Ұйымның ішкі ортасы



бет1/5
Дата01.03.2024
өлшемі79.54 Kb.
#493397
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5
Ұйымның-ішкі-ортасы


ҰЙЫМНЫҢ ІШКІ ОРТАСЫ

Соңғы уақытта ұзақ мерзімге негізделген бәсекелестік аясында қызмет етуге бейім стратегияның мағынасы артып келеді. Барлық компаниялар қатал бәсекелестік пен құбылмалы ішкі және сыртқы орта жағдайында ғана емес, ішкі және сыртқы ортаның өзгермелі факторларына тез бейімделе алатын стратегия құрастыруға басты назарын аударуда.


Жаңа сұраныстардың пайда болуы, тұтынушылар құрамының өзгеруі, шектеулі ресурстарға бәсекелестіктің артуы, бизнестің жаһандануы заманауи компания менеджерлерін басқарудың тиімді әдістерін, яғни қысқа мерзімде табысқа жетуді көздеуден ұзақ мерзімге бағытталған ішкі ортаны басқару әдістерін қолдануға итермелеп отыр. Сонымен қатар, ішкі ортаны басқарудың мәнін күрт арттыруға бизнес үшін күтпеген жаңа мүмкіндіктердің пайда болуы, ақпаратты жедел қабылдау мен жеткізу, оны өңдеу желілерінің қарқынды дамуы, инновациялық технологиялардың қолжетімділігі, адам ресурстары маңызының өсуі және тағы да басқа себептер өз үлесін қосуда.
Әдетте ұйымның ішкі ортасын құрастыру мақсаттар мен миссияны анықтаудан басталады. Әрі қарайғы қадам ретінде стратегиялық талдау жүзеге асырылады. Ал, оның негізгі мақсаты – ұйым қызмет атқаратын саланы сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді талдау, бәсекелестік бағытын, оны үдететін факторларды бағалау арқылы салада ұзақ мерзімді тұрақты даму мүмкіндіктерін анықтау. Сонымен қатар, ұйымның ішкі ортасына талдау жасау арқылы оның әлеуетін, күшті және әлсіз жақтарын білу.
Алғашқы кездерде ұйым әрбір жүйенің құрамы ретінде қаралатын. Менеджмент жеке ғылым ретінде қалыптаса бастаған кейін ұйым өзінің мекемедегі бар құрамдарының ролдерімен, қызметтерімен, құқығы мен міндеттерімен біліне бастады.
Қандай ұйым, кәсіпорын болмасын «өмір сүріп», өзінің мақсаттарына жету үшін менеджер ең бірінші ішкі ортаның элементтері мен сыртқы ортаның әрекеттеріне көңіл аударуы тиіс. Ұйымның өзі адамдар құрған жүйе болғандықтан, оның ішкі ортасының элементтері сауатты қабылданған басқару шешімінің нәтижесі болып табылады.


Басқару объектісі - ұйым болып табылады, яғни жеке және мемлекеттік фирмалар, мемлекет мекемелері, қоғамдық бірлестіктер, мәдени және оқу-ағарту мекемелері және т.б. соғамның әлеуметтік институттары. Басқару ғылымында ұйымдардың құрылымы және қызмет етуінің комплексті жалпы теориясы жан-жақты ғылыми реттеулер пәні болғанына қарамастан осы күнге дейін аяқты анықталмаған. Осы тұрғыдан ұйымды жүйелік баппен қарастырудың маңызы зор. Сонымен ұйым дегеніміз - біртұтас байланысты бірлікті құратын элементтер жиынтығынан тұратын күрделі динамикалық әлеуметтік - экономикалық жүйе. Ұйым – барлығы бірігіп бағдарламаны және іске асырғандығы белгілі ережелер мен рәсімдер негізінде істейтін бірлестігі. « Ұйым» ұғымы құрлымдық және жүріс – тұрыс саласында қарастырылады. Ұйым ұғымы бүтіндегі мен ұқсастығын, әр түрлі ішкі және сыртқы өзгерулердің негізгі ерекшеліктерін сақтауды объектілердің тұрақты байланысын қамтамасыз етеді. Құрлымдық ыңғайда ұйым ұйымдық құрлым сияқты бір немесе бірнеше мақсаттарға бағынышты өзара байланысты бөлімшелердің тұтастығы ретінде қатысады. Ұйымдық құрылым – алға қойған мақсаттарға тиімді жету үшін жұмыс істейтін адамдардан арнайы құрылған тұтастық жүйе. Ұйым деп көбінесе бірыңғай, тұтас организм болып саналатын бір идеологияны қолданатындар олар экономикалық, техникалық, технологиялық жұмыс істейді. Жүріс – тұрыс ыңғайында процесс ұйымда зерттеу орталығында ұйымдық құрлымның бөлігі ретінде адам квалфикациясымен, жеке ерекшеліктермен еңбекке деген қабілеттілігімен мотивациясы ретінде жобалады. өз кезегінде, ұйым процессі бірнеше бағытқа диференцияланады.Ұйымды жүйелік баппен қарастыру ұйымның жеке спецификалық элементтерімен қатар, осы элементтер ұйымдастырылған жиынтығына тән жаңа қасиеттері сапаларын қарастыруды ескереді. Бұл көзқарас тұрғысынан элемент қалған басқаларына қатынасын қарастырады. Себебі элементтердің біреуіндегі өзгеріс белгілі бір шамада басқалары өз әсерін тигізеді. Демек, бұл көзқарас ұйымды сипаттарда жүйе элементтері арасындағы өзара байланысын анықтауды көздейді. Ұйымның жүйе ретінде маңызды ерекшелігі – оның ортамен байланысы. Сыртқы ортаға берілген ұйымның сыртында жайласқан және оған айтарлықтай әсер тигізетін бар элементтер жатады. Ұйым байланысын сипаттау үшін жүйенің кірістері шығыстарын айқын анықтау қажет, сонымен қатар жүйе айтарлықтай әсерін тигізуші компоненттердің сипатталуы қажет. Бұл жерде ұйымның ішкі ортасына оның айналасы көп әсерін тигізетіндігін ескеру қажет. Ұйым ішінде оның жеке қосалқы жүйелері өзара сыртқы ортамен өз бетімен байланыс құруы мүмкін. Ұйымды жүйе ретінде оның іс-әрекет етуі көп даму бағыты сипаттайды. Ол жүйенің даму және іс-әрекетіне себепті-салдарлық қатынастарын айқындау сипаты қызметін атқара отырып, іс-әрекетінің тиімді реттелуіне жету мақсатында айқындалады. Ұйым күрделілігі оның көп мақсатты екенін көрсетеді. Осы мақсаттарға жету үшін сол ұйым әр ортаға байланысты міндеттерін орындауы қажет. Осыдан білетіндей кез келген ұйымның (фирма, өнеркәсіптік өндіріс, компания және т.б.) өзінің операциялары жүзеге асырылатын ішкі және сыртқы ортасы бар.Қандай ұйым, кәсіпорын болмасын «өмір сүріп», өзінің мақсатына жету үшін менеджер ең бірінші ішкі ортаның элементтері мен сыртқы ортаның әрекеттеріне көңіл аударуы тиіс. Сонымен қатар әрбір топтың ұйым болып есептелуі үшін келесі сипаттамалар болуы қажет:

  • осы топтың мүшесі болатын кем дегенде 2 адамның болуы.

  • барлығының алдына қойылған ортақ мақсат немесе нәтиженің болуы.

  • топтың мақсатына жету үшін мүшелерінің бірегей арнайы еңбек етуі.

Формалды топтар болып ұйымның мақсаттарына жетуі үшін басшының ерікмен жиналған топтар жатады. Негізгі міндеттері болып нақтылы қойылған мәселелерді орындап,ұйымның мақсат мүддесіне жету. Формалды емес топ болып белгілі бір мақсатқа жету үшін ойда жоқта құрылған, және тұрақты қатынастарда болатын адамдар тобы жатады. Бұндай топтардың өзара қатынастары достық пен жекеше бірін бірі жақсы көруге негізделеді. топтың ішінде көптеген адамдар саны болса, онда олардың билігі мен әсері күшейеді. Формалды емес арналар бойынша тараған жаңалықтар формады ұйымның билігіне әсер етіді. Басқа бір әсер етудің жолы – шарасыздық және шара қолданбаушылы. Формалды емес топтар ұйымның дамуын алға жылжытуы да, керісінше, тежеуі де мүмкін, сондықтан менеджердің негізгі міндеті бұндай топтардың әсер етуін жоққа шығару болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет