Жоспар. І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім


Сақ тайпаларының археологиялық ескерткіштері



бет4/12
Дата15.07.2024
өлшемі140.33 Kb.
#502953
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
stud.kz-75297 (1)

Сақ тайпаларының археологиялық ескерткіштері.

Онтүстік Қазақстан және Жетісу.

Жуантөбе, Есік, Қарғалы, Түгіскен және тағы баска.

Шығыс Қазақстан.

Бұқтырма, Ертіс, Шілікті, Құлажорға және тағы басқа.

Солтүстік Қазақстан

Бірлік, Бектегіз.

Орталық Қазақстан

Тасмола , Жыланды.

Батыс Қазақстан

Целинный, Байте.

Арал маны

Шырық-Рабат, Баланды.


Шаруашылығы.
Б.з.б. I мың ж. ортасында сақтарда көшпелі мал шаруашылығы кең тарады.
Сақтардың негізгі шаруашылығы - көшпелі мал шаруашылығы. Бұл дала тайпаларының өміріндегі үлкен экономикалық прогресс болып саналады.
Сақтар мал шаруашылығынын 3 түрін үйлестірді:
1. Көшпелі мал шаруашылығы - Батыс және Орталық Қазақстанда.
2. Жартылай көшпелі мал шаруашылығы- Шығыс Қазақстан,
Жетісу, Батые пен Орталық Қазақстанның бір бөлігі, Тянь-Шань. Алтай тауларының етегінде.
3. Отырықшы мал шаруашылығы- Оңтүстік Қазақстанда, Талас, Шу, Сырдария, Келес өзендерінің бойында. Осымен бірге бұл жерлерде суармалы егін шаруашылығы басым болды.
Жылқы өсіру маңызды орын алды. Батыс және Оңтүстік Қазақстанның далалық және шөлейт аудандарында түйе өсіру кен тарады. Тебіндеп жайылуға қабілеті болмагандықтан ірі қара аз өсірілді. Сақтардың мал шаруашылығының негізгі бағыты - қой өсіру. Б.з.б. I мыңжылдықтың ортасындағы грек авторы Хэрил сақтарды қойшылар деп атаған. Балық аулау Ертіс жағалауында және Сырдария атырабында тараған.
Сақтар мал шаруашылығымен қатар өзен және сулы аймақтарда суармалы егіншілікпен айналысты. Ерекше суару жүйесі бар егістік аймақтар - Сырдарияның оңтүстік аңғарындағы Шырық-Рабат, Бәбіш-молда қоныстары. Тары, карабидай, бидай өсірген.
Сақ тайпаларында металл өндіріп, оны өңдеуге байланысты кәсіпшілік пен кол өнер жоғары дәрежеде дамыды. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда, Іле анғары, ыстыккел маңында казандар мен құрбандық заттары жиі ұшырасады. Қазан "жогалған үлгі" әдісімен саз қалыптарға құйылып жасалды. Осындай ұлгімен жасалған "Жетісу михрабы" деп аталатын құрбандық жозысы Алматы тұбінен табылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет