Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасында Ұйымдасқан топтың пайдақорлық ниетте, қарақшылықпен қасақана адам өлтіруі дұрыс дәрежеленбеген



Дата25.02.2016
өлшемі26.57 Kb.
#18311
Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасында
Ұйымдасқан топтың пайдақорлық ниетте, қарақшылықпен

қасақана адам өлтіруі дұрыс дәрежеленбеген

( үзінді)

Сотталғандар М., Х., Е. таксистерді топ болып, қарақшылық жолмен тонауға алдын ала келіскен. Осы мақсатпен ВАЗ-2101 автомашинасының жүргізу-шісі Ш-ны тоқтатып, басынан таспен бірнеше рет ұрып ауыр жарақат салып, қаланың шетіне апарып тастаған. Сонымен қатар, М., Х., Е. автокөліктің ішінен жалпы құны 60 000 теңге тұратын автомагнитофон, екі дыбыс үдеткіш (колонка) және ұялы телефон алған.

Бірнеше сағаттан кейін жәбірленуші Ш. алған жарақаттардың әсерінен қайтыс болған.

Сот құрамы сотталғандардың әрекеттерінде ҚК 96-бабы 2-бөлігінің "д,ж,з,к " тармақтарында көрсетілген қылмыс белгілері жоқ деп танып, М., Х., Е-ның әрекеттерін ҚК 179-бабы 3-бөлігінің "б" тармағымен дәрежелеген.

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасы істегі деректерді зерт-теп, сот үкімі келесі негіздерге сәйкес өзгертілуге жатады деген шешімге келді.

Басты сот талқылауында сотталғандар тағылған айыптарды ішінара, яғни таксистерді тонауға келісіп, оны іске асыру үшін алдын ала кімнің қандай әрекет жасайтынын бөліскендерін және келісім бойынша түнде Ш-ның автокөлігін тоқтатып, оның басынан таспен бірнеше рет ұрып жарақат салып, қала шетіне апарып тастап заттарын алып кеткендерін мойындаған. Сондай-ақ жәбірленушіні өлтіру ойларында болмағанын, қала шетіне апарып тастағанда оның тірі екендігін айтқан.

Сотталғандардың жауаптарына, сот-дәрігерлік сараптама қорытындысындағы: жәбірленушінің алған жарақаттардан кейін дауыстап айқайлауға, өзін-өзі қорғауға мүмкіндігі болған, дер кезінде көмек көрсетілсе тірі қалуы мүмкін деген болжамға сүйеніп, сот М., Х., Е-ның қасақана адам өлтіру пиғылдары болмаған деп таныған.

Бірақ істің нақты мән-жайынан жәбірленушінің денсаулығы мен өміріне қауіпті күш қолданып ауыр дәрежелі жарақат салғаннан кейін де есінен танып жатқан жәбірленушіні ұрып-соғуды тоқтатпағандарын сотталғандар Х. мен Е. өзара беттестірген кезде мойындаған.Сондықтан сотталғандардың әрекеті адам өлтіруге бағытталмаған деген сот тұжырымы негізсіз.

Сот-дәрігерлік сараптама қорытындысы бойынша жәбірленушінің өлімі доғал затпен бірнеше рет ұрғаннан маңдай сүйегі сынып, миына қан құйылудан болғаны анықталған.

Сондай-ақ сараптама қорытындысында жәбірленушінің айқайлап көмекке шақыру қажеттілігін ұғынатындай жағдайы болды деп көрсетілмеген.



Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасы істің мән-жайын және істегі деректерді зерделей келе, соттал-ғандардың алдын ала ұйымдасқан топ болып келісіп, адамның өміріне қауіпті тәсілмен шабуыл жасау арқылы тонап пайдақорлық ниетпен Ш-ны қасақана өлтіргенін анықтап, олардың қылмыстық әрекеттері ҚК 96-бабы 2-бөлігінің "ж,з" тармақтарымен, 179-бабы 32-бөлігінің "а" тармағымен дәрежеленуге жатады деп тапты.

Аталғандардың негізінде және ҚІЖК 421-бабы 1-бөлігінің 3-тармағын негізге алып, Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасы Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының үкімін өзгертуге, сотталғандар: М., Х., Е-ны ҚК 179-бабы 2-бөлігінің "а" тармағымен, 96-бабы 2-бөлігінің "ж, з" тармақтарымен кінәлі деп тауып, ҚК 179-бабы 2-бөлігінің "а" тармағымен М., Х.-ны 8 жылға бас бостандығынан айыруға; Е.-ны 7 жылға бас бостандығынан айыруға, мүлкін тәркілеуге, ҚК 96-бабы 2 -бөлігінің "ж, з" тармақтарымен М. және Х-ны 14 жылға бас бостандығынан айыруға, Е-ны 13 жылға бас бостандығынан айыруға, мүліктерін тәркілеуге. ҚК 58-бабының 4-бөлігіне сәйкес жазаларды ішінара қосу жолымен түпкілікті М. мен Х-ны 16 жылға бас бостандығынан айыруға; Е-ні 15 жылға бас бостандығынан айыруға, мүліктерін тәркілеуге, түзеу колониясының қатаң режимінде жазаларын өтеуге, М., Х., Е-ның әрекеттерінде ҚК 185-бабының 4-бөлігінде көрсетілген қылмыс белгілері болмағандықтан осы бап бойынша ақтауға, үкімнің қалған бөлігін өзгеріссіз қалдыруға қаулы етті.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет