Жоспар. І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім



бет5/12
Дата15.07.2024
өлшемі140.33 Kb.
#502953
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
stud.kz-75297 (1)

Мәдениеті. Діні.
Сақтар Алтай, Сібір, Шығыс және Еуропа халықтарымен сауда байланысын жасады. Б.з.б. I мыңжылдықта Еуразия далаларында дәстүрлі халықаралық жәрмеңке егөткізіліп тұрган. Сақ қоғамында еуропалықтар, монголдар аралас өмір сүрген. Ұлы Жібек жолының жеке бөліктерінің бағыты:
Лазурит жолы. Памир - Иран мен Месопотамия.

  • Нефрит жолы. Қашғария - Қытай.

  • Дала жолы. Хуанхэ өзені-Алтай-Қазақстан-Қара теңіз жағалауындағы дала - грек, этрустар елі (б.з.б. I мың ж. ортасы) Ал Шығыс Қазақстан мен Жетісу аралығында ішкі сауда қалыптасқан.

Б.з.б. VII ғасыр - Сібір, Қазақстан, Еділ бойы және Еуропанын онтүстігінде скифтік-сібірлік "андық стиль" деп аталған өнер пайда болды. Басты тақырыбы- андар мен аныздағы қиял-ғажайып бейнелерді суреттеу.
"Андық стиль" өнері дәстүрімен сақтар Алдынғы Азия мен Иранға жасаған жорықтары кезінде танысқан. Осы жерден алғаш рет "өмір ағашы" атанған арыстан бейнесі тараған. Бұл енердің негізі- ежелгі аңыздарда сақталған адамнын әртүрлі жануарлардан шыққандығы туралы түсінік.
Б.з.б. ІІІ-ІІ г.ғ бұл өнер түрі құлдырай бастады. Ан стилі ою-өрнекке айналды.

  • Жылқы бейнесі қүн және отпен байланыстырылды. Есік қорғанынан табылған патшаның бас киімінде бейнеленген қанатты аттар- күннің қозғалысын білдіреді.

  • Қабан бейнесі-күн күркіреу құдайы.
    Арыстанды бейнелеу Арал манындағы сақтардын тұрақты тақырыбы болған.

Сақтардын әлем құрылымы туралы түсініктері:

Сақтардың ғарыш туралы түсінігі Есік қорымынан табылған патшанын бас киімінде бейнелеген. Бұлар- күн, канатты 4 ат және 4 алтын жебе суреті. Бұл құдайдын үш әлемге билік жүргізуінің ерекше белгісі болып саналған. Сақ патшасы күн бейнелі құдай дәрежесінде көрсетілген.
Сақ коғамында діни нанымдар мен ғұрыптардын негізгі бағыты-ата-баба аруағына сыйыну. Арнайы рулық зираттарға мәйітпен қоса, оның дүние-мүлкін бірге жерлеген. Өлген адамның аруағына сыйынып, о дүниеде қайта тіріледі деп санаған. Мәйітті сақтау үшін бальзамлау мен мумиялау әдісін қолдана білген.
От пен Күннің символы- мәйптерге қызыл бояу, ал кабір басына от жағу.
Сақтардын б.з.б. VII ғ. "от храмдарын" археологтар Жетісудан тапты.
Отырықшы сақтар жерді киелі деп есептеп, оған табынған. Ал кешпелі сақтар күнге, отқа және соғыс құдайына табынды.
Сақ заманында анимизм, тотемизм және магия секілді ең ежелгі дінн ұғымдар сақталған. Сақтардың жерлеу рәсімінде төрт түлік малды қабірге салған. Егер көсемдері өлсе қорғанға салғаннан кейін сақтарда бір жылдан соң жерлеу рәсіміне қатысты тағы да жиіні өткізіледі. Орта ғасырлардан бастап бүгінгі күнге дейін қайтыс болған адамның жылын өткізіп оған құрбандыққы мал шалу ғұрыпы сақталған.
Сақтарда зергерлік өнер жоғары дәрежеде жетілдірілді. Әсіресе ағаштан ойып жасаған бейнелер мен сәндік бұйындарды алтынмен аптау ісі кең тарады. Зергерлік өнердің тамаша туындылары Есік және Шырық-Рабат қоныстарынан табылды.
Шырық-Рабат қаласы- апасиақтардың (су жағасын мекендеген сақтар) астанасы. Бұл коныстың орны Қызылорда қаласынан онтүстік батысқа қарай 300 шақырым жерде, Қызылқұм шөлінде жатыр. Шырық-Рабат қаласындағы цитаделде:

  1. ғибадатхана;

  2. атақты адамдар жерленетін орын болған.

Қабірден б.з.б. Ү-ІҮ ғасырларға тән пышақтар, алтын қаптырма, жебе ұштары табылған. Қаланың оңтүстік-шығысында орналасқан кесенеден халиедоннан жасалған гемма (мөр), алтын доғалар, алтын сырғалар табылды. Бұл заттар б.з.б. ІҮ-ІІ ғасырларға жатады.
Сақ тайпаларынын Шырық-Рабат. Бабыш молда, Баланды ескеткіштері туралы грек ғалымы Страбон айтқан. Сақтар мәдениетінің өркендеуіне Иран ахеменидтерінін мәдениеті ықпал етті.
Антропологтар сақтарды еуропалық нәсілге жатқызады. Дегенмен, монғолоидтық белгілер Солтүстік және Шығыс Қазақстанды мекендеген сақтарда көбірек байқалған.
Сақтар тілі-Шығыс ирандық.
Сақ кезені мәдениетінің көрнекті өкілі -б.з.б. VI ғ. өмір сүрген ойшыл Анахарсис (Анарыс).
Кешпелі мал шаруашылығына көшу дала мен шөлді аймақтағы тайпалардың өмірінде экономикалық ірі прогресс болды. Сақ қоғамы әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамудын ең жоғарғы сатысына көтерілді.
Б.з.б. 1Ү-1ІІ ғасырларда Қазақстан территориясындағы сақ тайпалық одақтары ыдырап, осы аймаққа келген басқа күшті тайпалардын құрамына енді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет