Жоба тақырыбы: Асқабақ-пайдалы жеміс Қабанбай батыр атындағы орта мектебінің мад оқушысы Өмірсерік Бахтұр



Дата01.04.2023
өлшемі21.63 Kb.
#471551
түріСабақ
Жоба тақырыбы Асқабақ-пайдалы жеміс



Жоба тақырыбы: Асқабақ-пайдалы жеміс
Қабанбай батыр атындағы орта мектебінің МАД оқушысы
Өмірсерік Бахтұр



Жетекшісі:

Бастауыш сынып мұғалімі Идрышева Назгул Бериковна

Менің жобамның тақырыбы «Асқабақ-пайдалы жеміс»

Басты мақсатым- асқабақтың пайдасын зерттеу, адамдардың оны қандай жағдайларда пайдаланатынымен таныстыру.Асқабақ дәнінен ермексазбен біріктіріп мүсіндер жасап,сабаққа пайдалану



Жобамның міндеттері:
1. Асқабаққа сипаттама беру
2. Асқабақтың емдік қасиеттері
3. Асқабақ дәнінің пайдасы

Зерттеу заты- асқабақ

Зерттеудің өзектілігі- біз асқабақты күнделікті өмірде жиі қолданылғанымен,оның көптеген пайдасын,өзіне тән ерекшеліктерін біле бермейміз.

Зерттеудің болжамы-егер біз асқабақ жайлы көбірек оқып білсек, онда асқабақтың көптеген сырларын ашу

Зерттеу әдістері
Үйімде өсірілген асқабақтың өсуін бақылау және апамның көмегімен асқабақ туралы көп мәлімет білу 

МАЗМҰНЫ


І. КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. 1. Асқабақтың шығу тарихы
1. 2. Асқабақ көкөнісіне сипаттама
1. 3. Асқабақтың емдік қасиеттері
1.4. Асқабақ дәнінің пайдасы
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ІҮ. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

І.КІРІСПЕ

Мен бақшамда өсетін асқабақ туралы не айтсам?
Асқабақ бірнеше мың жылдар бойы өсіріліп келе жатқан өсімдік болып табылады.Түрлері әртүрлі. Бірі үлкен құлашың сыймайтын болса. Енді бірі сопақша.Асқабақсуды көп қажет етеді,су ішкен сайын үлкейіп өседі.Бастапқы кезде екі жапырақ шығып,одан соң үлкен сары гүл жарады.Жапырақтары үлкен болады.Менің алақанымнан да үлкен. Сабақтардың арасынан мұртшалары өседі.Бойы ұзарып,өрмелеп өскен асқабақтың гүлдері түскен соң, одан кішкентай асқабақ пайда болады.Су құйған сайын үлкейіп өскенін байқадым.Күз айында асқабақ үлкейіп піседі. Міне осы кезден оны емдік мақсатқа пайдаланамыз.Салмағы ауыр асқабақта дәндері толысып піскен болып есептеледі.
Енді емдік қасиеттері туралы баяндайын.
Құрамындағы жасанды талшықтың, судың және жасұнықтың көп мөлшерінің
Асқабақ ағзадағы ас қорытуды тездетеді, уыттардан тазартады, зат алмасудың артық өнімдерін жояды және су тепе - теңдігін реттейді. Минералды тұздарға және дәрумендерге бай. Несеп, жыныс жүйесінің көптеген ауруларын емдеуге көмектеседі. Несеп айдаушы, қабынуға қарсы, өт айдағыш қасиеті бар және дәндері паразиттерді жояды.Кішкентай балаларға ішектерінде құрт болған кезде асқабақ дәнін жегізу керек

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.1. Асқабақтың шығу тарихы

Асқабақ – ежелден егілетін өсімдік. Асқабақтың жабайы түрі табиғатта кездес-пейді. Ол біздің заманымыздан 3000 жыл бұрын Мексикада мәдени дақыл ретінде өсіріле бастаған. Асқабақтың Қазақстанда 9 түрі таралған. Қазір кәдімгі асқабақ еліміздің барлық аумағында өсіріледі. Біздің елде асқабақтың үш түрі: қатты қабықты, ірі жемісті және мускат өсіріледі.


І. 2. сипаттамасы

Асқабақ – көп күн талғамайтын, ексе бау - бақшаның бәрінде өсе беретін бір жылдық өсімдік. Сабағы жерге жатып, желі тартып өседі. Жапырағы ірі, гүлі сары, жемісі әр түрлі, кейде ересек адамның құлашы жетпейтіндей үлкен болып өседі. қабақ.

І. 3. Асқабақтың емдік қасиеттері

Ал, ғылымға құлақ түрсеңіз, асқабақты зұлым күштерге қарсы қолдана алмағаны-ңызбен, ерте қартаюға, түрлі ауруларға қарсы пайдалануыңызға әбден болады. Нақтыласақ:
Біріншіден, асқабақтың құрамында темір бар. Яғни, оны қаны аздықтың алдын алу мақсатында пайдалана аласыз.Асқабақтың шипалық қасиеттеріне тоқталсақ, жүрек әлсіздігінен жүдегендерге ем ретінде қолданылатын асқа¬бақтың ішіндегі жұмсақ жерін, яғни «етін» дәрігерлер отқа немесе суға күйген науқастарға жарасын таңуға кеңес береді.
Асқабақ көру қабілеті нашарлағандарға, қаназдықтан жапа шегетіндерге кө-мек бере алады. Құрамындағы жасанды талшықтың, судың және жасұнықтың көп мөлшерінің арқасында артық салмақтан арылғысы келетіндер үшін де таптырмайтын ем.

1.4. Асқабақ дәнінің пайдасы


Әсіресе, асқабақ дәні емдік мақсатта кеңінен қолданылады. Ғасырлар бойы оны ішек құрттарына (глист) қарсы дәрі-дәрмек орнына пайдаланған.
1.Ішек құртымен күресе алады.
Асқабақ дәнінің 300 грамын ұнтақтап, үстінен бал қосып, әбден араластырады. Мұны бір сағат бойы аз-аздап қана аш қарынға жеу керек.

Қалай сақтау қажет?

Басқа көкөністерге қарағанда, асқабақтың бір артықшылығы — ұзақ сақталатыны. Асқабақ бөлме ішінде де бірнеше ай бұзылмай сақталады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорытындылай келе, әрбір өсімдікті егіп, көп өнім алуға, тағамдық жағына емес, сонымен қатар шипалық, емдік, дәрілік қасиеттетерін пайдалана отырып адамдарға ұсынамын.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Қайымов Қ. Қызықты зоология.- Алматы: «Мектеп», 1974
2.Қ.Қайым. Биология Алматы. Атамұра 2003 жПікір

Пікір

Өмірсерік Бахтұрдың «Асқабақ-пайдалы жеміс» атты шығармашылық зерттеу жұмысына пікір білдіре отырып, жұмыстың сапалы жасалғанын айтуға болады. Зерттеу жұмысының берері көп екеніне көзім жетті. Шығармашылық зерттеу жұмысында асқабақтың халықтық ем мен медицинадағы қолданысы, оның пайдасы, кызықты мәліметтермен толықтырылған. Зерттеуші Бахтұр өз жұмысын қорыта келе, асқабақтың пайдасын дәлелдеуде пайдалы шырын жасап де жасап көрген.Ермексазбен біріктіріп, мүсіндер жасаған,дәндерді кептіріп алған.

Жетекшісі: Бастауыш сынып мұғалім


Идришева Назгүл Бериковна

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет