Жошы хан күмбезі



Дата03.07.2016
өлшемі86 Kb.
#175401
Жошы хан күмбезі


Жошы хан (1187-1227 жж.) – моңғол шапқыншылығынан кейін Қыпшақ даласында құрылған жаңа мемлекет - Жошы ұлысының негізін қалаушы, атақты Шыңғыс ханның қоңырат қызы Бөрте бәйбішесінен туған төрт ұлдың үлкені. Ол ересен күшті, ер жүрек, алған бетінен қайтпайтын қайсар адам болған. Ол, алдымен, моңғолдардың басқыншылық әскери жорықтарының бәріне қатысқан аса ірі әскери басшы ретінде танылады.

Шыңғысұлы Жошы хан басқыншылық әскери жорықтардың бәріне қатысқан аса ірі әскери басшы ретінде танылады. Ол ересен күшті, ер жүрек, алған бетінен қайтпайтын қайсар адам болған.

Жошы Шыңғыс ханның батысқа қарай бағытталған бірқатар шапқыншылық жорықтарын басқарып, Оңтүстік Сібірді, Алтайды, Жоңғар даласы мен Шығыс Түркістанды мекендеген көптеген тайпаларды бағындырып, Жетісу өңіріне жетеді.

1211-1215 жылдары Қытайды жаулау жорығына қатысады. Содан үш жыл өткен соң, Жошы Қыпшақ даласына басып кіріп, Ырғыз даласына жеткенде Хорезм шахтың 60 мың әскерімен шайқасқа түседі. Күш арасалмағының кемдігіне қарамастан, Жошы қолбасшылық дарынымен ерекше көзге түседі. Хорезм шах әскері ашық шайқаста жеңіліп, қала қорғандарына барып тығылады.

Бұдан кейін Жошы Сырдария бойындағы Отырар, Сығанақ, Үзкент, Баршынкент, Аспас, Жаңакент қалаларын алып, арада жыл өткенде Хорезмді бағындырып, Түркістанды иеленді. Келесі жылдың көктемінде Жошы әкеінің шақыруымен Сайрам мен Таластың арасындағы Құланбасы жазығында өткен құрылтайға қатысады.

Шыңғыс хан жаулап алған жерлерін бөліске салған кезде Жошының еншісіне Ертістен бастап, Орал тауының аралығы және одан арғы батысқа қарайғы жерлер тиеді. Ордасы Ертіс өзенінің бойына орналасады.

Құрылтайдан кейін Шыңғыс ханның басқа балаларының бәрі кері қайтып кеткенде, Жошы өзінің жаңа иелігінде қалады. Ол осында 1227 жылы қайтыс болады.

Жошының өлімі жөнінде әр түрлі әңгіме бар. Оның бірі — Жошы аң аулап жүргенде, жараланған құланның айғыры шайнап өлтірді десе, екіншісі аттан құлап, мойны үзіліп өлді дейді. Ал енді бір дерек жеке билікке ұмтылып, әке ырқына көнбей, асаулық танытқан ұлын Шыңғыс өзі арнайы адам жіберіп, бел омыртқасын үздіріп өлтіртті дегенді айтады. Қалай болғанда да, Жошы ханның қазақ жерінде, Ұлытауда өлгені анық. Соның куәсіндей болып, Жезқазған қаласынан 45 шақырымдай жерде Кеңгір өзенінің сол жағасында Жошының мазары сол күйі әлі тұр.

  Шыңғыс хан мен Кетбұға жыршының  арасындағы Жошы өліміне қатысты толғау:

Кетбұға жырау:
Теңіз бастан былғанды,
Кім тұндырар, а, ханым?!
Терек түптен жыгылды,
Кім тұрғызар, а, ханым?!

Шыңғыс хан:
Теңіз бастан былғанса,
Түндырар үлым Жошы-дүр.
Терек түптен жығылса,
Тұрғызар ұлым Жошы-дүр.
Көзің жасын жүгіртед,
Көңілің тұлды болмай ма?!
Жырың көңіл үркітед,
Жошы өлді болмай ма?!

Кетбұға жырау:
Сөйлемекке еркім жоқ,
Сен сөйледің, ей ханым!
Өз жарлыгың өзіңе оқ,
Не ойладың, ей,ханым?!

Шыңғыс хан:
Құлынын алған құландай,
Құлынымнан айрылдым!
Айырылысқан аққудай
Ер ұлымнан айрылдым!

Жошы өлімін Кетбұқа жыраудың Шыңғыс ханға жеткізгені:
"Уа, иеміз, Шыңғыс хан!

Домбыра не деп жырлайды,

Сарнап бір даусын қырнайды,

Құлағың сал осыған...

Ақсақ құлан, қу құлан,
Қияннан қашқан қу кұлан,
Қиырысыз кұба далада,

Аңда жүрген балаңа

Кез болып бір қашыпты,

Белден-белге асыпты:


Ақсақ құлан, Жошы хан,

Елсіз құба далада,

Қат-қат бұдыр салада,
Мекендеп өрген, өрбісіп,

Ордалы кұлан жосыған.

Қуып ақсақ құланды,

Мінгені тұлпар құнан-ды,


Ордалы үріккен құланға

Құйғытып ойнап қосылған,

Өлім деген тәңір ісі,

Желіккен кұлан әңгісі,

Кұнан мен тұлпар еліккен,

Жосыған құлан желіккен,

Балаңды шайнап өлтіріп,
Жалмалап, жалмап кетіпті,

Ордалы құлан шошыған.

Жұрттың аузына бармаған

Сөзді айтып жылап зарлаған

Домбыраның балаңды
Естірткені осы, хан!

Өзгеге артпа жалаңды,

Еліктірген балаңды,

Сол қу қүлан, ту құлан,



Балаң өлді - Жошы хан!
Нансайшы, ханым, осыған!"
- деді де, домбыраны сақшының колына ұстатады. Көкейінен зар кұйған домбыраны көлденеңдей алдына тартқанда: "Қарағымның қазасын сен бе едің естірткен? Мына домбыраның шанағына күміс балқытып құйыңдар!" деп Шыңғыс хан өксіп жіберіпті.
Қазақтың ұлы ғалымы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев Жезқазған-Ұлытау өңіріндегі тарихи, археологиялық және мәдени мұраларды зерттеген. "Жезқазған ауданындағы ежелгі тарихи ескерткіштер" атты ғылыми еңбегінде: "Жезқазғаннан 65 шақырым Басқағыл тауларының оңтүстік беткейі, Кеңгір өзенінің жағалауында шаршы пішінді, шыныкеленіп күйдірілген кірпіштен қаланған үш көне мазарлар сақталынған. Осы мазарлардың кірпішінің өлшемдері мен пішіндері Алтын Орда стиліне өте жақын. Халықтың айтулары бойынша Алашахан, Шыңғысханның үлы Жошы және сарай күйшісі Домбауылдың мазарлары дейді" – деп жазған.
Академик Әлкей Марғұланның зерттеулері бойынша Жошы хан қазақ даласында сал-серілік дәстүрдің негізін салған. Жошы хан саятшылық, ақындар айтысы, күйшілер сайысы, палуандардың белдесуі, мергендердің сынасуы, аламан бәйге, қыз қуу, аударыспақ, көкпар т.б. ат ойындарын қүмартып, Ұлы далада одан әрі дамытқан.
Жошы хан мазары Жезқазған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 шақырымда, Кеңгір өзенінің жағасында орналасқан көне архитектуралық ескерткіш. Жошы хан күмбезі порталды-күмбезді қүрылыстар қатарына жатады. Жобасы тікбүрышты. Құрылыс материалдары-күйдірілген кірпіш, әк. Жобаның аумағы 9,55 х 7,25 м. Көзге айрықша түсетін нәрсе - порталы. Маңдай алдын сүйір арка түрінде шығарып, екі жақ босагасын үстіңгі салмақты еркін көтеріп түру үшін мейлінше берік етіп түрғызған. Портал жақтауларын өрнекті кірпішпен безендіріп, киіз үйдің басқүрына үқсатқан. Қабырғаның іш жагынан сөрелеп шығаған белдеулердің үстінен екі қабатты зәулім күмбез орнатқан. Ішкі күмбезден шығарылған түндік сыртқы күмбезді орнатқан кезде жабылып қалған. Жарық кесененің екі жақ бүйірінен, барабанның астынан шығарылған терезелерден түседі. Күмбез бедерлі қалақ кірпіштермен әшекейленген.
"Ақсақ құлан, Жошы хан" күй -аңызының ерекшелігі бар. Жошы хан аңға кеткен баласы қайтпаған соң, хабар беруді талап етеді. Бірақ, ханның жалғыз ұлын өлді деп хабарлауға батылы барған кісінің көмейіне балқытылған қорғасын құятындығын мәлімдейді. Хан қаһарынан қорыққан қарт күйші оның өлімін күй арқылы жеткізеді. Жошы хан қобыз үнінен баласын ақсақ құлан өлтіргенін біледі. Өз сөзінде тұру үшін сонша қайғы- қасіретті жеткізген қобыз шанағына қорғасын құюды бұйырады. Сондықтан, қорғасынмен күйген қобыздың жоғарғы жағы ашық күйінде қалды, - дейді енді бір аңыз. Алайда «Ақсақ құлан-Жошыхан» күйі ел арасында негізінен домбырада және теріс бұрау (домбыратының бұрауын түсірудің, күйге келтірудің әдісі) арқылы орындалады.
Жошы хан күмбезі – Жезқазған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 шақырым жерде, Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы Кеңгір өзенінің жағасында орналасқан көне сәулет ескерткіші. Күмбезде сақталған таңбаларға қарағанда оны салуға Жошыға бағынған тайпалардың бәрі қатысқан. Тарихи дәстүр бойынша күмбезді қайтыс болған кісінің жылдық асын беруден бұрынырақ жасайтын болған. Соған қарағанда 1227 жылы қайтыс болған Жошыға 1228-1230 жылдары күмбез тұрғызылған болуы керек. Жошы хан күмбезі порталды-күмбезді құрылыстар қатарына жатады. Жобасы тік бұрышты. Құрылыс материалдары: күйдірілген кірпіш, әк. Жобаның аумағы 9,52х7,25 метр. Көзге айырқша түсетін нәрсе: оның салтанатты порталы. Оның маңдай алдын сүйір арка түрінде шығарып, екі жақ босағасын үстіңгі салмақты еркін көтеріп тұру үшін мейлінше берік етіп тұрғызған. Портал жақтауларын өрнекті кірпішпен безендіріп, үйдің басқұрына ұқсатқан. Өрнекке пайдаланған тақта кірпіштердің ауданы 45х45 см. Бұл кірпіштерде өрнектермен бірге жазу да болған. Порталдың жоғарғы жиегін парапет тәріздендіріп, оның астынан қалақ кірпіштен фриз тартқан. Ежелгі құрылыс әдісінің бірі - күмбез орнату. Ол Жошы хан күмбезінде тамаша шешімін тапқан. Қабырғаның іш жағынан сөрелеп шығарған белдеулердің үстінен екі қабатты зәулім күмбез орнатқан. Ішкі күмбездің (биіктігі 7 м) салмағын «жалған еңсе» шығару тәсілімен белдеулерге жайса, сыртқы күмбезді (биіктігі 8 м) он алты қырлы барабанға отырғызған. Ішкі күмбезден шығарылған түндік сыртқы күмбезді орнатқан кезде жабылып қалған. Жарық кесененің екі жақ бүйірінен, барабанның астынан шығарылған терезелерден түседі. Күмбез бедерлі қалақ кірпіштермен әшекейленген. Күмбезді көп қырлы барабанға орнату археологиялық тұрғыдан алғанда - оғыз, қыпшақ тайпаларына тән сол кезде барынша кең таралған құрылыс тәсілі.

Ішкі қабырғаларында таңбадан басқа ешбір әшекей жоқ. Еденіне қалақ кірпіштер төселген. 1946 жылы Ә.Марғұланның басшылығымен археологиялық экспедиция күмбезді қазған кезде екі қабір табылған. Бірінші қабір күмбездің күншығыс жақ іргесінде орналасқан. Ұзындығы 2,2 м, ені 0,7 м, тереңдігі 1,2 м. Оған жерленген адам тақтай табытқа салынған. Сүйектің оң қолы жоқ екендігі анықталды. Оның үстіне қабір ішінен салтанатты киім жұрнақтары, қызыл сафиян етіктің қалдығы, тұт жібегінің шіріп жатқан сілемдері, аң сүйектері мен түйенің бас сүйегі, темір қарудың сынықтары табылды. Бұл «Жошының аң аулап жүргенде құланның айғыры шайнап өлтірді» деген халық аңызына үндес келеді. Халық аңызында «Жошыны жерлегенде бір қолы жоқ болған» немесе «Жошының тек бір қолын тауып қойған», кейде «бір шынашағын ғана тапқан» деген әр түрлі жорамалдар бар. Екінші қабір Жошының үлкен бәйбішесі, Керей хандығының билеушісі Тоғырыл ханның інісінің қызы Бектумыштікі болуы тиіс.



1982 жылы Жошыхан күмбезі архитектуралық әсем құрылыс ретінде республикалық маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштердің тізіміне енгізілген. Соңғы жылдары республикалық бюджеттен қаражат бөлініп, ескерткішті қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Жошы - Шыңғыс ханның үлкен ұлы, Алтын Орданың негізін салушы, қазақ хандарының арғы атасы. Шешесі - Бөрте. Шыңғыс хан қоңырат тайпасының қызы Бөртеге үйленгеннен кейін меркіттер шабуыл жасап, Бөрте тұтқынға түсіп қалады. Кейін Шыңғыс хан Керей хандығының билеушісі Тоғырыл ханның көмегімен Бөртені тұтқыннан босатып алады. Осыған байланысты «Жошы Шыңғыс ханның баласы емес» деген де ел арасында сөз тараған. Бірақ, Шыңғыс хан өмір бойы Бөртеге де, Жошыға да құрметпен қараған.
Жошы жас кезінен аса көрнекті әскери қолбасшы ретінде көзге түсіп, Шыңғыс хан әскерлерінің жорықтарына белсене араласты. Жошы әкесінің тапсырмасы бойынша жеке жасағымен Оңтүстік Сібірді, Алтайды, Шығыс Түркістанды қоныстаған көптеген тайпаларды бағындырды, Солтүстік Қытайға жасалған жорыққа қатысты. Сол заманда өмір сүрген тарихшылардың айтуынша, Жошы хан күш-қайраты мол, ержүрек, өткір адам болған. Оның өлімі жайында халық арасында түрлі аңыз-әңгімелер тараған. Солардың бірінде «аң аулап жүргенде құланның айғыры шайнап өлтірген» десе, кейбір деректерде «жау жағына шығып кетеді деп қауіптеніп, құпия түрде өз әкесі Шыңғыс хан өлтірткен» деп көрсетіледі.
Дереккөзі: Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 4 том

Ақпарат көзі: www.TemaKosan.net интернет сайты

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет