Жер учаскесiне құқық беру тәртiбi



Дата30.06.2016
өлшемі267.76 Kb.
#167328
Жер учаскесiне құқық беру тәртiбi

      1. Мемлекеттiк меншiктегi жерлерден жер учаскесiне құқық беру мынадай ретпен жүргiзiледi:


      1) жер учаскесiне тиiстi құқық беру туралы өтінішті қарауға қабылдау;
      2) сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау;
      3) жер учаскесiн алдын ала таңдау (жер учаскесі объектілер салу үшін сұралған кезде);
      4) тиісті жергілікті атқарушы органдар құратын комиссияның жер учаскесін беру туралы қорытындысын дайындауы;
      5) жерге орналастыру жобасын әзiрлеу және бекiту;
      6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің жер учаскесiне құқық беру туралы шешiм қабылдауы;
      7) сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу;
      8) жергілікті жердегi жер учаскесiнiң шекарасын белгiлеу;
      9) жер учаскесiне сәйкестендiру құжаттарын дайындау және беру.
      2. Жер учаскелерiн меншiкке немесе жер пайдалануға берудi облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерi осы Кодексте белгiленген өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
      Жер учаскесін беру туралы шешім комиссияның оң қорытындысы және жерге орналастыру жобасы негізінде қабылданады.
      Жер учаскесін беруден бас тарту туралы шешім комиссияның теріс қорытындысы негізінде қабылданады.
      Комиссияны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары жергілікті өкілді органның депутаттары, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органының, сондай-ақ тиісті жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының (олар бар болса) өкілдері қатарынан құрады.
      Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана деңгейiнде құрылатын комиссиялардың құрамына қоршаған ортаны қорғау, ауыл және орман шаруашылығы, су қорын пайдалану және қорғау, жер ресурстарын басқару саласындағы уәкiлеттi органдардың тиiстi аумақтық бөлiмшелерiнiң өкiлдерi де мiндеттi түрде енгiзiледi. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының қалауы бойынша комиссияның құрамына басқа да адамдар енгiзiлуi мүмкiн.
      Аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкiмдерiнiң жер учаскесiн беру туралы шешiмi ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдары құратын комиссияның оң қорытындысы және жерге орналастыру жобасы негiзiнде қабылданады.
      Аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкiмдерiнiң жер учаскесiн беруден бас тарту туралы шешiмi комиссияның теріс қорытындысы негiзiнде қабылданады.
      Комиссия қорытындысы сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану немесе жер учаскесін алдын ала таңдап алу (жер учаскесі объектілер салу үшін сұралған кезде) мүмкіндігі туралы ұсыныстың комиссияға түскен кезінен бастап бес жұмыс күні ішінде екі данада хаттамалық шешім нысанында жасалады.
      Комиссияның оң қорытындысының бір данасы бес жұмыс күні ішінде жерге орналастыру жобасын дайындау үшін өтініш берушіге жіберіледі.
      3. Жер учаскелерiне меншiк және (немесе) жер пайдалану құқығының өздеріне берілуіне мүдделi жеке және заңды тұлғалар жер учаскесi орналасқан жердегi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органына, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтің әкiмiне өтiнiш бередi.
      Өтiнiште: жер учаскесiн пайдалану мақсаты; оның болжамды көлемi; орналасқан жерi; сұралып отырған пайдалану құқығы; басқа жер учаскесiнiң (осы Кодекстiң 50-бабының 2-тармағында көрсетілген жер учаскелерi бойынша) болуы (болмауы) көрсетiлуге тиiс.
      Пайдалы қазбалар шығарылатын жағдайда өтiнiшке жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың көшiрмесi қоса берiледi.
      Сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін (елді мекендерде сәулет және қала құрылысы органдарымен бірлесіп) айқындау үшін жер учаскесiне құқық беру туралы өтiнiш жер учаскесі орналасқан жердегі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарына үш жұмыс күні ішінде түседі.
      Жер учаскесіне құқық беру туралы өтінішті қараудың жалпы мерзімі ол түскен кезден бастап екі айға дейінгі мерзімді құрайды.
      Өтініш беруші жер учаскесіне құқық беру туралы не оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда жер учаскесі орналасқан жердегі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдары өтініш берушіге екі жұмыс күні ішінде оның өтінішін қараудан дәлелді түрде жазбаша бас тартуды береді.
      Көрсетілген мерзiмге:
      осы Кодекстің 44-бабының 3-тармағына сәйкес дайындалатын жерге орналастыру жобасын жасау;
      осы Кодекстің 44-бабының 6-тармағында белгіленген келісу;
      жергілікті жердегі жер учаскесінің шекарасын белгілеу кезеңдері кірмейді.
      4. Жер учаскесi орналасқан жердегi облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкiлеттi органдары (елдi мекендерде сәулет және қала құрылысы органдарымен бiрлесе отырып) сұралып отырған жер учаскесiн аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлiмделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкiндiгiн айқындайды.
      Сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныстар әзірлеу мерзімі өтініш келіп түскен кезден бастап он жұмыс күніне дейінгі мерзімді құрайды.
      5. Нысаналы мақсатына қарай жер учаскелерiн беру ерекшелiктерi осы Кодекстiң 44 және 45-баптарына сәйкес айқындалады.
      6. Осы Кодекстiң 84-бабына сәйкес жер учаскелерiн алып қою, соның iшiнде мемлекет мұқтажы үшiн алып қою жағдайларын қоспағанда, жер учаскесiне құқық беруден бас тарту облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң шешiмiмен ресiмделедi және оның дәлелдi себептерi көрсетiлуге тиіс, ал көшiрмесi өтiнiш берушiге шешiм қабылданғаннан кейiн жетi күн мерзiмде тапсырылуға тиiс.
      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң жер учаскесiне құқық беруден бас тарту туралы шешiмi комиссияның тиiстi қорытындысы келiп түскен кезден бастап жетi күнге дейiнгi мерзiмде қабылданады.
      7. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің жер учаскелерiне тиiстi құқықтар беру не оларды беруден бас тарту туралы шешімінің көшірмесі шешім қабылданған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тапсырылады (жіберіледі).
      Жер учаскелерiн беру жоғары тұрған атқарушы органның құзыретiне кiретiн жағдайларда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмi жерге орналастыру iсiн өз шешiмiмен бiрге жоғары тұрған органға түпкiлiктi шешiм қабылдау үшiн жiбередi.
      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң жер учаскесiне құқық беру туралы шешiмi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың тиiстi уәкiлеттi органы бекiткен жерге орналастыру жобасы келiп түскен кезден бастап жеті жұмыс күніне дейiнгi мерзiмде қабылданады.
      Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күнінен кеш емес мерзімде, сол шешімнің негізінде сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасады.
      Жергілікті жердегі жер учаскесінің шекарасын белгілеу өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтініш беруі негізінде жүзеге асырылады.
      Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын әзірлеу және беру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алты жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      Жеке тұрғын үй құрылысына бөлiп берiлетiн алаңда жер учаскелерiн жайластырудың жерге орналастыру жобасы болған жағдайда әрбiр жер учаскесi үшiн жерге орналастыру жобасын жасау талап етiлмейдi.
      8. Мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерi және сол жер учаскелерiн жалдау құқығы осы Кодекстiң 48-бабында белгiленген ережелер ескерiле отырып, сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сату объектiлерi болуы мүмкiн.
      9. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкiлеттi органдары беретiн мынадай құжаттар:
      жер учаскесi жеке меншiкте болған кезде - жер учаскесiне жеке меншiк құқығы актici;
      тұрақты жер пайдалану кезiнде - тұрақты жер пайдалану құқығы актiсi;
      уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) кезiнде – уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығы актiсi;
      уақытша өтеусiз жер пайдалану кезiнде - уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығы актiсi жер учаскесiне сәйкестендiру құжаттары болып табылады.
      Жер учаскесiне құқықтар ауысқан кезде сәйкестендiру құжаты сатып алушыға немесе өзге де құқық иеленушiге берiледi. Жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамаларында өзгерiстер болмаған жағдайда, мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудi жүзеге асыратын орган жаңа сәйкестендiру құжатын бермейдi, жер-кадастр кітабына және жердің бірыңғай мемлекеттік тізіліміне жер учаскесіне құқықтардың ауысуы туралы мәліметтер енгізіледі.
      Жер учаскесіне құқықтардың ауысуы туралы мәліметтерді енгізу жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын орган ұсынатын материалдар негізінде жүргізіледі.
      10. Егер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң жер учаскесiн беру туралы шешiмiнде өзгеше көзделмесе, жер учаскесiнiң нақтылы (белгiлi бiр жердегi) шекарасы белгiленгенге дейiн және құқық белгiлейтiн құжаттар берiлгенге дейiн жер учаскесiн пайдалануға жол берiлмейдi. Осы норманы сақтамау жер учаскесiн өз бетiнше иеленiп алу деп бағаланады және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк жауаптылықты көздейдi.
      Құқық белгiлейтiн құжаттары ресiмделмеген жер учаскелерiне қатысты мәмiлелер жасасуға жол берiлмейдi.
      11. Осы Кодекс қолданысқа енгiзiлгенге дейiн азаматтар мен заңды тұлғаларға бұрын қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берiлген жер учаскелерiне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгiленген жер учаскелерiне құқықтардың өзгеруi ескерiле отырып, заңдық күшiн сақтайды.
      Осы Кодекске сәйкес мұндай құжаттарды жер учаскелерiне меншiк құқығын немесе жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттарға ауыстыру құқық иеленушілердiң қалауы бойынша жүзеге асырылады.
      12. Жер учаскелерiн Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес мұрагерлiк тәртiбiмен алған кәмелетке толмағандарға жер учаскелерiне құқықты ресiмдеу жағдайларын қоспағанда, жер учаскелерiне құқық кәмелетке толған адамдарға беріледі. Кәмелетке толмағандардың заңды өкiлдерi бұл жер учаскелерiн мұрагерлер кәмелетке толғанға дейiн жалға беруге құқылы.
      13. Қазақстан Республикасының мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы заңнамалық актiсiне сәйкес жария етiлген жер учаскелерiне құқық беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайды.
      14. Жергілікті атқарушы органдар жер учаскесін алған адамдардың тізімдері бар ақпаратты тұрғындар үшін қолжетімді орындарда арнайы ақпараттық стендтерде тоқсанына кемінде бір рет орналастырып отыруға міндетті.
     

Жер учаскесіне құқық беруге өтініш нысаны

_________________________

(қала атауы)

әкімі

_________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)

_________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты,

_________________________

әкесінің аты немесе заңды

_________________________

тұлғаның толық атауы)

_________________________

(жеке тұлғаның жеке басын

_________________________

куәландыратын құжаттың

_________________________

реквизиттері немесе заңды

_________________________

тұлғаның мекенжайы,

_________________________

байланыс телефоны)
ӨТІНІШ

_____________________________________________________________________________

(мекенжайында орналасқан) _______________________________________________________________ құқығындағы,

(пайдалану құқығына сұралып отырған)

көлемі ____________________ жер учаскесін _____________________________________

_____________________________________________________________________________

(пайдалану нысаны)

беруңізді сұраймын.

Күні __________ Өтініш беруші______________________________________

(жеке немесе заңды тұлғаның немесе

______________________________________

уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

______________________________________

қолы)
_________________________

(селолық округі, селосы,

_________________________

кенті атауы)

әкімі

_________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)

_________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты,

_________________________

әкесінің аты немесе заңды

_________________________

тұлғаның толық атауы)

_________________________

(жеке тұлғаның жеке басын

_________________________

куәландыратын құжаттың

_________________________

реквизиттері немесе заңды

_________________________

тұлғаның мекенжайы,

_________________________

байланыс телефоны)
ӨТІНІШ

_____________________________________________________________________________

(мекенжайында орналасқан) _______________________________________________________________ құқығындағы,

(пайдалану құқығына сұралып отырған)

көлемі ____________________ жер учаскесін _____________________________________

_____________________________________________________________________________

(пайдалану нысаны)

беруңізді сұраймын.

Күні __________ Өтініш беруші______________________________________

(жеке немесе заңды тұлғаның немесе

______________________________________

уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

______________________________________

қолы)
Жер учаскелерiн объектiлер құрылысы үшiн беру

      1. Объект салу үшiн жер учаскесi сұралған кезде жер учаскесін таңдау алдын ала жүргiзiледi.


      Объект салу үшiн, ал қажет болған жағдайларда және оның күзет немесе санитариялық-қорғау аймағын белгiлеу үшiн жер учаскесін таңдау нәтижелерiн тиісті жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері жер учаскесiн таңдау туралы актiмен ресімдейді. Осы актiге әрбiр жер учаскесін таңдаудың ықтимал нұсқаларына сәйкес оның шекараларының жобалары қоса беріледi.
      Объект салуға жер учаскесін таңдау актісін беру үшін қажетті келісулерді тиісті жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері жүргізеді.
      Бұл ретте елдi мекеннiң бас жоспарлары (немесе тұрғындарының саны бес мың адамға дейiнгi елдi мекендердi дамытудың және оларда құрылыс салудың осы жоспарларын алмастыратын схемасы) негiзiнде орындалған егжей-тегжейлi жоспарлау жобалары және (немесе) құрылыс жобалары, сондай-ақ қонысаралық аумақтарға арналған аудандық жоспарлау жобалары болмаса, жер учаскелерiн құрылыс үшiн беруге тыйым салынады.

      2. Жер учаскесiн таңдау және жер учаскесін таңдау туралы актіні ресімдеу осы Кодекстiң 43-бабының 2-тармағына сәйкес кейіннен жер учаскесін таңдау туралы актіні қарау және қорытынды дайындау үшiн комиссияға жібере отырып, он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

3. Комиссияның қорытындысы негiзiнде жерге құқық табыстау туралы жерге орналастыру жобасы әзiрленедi.
      Жерге орналастыру жобасының құрамында берiлетiн жер учаскесiнiң көлемi, оның шекарасы мен орналасқан жерi, жер учаскесiнiң аралас меншiк иелерi және жер пайдаланушылар, сондай-ақ берілетін жер учаскесінің ауыртпалықтары мен сервитуттары нақтыланады.
      Болжанып отырған, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қою, мәжбүрлеп иеліктен шығару жағдайында, алып қойылатын алқаптардың түрiне байланысты жер учаскелерiнiң меншiк иелерi және жер пайдаланушылар (жалдаушылар) шығындарының, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндiрiсiндегi шығасының есептеулерi қоса берiледi.

      4. Жерге орналастыру жобасының негiзiнде жер учаскелері орналасқан жердегі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органы жерге тиiстi құқық табыстау туралы жергiлiктi атқарушы орган шешiмiнiң жобасын дайындайды.

      5. Мұнай мен газды магистральды мұнай құбырларымен тасымалдауға, одан кейiнгi сақтау және көлiктiң басқа түрлерiне тиеуге байланысты мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымы объектiлерiнiң құрылысы үшiн жер учаскелерi сұралған кезде жер учаскесiн таңдау aктici және жерге орналастыру жобасы Қазақстан Республикасының мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органымен де келiсiледi.

      5-1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге тұрғын үйлер, оның ішінде жеке тұрғын үйлер салуға осы елді мекеннің бекітілген бас жоспарына (немесе шағын ауылдық елді мекендердің бас жоспарын алмастыратын өзге де жобалау құжаттамасына) сәйкес көрсетілген жерлерді елді мекендер жерінің санатына ауыстырғаннан кейін ғана және егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы немесе осы учаскелерде құрылыс салу жобасы болғанда ғана жол беріледі. Бұл ретте ауыл шаруашылығы өндірісіндегі шығасының орнын толтыру осы Кодекстің 105-бабына сәйкес жүргізіледі.

      6. Құрылыс объектiсiн орналастыруға таңдалған аумақта бұзылуға немесе көшiрiлуге тиiстi (соның iшiнде жердi бөлiп беру кезiнде өнеркәсiп орындарының санитариялық-қорғау аймағына кiретiн) тұрғын үйлер, басқа да ғимараттар мен құрылыстар, сондай-ақ инженерлiк коммуникациялар және жасыл екпелер орналасқан жағдайда өтiніш беруші немесе оның сенiм бiлдiрген адамы жер учаскесiн бөлiп беруде талап етiлетiн келiсiмдердi өз бетінше қамтамасыз етедi.
      Өтініш беруші меншік иесіне шығындарды өтеу талаптары туралы жылжымайтын мүлiк меншiгі иелерiнiң әрқайсысымен жасасқан шартты қосымша ұсынады.
      Шартта сол кездегi бар құрылыстарды, инженерлiк коммуникацияларды, жасыл екпелердi басқа жерге ауыстырудың, көшiрудiң нақты шарттары мен мерзiмдерi, құрылыс жүргiзушiнiң жылжымайтын мүлiктi бұзуға байланысты барлық шығындарды өтеу жөнiндегi мiндеттемелерi көрсетiледi.

      7. Жер учаскесiне құқық табыстау туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі шешiмiнiң жобасында:


      жерге құқық табысталатын заңды немесе жеке тұлғаның атауы;
      жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты;
      жер учаскесiнiң көлемi;
      жерге құқықтар түрi, ауыртпалықтар, сервитуттар;
      учаске төлемақыға берiлетiн жағдайда жер учаскесiн немесе жер пайдалану құқығын сатып алу бағасы, жер учаскесiн сатып алу-сату шарттарын жасасудың мерзiмi мен шарттары;
      учаскелердің өлшемдері көрсетіле отырып, жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қою, мәжбүрлеп иеліктен шығару жүргізілетін жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы;
      өзге де шарттар болуға тиiс.
      Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн, құрылысқа арналған жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты қызмет түрлерiне қарамастан, үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету ретiнде белгiленедi.

      8. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін


тегін негізде беру кезінде азаматта жеке тұрғын үй құрылысы үшін мемлекет құқық табыстаған жер учаскесінің бар немесе жоқ екендігі ескеріледі. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органы азаматта мұндай жер учаскелерінің бар немесе жоқ екендігі туралы мәліметті жергілікті
атқарушы органның жер учаскесін беру туралы қорытынды әзірлеуі және тиісті шешім қабылдауы үшін жергілікті атқарушы органның жанындағы комиссияға табыс етеді.
      Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері бөліп беруге арналған алаңдардың дайындығы туралы ақпарат
пен жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алуға кезектілік тізімінің қолжетімділігін оларды кемінде тоқсанына бір рет мемлекеттік тілде және орыс тілінде арнаулы ақпараттық стендтерде орналастыру арқылы және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен қамтамасыз етеді.

Құрылысқа байланысты емес жер учаскелерiн беру

      1. Мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiнiң меншiкке немесе жер пайдалануға берiлуiне мүдделi тұлғаның өтiнiшi негiзiнде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органы (елдi мекендерде сәулет және қала құрылысы органдарымен бiрлесе отырып), сұралған жер учаскесiнiң жерге орналастыру және қала құрылысы регламенттерiне сәйкес мәлiмделген нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылу мүмкiндiгiн анықтайды. Жер учаскесiн пайдалану мүмкiндiгi туралы ұсыныстар осы Кодекстiң 43-бабының 2-тармағына сәйкес қарау және қорытынды әзiрлеу үшiн комиссияға берiледi.

      2. Комиссияның қорытындысы негiзiнде жерге орналастыру жобасы және жер учаскесiне тиiстi құқық табыстау туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі шешiмiнiң жобасы дайындалады.

     

Оралмандарға жер учаскелерiн беру

      1. Оралмандарға өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу, бағбандық және саяжай құрылысы үшiн жер учаскелерiн беру ауылдық елдi мекендердiң жерiнен, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден, иммиграциялық жер қорының, арнайы жер қорының жерiнен және босалқы жерден уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен жүзеге асырылады.

      2. Оралмандарға шаруа немесе фермер қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн жер учаскелерiн беру ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден, арнайы жер қорының, иммиграциялық жер қорының жерiнен және босалқы жерден уақытша жер пайдалану құқығымен жүзеге асырылады.

      3. Берiлген жер учаскелерi Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейiн осы Кодексте белгiленген тәртiппен және жағдайларда олардың жеке меншiгiне өтедi.

      4. Оралмандарға берiлетiн жер учаскелерiне осы Кодекстiң 48-бабының нормалары қолданылмайды.

Мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiне құқықтар алу

      1. Жер учаскелерiн алуға құқығы бар азаматтардың және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың меншiгiне мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiн жеке меншiкке беру өтеулi негiзде жүзеге асырылады.


      Жер учаскелерiн азаматтардың және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың меншiгiне беру осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген жағдайларда тегiн жүзеге асырылуы мүмкiн.

      2. Жер учаскесiн сатып алуға мүдделi тұлғалар жер учаскесi орналасқан жердегi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкіміне өтiнiм бередi, ол өтiнiм жер учаскесiнiң нысаналы мақсатына қарай осы Кодекстiң 43-45-баптарында белгiленген тәртiппен қаралады.

      3. Жеке немесе мемлекеттiк емес заңды тұлға бұрын өзiне жер пайдалануға берiлген жер учаскесiн жеке меншiкке сатып алуға ниет бiлдiрген жағдайда, осы тұлға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкіміне өтiнiш бередi.
      Өтiнiшке:
      жер учаскесiне сәйкестендіру құжаты немесе құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi;
      салық төлеушi куәлiгiнiң көшiрмесi;
      бюджеттiң алдында берешегi бар немесе жоқ екендiгi (жер салығы және (немесе) жер учаскелерiн пайдалану төлемақысы) туралы салық органының анықтамасы;
      жер учаскесiмен мәмiле жасасуға кедергi келтiретiн ауыртпалықтардың жоқ екендiгi туралы жылжымайтын мүлiк орталығынан анықтама;
      заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi қоса берiледi.
      Жер учаскесі орналасқан жердегі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органы жер учаскесін кадастрлық құжаттама бойынша сәйкестендіреді, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын бекітеді және жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын дайындайды.
      Жер учаскесiн меншiкке беру туралы шешiм жер пайдаланушы жергiлiктi атқарушы органға жазбаша нысанда өтiнiш берген күннен бастап бiр ай мерзiмде қабылдануға тиiс.
     Жер учаскесі орналасқан жердегі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органы сатып алушымен жер учаскесін сатып алу-сату шартын жасасады және оған қол қояды.

     4. Жер учаскесiн алған сатып алушы шартта белгiленген мерзiмде төлемақы жасау жөнiндегi мiндеттемелердi орындамаған жағдайда, сатушы берiлген жер учаскесiнiң төлемақысын немесе сол жер учаскесiн қайтарып берудi талап етуге құқылы.


     Сатып алушы берiлген жер учаскесiне төлемақы жасау жөнiндегi мiндеттемелердi шартта белгiленген мерзiмде орындамаған жағдайда әрi шартта өзгеше көзделмесе, учаскеге төлемақы жасалуға тиiстi күннен бастап сатып алушы төлемақыны жасаған күнге дейiнгi мерзiмi өткен сомаға тұрақсыздық айыбы төленуге тиiс. Тұрақсыздық айыбының мөлшерi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру ресми ставкасы негiзге алына отырып есептеледi.

     5. Жер учаскесiн сатып алу-сату шарты және жер учаскесiнiң сатып алу бағасын төлеу туралы құжат жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты беру үшiн негiз болып табылады.


     Жер учаскесiн төлеу мерзiмiн ұзартып сатқан кезде, сатып алушыға сатып алу-сату шарты негiзiнде берiлетiн жер учаскесiне сәйкестендіру құжатына, учаскенi кепiлге берудi қоспағанда, мәмiле жасасуға тыйым салынатыны туралы тиiстi жазба жасалады.

Мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) алу

      1. Жер учаскесі немесе жер учаскесін жалдау құқығы:


      1) инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыру үшін;
      2) халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттерге және халықаралық ұйымдарға;
      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер пайдаланушыларына;
      4) мемлекеттік органдар өткізетін объектілерді салу жөніндегі конкурстарды (тендерлерді) жеңіп алған тұлғаларға және мұндай құрылыс тікелей аталған тұлғаларға жер учаскесін беруді талап еткен кезде;
      5) жеке және заңды тұлғаларға оларға меншік құқығымен және (немесе) өзге де заттай құқықпен тиесілі үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) пайдалану және ұстау үшін, оның ішінде іргелес аумақтағы үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген сәулет-қала құрылысы және (немесе) құрылыс құжаттамасына сәйкес кеңейту және реконструкциялау үшін;
      6) кондоминиум объектісін пайдалану және ұстау үшін кондоминиумға қатысушыларға;
      7) жайылымдық және шабындық алқаптарды халықтың жеке ауласын ұстау, сондай-ақ бақша өсіру жөніндегі мұқтажын қанағаттандыру мақсатында пайдалану үшін;
      8) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жасалған келісімшарттың негізінде жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін;
      9) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес жасалған келісімшарттың негізінде мемлекеттік заттай гранттар ретінде;
      10) Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың қатысушысына және басқарушы компанияға;
      10-1) аумақтық сулар алып жатқан су қоры жерлерінің құрамынан жасанды ғимараттар салу үшін;
      11) теміржол, автомобиль, теңіз және ішкі су, әуе, құбыржолы көлігінің мұқтажы үшін, байланыс пен энергетика мұқтажы үшін, сондай-ақ мемлекеттік маңызы бар өзге де объектілерді салу үшін;
      12) халықтың мұқтажын қанағаттандыруға арналған ортақ пайдаланудағы объектілерге (су құбырлары, жылу трассалары, тазарту құрылыстары және басқа да инженерлік-коммуникациялық желілер мен жүйелер), сондай-ақ осы Кодекстің 107-бабы 3-тармағының 10) тармақшасына сәйкес арнайы мақсаттағы объектілерге;
      13) осы Кодекстің 121-бабына сәйкес жерді ерекше шарттармен пайдалану аймақтарын белгілеу үшін;
      14) осы Кодекстің 9-бабының 3-тармағына сәйкес өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылыстары үшін;
      14-1) жекеше орман өсіру үшін;
      15) мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларда көзделген объектілерді салу, мемлекеттік мүдделерді және қоғамдық маңызды мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін инвестициялық жобалар үшін;
      16) осы Кодекстің 9-бабының 3-тармағына сәйкес халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтар мен отандық өнеркәсіп орындарына;
      17) концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерлерге;
      18) инвестициялық және инновациялық жобаларды іске асыру үшін ұлттық компания мәртебесі бар әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға;
      19) индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне берілетін жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын беру сауда-саттықтарда (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады.
      Уақытша жер пайдалану мерзімі аяқталып келе жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері уақытша жер пайдаланушы жаңа мерзімге уақытша жер пайдалану туралы шарт жасасудан бас тартқан жағдайда ғана сауда-саттыққа (конкурстарға, аукциондарға) шығарылады.

      2. Сауда-саттықтың (конкурстардың, аукциондардың) жеңімпаздарына - шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін, орман өсіруді, қосалқы ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскелері он жылға дейінгі мерзімге жалдау шартымен уақытша жер пайдалануға беріледі.

      3. Сатуға арналған жер учаскесі:
      жер учаскесінің шекарасы айқындалғаннан;
      жер учаскесінің нысаналы мақсаты және оның кадастрлық (бағалау) құны анықталғаннан;
      сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізу туралы шешім қабылданғаннан;
      сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізу туралы хабарлама жарияланғаннан кейін сауда-саттыққа шығарылады.

      4. Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатушы ретінде жергілікті атқарушы орган өкілдік етеді.


      Сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) ұйымдастырушы ретінде меншік иесі немесе онымен жасалған шарт негізінде әрекет етуші мамандандырылған ұйым өкілдік етеді.

      5. Жер учаскесінің меншік иесі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізу нысанын, сауда-саттық нысанасының бастапқы бағасын және кепілақы сомасын белгілейді.

      6. Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру мен өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды .
     

Ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жалға жер

учаскесін беру кезінде конкурсқа қатысуға мәлімдеме нысаны

Конкурсқа қатысуға мәлімдеме нысаны    


(заңды тұлғалар үшін)          

 
(Кімге) _________________________________________________________


               (конкурсты ұымдастырушының атауы)
(Кімнен) ______________________________________________________
                       (қатысушының атауы)

                    КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА МӘЛІМДЕМЕ


 
                        (заңды тұлғалар үшін)

     Ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жалға, ауылшаруашылығы бағытындағы жер учаскесін беру жөнінде конкурс өткізу бойынша конкурстық құжаттарды қарап, алу мыналармен куәландырылады,


__________________________________________________________________ __________________________________________________________________
                      (қатысушының атауы)
конкурсқа келесі лоттар бойынша қатысады: __________________________________________________________________
__________________________________________________________________
                      (лоттар бойынша толық суреттеу)

Осы конкурстық мәлімет мыналардан тұрады:

1. _______________________________________________________________
2. _______________________________________________________________
3. _______________________________________________________________
4. _______________________________________________________________
5. _______________________________________________________________
6. _______________________________________________________________
7. _______________________________________________________________
8. _______________________________________________________________
9. _______________________________________________________________
10. ______________________________________________________________

     Осы конкурстық мәлімет конкурстық мәліметтерді салған конвертті ашқан күнінен бастап _______ күн ішінде әсер етеді.


          (сөзбен)
Сату-сатып алу немесе жер учаскесін жалға алу шартын жасаған сәтке дейін осы конкурстық мәлімдеме оның ұтуын тану туралы Сіздің ескертуіңізбен бірге, бізбен арадағы міндетті шарттың өлін атқаратын болады.

 __________________               __________________________


   (Қолы, күні)                  (Лауазымы, Т.А.Ә.)

П.О.


Конкурсқа қатысуға мәлімдеме нысаны    
(жеке тұлғалар үшін)          

 
(Кімге) _________________________________________________________


               (конкурсты ұымдастырушының атауы)
(Кімнен) ______________________________________________________
                       (қатысушының тегі, аты, әкесінің аты)

                    КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА МӘЛІМДЕМЕ


 
                        (жеке тұлғалар үшін)

     Ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жалға, ауылшаруашылығы бағытындағы жер учаскесін беру жөнінде конкурс өткізу бойынша конкурстық құжаттарды қарап, алу мыналармен куәландырылады,


__________________________________________________________________ __________________________________________________________________
                      (қатысушының атауы)
конкурсқа келесі лоттар бойынша қатысады: __________________________________________________________________
__________________________________________________________________
                      (лоттар бойынша толық суреттеу)

Осы конкурстық мәлімет мыналардан тұрады:

1. _______________________________________________________________
2. _______________________________________________________________
3. _______________________________________________________________
4. _______________________________________________________________
5. _______________________________________________________________
6. _______________________________________________________________
7. _______________________________________________________________
8. _______________________________________________________________
9. _______________________________________________________________
10. ______________________________________________________________

     Осы конкурстық мәлімет конкурстық мәліметтерді салған конвертті ашқан күнінен бастап _______ күн ішінде әсер етеді.


          (сөзбен)
Сату-сатып алу немесе жер учаскесін жалға алу шартын жасаған сәтке дейін осы конкурстық мәлімдеме оның ұтуын тану туралы Сіздің ескертуіңізбен бірге, бізбен арадағы міндетті шарттың өлін атқаратын болады.

 __________________               __________________________


   (Қолы, күні)                  (Т.А.Ә.)

Жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдар бөлуге дайындық туралы ақпарат



Жер учаскесінің орналасқан орны

Кадастр нөмірі

Алаңы, га

Жер учаскесінің нысаналы тағайындалуы

Құқық белгілейтін құжат

Есіл қаласы, солтүстік-шығыс бөлігі

01-284-005- 072

23,4571

Жеке тұрғын үй құрылысын жобалау және құрылысы, жеке тұрғын үй құрылысына жобаланған үйлерге, инженерлік-коммуникациялық желілерін жобалау және құрылысы

2012 жылғы 21 қарашадағы №а-11/509 Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің қаулысы



2012 жылы жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген жер учаскелері жөнінде ақпарат


Рет



Жер пайдаланушының Т.А.Ә.

Жер учаскесінің орналасқан орны

Құқық белгілейтін құжат

Көлемі, га

1

Кенжеғалиев

Тілеужан Қайыржанұлы



Есіл қаласы Киев к, 41

2012 жылғы 30 мамырдағы №82 Есіл қаласы әкімінің өкімі

0,0990

2

Әлжанов Қайрат

Есіл қаласы Әуезов к, 8

2012 жылғы 10 сәуірдегі №57 Есіл қаласы әкімінің өкімі

0,0822

3

Жантабай Азамат Ысқақұлы

Есіл қаласы Космонавтар к, 6

2012 жылғы 10 сәуірдегі №56 Есіл қаласы әкімінің өкімі

0,0725

4

Романчук Евгения Викторовна

Есіл қаласы Дистанционная к, 8

2012 жылғы 2 наурыздағы №38 Есіл қаласы әкімінің өкімі

0,0520

5

Қалиева Мейрамкүл Жұмағалиқызы

Есіл қаласы Дистанционная к, 31

2012 жылғы 26 қаңтардағы №14 Есіл қаласы әкімінің өкімі

0,0990

6

Журавлева Инна Васильевна

Есіл қаласы Киев к, 41

2012 жылғы 26 қыркүйектегі №135 Есіл қаласы әкімінің өкімі

0,0608

7

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы

Есіл ауданы, Жаныспай селолық округі, Ковыльное селосы, Привокзальная к, 3 а

2012 жылғы 7 қарашадағы №28 Жаныспай селолық округі әкімінің өкімі

0,1000

2013 жылы жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген жер учаскелері жөнінде ақпарат


Рет



Жер пайдаланушының Т.А.Ә.

Жер учаскесінің орналасқан орны

Құқық белгілейтін құжат

Көлемі, га

1

Жанбусинова Ақерке Қожагелдіқызы

Есіл қаласы Московская к, 48

2013 жылғы 17 қаңтардағы №9 Есіл қаласы әкімінің өкімі

0,1241

2

Сәрсенов Серік Шалабайұлы

Есіл қаласы Мичурин к, 30 а

2013 жылғы 4 қаңтардағы №1 Есіл қаласы әкімінің өкімі

0,0613

3

Жуманова Марина Александровна

Есіл ауданы,

Красивинский селолық округі,

Красивое селосы,

Молодежная к, 35



2013 жылғы 28 ақпандағы №8Красивинский селолық округі әкімінің өкімі

0,3500


Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет