Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиялары



бет1/3
Дата17.04.2024
өлшемі52.5 Kb.
#498955
  1   2   3
Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиялары әдістемелік баяндамасы


Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиялары

Сагитова А.Т.


«...Бізге экономикалық қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне


сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет...»
Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан

Жеке тұлғаға бағдарланған технологиялар сүйіспеншілік, қамқорлық, ынтымақтастық ахуалын туғызып, жеке тұлғаның шығармашылық әрекеттеріне және өзін-өзі өзектілендіруіне барлық жағдайларды жасайды және жеке тұлғаға бағдарланған оқыту әрбір оқушының өзін танымдық және оқу қызметінде бейімділіктеріне, мүдделеріне, мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне сай жүзеге асыруына мүмкіндік береді.


Мақсаты: «Білімді адам – бұл адам образы басым адам» А. Луначарский.
Жеке тұлғаға бағдарланған білім берудің мақсаты - адамды қолдау, дамыту, онда өзін-өзі жүзеге асыру, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеудің тетіктерін қалыптастыру, оқытуда құзіреттілік әдістерді қолдану
Міндеттері:

  • Әр оқушының жеке танымдық қабілеттерін дамыту арқылы оқытуда құзіреттілік әдістерді тиімді қолдану;

  • Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологияларын зерделеу, олардың тиімділігін анықтау.

  • XXІ ғасыр – қарыштап дамыған білім ғасыры. Білім беруде жаңа технологияларды пайдалану оқыту үдерісін толық өзгертуге, оқытудың жеке тұлғаға бағытталған моделін жүзеге асыруға септігін тигізеді. Бүгінде мұғалімнің басты міндеті – педагогикалық технологиялар арқылы оқушының интеллектуалдық, шығармашылық деңгейін жоғарлатып, жекелігін, тұлғалығын қалыптастыру. Балалардың өмірден өз орнын табуына, өз бойындағы табиғи дарыны мен қабілеттерінің ашылуына көмектесудің қажеттілігі арта түсуіне «Жеке тұлғаға бағытталған оқыту» жобасының ролі өте маңызды

  • Тұлғаға бағдарланған оқыту – бұл педагогикалық қызметтегі методологиялық бағдар, ол өзара байланысты түсініктер, идеялар мен тәсілдер арқылы өзіндік тануын, өзін- өзі қалыптасуын және бала тұлғасының қабілеттерінің жүзеге асуын, оның қайталанбас даралығының дамуын қамтамасыз етеді және қолдайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет