Жоба оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің



бет3/4
Дата24.04.2016
өлшемі0.54 Mb.
1   2   3   4

Туризм саласы

Облыстың туристік тартымдылығын насихаттайтын жарнамалық-ақпараттық материалдар (буклеттер, туристік карта, туристік жол сілтегіштер) әзірленді.

Туристік мүмкіндіктері туралы 5 минутты және 45 секундтты бейнероликтер мен 26 минуттық бейнефильм әзірленді, отандық және шет елдік телеарналарда трансляциялау жұмыстары жүргізілді.

Өңірдің туристік тартымдылығы мен туристік нысандары бойынша Германияда өткен ең ірі «ITB BERLIN» халықаралық туристік көрмесінде «Travel talk», «FVW Daily» және «FVW Magazines» халықаралық журналдарында 80 000 тиражды жарияланым шығарылды.

Кіру және ішкі туризмін дамыту мақсатында облыс көлмінде бірнеше ірі туристік іс-шаралар:

- Шет елдік туристік ұйым БАҚ өкілдеріне ақпараттық тур;

- «Сарқылмас саяхат» жылжымалы туристік жәрмеңкесі;

- «Шымкент халықаралық туристік форумы» ұйымдастырылып өткізілді.

Халықаралық туристік көрмелер мен жәрмеңкелерге Қытай, Испания, Туркия, Германия елдерінде өтетін көрмелерге қатысып, жарнамалық-ақпараттық материалдар таратылды.

«Қасқасу» шаңғы базасына инфрақұрылым құрылысы басталды (2014 жылы – 300,0 млн. тг; 2015 жылы – 150 млн. тг.).

«Сарыағаш» халықаралық курорттық кешенін қалыптастыру және Шардара су қоймасының аумағын демалыс орнына айналдыру мақсатында егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы және Германиялық халықаралық консалтингтік компаниясымен «Сарыағаш» курортының шебер-жоспары әзірленді. КТЖ мен келіссөздер жүргізілуде, нәтижесі бойынша Шымкент Сарыағаш бағытында заманауи жүрдек пойызы қатынайтын болады.
Табиғи газбен қамтамасыз ету

2015 жылдың 1 қаңтарына облыстағы табиғи газбен қамтылған елді мекендер саны 315 жетіп (1,3 млн халық) 34,0 пайызды құрады.

2015 жылдың қорытындысымен облыстық бюджет есебінен (3,4 млрд. тг) Бейнеу-Бозай-Шымкент магистралды газ құбырының бойындағы Сайрам ауданымен (Жаңа қоғам), Түркістан қаласында (Ескі Иқан) автоматтандырылған газ тарату стансаларының құрылыстары пайдалануға беріліп, 40 елді мекен немесе 57 мың халықты табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік туады. Сонымен қатар, «КазТрансГаз» АҚ инвестициясы есебінен Бәйдібек және Созақ аудандарындағы 90 елді мекен, 112 мың халықты табиғи газбен қамтуға бағытталған автоматтандырылыған газ тарату стансасының құрылысы пайдалануға беріледі.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы құрылыс жұмыстары облыстық бюджет есебінен (13,2 млрд.тг.) басталған Кентау қаласы, Отырар және Ордабасы аудандарында газ тарату стансаларының құрылыстарын 2016 жылы пайдалануға беру жоспарлануда.

Елді мекендерді газдандыру жұмыстарын одан әрі дамыту мақсатында жоғарыда аталған газ тарату стансаларынан газ алатын 18 елді мекенді газдандырудың жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде.

2015 жылы Газли-Шымкент магистралды газ құбырынан газ алатын 20 елді мекен (28,0 мың халық) табиғи газбен қамтылатын болса, 16 елді мекенді газдандырудың жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде.


Жылу-энергетика саласы

Ағымдағы жылы Шымкент қаласының солтүстік-батыс мөлтек аудандарын сапалы электр қуатымен қамтамасыз етуге бағытталған 220 киловольттық «Бозарық» (6,7 млрд.тг.) қосалқы станцияның құрылысы басталды, 2016 пайдалануға берілетін болады. Жоба жүзеге асқан жағдайда Шымкент қаласының солтүстік-батыс бөлігіндегі 11 мөлтек аудан (280,0 мың халық), әкімшілік-іскерлік орталығы, өндірістік кәсіпорындар, шағын және орта бизнес нысандары толығымен электр қуатымен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, Түркістан қаласында 110 киловольттық «Коммунальная» және Төлеби ауданында 35 киловольттық «Шаңырақ» қосалқы стансаларының құрылысы аяқталып 23,0 мың халықпен бірнеше өндірістік және әлеуметтік нысандар сапалы электр қуатымен қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ, Шымкент, Түркістан қалаларында және Сарыағаш, Отырар аудандарында 11 (62 мың халық) елді мекен сапалы электр қуатымен қамтамасыз етіледі.


Ауыз су саласы

2015 жылдың 1 қаңтар жағдайына 667 елді мекен (2,3 млн. халық) құбыр суымен қамтылып отыр.

2015 жылы бюджет есебінен 6,8 млрд.теңге қаралып, 34 елді мекенде құрылыс жұмыстары жүргізілуде, жыл қорытындысымен су құбыры мүлдем жоқ 8 елді мекенге (10,1 мың халық) жаңа ауыз су құбырларының құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілсе, 9 елді мекендегі (122,7 мың халық) тозығы жеткен ауыз су жүйлері жаңартылатын болады.

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап геологиялық іздеу-барлау жұмыстарын жүргізіп, жер асты су қорларын бекіту жұмыстары жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне берілді.

Бұл бағыттағы жұмыстарды жүргізу үшін республикалық бюджет есебінен 1,1 млрд.теңге болініп, 2015 жылдың қорытындысымен құбыр суы мүлдем жоқ 150 елді мекеннің жер асты су қорлары бекітілетін болады.
Автомобиль жолдары саласы

2015 жылы бюджет есебінен 22 облыстық маңызы бар жолдармен көпірлерді қайта құру, кұрделі және орта жөндеуден өткізілуде. Жыл қорытындысымен 10 жол 1 көпір пайдалануға беріліп, 79,1 шақырым жолдардың жағдайы жақсаратын болады.

Шымкент қаласында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол тығындарын азайту мақсатында а.ж. бюджет есебінен негізгі жолдардың құрылысына, қайта құру, кұрделі жөндеу жұмыстарына қаржы бөлініп, іске асырылуда.

Әл-Фараби, Дамбовая, Мәделі қожа, Бауыржан Момышұлы, Қожанов, Кіші айналма жолымен, Жібек жолы көшелерін қайта құру жұмыстары жүргізілуде, жыл қорытындысымен Дамбовая, Мәделі қожа көшелерін қайта құру жұмыстары пайдалануға беріліп, 4 жолақты болып кеңейтіледі.

Сонымен қатар, 3 мөлтек ауданның (Қатын Көпір, Достық, Ынтымақ) көшелері қайта құру жұмыстары басталып, 2016 жылы пайдалануға берілетін болады.

Жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, көлік тығынын болдырмау мақсатында үш жайяу жүргіншілер өткелінің құрылысы 2014-2015 жылдары басталып, ағымдағы жылы екі өткелдің құрылысы пайдалануға беріледі.

Біршама уақыттан бері, көлік тығынын тудырып, жолаушылар үшін қолайсыз жағдай тудырып келген Қапал Батыр көшесінің темір жол үстіндегі көпірді қайта құру жұмыстары а.ж. басталып, 2016 жылы пайдалануға берілетін болады.

Сондай-ақ, қала ішіндегі 70 көшені орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, шілде айының 1 жұлдызына 36 көшеде жұмыстар аяқталып, қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

Байтұрсынов, Түркістан көшелерімен Қонаев даңғылын, Бәйдібек би даңғылын Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізіне дейінгі аралығын қайта құрудың және Астана даңғылының жалғасы құрылысының жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Бұл жобалардың құрылысы 2016 жылдан бастап қолға алынатын болады.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің «Шымкент – Қызылорда облысы бағытындағы» 239 ш.қ. құрылысы аяқталып, көлік қозғалысы үшін берілді.

Көлік дәлізінің құрылысы барысында айналма жол ретінде пайдаланған Темірлан елді мекені арқылы өтетін 15 ш.қ. жолды күрделі жөндеу жұмыстарын ағымдағы жылы бастап, жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

«Шымкент – Жамбыл облысы бағытындағы» 81 ш.қ. жолдың 46 ш.қ. құрылысы аяқталды, қалған бөлігінің құрылысын а.ж. соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

«Шымкент – Ташкент бағытындағы» 101 шақырым жолдың құрылысы 3 учаскеге бөлінген.

1 учаскедегі 37 ш.қ. жолдың құрылысы а.ж. соңына дейін аяқталып, көлік қозғалысы үшін беру жоспарлануда.

2, 3 учаскелеріндегі 64 ш.қ. жолдың бүгінгі күнге жер қазу, негізін дайындау, су өткізгіш құбырларын қою және көпірлердің құрылысын жүргізуде. Жол құрылысын 2016 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.


Көлік саласы

Облыста қоғамдық жолаушылар тасымалы қызметін 63 жеке тұлғадағы тасымалдаушылар атқарады. 2015 жылдың 6 айында облыста 932,4 млн. жолаушы тасымалданды. Облыстағы барлық қоғамдық жолаушылар тасымалдау бағыттарының желісі бүгінгі күні 388 бағыттағы 2234 кестеден тұрады. Облыс тасымалдаушылары өткен жылы жалпы 264 жаңа автобус сатып алды. Оның ішінде «Green Bus Company» ЖШС-нің өзі газбен жүретін 200 жаңа автобус сатып алған. Бүгінгі күні облыста қажеттілігіне және жол жағдайына байланысты автокөліктер бара алатын 766 елді мекеннің 89,7 пайызы (687 е.м.) қоғамдық жолаушылар тасымалымен қамтамасыз етілген (республикадағы орташа көрсеткіш 76 пайызды құрайды).

Әлеуметтік маңызы бар «Шымкент-Түркістан» және «Шымкент-Сарыағаш» теміржол бағыттары бойынша пойыздар аптасына 5 реттен қатынайды. Аталған бағыттардың шығындарын субсидиялауға 2015 жылға облыс бюджетінен 173,114 млн. теңге қаржы қаралды.

Жаңа әкімшілік іскерлік орталығы

Жаңа әкімшілік іскерлік орталығының даму жоспарына сәйкес облыс әкімдігімен оның құрылымдық басқармалары, облыстық мәслихаттың ғимараты пайдалануға берілді. "Оңтүстік" қабылдау үйі мен "Рахима плаза" сауда кешенінің құрылыстары аяқталып, күзге дейін пайдалануға берілетін болады. Жаңа мешіттің, тұрғын үйлердің құрылысы салынуда. Сонымен бірге қаржы орталығының, "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының құрылымдарының әкімшілігі ғимаратының құрылысын жүргізу үшін жер телімдері беріліп, тиісті жұмыстары атқарылуда. Жаңа әкімшілік іскерлік орталығының инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымының құрылысының 2-кезеңі іске асырылуда. Қала келбетін көркейту мақсатында Шымкент қаласындағы «Шымтөбе кешені» (Ханқорған) және «Қасірет» мемориалының атын «Тағзым» деп өзгертіп, қайта құру мақсатында ЖСҚ әзірленуде. "Бабалар өсиеті" аллеясымен "Жібек жолы" компазициясының құрылысы жүргізілуде.


Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы

2015 жылдың І-жартыжылдығында құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі (ИФО) 65,2 млрд. тг. құрап, 2014 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 108,4% құрады. Өңірлерді дамыту - 2020 бағдарламасы аясында 179 мың ш.м. тұрғын үй тапсырылып, былтырғы жылдың осы мерзіммен салыстырғанда 106 % құрады.



Тұрғын үй бойынша – 37 нысанның құрылыс жұмыстары 5,8 млрд. тг. жүргізілуде. Жыл соңына 29 нысан (43 тұрғын үй, 2969 пәтер, 161 мың ш.м.) құрылысын пайдалануға беру жоспарланып, 6 нысан (6 тұрғын үй, 399 пәтер, 22,7 мың ш.м.) тапсырылды.

Тұрғын үй бағдарламасы аясында:

«ҚИК» АҚ арқылы Шымкент қаласының жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ-ы 6,3 млрд. теңге қаржыға 15 тұрғын үйдің (56,2 мың ш.м., 1080 пәтер) құрылысы аяқталып, пайдалануға берілуде.

«Бәйтерек» АҚ-ы арқылы 4,6 млрд. теңге қаржыға Шымкент қаласы, «Асар» мөлтекауданында 5 қабатты, 30 пәтерлі, 18 тұрғын үйлердің (540 пәтер, 30,6 мың ш.м.) құрылысы жүргізілуде.

«Самұрық Қазына» АҚ-ы арқылы 3,3 млрд. теңге қаржыға Шымкент қаласы, «Нұрсат» м/а 9 қабатты, 8 блокты «Бақыт» тұрғын үй кешенінің (304 пәтер, 25,6 мың ш.м.) құрылысы басталды.

2015 жылы 38 көп қабатты тұрғын үйлер күрделі жөндеуден өтуде, оның ішінде Шымкент қаласынан 32 үй.



Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау функциясы орталық деңгейден жергілікті атқарушы органдар құзырына берілді. Осыған орай, басқармаға құрылыстың сапасын жақсарту, лицензиаттарға талапты күшейту жөнінде тапсырмалар беріліп, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Қоршаған ортаны қорғау

Оңтүстік Қазақстан облысы елді мекендерін көгалдандырудың 2014-2016 жылдарға арналған «Жасыл аймақ» іс-шара жоспарымен аудан, қала әкімдіктерінің орталықтарында және елді мекендерінде жасыл аймақ құруға 1723 га жерге 747,0 мың дана түп көшеттер егу облыс әкімдігінің қаулысымен бекітілді. Іс-шараға сәйкес, 2015 жылдың 6 айында жоспарланған 570 га 239, мың түп ағаштың 329,9 га жерге 143,3 мың түп ағаш көшеттері егілді.

Осы іс шара аясында Шымкент қаласы айналасынан 2014 жылға дейін егілген 2 564 га жерге жалғастыра 2 500 га жерге жасыл белдеу жасалуда. Жасыл екпелерді егу және күтіп баптау жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу үшін облыс әкімдігінің 2015 жылғы 6 наурыздағы №57 қаулысымен арнайы «Жасыл аймақ» мемлекеттік коммуналдық мекемесі құрылды. Қазіргі таңда жыл аяғына дейін жүргізілетін көгалдандыру жұмыстарына қадамдық іс-шарасы бекітіліп, қазан-қараша айларында көшет отырғызу жұмыстары жүргізу жоспарлануда.

Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында орман қоры жері 3 132,1 мың гектар, оның ішінде 1 566,7 мың гектары орманмен көмкерілген алқапты құрайды. Орманды молайтудың 2015-2017 жылдарға арналған іс-шара жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес, 2015 жылы 8 075 га жерге ағаш көшеттерін егу, 10 000 га жерге сексеуіл тұқымын себу және 4 000 га жерде орманның табиғи ұрпақтануына ықпал жасау жұмыстары атқарылады.

2015 жылдың 6 айында орманның таулы аймақтардың 75 га жеріне орман ағаштары отырғызылып, жер дайындау жұмыстары 16 300 га орындалды.

2015 жылдың 6 айында 6 931,3 мың түп 40 аса түрлі ағаш-бұталардың көшеттері өсірілуде.

Облыс әкімдігінің 05.09.2012 жылғы №264 қаулысымен құрылған «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты 119 978,4 га жер ҚР Үкіметінің 20.03.2014 жылғы №247 қаулысымен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жері санатына ауыстырылды. Аумақтарда мекендейтін жабайы аң-құстарды сақтау мақсатында аң аулау объектісі болып табылатын аң-құстарға берілетін лимит тоқтатылып, 2015-2017 жылдар аралығында аң аулауға тыйым салу жөнінде мораторий жарияланды.

Қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша 2015 жылға қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемдер түсімінің жоспары 1329,6 млн. теңгені құрап, оның ағымдағы жылдың 6 айына 646,5 млн.теңгесі бюджетке түсті.

Шымкент қаласы Самал-3 мөлтек ауданы аумағында орналасқан ескі күл-қоқыс орнына рекультивация жүргізіліп, жабылып, Ақтас-1 елді мекенінде жаңа қоқыс полигоны ағымдағы жылдың 16-наурызынан бастап іске қосылды. Полигон жанынан жеке инвестор есебінен қоқысты қайта өңдеу зауыты салынып, ағымдағы жылдың 1-шілдесінен бастап іске қосылды.


Жер қатынастары

«ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» ҚР Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы №898 Жарлығы және «ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V Заңымен және 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 269-V Заңымен (2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) орталық уәкілетті органның аумақтық жер инспекциясының құзыры жергілікті атқарушы органдарға берілді. Олар:

- жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

- жер заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде орындалуы міндетті нұсқамалар беру;

- жер заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;

- пайдаланбай жатқан немесе жер заңдылықтаны бұза отырып пайдаланып жатқан жер учаскелері бойынша сотқа талап қоюды дайындау және беру;

- егер құрылыс, пайдалы қазбалар кен орындарын қазу, объектілерді пайдалану, геологиялық-барлау және басқа да жұмыстар жер заңнамасын, жерді пайдаланудың белгіленген режимін бұза отырып жүзеге асырылып жатса, сондай-ақ бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе теріс қорытынды алған жобалар бойынша жүргізіліп жатса, оларды тоқтата тұру;

Шымкент қаласы жерлерінің кадастрлық құнын нарықтық құнына сәйкестендіру мақсатында облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 19 наурыздағы №36/302-V шешімімен Шымкент қаласының аймақтары үшін түзету коэффиценттері 0,5-тен 2-ге дейін болып белгіленді.

Нәтижесінде 1 аймақта 1 шаршы метр жердің кадастрлық құны 1 275 теңгеден 2 550 теңгеге көтерілді.

Ауыл шаруашылығы жерлеріне жүргізілген түгендеу жұмыстары нәтижесінде пайдаланбай жатқан 633,7 мың га (о.і егістік 165,0 мың га) ауыл шаруашылық жерлері анықталып (2015 жылы 28,7 мың га), бүгінгі күнге 590,0 мың га (о.і егістік 156,7 мың га) жер ауданның арнайы жер қорына қайтарылды, 43,7 мың га жерлерді қайтаруға шаралар қолданылуда. Аудандардың арнайы жер қорына қайтарылған жерлерден ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге аудан, қалаларда 15 рет конкурстар өткізіліп, 68,1 мың га жалға берілді.

«Батыс Европа–Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің құрылысының астына түсетін жер учаскелерінің жалпы саны 255 (жер көлем 140,5 га).

Жер учаскелерін сатып алуға 2014 жылы республикалық бюджеттен 595,3 млн. теңге бөлінді. Жер учаскелерін сатып алу барысында 384,6 млн. теңге үнемделді. Оның ішінде Сайрам ауданындағы бағасы жоғары бағаланған 5 – нысан, құны – 223,7 млн. теңге (жер көлемі - 0,44 га). (құрылысқа кедергі келітіріп отырған жер 287 метр). Сот сараптамалық қорытындысымен 110,8 млн. теңге бағаланып, 112,9 млн. теңге үнемделді.


Қоғамдық – саяси ахуал

Қазақстан Республикасы Президенті– Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын түсіндіру мақсатында 2514 кездесу өткізіліп, 600 мыңнан астам адам қамтылды. Жолдауға байланысты облыстың қала, аудандарында 425 тақырыптық баннерлер ілінген. Жолдауды қолдау бойынша жыл басынан облыстық, қалалық, аудандық жергілікті баспа бұқаралық ақпарат құралдарында 1203 мақала жарық көрді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің 5 институционалды реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру және насихаттау мақсатында облыста бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Атап айтар болсақ, еліміздің беделді саясаткерлерінің қатысуымен өңірлік эксперттік форумы өтті.

Елімізді өркендету жолындағы тиімді дамудың 5 қадамын ақпараттық қамту және насихаттау мақсатында еліміздің барлық өңірлерінің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысқан аймақтық журналистер форумы өткізілді.

Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша облыстық іс-шаралар жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар атқарылуда.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының жылын және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 ж. 26 желтоқсандағы № 408 қаулысы қабылданды.

Осы қаулымен Қазақстан халқы Ассамблеясының Жылын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі облыстық комиссияның құрамы бекітілді.

А.ж. Түркістан қаласында «Қазақстан халқы Ассамблеясы - 20 ізгі іс» республикалық эстафетасының бас белгісі «Тайқазанды» ұлықтау рәсімі «Тайқазан – игілікті істердің символы» салтанатты шарасы өтті. Жалпы облыс көлемінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында маңызды 33 іс-шара өткізіледі, оның ішінде 2015 жылғы бірінші жартыжылдықта 21 іс-шара өткізілді.

Облыстық деңгейде мемлекеттік органдардың этносаясат саласындағы жұмысын үйлестіру бойынша ассамблея хатшылықтары меңгерушілерінің рөлі мен жауапкершілігін арттыру жөнінде шаралар қабылданып, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен облыстық ассамблея хатшылығы меңгерушісінің лауазымы облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары – ассамблея хатшылығының меңгерушісі болып бекітілді.

Сонымен қатар, облыстық ассамблея қызметін нығайту мақсатында Сайрам, Сарыағаш, Мақтаарал, Төлеби аудандары мен Түркістан қаласы әкімдері аппараттарында Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығымен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын штаттық бірлік қарастырылды.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мемлекеттік коммуналдық мекемесі құрылып, бұрынғы «Жастар орталығы» орналасқан ғимаратқа көшірілді. Штат саны 72 бірлікке жеткізіліп, Сайрам, Сарыағаш, Мақтаарал, Төлеби аудандары мен Түркістан қаласында оның филиалдары ашылды.

Сонымен қатар, «Қоғамдық келісім» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің балансына бұрынғы «Қазақстан» кинотеатрының ғимараты берілген. Этносаралық қоғамдық қатынасты нығайту мақсатында а.ж. аталған ғимаратты «Достық үйі» етіп қайта құру мақсатында ТЭН және ЖСҚ әзірленуде. Келешекте ол жерде Қазақстан халқы Ассамблеясының міндеттеріне қызмет ететін іс-шаралар өткізуге болады.

Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесі құрылды.

Бұл Кеңестің негізгі міндеті қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту мақсатында азаматтық қоғам институттарының, саяси және үкіметтік емес ұйымдардың басқа бірлестіктердің басын бір арнаға біріктіру, Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізудің біртұтас тәсілдерін әзірлеу.

Осындай кеңестер облыстың аудан, қала, ауыл, кент, ауылдық округтерінде де құрылды.



Мемлекеттік саясатты бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен түсіндіру және насихаттау мақсатында жыл басынан бері 15 медиа-жоспарлар жасалып, бекітілді. «Оңтүстіктегі оңды істер», "Шымкент үшінші қала", бағдарламары мен радиолардан «Ел сөзі», «Қоғам және біз» хабарлары арқылы облыстың жетістіктері дәріптелуде.

Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай 15 аудан, қала бойынша «Ұлы Жеңісті жақындатқан Оңтүстікқазақстандықтар» топтамасы мен «Майдангерлер» фильмі, сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Біз соққан ортақ үй» тақырыбында 10 минуттық аннимациялық фильмі түсіріліп, телеарнадан көрсетілді.



Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік, экономикалық өсуі, тұрақтылық, ұлтаралық келісім, ауылдардың, елді-мекендердің өркендеуі бойынша «Өзгерген өңір» бағдарламасын дайындап, көрсету жоспарлануда.

«OTAU TV» Ұлттық цифрлық телехабар тарату желісі 174 мың 782-ні отбасыны құрап, республика бойынша жоғары көрсеткішке ие болды.

2015 жылғы 21 мамыр күнінен бастап облыс әкімі жанындағы «Оңтүстік ақпарат» баспасөз орталығы ашылды. «Оңтүстік ақпарат» баспасөз орталығы мемлекеттік органдарының ашықтығын арттыруға және жұртшылықтың мемлекет жұмысы туралы нақты ақпарат көздерінен көбірек ақпараттандырылуын қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ мемлекеттік орган мен БАҚ-ң өзара тиімді әрекеттесуіне жағдай жасау болып табылады.

Орталықтың қызметі әлеуметтік мәні бар ең маңызды ақпараттық себептер бойынша ресми ақпаратты дайындайды және ұсынады. 2015 жылғы 21 мамыр күнінен бастап 30 маусымға дейін облыс әкімі жанындағы жаңадан ашылған «Оңтүстік ақпарат» баспасөз орталығында 30-ға жуық мекеме басшыларының күнделікті брифингі өткізіліп, қазіргі таңда бұл жұмыстар жалғасын табуда.

Сондай-ақ брифинг барысында Оңтүстік Қазақстан облысына қатысты республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген сыни материалдар бойынша тиісті сала басшылары атқарылған жұмыстары туралы мәліметті жария ету тәжірибеге айналған.

Еліміздегі маңызды мерекелік іс-шаралар «Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын», «Қазақ хандығының 550 жылдығын» атап өту бойынша арнайы іс-шаралар жоспары бекітілген. Жоспарда бекітілген шараларды жүзеге асыру бойынша бюджеттен тиісті қаржы бөлінген.

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай, мәдени-көпшілік және қоғамдық-саяси, тарихи-мәдени мұралар мен мұрағаттар аясында конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, мұражайлар арасында көрмелер өткізілуде.

Сондай-ақ, «Қазына» кешенінде «Қазақ хандығына 550 жыл» монументі салынуда. Созақ ауылының аумағында орналасқан «Хан мазары» тарихи орнына зерделеу экспедициясы жүргізіліп жатыр және Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған 5 фильм түсірілуде.



Облыстағы қоғамдық бірлестіктердің саны – 1102, оның ішінде тіркелген үкіметтік емес ұйымдардың саны 484 (395-і қалаларда, 89-ы ауылдық жерлерде).

Облыстағы үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қолдау мақсатында облыс бойынша барлығы 459,3 млн. теңге қаржы қаралып, 106 жобаны үкіметтік емес ұйымдар жүзеге асыруда.

Облыста саяси партиялардың 8 облыстық филиалы жұмыс жасайды.

Облыстың жекелеген қала, аудандарындағы наразылық тудыруы мүмкін әлеуметтік мәселелердің тізбесі және оларды шешу жөнінде іс-шаралар жоспары жасалған. Жоспарға сәйкес ай сайын облыс әкімі мен орынбасарының төрағалығымен оларды шешу жөнінде арнайы жиналыстар өткізіліп, нақты тапсырмалар беріліп, орындалуы бақылауға алынған.



Дін саласы бойынша халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 16 облыстық, қалалық, аудандық ақпараттық-насихаттық топтар тарапынан жыл басынан 1858 кездесу өткізіліп, оларға 220 мыңға жуық адам қамтылды.

Бұдан бөлек, жоғары оқу орындарында 108 кездесу өткзіліп, 18 мың студент, арнаулы оқу орындарында 953 кездесуде 90 мыңнан жуық жастар, ал жалпы орта мектептерде өткізілген 2871 кездесуге 540 мыңнан аса оқушы қамтылды.

Сонымен қатар, жыл басынан бері облыс көлеміндегі 6 түзеу мекемелерінде жалпы 81 кездесу өткізіліп, 1980 адам қамтылды, сонымен қатар деструктивті діни бағыттағы азаматтармен 176 жеке кездесулер өткізілді.

Ағымдағы жыл басынан деструктивті діни ағым жақтаушылар болып табылатын 728 азаматпен 1323 кездесу ұйымдастырылып, нәтижесінде олардың 144 дәстүрлі дін жолына түсті.

Сондай-ақ, жылдың соңына дейін 7 тақырыптан тұратын 32 мың дана әдістемелік құралдар мен кітапшалар шығару жоспарланған. Оның ішінде ерекше атап өтетін «Құранды біз білеміз бе?» кітабын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығару жоспарлануда.

Сонымен қатар, жергілікті телеарналарда діни негіздегі теріс бағыттағы үгіт-насихаттың алдын алу, деструктивті діни ағымдар жөнінде мәлімет беріп, ұлттық ұстанымдар мен әдет-ғұрыпты насихаттау мақсатында телебағдарламалар, фильмдер мен роликтер дайындалып, көрсетілімін ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Атап айтсақ. «Мемлекет.Қоғам.Дін», «Дін және дәстүр» 30 телебағдарламасы және діни негіздегі теріс бағыттағы үгіт-насихаттың алдын алу мақсатында 15 бейнероликтер және 5 фильм, 10 мың дана ақпараттық аудио-видео материалдары дайындалады.


Каталог: doc
doc -> Оқулық. қамсыздандыру: Жұмыс дәптері
doc -> Регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
doc -> Регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
doc -> Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан -2050 стратегиясы
doc -> Қызылорда облысының 2015 жылғЫ Әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері
doc -> Бекітемін Тарих және шетелдік студенттермен жұмыс факультетінің деканы
doc -> Программа по истории Казахстана: программа для 5-9 кл. / Б. К. Абдугулова. Алматы, 1999. 42 с. Абдугулова, Б. К. «Воспитание учащихся в духе дружбы народов при изучении истории ссср»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет