Жылдарға арналған приозерск қаласының Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы приозерск қ. – 2012 ж. Мазм ұ н ы



Дата23.02.2016
өлшемі137 Kb.
«30» октябрь 2012ж. № 40/3

Приозерск қаласы

әкімдігінің қаулысымен

мақұлданған



2013-2017 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫНЫҢ

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ БОЛЖАМЫ

Приозерск қ. – 2012 ж.
М А З М Ұ Н Ы



Кіріспе





3

  1. Приозерск қаласының экономикалық даму тенденциялары




3

    1. 2010-2011 жылдары экономикалық өсу







3

    1. 2011-2012 жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму тенденциялары






7


2. 2013-2017 жылдарға арналған Приозерск қаласының экономикалық даму жағдайы мен факторлары




9











3. 2013-2017 жылдарға арналған қаланың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен нысаналы индикаторлары




10


4. Приозерск қаласының бюджеттік параметрлерінің болжамы
4.1. Бюджеттік және салықтық саясаттың негізгі басымдықтары
4.2. Қала бюджетінің болжамы
4.3. 2013-2015 жылдарға арналған бюджет шығындарының басымдықтары



    1. Бюджеттік инвестиция саясатының негізгі басымдықтары

(соның ішінде бюджеттік инвестициялар)
Қосымша 1. 2013-2017 жылдарға арналған Приозерск қаласының әлеуметтік-экономикалық даму Болжамының негізгі көрсеткіштері
Қосымша 2. 2013-2017 жылдарға арналған Приозерск қаласының бюджеттік параметрлері
Қосымша 3. Приозерск қаласы бойынша басымдық бағыттар бөлігінде 2013-2015 жылдарға арналған басымдық бюджеттік инвестициялар тізімі




11
11
11
12

14

16


18

19



2013-2017 жылдарға арналған Приозерск қаласының әлеуметтік-экономикалық даму Болжамы
КІРІСПЕ
2013-2017 жылдарға арналған Приозерск қаласының әлеуметтік -экономикалық даму болжамы (бұдан әрі - Болжам) Қазакстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» № 827 Жарлығына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-ІҮ Бюджеттік кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу Ережесін бекіту туралы» № 1251 қаулысына сәйкес әзірленген.

Болжам уш жылға арналған бюджет параметрлерінің болжамын, бес жылдық кезеңге облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері мен нысаналы индикаторлары, басымдықтары мен бағыттарынан тұрады және жергілікті мемлекеттік органдардың бес жылдық кезеңге арналған Стратегиялық даму жоспарларын, үш жылдық кезеңге арналған жергілікті бюджеттерді, аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу үшін негіз болып табылады.

Болжам келесі негізгі бөлімдерден тұрады:

- қала экономикасының экономикалық даму бағыттары;

- қала экономикасының даму факторлары мен жағдайдары;

- 2013-2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикадық даму болжамы

мен нысаналы индикаторлар;

- 2013-2015 жылдарға арналған қаланың бюджеттік параметрлерінің Болжамы;

- қаланың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізгі көрсеткіштері және бюджеттік параметрлері (қосымша түрінде).



  1. Приозерск қаласының экономикалық даму тенденциялары


1.1. 2010-2011 жылдары экономикалық өсу
2011 жылы өнеркәсіптік өнім көлемі 2123,6 млн.теңгені немесе жоспарға 109,3 % және 2010 жылмен салыстырғанда 135,2 %. Айғақты индекс көлемі 139,8 % құрады.

Қала бойынша жалпы өнеркәсіптік өнім көлемі «Ертай» ЖШС есесінде ұлғайды, алтын құрамды концентратты алу 1581,5 млн. теңгеге өндірілген.

«Коммуналдық тұрғын үйлерді қайта қалыптастыру» КМК-сы бойынша өнім бөлігі 2010 жылмен салыстырғанда 122,7 % құрап, 457,9 млн.теңгені құрады.

Қала бойынша ауыл шаруашылығы өнімдері 2011 жылы 29,1 млн тенгені немесе жоспарға 103,9 % және 2010 жылмен салыстырғанда 105,8 % құрады. Ауыл шаруашылығы бойынша айғақты индекс көлемі 101,5 % құрады.

Жалпы қала бойынша 2011 жылы малдар мен құстардың тірі салмағы 19,2 тоннаны немесе 2010 жылмен салыстырғанда 114,3 % (16,8 тн), сүт 232,6 тоннаны немесе 2010 жылмен салыстырғанда 96,9 % (240,1 тн) құрады, жұмыртқа 126,9 мың дананы немесе 2010 жылмен салыстырғанда 101,7 % (124,8 мың дана) құрады.
Инфляциялық процестер

2011 жылдың 14 наурызында Қарағанды облысы әкімімен бекітілген 2011-2013 жылдарға арналған Қарағанды облысының сату қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бағаларды тұрақтандыру бойынша Кешендік шараларға сәйкес 2011 жылы көкөністер мен картоп алу үшін ауыл тауарларын өндірушілермен фъючерлік келісімді ұйымдастыру бойынша Кешендік шаралар бағандарын жүзеге асыру үшін қалалар бюджетінен бөлінетін қаежетті қаражаттар көлемі қосымшада берілген, Приозерк қаласына 1,3 млн. теңге бекітілген.

(наурыз, мамыр, сәуір) 3 айға, 11,160 млн. теңге сомасындасақтау мен тасымалдаумен бірге 62 теңге/кг 180 тн. жалпы көлемінде көкөністік өнімдерді тасымалдау бойынша Қарағанды облысы Абай ауданының Көксу поселкесінің А.шимпф «Астро-Агро» ЖШС директоры мен «Гранд Құрылыс» ЖШС-мен 2011 жылы мамырда фъючерлік келісім жасалған. 2011 жылдың тамыз айының соңында келісілген келісімге сәйкес «Гранд Құрылыс» ЖШС «Астро-Агро» ЖШС-на 1,3 млн. теіге сомасында төлем жасаған.

Жоспарды орындау бойынша жауаптыларды анықтау бойынша 2011 және 2013 жылдарға Қарағанды облысының сату қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бағалардың тұрақтылығы бойынша Кешендік жоспарды жүзеге асыруда Приозеск қаласы бойынша 2011 жылы іс-шаралар Жоспары әзірленген.

Сондай-ақ қалалық нарықта азық-түлік өнімдеріне бағаларды трақты ұстау мақсатында Е.Мукашевпен әлеуметтік дүкен ашылған. Әлеуметтік дүкен аз қамтылған халықтар үшін әлеуемттік-маңызды азық-түліктерді, атап айтатын болсақ күріш, қант, макарон өнімдері, шай, күнбағыс майы, тұз, нан, көкөніс өнімдері (картоп, қырыққабат, сәбіз, пияз), сондай-ақ ет, сүт өнімдері (сүт, айран, қаймақ, ірімшік) өз өнімдерін нарықтағы және дүкендегі бағаларға қарағанда 10-20 % төмен бағамен сатады. 2011 жылы азық-түлік өнімдерінің бағаларын қадағалау күнделікті жүргізілді.

Сыртқыэкономикалық қызмет жүзеге асырылмайды


Бюджет

2011 жыл бірінші кезекті қаржыландыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, қала бюджетіне түсімдердің өсуімен, жалақы қорының өсуімен, экономиканың тұрақтылығымен мінезделеді.


Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту
2011 жылы жұмыссыздықтан азаматтарды әлеуметтік қорғаудың барлық шараларымен қамту бойынша жұмыстар ұйымдастырылған.

2011 жылдың 1 қаңтарына жұмыссыздар қатарында 128 адам тіркелген. Жұмысқа орналастыру сұрағы бойынша 443 адам өтініш білдірген 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 255 адамға кеміген (698 адам). Әлеуметтік қорғау шараларымен 551 жұмыссыз қамтылған, ол өтініш білдіргендердің жалпы санының 96,5 % құрайды. 473 адам жұмысқа орналастырылды, немесе өтініш білдіргендердің жалпы санының 82,8 % құрады (128 адам).

Есептік кезеңде кәсіптік дайындыққа жоспарға 80 болғанда, 82 жұмыссыз жіберілген.

Қоғамдық жұмыстарда қайталама бағыттау бойынша 271 жұмыссыз қатысқан (қайталама есебісіз 219 адам).

Мақсатты топтардағы жұмыссыздар үшін қала жұмыскерлерімен құрылған әлеуметтік жұмыс орындарына 20 адам орналастырылған. В рамках программы «Жастар тәжірибиесі» бағдарламасы шеңберінде жыл басынан білім бері ұйымдарының түлектерінен 19 адам жіберілген.

Халықты жұмыспен қамту бойынша бірлестік жұмыс бойынша үш жақты келісім бойынша жұмыстар жүргізілген. 120 жұмы берушілермен 87 келіім жасалынған.

«Жұмыспен қамту- 2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік ұйым ретінде Приозерск қаласының жұмыспен қамту Орталыы құрылып, жұмыс істей бастады. Үшінші бағыт бойынша Достық 7 көшесі бойындағы тұрғын үй қолданысқа берілді.

2011 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту бөлімінде кедейшіліктің төменгі шегінде өмір сүретіндерден 51 аз қамтылған жанұя немесе 241 адам тіркелген. Көрсетілген:мемлекеттік адрестік әлеуметтік көмек 50 жанұяға немесе 210 адамға 2008,0 мың. теңге сомасында, тұрғын үй көмегі 77 жанұяға немесе 254 азаматқа 1320,9 мың. теңге сомасында, жәрдемақы 90 жанұяға немесе 18 жасқа дейінгі 251 балаға 2162,0 мың. теңге сомасында. Үйде жатып тәрбиелеіп, оқытылатын 5 мүгедек балаға 104 мың. теңге сомасында. Жалпы қамту 217 жанұяға немесе 715 адамды 5594,9 мың. теңге сомасында құрайды. Азаматтардың жеке дәрежелеріне (722 адам) жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша 7026,0 мың. теңге сомасында көмек көрсетілген. 2011-2012 оқу жылы қаланың жалпы білім беру мектептерінде оқитын оқушылардың саны 1520 адамды құрады. Мекетпке дейінгі сыныптарда мектепке дейінгі жаста 133 бала оқытылады.



Негізгі капиталға инвестициялар

2011 жылы негізгі капиталға инвестициялар көлемі 1951,9 млн. теңге немесе 2010 жылмен салыстырғанда 110,6 % құрады. Инвестициялардың негізгі бөлігі құрылыс және кіші кәсіпкерлік объектілеріне салынған.

Кәсіпорын инвестициялары өндірістік құралдарға, кәсіпорынның инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.


    1. 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму тенденциялары

2012 жылы өндірістік өнім көлемі 1947,6 млн. теңге көлемінде күтіледі немесе жоспарға 101,8 % және 2011 жылдың сәйкес кезенінде 75,3 % құрады.

2012 жылы негізгі капиталға инвестициялардың күтілетін көлемі 2174,5 млн. теңгені немесе жоспарға 101,3 % және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 111,4 % құрайды.

2012 жылы кіші кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны 395 брл. немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102,3 % құрайды. Кіші кәсіпкерліктің шаруашылық субъектілерінде жұмыс істейтіндердің саны 959 брл. немесе 2010 жылмен салыстырғанда 101,5 % құрайды.

Осы кезенде кіші кәсіпкерліктің субъектілерімен З1271 млн. сомасында өнім шығарылады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 138,6 % құрайды.

Жағымды өсім бөлшек тауарайналымының көлемі бойынша байқалуда, ол 2012 жылы 1849 млн. теңгені немесе жоспарға 119,1 % жіне өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 143,7 % құрайды.

01.01.2013 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 34,8 млн. теңгені немесе жоспарға 114,1 % және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 119,6 % құрайды.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 30 млн. сомасына «Аграрлық несие корпорациясы» АҚмен мал шаруашылығын дамыту бойынша Б.Сұлтанов ЖК жобасы бекітілген. 2012 жылы Жанаарқа ауданынан ІҚМ 138 бас алынады.

01.01.2013 жылы тұрғын үй құрылысы 4600 кв.м. немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 88,3 % құрайды. Құрылыс көлемі 2012 жылы 1209,7 млн. теңгені немесе жоспарға 100 % және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 132,9 % құрайды.



2. 2013-2017 жылдарға арналған Приозерск қаласының экономикалық даму жағдайы мен факторлары
Қалада әлеуметтік-экономикалық дамудың сапалық және сандық болжамдау ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен тұрады.

Экономикалық даму тұрақтылығы ұсыныс пен сұраныстың ішкі факторларына, шикізаттық емес салалардың дамуына, ішкі сұранысқа бағытталған, салалар мен әлемдік нарықта бәсекеқабілеттілікке ие.

Ішкі факторларға аймақтың табиғи ресурстық әлеуеті, экономика құрылымы, экономиканың жаңару мен кәсіпкерліктің даму құрылымы, олардың ғылыми және инженерлік-техникалық әлеуетінің, кәсіпкерлер деңгейінде институционалдық құрылуы.

Облыс бойынша ЖІӨ жалпы көлемінде өндірістің үлес деңгейі 50 % асады, облыста өндірістік әлеуеттің даму шараларынң жүйелік еңгізу бойынша, жаңа нарықтар іздеу, технологиялық құралдарды жаңарту бойынша тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Экономиканы диверсификациялау және шикізаттық емес салаларды дамыту индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырады. Ол экономикада жаңа орындардың ашылуына және сапалы өсуыне мүмкіндік береді. Ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру экономиканың дамуына жағымды әсер етеді. Мемлекеттің индучтрияландыру картасына 18 жоба, оның 10 жобасы 29 млрд. Теңгеге жүзеге асырылуы жоспарда ағымдағы жылы.

Одан басқа өндірістік салалардың даму Концепциясы әзірленген. Тау-кен өндірісі, көмір өндірісі, қара және түсті металлургия, көлік жасау және металл өндеу, химиялық және фармацевтикалық өндірісі, құрылыс материалдарын өндіру салалары дами бастайды.

Облыстың кәсіпкерлікті дамытудағы маңызды міндеттері болып кіші және орта кәсіпкерліктің дамуы, ақпараттық қамтамасыз ету мен инфрақұрылымның дамуы, кіші және орта кәсіпкерлік субъектілерінің несие ресурстарына қол жетімділігі, «Даму» қоры арқылы кәсіпкерлікті несиелеу және «Бизнес жол картасы-2020» бюджеттік бағдарламасы үшін жағдай жасау.

Қала аумағында ірі өндірістік кәіпорындардың болмауына байланысты қала экологиялық таза аумаққа жатады, ол туристтер мен спортсмендерге қызығушылық болып табылады. Приозерск қаласының Балхаш көлінің жағалауында орналасуы туристтік бизнесті дамытуға мүмкіндік береді. Ол үшін аэропорт, жақын Сары-Шаған поселкесінде теміржол, халықаралық көлік жолы, аңшылық жер, жағалаулар, тарихи жерлер, балық аулау жерлеру, суда көңіл көтеру, шаңғы, жаяу, атты, көліктік экскурсиялық бағыттары бар.

Құрылысқа әсер ететін басты ішкі фактор болып халық табысы табылады себебі тұрғын-үй құрылысы негізінде жеке қаражаттар арқылы жүзеге асырылады.

Қалада кәсіпкерлікті дамытудың негізгі міндеттері болып кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар мен тиімді қолдау көрсету табылады.



3. 2013-2017 жылдарға арналған қаланың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен нысаналы индикаторлары
Өндірістік өнім көлемін 2013 жылы 2275,9 млн.теңгеден 2017 жылы 2788 млн.теңгеге дейін ұлғайту.

2013 жылы 2311,2 млн.теңгеден 2017 жылы 2831,3 млн.теңгеге дейін негізгі капиталға инвестициялар көлемін ұлғайту.

2013 жылы қаржыландыру көздері есебінде 4600 кв.м еңгізу жоспарда.

2017 жылы тұрғын үй құрылысы 7200 кв.м құрайды, 2012 жылға тұрғын үй құрылысының деңгейі 156,5 % құрайды (4600 кв.м).

Қолайлы инвестициялық жағдайды жақсарту, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін инвесторлар шақыру, өндірістік инфрақұрылымды дамыту үшін инвестиция тарту, сондай-ақ туризм және демалыс индустриясын дамыту.

2013-2017 жылдары ауыл шаруашылық өнім көлемін жыл сайын 1,5 % өсіру.

Ауыл шаруашылық өнім көлемі 2012 жылы 31,0 млн.теңгені (2011 жылы 106,5 %), 2013 жылы 31,5 млн. тг. (2012 жылы 101,6 %), 2014 жылы 31,9 млн.тг. (2013 жылы 101,5 %), 2015 жылы 32,3 млн.тг. (2014 жылы 101,3 %), 2016 жылы 32,8 млн.тг. (2015 жылы 101,5 %), 2017 жылы 33,3 млн.тг. (2016 жылы 101,5 %).

2013-2017 жылдары өндірістік өнім көлемі 2013 жылы 104,1 %-дан 2017 жылы 122,5 % дейін ұлғайту.

Өндірістік өнім көлемінің өсуіне тау-кен өндірісі секілді өндіріс көлемдерін ұлғайту әсер етеді.

4. Приозерск қаласының бюджеттік параметрлерінің болжамы
4.1. Бюджеттік және салықтық саясаттың негізгі басымдықтары
Экономикалық дамуға әсер етудің басты механизмдерінің бірі болып салық салу жүйесін жүзеге асыру табылады.

Мемлекеттің салықтық-бюджеттік саясаты салықтық заңдылықтың ашықтығы мен нақтылығына негізделуі қажет және кәсіпкерліктің дамуына әсер ететінтосқауылдарды жою мен салықтың нақты түрінің экономикалылығымен негізделеді.

2008-2010 жылдары қаланың салықтық-бюджеттік саясаты басымды шығындарды азайтумен, қала экономикасына қаржылық және экономикалық дағдарыстықа қарсы тұру бойынша іс-шаралар қабылдауға бағытталған.

Тауарлар мен қызметтердің дамуын ынталандыру мақсатында салықты төмендету бойынша саясат жүргізілуде. Қазіргі уақытта жалақыға салық төмендетілген, қосымша құн салығына, кіші бизнес субъектілеріне салықтартөмендетілген.

Қарағанды облыс бойынша 2009 жылы облыс бюджеті мен қала және аудан бюджеттерін нақтылау кезінде шаралар қолданылған, жергілікті атқарушы органдардың шығындары және күрделі жөндеу мен материалдық-техникалық тозу шығындары қысқартылған.

2011 жылы қала тұрғындарының өмір деңгейін жоғарылатуға бағытталған әлеуметтік мәселелерді шешу жүзеге асырылуда. Жағдайларға байланысты бюджет параметрлерін нақтылау бойынша шаралар қолданылады. 2012-2016 жылдары салықтық саясат жергілікті атқаруыш органдармен атқарылатын мемлекеттік қызметтер экономиканың қажетті бағыттарына жұмсалады.


4.2. Қала бюджетінің болжамы
Қалалық бюджет табысы 2013-2015 жылдары маңызды макроэкономикалық көрсеткіштер есебімен Қазақстан Республикасының Салықтық және Бюджеттік кодекстер, өзгерістер еңгізумен инвестицияларды тарту мен қала экономикасын ары қарай дамытуға бағытталған, салықты ынталандыру шаралары мен 2011-2015 жылдары қаланың даму Бағдарламасы негізінде анықталған.

Жалақы қоры болып табылатын салық салу базасының төлем көздерінен, табыстардан әлеуметтік салық пен жеке салық табыстар ішінде үлкен үлесті алады.


Жергілікті бюджет табыстары

(мың теңге)



Атауы

Жоспар

2012 ж.


Болжам

2013 ж.


Болжам

2014 ж.


Болжам

2015 ж.


1.Салықтық түсімдер, барлығы

130351

150544

157451

164020

2.Салықтық емес

4700

4933

5278

5647

3.Негізгі капиталға табыстар

2304

2343

2401

2462

4.Субвенциялар

740828

757260

830845

842265

5.Мақсатты трансферттер

2039308

5371200

3998500

358937

Жалпы табыстардың өсуі негізінен елбасының қойған міндеттеріне сәйкес ортамерзімдік кезеңде шешіледі:



  • қалада тұрғын-үй құрылысының дамуы бойынша;

  • қаланың салық салу базасын ұлғайтуға бағытталған, іс-шаралар;

  • 2011-2013 жылдарға арналған Қарағанды облысы Приозерск қаласының әлеуметтік-экономикалық Кешенді даму жоспарын іске асыру бойынша іс-шаралар жүргізу;

  • 2011-2015 жылдарға арналған қаланың даму Бағдарламасы.



4.3. 2013-2015 жылдарға арналған бюджет шығындарының басымдықтары
2013-2015 жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдықтары «Қазақстан дамуының басты векторы – әлеуметтік-экономикалық жетілдіру» Қазақстан халқына Жолдауында Ел басымен қойылған міндеттер есебінде болып келесілер табылады:

  1. Халықтың жұмыс бастылығын жоғарылату

Жұмысбастылықты тұрақты және өнімді әсер ету жолымен халық табысын жоғарылату үшін Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы толық көлемде жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде оқыту, қаута оқыту және жұмысқа орналастыру, қалада бизнес-дағдыларға үйрету және микронесиелерді беру арқылы кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ қызметтік ресурстарды жігерлендіруді қамтамасыз ету бойынша іс-шаралары қаржыландырылатын болады.
2. Халықты қол жетімді баспанамен қамтамасыз ету

Халықты қол жетімді баспанамен бірінші кезекте жас отбасыларды қамтамасыз ету үшін 2011 жылғы 30 наурыздағы № 291 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен қабылданған 2011-2013 жылдарға арналған Қарағанды облысы Приозерск қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының Кешендік жоспары, «Қол жетімді баспана – 2020» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылысы жаңа бағыт алады.



3. Аймақтық даму

2011-2013 жылдарға арналған Қарағанды облысы Приозерск қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының Кешендік жоспарын жүзеге асыру жалғастырылады. Қалалық және облыстық бюджет қаражаттарына сәйкес қосымша қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының Кешендік жоспары әзірленеді.



4. Адам ресурстарының сапалы өсуі

Әлеуметтік саланы ары қарай жетілдіру мақсатында «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтаудың Мемлекеттік даму бағдарламалары; «Балапан» бағдарламасы, Қазақстан Республикасының білімді дамыту Бағдарламасы іс-шаралары жүзеге асырылады.

Дене шынықтыру және спорттың материалды-техникалық базасының дамуы бойынша іс-шаралар қаржыландырылады.

Әлеуметтік инфрақұрылымның (бала бақшалар, мектептер) ары қарай дамуы жалғастырылады.



5. Халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту

Берілген бағыт шеңберінде басымды болып тұрғын үй қорын жақсартуға, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге, су өткізу және су жүйесін дамытуға бағытталған 2011-2020 жылдарға «АқБұлақ», 2011-2020 жылдарға Қазақстан Республикасының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жетілдіру Бағдарламасын жүзеге асыру табылады.

Одан басқа, халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ары қарай олардың электронды түрге өтуімен олардың сапалылығы мен қол жетімділігі бойынша іс-шаралар қаржыландырылатын болады.

6. Индустриалды-инновациялық даму

2010-2014 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық дамуды жылдамдату бойынша Мемлекеттік Бағдарламаларды жүзеге асыру экономиканы ары қарай жетілдіру мен дамыту басты құралы боылп қала береді. Бизнес-жобаларды әзірлеу мен оларды облыстық индустриализация Картасына енгізуге септігін тигізеді.




7. Бюджеттік шығындардың негізгі басымдықтарының бірі болып толық көлемде мемлекеттің әлеуметтік міндеттерін орындау табылады.

Одан басқа, апатты жағдайларды жою мен алдын алу бойынша шараларды жүзеге асыру басымды болады.

Жергілікті бюджеттің қаражаттарын шығындаудың басымды бағыттарына білім, денсаулықсақтау, сумен қамту, тұрғын үй құрылысы жобалары жатады.


    1. Бюджеттік инвестициялық саясаттың негізгі басымдықтары

(соның ішінде бюджеттік инвестициялар)
2012 жылдың 27 қаңтарындағы «Қазақстан дамуының басты векторы – әлеуметтік-экономикалық жетілдіру» Ел басының Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес стратегиялық және бағдарламалық құжаттамалармен алдағы орта мерзімдік кезеңде жергілікті бюджеттік инвестицияларды таңдау халықтың өмір сапасын жоғарылату және қаланың экономикалық дамуына қатысты, сұрақтың шешілуіне жауап беретін, басымдықтар бойынша жүзеге асырылады.

Алдағы кезеңде бюджеттік инвестициялардың дамуында негізгі бағыттар болып келесілер табылады:




  1. Әлеуметтік саланы жетілдіру

Берілген бағыт бойынша білім саласында инвестициялық жобаларды қаржыландыру қарастырылған, ол республикалық бюджеттен қаржыландырылатын 2011-2013 жылдарға арналған Қарағанды облысы Приозерск қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының Кешендік жоспары шеңберіндегі бала бақша құрылысы.


  1. Халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту, тұрғын үй құрылысы жолымен баспанамен қамтамасыз ету, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, су өткізу және су жүйесін дамыту.

Берілген бағыт бойынша бірінші кезекте 2011-2020 жылдарға арналған «АқБұлақ» бағдарламасы шеңберінде су жүйесі бойынша инвестициялық жобалар жүзеге асырылатын болады.

Одан басқа, тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасында қол жетімді жалдамалық тұрғын үй құрылысы жолымен тұрғын үй қорын ұлғайту жоспарлануда.




  1. Аймақтық даму

Берілген бағыт бойынша 2011-2013 жылдарға арналған Қарағанды облысы Приозерск қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының Кешендік жоспары шеңберінде қаланың мәселлерін шешуге бағытталған іс-шараларды қаржыландыру қарастырылуда.

Әлеуметтік-экономикалық дамудың Кешендік жоспары шеңберінде Приозерск қаласымен облыстық әкімшілік бағдарламаларына 2013-2015 жылдарға арналған Бюджеттік өтінімдер ұсынылған:

- 2013 жыл - 6210,9 млн. теңге (4541,7 РБ);

- 2014 жыл - 3861,2 млн. теңге (3455,3 РБ);



- 2015 жыл - 2635,9 млн. теңге (2371,8 РБ).





Каталог: files -> userfiles -> 10 06 2013
10 06 2013 -> Жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштер тізімі
userfiles -> Қарағанды облысы қаржы басқармасының 2012 жылғы ІІІ тоқсанға арналған жұмыс жоспары
userfiles -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
userfiles -> Қазақстан Республикасының энергия тиімділігін арттырудың 2012-2015 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы
userfiles -> Теміртау қаласының әкімі Н. Е. Сұлтановтың халыққа «Теміртау қаласының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы» есебі
userfiles -> «Приозерск қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2013 жылғы 7 айда атқарған жұмысының есебі туралы
userfiles -> Мүлiктi жеке меншiктен мемлекеттiк меншiкке ерiктi және өтеусiз беру ережесiн бекiту туралы
10 06 2013 -> Қарағанды облысы Приозерск қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2011 – 2013 жылдарға арналған кешенді жоспары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет