Жоба Ақтөбе облыстық мәслихатының шешім І



Дата24.02.2016
өлшемі2.24 Mb.
#16092
Жоба

Ақтөбе облыстық мәслихатының

Ш Е Ш І М І
Ақтөбе қаласы № 2015 жылғы «___»______
Есет батыр Көкіұлының мавзолей-кешені 1667-1749 ж.ж. тарихи-мәдени мұра объектісінің қорғау аймағы, құрылыс салуды реттеу аймағы және қорғалатын табиғат ландшафты аймағы туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 127-бабының 2-тармағына, «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 36-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №156 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10171 тіркелген, Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарын айқындау және пайдалану режимі қағидаларының 3, 9-тармақтарына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес, Алға ауданында орналасқан, Есет батыр Көкіұлының мавзолей-кешені 1667-1749 ж.ж. тарихи-мәдени мұра объектісінің қорғау аймағы, құрылыс салуды реттеу аймағы және қорғалатын табиғат ландшафты аймағының шекаралары қоса беріліп отырған схемалық картаға сәйкес бекітілсін

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ.Нұрқатоваға жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

     

Облыстық мәслихаттың                    Облыстық
        сессия төрағасы                  мәслихаттың хатшысы

2015 жылғы «__» _______ №_____


облыстық мәслихаттың шешіміне
1-қосымша
Есет батыр Көкіұлының мавзолей-кешені 1667-1749 ж.ж. тарихи-мәдени мұра объектісінің қорғау аймағы, құрылыс салуды реттеу аймағы және қорғалатын табиғат ландшафты аймағының шекаралары
       Мемориалды кешеннің қорғау аймағы Алға ауданының Бестамақ ауылынан шығысқа қарай 3 км жерде орналасқан Есет батыр Көкіұлының мавзолей-кешенінің бөлінбес функционалдық бөлігі болып табылатын ландшафттың шекаралары бойынша өтеді.

      Қорғау аймағына:

Есет батыр Көкіұлының мавзолейі

Есет батыр Көкіұлының мемориалдық кешені;


XIX-ХХ ғғ. қабірүсті тас қоршаулар құлпытастармен;
б.з.д. І мыңжылдықтың екінші жартысына жататын алты қорған;

б.з.д. І мыңжылдықтың екінші жартысына жататын екі тас мүсін;

жолдар енгізілген.

      Есет батыр Көкіұлының мавзолей-кешенінің қорғау аймағының, құрылыс салуды реттеу аймағының және қорғалатын табиғат ландшафты аймағы шекараларының жалпы ауданы 15,95 гектарды құрайды:

қорғау аймағының ауданы – 6,39 гектар;

құрылыс салуды реттеу аймағының ауданы – 2,46 гектар;

қорғалатын табиғат ландшафты аймағының ауданы – 7,1 гектар.

Қорғалатын табиғат ландшафты аймағы, ескерткішті қорғау аймағының шекарасына іргелес жатқан аумақты алып жатыр. Оған тарих және мекендік тіршілік үшін аса маңызды, жоғары ғылыми маңызға және жоғары эстетикалық сапаға ие табиғи айналасы енгізілген.

2015 жылғы «__» _______ № _______


облыстық мәслихаттың шешіміне
2-қосымша
Есет батыр Көкіұлының мавзолей-кешені 1667-1749 ж.ж. тарихи-мәдени мұра объектісінің қорғау аймағы, құрылыс салуды реттеу аймағы және қорғалатын табиғат ландшафты аймағының шекаралары



Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет