Жоспар. І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім


Сақтардың мәдениеті мен өнері



бет8/12
Дата15.07.2024
өлшемі140.33 Kb.
#502953
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
stud.kz-75297 (1)

Сақтардың мәдениеті мен өнері — Сақ заманында Қазақстан аумағындағы мал өсіретін тайпалардың мәдениеті мен өнері өзінің алдындағы уақытпен салыстырғанда дамудың біршама жоғары сатысына жетті. Темір металлургиясы, көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы материалдық және рухани мәдениет түрлерін түбірімен өзгертті.

Мазмұны

  • 1Тұрғын үй және киімі

  • 2Діни нанымдары мен ғұрыптары

  • 3Бейнелеу өнері

  • 4Дереккөздер

Тұрғын үй және киімі

Пазырық обасынан табылған аттылы сақа кескіні, 300 ЗБ.
Еуразияның мал өсіретін тайпаларының өз негізінде біртұтас экономикалық базисі, экономикалық және мәдени байланыстары Оңтүстік Сібір, Алтай, Қазақстан аумағын, Еділ бойын, Солтүстік Қара теңіз өңірін мекендеген тайпалар мен халықтардың — әсіресе ерте кездегі сақтардың, сарматтардың, скифтердің және басқаларының көптеген ұқсастығы бар мәдениетін өмірге әкелді. Алайда осы тайпалардың мәдениеті мен өнерінде елеулі айырмашылықтар да бар, олар Қазақстанның түрлі аудандарын мекендеген сақтайпаларында әр түрлі болған.
Ғылымда сақтардың тұрмыс салты мен тұрғын жайы туралы деректер көп емес. Бәлкім, көшім-қонымы көп тұрмыс салтына лайықты тұрғын жайдың тігіліп-жығылатын үлгісі — киіз үй сол кезде-ақ шыққан болуы ықтимал. Аңызға айналған аргиппейлерді сипаттай келіп, Геродот былай деп жазды: «Олардың әрқайсысы ағаштың астында өмір сүреді. Қыста ағаш кез келген сәтте тығыз ақ киізбен жабылады, ал жазда жабусыз қалдырылады». Кешпелі тұрғын жайдың бұдан кейінгі эволюциясы барысында киіз үйдің құрылымы кемелдене түсті, бірақ оны жасаудың принципі б. з. б. I мыңжылдықтың өзінде-ақ белгілі болған еді.
Геродот пен Гиппократтың хабарлайтынындай, мал өсіретін тайпалардың кәші-қонды тұрғын үйлерімен бірге, көшпелілерде барынша кеңінен тараған төрт және алты доңғалақты арбаларға орнатылған киіз үйлер де болды; жартылай көшпелілер мен отырықшы малшылар оларды жыл маусымдарында пайдаланды. Қазақстан аумағының оңтүстік, шығыс және солтүстік аудандарында тұрақты тұрғын үйлер: оңтүстікте — шикі кірпіштен, солтүстікте және шығыста — боренелерден салынған үйлер болғаны мәлім.
Археологиялық деректер бойынша, қола дәуірінде даланы мекендеушілер күмбез тәрізді кима шатыры бар жертөле түріндегі тұрғын жайлар салды. Төбесі ағашпен деңгелете жабылған мұндай үйлер Қазақстанда, Орта Азияда және Ресейдің оңтүстігінде табылды. Бұғылы өңірінен (Орталық Қазақстан), Шағалалы өзенінің бойынан (Солтүстік Қазақстан) табылған соңғы андроновтық кезендегі жер үстіндегі тұрғын жайлар киіз үйдің одан да гөрі жақын ертедегі үлгісі болып табылады. Төбесі шатырланып және дөңгелете жабылған бұл ағаш кұрылыстар киіз үйге ғажап ұқсайды. Көшелі сәулет өнерінің бастамасы нақ осы киіз үй тәріздес тұрғын жай болған. Орманды аймақ көшпелілерінің киіз үй тәріздес кұрылыстарының бастапқы түрі тебесі шошақ күрке, ал далалық аймакта дөңгелете шатыр шығарылған жартылай жертөле болды.
Діни нанымдары мен ғұрыптар
Сақ тайпаларының діни түсініктері туралы мәселе аз зерттелген. Жерлеу материалдарына қарағанда, сақтарда ата-баба аруғына, отбасылық-рулық әулиелер мен желеп-жебеушілерге сиыну ғұрыптары болған. Бұл ғұрыптардың шығуы өлген тумаларының мәңгі жасайтынына, өлгендер өзінің рулық қауымының салттары, үйреншікті ғұрыптары мен ережелері бойынша өмір сүре беретін о дүние бар деген сенімге негізделген. Осыдан келіп өлген адаммен бірге оның беделі мен қауымдағы алатын орнына лайық мүліктің көмілуі, қауымның жеріндегі ру зиратында атқарылатын әрбір тайпаға немесе тайпалар тобына тән күрделі жерлеу ғұрпы шыққан. Малшыларда бұл ең алдымен қыстау маңы болды. Өлгендердің бәрі әдетте жылдың қай мезгілінде болса да, шалғай жерден болса да осы жерге жеткізілді.
Мұндай ғұрып кейін сүйегін ру зиратына кешіретін болып не уақытша жерлеуді немесе еліктің сақталуына көмектесетін қайсыбір амал қолдануды керек еткен.
Таулы Алтай мен Қазақстан аумағындағы сақтар зираттарын ашып-қазу сақ қоғамынын ерекше аксүйек өкілдері үшін өліктерді бальзамдау мен мумиялау колданылғанын көрсетеді.
Ондаған және жүздеген обалардан тұратын ірі-ірі рулық зираттар Қазақстанның көптеген аудандарында (Шілікті, Есік, Бесшатыр, Жуантөбе, Сы- пыра-оба, Қараоба, Ұйғарақ), яғни отырықшы және жартылай кешпелі мал шаруашылығы басым болған жерлерде белгілі. Сонымен бірге шөлді-далалық аудандарда ірі зираттар жоқ, онда қыстау үшін қолайлы жерлерде әрқайсысы 2—4 обадан тұратын аздаған мола зираттар ғана бар. Халықтың кеші-қонымының көптігіне және коныстарының жиі ауыстырылуына байланысты көшпелі мал шаруашылығы аудандарында қыстайтын орындар, рулық зираттар болу дәстүрлері қалыптаспаса керек.
Сақ тайпаларының жерлеу ғұрпы алдындағы уақыттың ғұрыптарынан едәуір ерекше болды. Егер қола дәуірі үшін тас қоршаулар мен тас жәшіктерге жерлеу тон болса, сақтар мекендеген аудандардың бәрінде обалы қорымдар болып, адамдар көбіне сопақша етіліп қазылған кабірлерге жерленді. Лақаттап және ақымдап жерлеудің жаңа түрлері шықты. Жерлеу әдістері де өзгереді: өлікті өртеудің немесе оның аяқ-қолын қусырып, қырынан жатқызып жерлеудің орнына шалқасынан созылта салып жерлеу шығады.
Жерлеу ғұрыптарының салттарында да бірсыпыра айырмашылықтар орын алып, олар шағын және уақытша сипатта болған. Мәселен, Оңтүстік Орал сырты мен Батыс Қазақстанның савроматтары тайпаластарың бетін ағашпен жапқан тар немесе кеңтік бұрышты шұнкырларға көмген. Осы аумақтағы кейбір тайпаларда шаршы және шеңбер түріндегі кабірлерге жерлейтін болды, ұзын қабырғаларының жақтауынан шығарылған кертпешелері немесе ойықтары бар қабірлер ұшырасады.
Арал маңы сақтарында түбін айнала шамалап орлаған, жерден ойып нар жасаған және түбінің бұрыш-бұрышына не оны айналдыра орнатылған діңгектердің орны бар өзінше бір үлгідегі кабірлер кездеседі. Жетісуда және Алтайда ауқатты адамдар сол кездегі жердің бетіне салынган не жерді қазып орнатқан үлкен ағаш қималарға қойылатын болған. Бұл аудандарға қарапайым адамдарды бір қабірге бірнешеуін жерлеу немесе аса терең казылмаған қабірлерге бірінен кейін бірін жерлеу ғұрпы да тон. Орталык Қазақстанда жалпақ тақтатастармен жабылып, жерден қазылатын сопақша жерлеу тұрақты дағдыға айналды, нақ осында тас кешенді обалар түріндегі мола құрылыстардың ерекше үлгісі де болған. Тайпалардың жерлеу ғұрпындағы айырмашылықтар оларда біртүтас жүйелі діни ұғымдардың болмағандығын көрсетеді.
Бейнелеу өнері
Сақ заманы тайпаларының мәдени шығармашылыгының ең жарқын көріністері арасында қолданбалы өнер ерекше орын алады. Оның басты компоненті б. з. б. VII—VI ғасырларда қалыптасып, Сібірдің, Қазақстанның, Орта Азияның және Оңтүстік Еуропаның тайпалары арасында тараған аң стилі деп аталатын өнер болды.
Алғашында Скифияда, ал кейіннен Сібірде де бастапқы табылған орны бойынша бұл бейнелеу шығармашылығы шартты түрде скифтік-сібірлік аң стилі деп аталады. Оның негізгі тақырыбы андарды, хайуандарды және аңыздағы зооморфтық ғажайыптарды бейнелеу болды. Мазмұны жағынан мифологиялық, түрі жағынан реалистік аң стилі өнері сәндік сипатта қолданылды. Бейнелеу әдістерінің көбі қазандар мен құрбандық ыдыстарын, семсер, қанжар, қорамсак, айбалта, жүген, айна секідді заттарды, киімді, тулардың сабын әшекейлеу үшін пайдаланылды. Ертедегі шеберлер көп жағдайда заттардың пайдалылығын бейнелеуді мазмұндылығымен жақсы үйлестіріп отырды, осының нәтижесінде олардың жасаған көптеген бүйымдары дүние жүзіндегі ең тандаулы үлгілерден қалысқан жоқ. Ертедегі суретшілердің шығармашылығы өздерінің айналасындағы жануарлар дүниесінің нақты бейнелеріне етене жақын болды. Сақ шеберлері арқар мен таутекенің, жолбарыс пен кабанның, марал мен түйенің, дала қыраны мен киіктің, касқыр мен қоянның, жылқы мен бұланның өздеріне жақсы таныс бейнелерін сомдай білген. Андарды бейнелеуде әр түрлі материалдар қолданылды. Бізге дейін жеткен бұйымдардың көбі қола мен алтыннан жасалған, сүйектен, мүйізден, темірден, киізден жасалған андардың бейнелері де кездеседі.
Аң стиліндегі өнерді шартты түрде үш кезеңге: көне заманғы кезеңге, өрлеу мен құлдырау кезеңдеріне бөлуге болады.
Б. з. б. УШ—VII ғасырлар үшін андарды бір орында тұрған қалпында жеке немесе ішінара бейнелеу тэн болып келеді. Таутекенің, аркардың мүсіндері, басын көтеріп жатқан қабанның немесе тұрған жыртқыштың, аяғын бүккен немесе тұяғының ұшымен тұрған бұғылардың бедерлеп салынған суреттері көп кездеседі. Қос шенберлі тұғырда тұрған екі текенің құйма қола мүсіні назар аударарлық: текелер біршама схемалы түрде, бейне бір секіруге оңтайланған кейпінде, бастары тұкырта бейнеленген, ал бедерлі үлкен мүйіздері арқаларына тиіп тұр (Тасмола).
Жетісудан (Талдықорған) табылган екі қола мүсінде мүйіздері айнытпай түсірілген текелердің басы реалистік тұрғыда керсетілген; мүсіндер ұзын конус тәріздес төлкелерге орнатылған. Алдыңғы қола құю өнерінің тағы бір үлгісі — Солтүстік Қазақстаннан табылған, басын жоғары кетерген және мүйіздері бірнеше рет бүралган арқардың іші куыс мүсіні, ол соғыс қаруы — балғашотқа (Бурабай) салынған. Шілікті обасынан (Шыгыс Қазақстан) табылған заттардың арасында үлкен мүйіздерін арқасына қайыра жатқан бұғы кейпінде шебер жасалған алтын бұйымдар, қабандардың ойып жасалған шагын мүсіндері ерекше көзге түседі. Қола пышақтарды жыртқыштардың басын салып немесе түтас мүсіндерін салып әдемілеу, ал жүген тоғаларына аттың басын немесе ат тұяғының таңбасын салып әшекейлеу сол кездегі көп тараған әдіс болған.
Дереккөздер

  1. ↑ «Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010.—59 ISBN 978-601-282-026-3

  • Әдеб.: Акишев К.А., Кушыев Г.А., Древняя культура саков и усуней долины реки Или, 1963; Артамонов М.И., Сокровища саков, М., 1973; Акишев А.К., Искусство и мифология саков, А.-А., 1984; История Казахстана, т. 1, А., 1996. А. Бейсенов



Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы Алматы 1888ж.
32-43 беттер.
2. Мұратхан Қани Алматы 1993ж. 50-58 беттер.
3. «Қазақ-тарихы» Алматы 1995ж. 16 беттер.
4. Х.К. Ермұханова Шың 2006. Алматы 20-24 беттер.


ТАЛАС ШАЙҚАСЫ, АТЛАХ ШАЙҚАСЫ 751 жылы Атлах қаласы маңында қытай және араб әскерлерінің арасында болды. Атлах шайқасы біздің жыл санауымыздың 751 жылы Тараздан 25-ақ шақырым жерде орын тепкен ежелгі шаһардың қанаттас қаласы – Атлах қаласының маңында өтті.
Шайқас қарсаңында 749 жылы араб халифатындағы ұзаққа созылған тақ таласы аяқталып, қара киімділер аталған Аббас әулеті билікке келді. Олар осыған дейін халифат бақылауынан тыс қалған бұрынғы Орталық Азиядағы иеліктеріне ықпалын күшейте түсті. Осы тұста Тан патшалығы әскері Шығыс Түрік қағандығының әлсірегенін пайдаланып, Талас өңіріне таяп келіп, араб халифаты иелігіне қауіп төндірді. Тан патшалығынан теперіш көріп келе жатқан түргештер мен қарлұқтар араб халифаты әскерінің көмегіне суйену үшін арабтар жағында болды. Бұл жағдай арабтар мен қытай әскерлерінің қақтығысқа түсуін жеделдете түсті. Екі жақ әскерлерінің шайқасы 751 жылы 29 шілдеде басталып, 5 күнге созылды. Қытай қолбасшысы Гау Шиянденнің (Гао Сянь-чжи) қарамағында 70 мың әскер болған. Шайқас барысында қарлұқтар жаппай арабтарға болысып, екі жақтан Тан армиясын қыспаққа алды. Араб қолбасшысы Зияд ибн Салих қарамағындағы әскер шайқас барысында қытай әскерінің 50 мыңын өлтіріп, 20 мыңын тұтқынға алды. Шайқаста жеңіліс тапқан Тан патшалығы бұдан кейінгі кезеңде өз құдіретінен айрылды. Бұл өз кезегінде түркілердің Ислам өркениетімен жақындасуын жылдамдатты.
Умәуи халифатының орнына келген Аббаси халифатының алғашқы ірі жетістіктері болып саналатын 751 жылғы Атлах шайқасы бүкіл Орталық Азияның тарихи, мәдени және саяси картасын өте қатты өзгерістерге ұшыратуға себеп болды. Осы бір ірі мұсылмандардың жеңісінен кейін Таң патшалығы 1000 жылға дейін Қазақ жеріне аттап баспаған болса, ал ислам діні бұл жерлерде кеңінен тараған және қалалар аз уақытта әсем де көрікті болып дамыды. Бұл болып жатқан мәдени өзгерістерге Аббаси халифатының қосқан үлесі өте көп...
Аббасилардың халифаты (751 - 1258 жж.) кезеңінде түркі халықтары түгел дерліктей хақ дін Исламды қабылдады. «Шын мәнісінде Ислам дінін бірінші Қарахандықтар қабылдаған. Ол кезде, яғни X ғасырдың аяғына дейін Қарахандықтар Қашғарды билеп тұрды, Бұхара мен Самарқанды жаулап алды. Басқа түркі халықтарының көпшілігі 1043 жылы қабылдады» дейді В.В.Бартольд. Бірқатар деректерде түркі тайпаларының ислам дінін қабылдауы X ғасырдан бастау алды десе, бір деректер VIII ғасырдан басталған дейді, өйткені 751 жылғы Атлах шайқасында мұсылмандардың Аллаһтың көмегімен жеңіске жетуі түркілердің ислам дінін қабылдауын тездетті. Осыдан бастап дінді қабылдаған халық сол кездегі жаңадан пайда болған әлемдік мәдениетті дамытуға атсалысты.
Атлах сол кезде Талас өзенінің жағасында орналасқан Түргеш қаласы болған. Ішкі қарама-қайшылықтар Түргеш қағанатын бұзды, ол қара және қызыл болып бөлінді, және қытайлық әскери қолбасшылар, сондай-ақ олардың одақтастары кәрістер мұны толық көлемде пайдалануға шешім қабылдады. Қытай армиясының шығу тегі бойынша бас қолбасшысы шиянжи ГАУ-ның түбірі таулы сел сияқты Тюргеш әскері қоршалған Талас қаласына келді. Шаша қаласының билеушісінің ұлы Зияд ибн-Салих әкесі Шаша алу кезінде генерал Гау Шиянжаны өлтіріп, Атлахтың жанында, Араб әскерін Таласқа алып келді. Карлуков рудалары қатал позицияға ие болды және қақтығысқа араласпады.
Егер араб тарихшысы Ибн әл Асирге сенсе, Атлах қаласының астында Қытай армиясының 50 мыңнан астам солдаты өлтіріліп, 20 мың тұтқынға алынып, арабтар, соғыстар және оларға одақтас армиялар түргештер мен қарлұқтар тарапынан қанша адам қаза болғаны белгісіз. Атлах шайқасы мен ондағы Ұлы жеңіс Орта Азия мен Қазақстан халықтарының кейінгі тарихында үлкен рөл атқарды, көптеген қайшылықтардың түйінін туғызды, біртұтас халықтар бірлігінің айқын мысалы болды. Бұдан басқа, дәл осы шайқас Қытай экспансиясы үзілгеніне алып келді, және осы жағынан көптеген жүзжылдықтарға шапқыншылық қаупінің алдын алды. Атлах шайқасындағы жеңіс кем дегенде екі терең тарихи мағынаға ие: 1. Тан империясының бас қолбасшысы Шиянжи Генерал-губернаторы осы шайқаста тірі болып, сол кезден бастап қытай солдатының аяғы қасиетті қазақ жеріне түскен жоқ. Орта Азия мен Қазақстан өз тәуелсіздігін сақтап қалды. Қытай жаулап алушыларынан құтылып, біздің жеріміз бүгінгі күнге дейін өз еркіндігін сақтап қалды.
Атлах шайқасы жөніндегі алғашқы деректің басында хань әулетінің «26 тарих» аталатын, Азия құрлығының 4-5 мыңжылдық тарихын қамтитын жылнамасының кейбір тарауларын алғаш рет өзге тілге аударып, XIX ғасырдың бірінші жартысында француз тілінде жариялаған Эдуард Шаванн тұр. Осы кезеңде аталған тарихнамамен біршама танысуға мүмкіндік алған Иакинф әкей – Бичурин Э.Шаванн аудармасын алдымен неміс тіліне аударып, кейіннен орыс тілінде жариялаған Маловтар болды.
Ал XX-XXI ғасырлар бедерінде Лев Гумилев, Мурад Аджи, Рүстем Рахманалиев, Сергей Кляшторный, Тұрсын Сұлтанов, тағы да басқа көптеген түркі тегін зерттеуші ғалымдар Атлах-Талас шайқасы жөніндегі аз-кем пікірлерін үздіксіз жариялап келді. Өкінішке қарай, ұлыс¬тық, ұлттық тарихымызда, қала берді әлемдік өркениет тарихында ерекше орны бар, адамзат тарихына «алтын әріптермен» жазылған атақты айқастардың бірі де бірегейі Атлах шайқасы жөнінде жазылған арнайы зерттеу-зерделеу кітабы емес, тіптен жеке-дара жазылған ғылыми-танымдық кітапша да жоқ.
Тұрсынхан Зәкен¬¬¬¬¬нің шайқас барысы жө¬нінде: «Қалай деген¬мен де Талас шай¬қасы Таң импе¬рия¬сының Орта Азия¬¬ға бағыттаған шапқыншылық сая-сатына нүкте қойды. Осы оқиғадан соң империяның Шығыс Түркістандағы әскери бекініс¬тері де түгелімен жо¬йылды. Араб бас¬қын¬шылығының тегеуріні нәтижесінде түбіттер де Орта Азия мен Шығыс Түркістаннан бас тартуға мәжбүр болды» дейді.
Абсаттар қажы Дербісәлінің «Ислам бейбітшілік және жасампаздық діні» деген еңбегінде «Ислам дінінің қазақтар арасына тез тарап қана қоймай, халық арасында үлкен беделге ие болуына 751-жылы Талас өзенінде болған соғыста Араб әскерлерінің Қытайдың әскерін күйрете жеңуі басты себеп болды» дейді.
Максидидің 985 жылғы жазуы бойынша: «Атлах үлкен қала, көлемі жағынан орталық қалаға жақын, айналасы биік дуалмен қоршалған. Бау-бақшасы көп,жүзім мол өседі. Мешіті-орталығында,базары-«Рабадта» (қала шетінде) болған.
Махмуд Қашқаридың айтуынша «Атлах – Тараздың маңындағы қаланың аты». А.Н. Бернштамның пікірінше, Атлахтың қалдығы – Жуантөбе. Қазір ол құлаған. Қамал мен қаланың қалдығынан төбеге айналып, 280-140 м жерді алып жатыр.Төңерегінде қорғаны, оның сыртында егін алқабы болған» -деген дерек кездеседі.
«Қытай әскері Талас бойында тас талқан етіп жеңілгеннен кейін, енді қайтып түркілер еліне беттей алмады. Қытай әскері Талас бойындағы жеңілістен соң өзінің Орта Азияға жүргізген экспанциялық саясатынан бас тартты. Ұйғыр мен Тибеттіктердің қысымынан, Қытай тек Жетісу емес, шығыс Түркістан жерінен кетуге мәжбүр болды. Арабтар бұл өңірде өз билігін жүргізе алмады. Түркі империясы құлағанымен жер түркі халқының қолында қалды» дейді Зікірия Жандарбек «Насабнама нұсқалары




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет