Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы



Дата23.02.2016
өлшемі49 Kb.
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 22.05.2012 11:42:29
Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 544 Қаулысы

(2011.29.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1645 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



 

«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:



ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1645 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 


Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

ҚР Үкіметінің 2007.13.11. № 1078 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.30.11. № 1295 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.13.05. № 513 Қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ереже өзгертілді

Ережесі. ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1645 Қаулысымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

 

ҚР Үкіметінің 2007.13.11. № 1078 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.30.11. № 1295 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.13.05. № 513 Қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) біліктілік талабы өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1645 Қаулысымен біліктілік талаптары жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 28 маусымдағы

544 қаулысымен



бекітілген

 

 

Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын

біліктілік талаптары

 

Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде өтініш берушіге қойылатын біліктілік талаптары:

1) темір жол көлігімен:

аттестатталған мамандардың (мамандардың тізбесін, аттестаттауды жүргізу тәртібін және қажетті білім көлемін көлік саласындағы уәкілетті орган белгілейді);

жолаушылар тасымалдауға арналған, тасымалдау үдерісі қауіпсіздігінің техникалық талаптарына сәйкес келетін жеке меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі жылжымалы құрамның;

тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шарттың;

жылжымалы құрамның паркін және басқа да өндірістік активтерді сатып алуға, қалпына келтіруге және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық бағдарламалардың;

жолаушылар тасымалдау кезінде авариялық жағдайлардың алдын алу, сондай-ақ авариялардың салдарын жою үшін қажетті құралдар мен ұтқыр бөлімшелердің (оның ішінде шарт бойынша) болуын қамтиды;

2) қалааралық, облысаралық, ауданаралық (қалааралық, облысішілік) және халықаралық қатынастарда автобустармен, микроавтобустармен:

Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен «Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылған талаптар» техникалық регламенті мен «Жолаушылар тасымалдары бойынша автокөлік қызметтері. Жалпы техникалық шарттар» 1040-2001 ҚР СТ талаптарына сәйкес келетін жеке меншік құқығына жататын, жалға беру шарты негізінде немесе өзге де заңды негіздерде автобустар мен микроавтобустардың;



автобустар мен микроавтобустарда тахографтардың және оларды Салыстырып тексеру туралы тиісті сертификаттың;

автобустар мен микроавтобустар иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының, сондай-ақ тасымалдауға ұсынылатын барлық жылжымалы құрамға мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу туралы қолданыстағы куәліктердің;

автобустар мен микроавтобустардың жүргізушілерінде тиісті санаттағы жүргізуші куәлігінің;

жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тасымалдаушыға тиесілі жөндеу-өндірістік базасының не ұйыммен(-дармен) жасасқан қызметтер көрсету туралы шарттың;

автобустар мен микроавтобустарға рейс алдындағы техникалық байқау және жүргізушілерге рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық куәландыру жүргізу үшін білікті персоналдың (инженер-механиктің) (медициналық қызметкердің) немесе осындай қызметті жүзеге асыратын тиісті ұйымдармен шарттардың;

тасымалдарды жүзеге асыру қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаны белгілей отырып, бұйрық көшірмелерінің болуын қамтиды.

 

Қазақстан Республикасы



Үкіметінің

2007 жылғы 28 маусымдағы

544 қаулысына

Қосымша

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің

тізбесі

 

1. «Қазақстан Республикасындағы теңіз және өзен көлігінде жолаушылар мен жүк, қауіпті жүктер тасымалын лицензиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 мамырдағы № 885 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 23, 203-құжат).

2. «Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушыларды және жүктерді, қауіпті жүктерді тасымалдауды лицензиялау туралы тәртіпті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы № 29 шілдедегі 714 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 24, 212-құжат).

3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне Қазақстан Республикасында көліктегі қызметті лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 тамыздағы № 1095 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 30, 388-құжат).

4. «Қазақстан Республикасында көліктегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері»туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 17 шілдедегі № 794 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., 22, 243-құжат).

5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қарашадағы № 1165 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 44, 474-құжат).

6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 тамыздағы № 842 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 29, 393-құжат).

7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 мамырдағы № 885 және 1998 жылғы 29 шілдедегі № 714 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1450 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 669-құжат).



8. «Автомобиль көлігі саласында лицензиялау ережесін, соның ішінде лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 қаңтардағы № 29 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 2, 12-құжат).

9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 және 2002 жылғы 17 шілдедегі № 794 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қыркүйектегі № 893 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 34, 464-құжат).
Каталог: images -> stories -> npa
npa -> Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Аса жеңiл авиация саласында сертификаттау қағидасын бекiту туралы" 2011 жылғы 31 наурыздағы №318 және "Азаматтық авиация саласындағы
npa -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
npa -> Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiнiң ұшуға жарамдылығының нормаларын бекiту туралы" 2011 жылғы 26 шiлдедегi
npa -> Қазақстан Республикасының Үкіметі өкімінің жобасына ТҮсіндірме жазба
npa -> "Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету үшiн авиамаршрутқа арналған конкурс өткiзу және авиамаршруттарға
npa -> "Авиация персоналының қолданыстағы куәлiгi бар ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық қамтамасыз ететiн инженерлiк-техникалық құрамға
npa -> Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекiту туралы" 2011 жылғы 2 шiлдедегi
npa -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
npa -> Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесi туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет