабына сәйкес есептелген жеке табыс салығының сомасын көрсетуге арналған;

  1. 240.00.010 жолы Салық кодексінің 223-бабына сәйкес Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде төленген және Қазақстан Республикасында жеке табыс салығын төлеу кезінде есепке жатқызылатын табыс салығы сомасын көрсетуге арналған;

9) 240.00.011 жолы жолдарының айырмасы 240.00.009 және
240.00.010 (240.00.009 – 240.00.010) ретінде айқындалатын, мүлік және басқа да табыстар бойынша төленуі тиіс жеке табыс салығының сомасын көрсетуге арналған.

17. «Еңбек имигранттың табысынан есептелетін жеке табыс салығы» деген бөлімде:

1) 240.00.012 жолы есепті салық кезеңі үшін еңбек имигранттарымен алынған салық салуға жататын жалпы табыстарының сомасын көрсетілуге арналған;

2) 240.00.013 жолы тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыстағы және республикалық бюджет туралы Заңмен белгіленген жалақының ең аз мөлшері түріндегі салық шегерімінің сомасы көрсетуге арналған, жеке тұлғада еңбек қызметін жүзеге асыруға шетел қызметкеріне рұқсатта көрсетілген әр ай сайын тиісті кезеңдегі орындалған жұмысқа (көрсетілген қызмет) есептелген;

3) 240.00.014 жолы 240.00.012 мен 240.00.013 (240.00.012 – 240.00.013) жолдарының айырмасы ретінде анықталатын еңбек имигрантының салық салынатын табысын көрсетуге арналған;

4) 240.00.015 жолы 240.00.014 (240.00.014*10 %) жолына 10% ставка бойынша анықталатын, есептелген жеке табыс салығының сомасын көрсетуге арналаған;

5) 240.00.016 жолы еңбек имигрантымен әр ай сайын тиісті кезеңдегі орындалған жұмысқа (көрсеткен қызмет) есептелген тиісті қаржы жылының
1 қаңтарында қолданыстағы және республикалық бюджет туралы Заңмен белгіленген, айлық есептік көрсеткіш мөлшері 2 еселенген мөлшерінде есептелген жеке табыс салығы бойынша еңбек имигрантымен төленген төлемді көрсетуге арналған;

6) 240.00.017 жолы 240.00.015 мен 240.00.016 (240.00.015 – 240.00.016) жолдарының айырмасы ретінде анықталатын, еңбек имигрантының табыстары бойынша салық кезеңі үшін төлеуге жататын жеке табыс салығының сомасын көрсетуге арналаған;

18. «Нотариустың/жеке сот орындаушысының/адвокаттың табыстарынан салықты есептеу» бөлімін «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде 7В торкөздерін толтырған тұлғалар толтырады. Бұл бөлімде:


  1. 240.00.018 жолы салық кезеңі ішінде жеке нотариус, жеке сот орындаушысы немесе адвокат алған табыстар сомасын көрсетуге арналған. Бұл жолға 240.01 нысанының 01 В жолында көрсетілген жиынтық сома көшіріледі;

  2. 240.00.019 жолы салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығы сомасын көрсетуге арналған. Бұл жолға 240.01 нысанының 02 В жолында көрсетілген жиынтық сома көшіріледі.

19. Бөлім. Қазақстан Республикасының шегінен тысқары шетелдік банктердегі банк шоттардағы ақшалар. Аталған бөлімді Салық кодексінің
185-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар толтырады:

1) 240.00.020 А-дан 240.00.025 А дейінгі жолдар жеке тұлғалардың ақшасы бар, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі шетел банктерінің атауын көрсетуге арналған;

2) 240.00.020 В-дан 240.00.025 В дейінгі жолдар осы Қағидалардың
31-тармағына сәйкес жеке тұлғалардың ақшасы бар, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі шетел банктері елдерінің резиденттлік кодын көрсетуге арналған;

3) 240.00.020 С-тан 240.00.025 С дейінгі жолдар осы Қағидалардың


30-тармағына сәйкес жеке тұлғалардың ақшасы бар, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі шетел банктері валюта кодын көрсетуге арналған;

4) 240.00.020 D-дан 240.00.025 D дейінгі жолдар Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі шетел банктерінің банктік шоттарындағы ақша сомасын көрсетуге арналған;

20. «Салық төлеушінің жауапкершілігі» деген бөлімде:

1) «Салық төлеушінің Т.А.Ә.» жолында жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;

2) декларацияның тапсырылған күні.

Декларацияның салық органына табыс етілген күні көрсетіледі;

3) салық органының коды.

Салық төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органының коды көрсетіледі;

4) «Декларацияны қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.» жолында декларацияны қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;

5) декларацияның қабылданған күні.

Салық кодексінің 584-бабы 2-тармағына сәйкес декларацияның табыс етілген күні көрсетіледі;

6) құжаттың кіріс нөмірі.

Салық органы берген декларацияның тіркеу нөмірі көрсетіледі;

7) пошта штемпелінің күні.

Пошта немесе өзге байланыс ұйымы қойған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.
3. Жеке нотариустың/жеке сот орындаушысының/ адвокаттың табысы 240.01-нысанын жасау
21. Бұл нысан Қазақстан Республикасының шегінен тыс көздерден алынған табыстардың осыған ұқсас түрлерін қоспағанда, Салық кодексінің
181-бабына сәйкес айқындалатын табыстарды жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың мәлімдеуіне арналған және «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде 7 В торкөздерін белгілеген тұлғалар толтырады.

22. «Табыстардың барлығы» деген бөлімде:

01В жолы салық кезеңі үшін, оның ішінде салық кезеңінің әрбір айы үшін жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары немесе адвокаттар алған табыстар сомаларын көрсетуге арналған.

23. «Бюджетке төленуі тиіс салық сомасының барлығы» бөлімінде:

02 В жолы салық кезеңі үшін, оның ішінде салық кезеңінің әрбір айы үшін жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары немесе адвокаттар бюджетке төлеуі тиіс салық сомасын көрсетуге арналған.
4. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегi көздерден алынған табыс, оның ішінде салық салуда жеңілдігі бар елде алынған табыс. Шетел салығын есепке жатқызу 240.02-нысанын жасау
24. Бұл нысан шетел мемлекеттеріндегі көздерден алынған табыстарды, оның ішінде салық салуда жеңілдігі бар елде алған табыстарды, сондай-ақ Салық кодексінің 7-бөлімінде айқындалған халықаралық салық салу ерекшеліктеріне сәйкес төленген шетел салығы мен есепке жатқызу сомасын айқындауға арналған.

25. «Көрсеткіштер» деген бөлімде:



  1. А бағанында жолдың реттік нөмірі көрсетіледі;

  2. В бағанында осы Қағидалардың 31-тармағына сәйкес табыс төлейтін резидент еместің резиденттік елінің коды көрсетіледі;

  3. С бағанында резидент еместің резиденттік еліндегі салықтық тіркеу нөмірі көрсетіледі;

  4. D бағанында резидент салық төлеуші шетелдегі көздерден алған осы Қағидалардың 29-тармағына сәйкес табыс түрінің коды көрсетіледі;

  5. Е бағанында осы Қағидалардың 30-тармағына сәйкес табысты алу валютасының коды көрсетіледі;

  6. F бағанында шетел валютасында шетел мемлекетіндегі көздерден резидент салық төлеушінің есептелген табысының сомасы көрсетіледі;

  7. G бағанында операция (төлем) жасау күніне валюта айырбасы бағамы қолданыла отырып, ұлттық валютада F бағанында көрcетілген табыстардың сомалары көрсетіледі;

  8. H бағанында С бағанында көрcетілген резидент еместің жарғылық капиталындағы резидент салық төлеушінің қатысу үлесі пайызда көрсетіледі;

  9. І бағанында шетел валютасында шоғырландырылған қаржылық есептілігі бойынша айқындалатын С бағанында көрcетілген резидент еместің пайдасының жалпы сомасы көрсетіледі;

  10. J бағанында шетел валютасында резидент салық төлеушіге қатысты резидент емес пайдасының сомасы көрсетіледі. H және І бағандарының тиісті мәндердері туындысының және 100% қатынасы айқындалады ((H х І)/100%);

  11. К бағанында табыстар есептелген есепті салық кезеңінің
    31 желтоқсанында валюта айырбасының нарықтық бағамы қолданыла отырып, ұлттық валютада J бағанында көрсетілген пайда сомасы көрсетіледі;

  12. L бағанында Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша пайда сомасы көрсетіледі;

  13. М бағанында шетел мемлекетінің заңнамасы бойынша пайда сомасы көрсетіледі;

  14. N бағанында тиісті төлем көзі елінің заңнамасында немесе халықаралық шартпен белгіленген табыс салығының ставкалары көрсетіледі;

  15. О бағанында табыстар төлеу көзі елінің әрқайсысында төленген табыс салығының сомасы көрсетіледі;

  16. Р бағанында Салық кодексінің 158-бабында белгіленген ставка қолданыла отырып, есептелген табыс салығының сомасы көрсетіледі;

  17. Q бағанында Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде төленген және Қазақстан Республикасында жеке табыс салығын төлеу кезінде есепке жатқызылатын табыс салығының ставкалары көрсетіледі;

  18. R бағанында Салық кодексінің 223-бабының ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасында жеке табыс салығын төлеу кезінде есепке жатқызылатын шетел мемлекеттеріндегі көздерден түскен табыстардан алынған табыс салығы сомасы көрсетіледі.

240.02 нысанының А-дан бастап Е-ге дейінгі, Н-тан К-ге дейінгі бағандар Салық кодексінің 224-бабына сәйкес толтырылады.

240.02 нысанының А-дан бастап Н-қа дейінгі, L және М бағандары Салық кодексінің 221-бабына сәйкес толтырылады.

240.02 нысанының А-дан бастап Н-қа дейінгі, L-дан R-ға дейінгі бағандар Салық кодексінің 223-бабына сәйкес толтырылады.

240.02 нысаны G бағанының жиынтық мәні 240.00.002 І жолына көшіріледі.

240.02 нысаны К бағанының жиынтық мәні 240.00.003 жолына көшіріледі.

240.02 нысаны R бағанының жиынтық мәні 240.00.010 жолына көшіріледі.


5. Халықаралық шарттарға сәйкес салық салудан босатылуы тиіс табыс – 240.03-нысанын жасау
26. Бұл нысан Салық кодексінің 2-бабы 5-тармағына,
212, 213-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы жасаған халықаралық шарттарға сәйкес салық салудан босатылуы тиіс табысты айқындауға арналған.

27. «Көрсеткіштер» деген бөлімде:



  1. А бағанында жолдың реттік нөмірі көрсетіледі;

  2. В бағанында осы Қағидалардың 32-тармағына сәйкес халықаралық келісімшарт түрінің коды көрсетіледі, оған сәйкес табысқа қатысты Салық кодексінде белгіленген тәртіптен ерекше салық салу тәртібі белгіленген;

  3. С бағанында халықаралық шарттың атауы көрсетіледі;

  4. D бағанында Қазақстан Республикасы халықаралық шарт жасасқан осы Қағидалардың 31-тармағына сәйкес елдің коды көрсетіледі;

  5. Е бағанында халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес салық салудан босатылуы тиіс табыс көрсетіледі.

240.03 нысаны E бағанынының жиынтық мәні 240.00.006 ІІ жолына көшіріледі.
6. Табыс түрлерінің, валюталардың, елдердің және халықаралық шарттардың кодтары
28. Декларация толтыру кезінде мынадай табыс түрлерін кодтауды пайдалану керек.

1) Қазақстан Респбуликасындағы көздерден табыстар:



1010 – Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды өткізуден түскен табыстар;

1011 – сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасындағы, одан тысқары жерлердегі тауарларды өткізуден түскен табыстар;

1020 – Қазақстан Республикасының аумағында жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түскен табыстар;

1021 – Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде басқарушылық, қаржылық (сақтандыру және (немесе) қайта сақтандыру жөніндегі қызметтерді қоспағанда), консультациялық, аудиторлық, заң (соттарда, төрелік сотта немесе аралық сотта өкілдік ету және құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі қызметтерді, сондай-ақ нотариаттық қызметтерді қоспағанда) қызметтерін көрсетуден түсетін табыстар;

1030 Қазақстан Республикасының Үкіметі Салық кодексінiң
224-бабына сәйкес айқындайтын жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғаның жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудiң нақты орындалған, көрсетiлген жерiне қарамастан, оларды орындаудан, көрсетуден түсетiн табыстары, сондай-ақ Салық кодексінің 192 бапта белгiленген өзге де табыстары;

1040 – Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлiкке құқық немесе мүлiкпен жасалатын мәмiлелер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік тiркелуге жататын мүлiктi өткізу кезіндегі құн өсiмiнен түсетiн табыстар;

1041 – Қазақстан Республикасының аумағындағы, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік тiркелуге жататын мүлiктi өткізу кезіндегі құн өсiмiнен түсетiн табыстар;

1042 – резидент шығарған бағалы қағаздарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан резидент заңды тұлғаның, консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерiн өткізу кезіндегі құн өсiмiнен түсетiн табыстар;

1043 – егер резидент емес заңды тұлғаның мұндай акциялары, қатысу үлестерi немесе активтерi құнының 50 және одан да көп пайызын Қазақстан Республикасындағы мүлiк құрайтын болса, резидент емес шығарған акцияларды, сондай-ақ резидент емес заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерiн өткізу кезіндегі құн өсiмiнен түсетiн табыстар;

1050 – талап ету құқығын берген салық төлеуші үшін  резидентке борышты талап ету құқықтарын беруден түсетін табыстар;

1051 – талап ету құқығын берген салық төлеуші үшін  Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емеске борышты талап ету құқықтарын беруден түсетін табыстар;

1060 – талап ету құқығын сатып алатын салық төлеуші үшін  резиденттен борышты талап ету құқықтарын алудан түсетін табыстар;

1061 – талап ету құқығын сатып алатын салық төлеуші үшін  Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместен борышты талап ету құқықтарын алудан түсетін табыстар;

1070 – бұрын негізсіз ұсталған айыппұлдардың бюджетке қайтарылғандарынан басқа, тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) және санкциялардың басқа да түрлері;

1080 – резидент заңды тұлғадан түсетін дивидендтер нысанындағы табыстар;

1081 – Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес құрылған пайлық инвестициялық қорлардан түсетін дивидендтер нысанындағы табыстар;

1090 – мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы болып табылатын резидент емес үшін Қазақстан Республикасында салық міндеттемелерін орындау жүктелмеген сенімгерлікпен басқарушы-резиденттен мүлікті сенімгерлікпен басқаруды тағайындау туралы акт бойынша алынған табыстар;

1100 – борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыларды қоспағанда, сыйақылар нысанындағы табыстар;

1101 – эмитенттен алынатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар нысанындағы табыстар;

1120 – роялти нысанындағы табыстар;

1130 – Қазақстан Республикасында орналасқан мүлікті жалға беруден түсетін табыстар;

1140 – Қазақстан Республикасында орналасқан жылжымайтын мүліктен алынатын табыстар;

1150 – Қазақстан Республикасында туындайтын сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтандыру сыйлықақылары түріндегі табыстар;

1151 – Қазақстан Республикасында туындайтын тәуекелдерді қайта сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтандыру сыйлықақылары түріндегі табыстар;

1160 – халықаралық тасымал жөніндегі қызметтерді көрсетуден түсетін табыстар;

1161 – Қазақстан Республикасы ішінде көліктік қызмет көрсетуден түсетін табыстар;

1162 – теңіз тасымалы шартында (келісімшартта) көзделген сталиялық уақыттан тыс тиеу-түсіру операцияларында кеменің бос тұрып қалғаны үшін төлем түріндегі табыс;

1170 – Қазақстан Республикасының аумағындағы құбырларды, электр беру желілерін, оптикалық-талшықты байланыс желілерін пайдаланудан түсетін табыстар;

1180 – резидент емес жеке тұлғаның жұмыс беруші болып табылатын резидентпен жасасқан еңбек шарты (келісімшарты) бойынша Қазақстан Республикасындағы қызметтен түсетін табыстары;

1181 – резидент емес жеке тұлғаның жұмыс беруші болып табылатын резидент емеспен жасасқан еңбек шарты (келісімшарты) бойынша Қазақстан Республикасындағы қызметтен түсетін табыстары;

1190 – өздерiне резидентке қатысты жүктелген басқарушылық мiндеттердi орындауға байланысты, мұндай мiндеттердi нақты орындайтын жерiне қарамастан, басшының гонорарлары және (немесе) басқару органының (директорлар кеңесiнiң немесе өзге де органның) мүшелерi алатын өзге де төлемдер;

1200 – жұмыс беруші болып табылатын резиденттің Қазақстан Республикасында тұруына байланысты резидент еместің жеке тұлғаға төлейтін үстемақылары;

1201 – жұмыс беруші болып табылатын резидент еместің Қазақстан Республикасында тұруына байланысты резидент еместің жеке тұлғаға төлейтін үстемақылары;

1210 – резидент емес жеке тұлғаның жұмыс берушіден алған материалдық пайда түріндегі Қазақстан Республикасындағы қызметінен түсетін табыстары;

1211 – резидент емес жеке тұлғаның жұмыс беруші болып табылмайтын тұлғадан алған материалдық пайда түріндегі табыстары;

1220 – резидент бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы төлемдері;

1230 – қалайша және кімге төлем жүргізілетініне қарамастан, мәдениет және өнер қызметкеріне: театр, кино артистеріне, радио, теледидар қызметкеріне, музыкантқа, суретшіге, спортшыға Қазақстан Республикасындағы қызметтен төленетін табыстар;

1240 –резидент төлейтін ұтыстар;

1241 – егер ұтысты төлеу осындай тұрақты мекеменің қызметіне байланысты болса, Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі бар резидент емес төлейтін ұтыстар;

1250 – Қазақстан Республикасында тәуелсіз жеке (кәсіби) қызмет көрсетуден алынған табыстар;

1260 – резидент емес жеке тұлғаның резидент жеке тұлғадан өтеусіз алынған мүлкін қоспағанда, өтеусіз алынған немесе мұраға қалдырылған мүлік, оның ішінде жұмыстар, қызметтер түріндегі табыстары;

1270 – туынды қаржылық құралдар бойынша табыстар;

1280 – міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс;

1290 – күмәнді міндеттемелер бойынша табыс;



1300 – банктердің және лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың құрылған провизияларының (резервтерінің) мөлшерлерін азайтудан түсетін табыс;

1310 – сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары құрған сақтандыру резервтерін азайтудан түсетін табыс;

1320 - талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыс;

1330 – кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім бергені үшін алған табыс;

1340 – тіркелген активтердің шығып қалуынан түсетін табыс;

1350 – табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстарды, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстарын түзетуден түсетін табыс;

1360 – кен орындарын әзірлеу салдарын жою қорына аударымдар сомасының кен орындарын әзірлеу салдарын жою жөніндегі іс жүзіндегі шығыстар сомасынан асып кетуінен түсетін табыс;

1370 – бірлескен қызметті жүзеге асырудан түсетін табыс;

1380  егер бұрын бұл сома шегерімге жатқызылмаса, негізсіз ұсталып, бюджеттен қайтарылған айыппұлдардан басқа, таңылған немесе борышкер таныған айыппұлдар, өсімпұлдар және басқа санкция түрлері;



1390 – бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша алынған өтемақылар;

1400 - өтеусіз алынған мүлік түріндегі табыс;*

1410 - дивидендтер; *

1420 - депозит, борыштық бағалы қағаз, вексель бойынша сыйақылар, ислам жалдау сертификаты;

1430 – оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі. Бағамдық айырма сомасы халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы Заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалады;

1440  ұтыстар;



1450 – әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған табыс;

1460 – кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан түсетін табыс;

1470 – сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы алатын (алынуға жататын), мүлікті сенімгерлікпен басқарудан түсетін таза табыс;

1480 – ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша табыс;

1490 – 1010 – 1480 кодтарында көрсетілмеген басқа да табыстар.

2) Қазақстан Республикасынан тыс көздерден табыстар:

2010 – Қазақстан Республикасынан тыс, шет мемлекетте орналасқан тауарларды өткізуден түскен табыстар;

2020 – Қазақстан Республикасы шегінен тыс жерлерде жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түскен табыстар;

2030 – Салық кодексінің 224-бабына сәйкес айқындалатын салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден, тауарларды сатудан түскен табыстар, сондай-ақ осындай мемлекетте тіркелген резидент еместен резидент алатын өзге де табыстар;



2040 – құн өсімінен табыс;

2080 – резидент емес заңды тұлғадан түсетін дивидендтер түріндегі табыстар;

2100 – сыйақылар түріндегі табыстар;

2120 – роялти түріндегі табыс;

2130 – Қазақстан Республикасының шегінен тыс орналасқан мүлкін жалға беруден түсетін табыстар;

2140 – Қазақстан Республикасының шегінен тыс орналасқан жылжымайтын мүліктен алынатын табыстар;

2150 – Қазақстан Республикасының шегінен тыс туындайтын сақтандыру (қайта сақтандыру тәуекелдері) шарттары бойынша төленетін сақтандыру сыйлықақылары түріндегі табыстар;

2160 – халықаралық тасымалдарда көліктік қызмет көрсетуден табыстар;

2161 – Қазақстан Республикасының шегінен тыс көліктік қызмет көрсетуден табыстар;

2180 – еңбек шарты (келісімшарт) бойынша Қазастан Республикасының шегінен тыс қызметтен түсетін резидент емес жеке тұлғаның табыстары;

2190 – өздерiне резидентке қатысты жүктелген басқарушылық мiндеттердi орындауға байланысты басшының гонорарлары және (немесе) басқару органының (директорлар кеңесiнiң немесе өзге де органның) мүшелерi алатын өзге де төлемдер. Бұл ретте мұндай тұлғалардың басқарушылық міндеттерін нақты орындайтын орнының маңызы жоқ;

2220 – жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы төлемдері;

2230 – қалайша және кімге төлем жүргізілетініне қарамастан, мәдениет және өнер қызметкеріне: театр, кино артистеріне, радио, теледидар қызметкеріне, музыкантқа, суретшіге, спортшыға Қазақстан Республикасынан тыс қызметтен төленетін табыстар;

2240 – Қазақстан Республикасының шегінен тыс ұтыстар;

2250 – Қазақстан Республикасынан тыс жеке (кәсiби) тәуелсiз қызмет көрсетуден алынған табыстар;

2260 – Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан мүлiктi тегiн алу түріндегі табыстар;

2270 – туынды қаржы құралдары бойынша табыстар;

2280 – міндеттемені есептен шығарудан табыстар;

2290 – Қазақстан Республикасының шегінен тыс шеккен күмәндi мiндеттемелер бойынша шығыстар;

2330 – Қазақстан Республикасынан тыс тіркелген активтерді шығарудан түскен табыстар;

2360 – Қазақстан Республикасының шегінен тыс бірлескен қызметті жүзеге асырудан табыстар;

2400 – Қазақстан Республикасының шегінен тыс мүліктік кешен ретінде кәсіпорынды сатудан түскен табыстар;

2410 – Қазақстан Республикасының шегінен тыс сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы не сенімгерлікпен басқару туындаудың өзге де жағдайларында пайда алушы алған (алуға тиіс) мүлікті сенімгерлікпен басқарудан түсетін табыстар;

2420 – Қазақстан Республикасының шегінен тыс өзге де табыстар.

29. Валюта кодын толтыру кезінде Шешімге 23 «Валюта жіктеуіші» қосымшасына сәйкес валюталарды кодтауды пайдалану қажет.

30. Ел кодын толтыру кезінде Шешімге 22 «Әлем елдерінің жіктеуіші» қосымшасына сәйкес елдерді кодтауды пайдалану қажет.

31. Декларацияны толтыру кезінде халықаралық шарт (келісім) түрлерінің мынадай кодталуын пайдалану керек:

01 – Табыс пен капиталға қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенция;

02 – Ислам Даму Банкiнiң құрылтай шарты;

03 – Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығы жұмысының жағдайлары жөніндегi келісім;

04 – Азия Даму Банкінің құрылтай шарты;

05 – Жаңа Үкіметтік ғимараттың құрылысы жобасына грантты пайдалану бойынша келісім;

06 – Қаржылық ынтымақтастық туралы келісім;

07 – Өзара түсiнiстiк туралы меморандум;

08 – Континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келісім;

09 – Халықаралық қайта құру және даму банкiнiң келісімі;

10 – Халықаралық валюталық қордың келісімі;

11 – Халықаралық қаржылық корпорацияның келісімі;

12 – Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі конвенция;

13 – Еуропалық Қайта құру және Даму банкiн құру туралы келісім;

14 – Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясы;

15 – Орталық Азия университетін құру жөніндегі шарт;

16 – Инвестициялар кепiлдiгiнiң көп жақты агенттiгiн құру туралы;

17 – «Нұр-Мүбәрак» ислам мәдениетінің Египет университеті туралы келісім;

18 – Әуе қатынасы туралы келісім;

19 – «Агросервистік қызметті қолдау» жобасын дайындауға арналған Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінің грантын беру туралы келісім;

20 – «Қазақстан Республикасында ауылдық елдi мекендердi сумен жабдықтау» жобасын жүзеге асыру үшiн Жапония Yкiметiнiң грантын тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы келiсiм;

21 – Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенция;

22 – Өзге де халықаралық шарттар (келісімдер, конвенциялар).


___________________________




Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет