Жоспары: JavaScript тілі, оның қысқаша тарихы, скриптілік тілдердің тағайындалуы



Дата31.03.2023
өлшемі85.51 Kb.
#471520
f6079f911853a50


15.04.2021
JavaScript тіліне кіріспе. JavaScript тілінің негізгі қасиеттері
Жоспары:
1. JavaScript тілі, оның қысқаша тарихы, скриптілік тілдердің тағайындалуы.
2. Java Script тілінің мүмкіндіктері.
3. Негізгі мәліметтер типі. Айнымалылар.
4. Құжаттың құрылымы.
5. Ақпаратты шығару.
HTML тілі Web-беттер авторларына мәтіндік және графикалық ақпаратты бейнелеу үшін үлкен мүмкіндіктерді береді. Бірақ HTML тілі көмегімен құрылатын HTML беттер статистикалық болып қала береді – яғни, пайдаланушы бетте орналасқан ақпаратты өзгерте алмайды және де көптеген интерфейстік элементтерді қолдана алмайды. Бетті интерактивті түрде жасау үшін – скриптілік тіл қажет.
Скриптілік тілдер интерактивті беттерді құру үшін қолданылады. Сондай скриптілік тілдің бірі JavaScript.
JavaScript – бұл қарапайым объектілі-бейімделген тіл, ол Internet үшін клиенттік және серверлік қосымшаларды құру үшін арналған. JavaScript тілінде жазылған бағдарламалар HTML-құжаттарының құрамына кіреді және солармен бірге тарайды. Netscape Navigator және Ms Internet Explorer типті көру программалары (яғни, браузерлер) құжаттың мәтініне енгізілген кірістірілген программаларды (Script-кодтар) таниды және оларды орындайды.
JavaScript тілінде программаларды құру үшін JavaScript-ті тілін қолдайтын сәйкес версиялы браузер және HTML-құжаттарын құруға мүмкіндік беретін мәтіндік редактор қажет. JavaScript программасы HTML-құжатының мәтініне кірістірілген болғандықтан, сіз өз жұмыстарыныздың нәтижесін, құжатты браузермен көрген уақытта көре аласыз және қажет жағдайда өзгертулер енгізе аласыз.
Скриптілік тілдер көбінесе мыналар үшін қолданылады:
 браузердің статустық жолындағы сұхбаттық тақталарды және хабарламаларды бейнелеу үшін;
 жүктелу уақытында беттің құрамын динамикалық түрде құру;
беттің құрамын өзгерту;
 пайдаланушы көретін ақпаратты өзгерту;
 басқа беттер бойынша навигация;
 Web-бетке Java–апплет және Active X элементтері сияқты кірістірілген объектілерді басқару.
2) Java Script тілінің мүмкіндіктері.
Javascript көмегімен HTML құжаттарының бейнеленуін және құрамын басқаруға болады. Экранда бейнеленетін құжатқа кез-келген HTML-кодты жазуға болады.
Javascript браузердің жұмысын бақылауға мүмкіндік береді. Мысалы: WINDOWS обьектісі экранға шығарып сұхбаттық территорияларды шығаруға, браузердің жаңа терезесін құруға, ашуға және жабуға терезе өлшемдерін беруге және тағы басқа мүмкіндік беретін әдістерді қолдайды.
Javascript құжаттардың құрамымен өзара әрекет жасауға мүмкіндік береді. Dokument объектісі және онда қамтылатын объектілер программаларға HTML құжатының бөлігін оқуға, кейде олармен өзара әрекет жасауға мүмкіндік береді. Мәтіннің өзін оқуға болмайды, бірақ, мысалы гипермәтіндік сілтемелердің тізімін алуға болады. Қазіргі таңда құжаттардың құрамымен өзара әрекет жасайтын Form объектісі және ол қамтитын объектілер кең мүмкіндіктер береді.
Javascript пайдаланушымен өзара әрекет жасауын қамтамасыздандырады. Javascript кез-келген математикалық есептеулерді орындауға мүмкіндік береді.
3) Негізгі мәліметтер типі. Айнымалылар.
Айнымалылардың, функциялардың және өрнектердің мәндері мынадай типті болады:
1. Бүтін сандық;
2. Нақты сандық;
3. Логикалық;
4. Жолдық;
5. Null-мәнінің «бос жиынын» белгілеу үшін арналған арнайы мән.
Айнымалылар идентификаторлармен белгіленеді. Идентификатор –міндетті түрде әріптен басталатын латын әріптері мен цифрлар тізбегі.
Айнымалы деп - алгоритмнің орындалу процесінде мәні өзгеретін шаманы айтады. Айнымалыны анықтау үшін var кілттік сөзі қолданылады.
Мысалы:
var x=1 // x-ке 1 мәні меншіктелген.
var y=2 // y-ке 2 мәні меншіктелген.
var z=3 // z -ке 3 мәні меншіктелген. х, у, z айнымалылар болғандықтан, олардың мәндері кез келген уақытта өзгере алады. Мысалы: х=y+z //x=5, бұл 2 және 3 сандарының қосындысының нәтижесі.
4) Құжаттың құрылымы.
JavaScript скриптінің коды HTML-бетте орналасады. Скрипт екі — тегтерінің арасында орналасады. Оның жалпы жазылу түрі мынандай:

Мұндағы: Language атрибуты берілген бағдарлама қай тілде жазылғанын көрсетеді. Скриптік бағдарламаларды қолдамайтын браузерлер, оларды тастап кетуі үшін, оларды комментарийлер блоктарының ішінде орналастыру керек:

Комментарийлер жақшаларға алынады, HTML-комментарийдің тегі жабылуы үшін "//" екі қиғаш сызықшалар қолданылады.
Құжаттың жалпы құрылымы: JavaScript тілінде жазылған бағдарлама құрылымының функциялары HTML-құжатының бөлімінде орналасады. HTML-құжатының мысалы:


JavaScript <a href="/aza-tilindegi-resmi-is-afazdari-basaru-jimdastiru-okim-shifaru.html">тіліндегі бағдарлама мысалы</a>



...
HTML-құжатының мәтіні және и JavaScript-те функцияны шақыру ... тегтері.
командасы міндетті емес болып табылады. Бұл командалардың арасында браузер JavaScript тілін көрмейтін пайдаланушылар үшін мәтін қамтылады. Бұл команданың арасында HTML тегтері орналасады.


JavaScript тіліндегі бағдарлама мысалы /TITLE> <br /><SCRIPT LANGUAGE="JavaScript"> <br /> <br /><span lang="kk-kz">... <br />Java Script бағдарламасы <br />... <br />-> <br /></SCRIPT> <br /><NOSCRIPT> <br /> <br /><span lang="kk-kz">Мұнда браузер JavaScript тілін көрмейтін пайдаланушылар үшін <a href="/mfalimi-amanjolova-s-g-4-sinip-aza-tili-tairibi-metin-trleri-m.html">мәтін қамтылады </a><br />-> <br /></NOSCRIPT> <br /></HEAD> <br /><body> <br />... <br />HTML-құжатының мәтіні және и JavaScript-те функцияны шақыру <br />... <br /><span lang="kk-kz"> </span></body></span></span></html></body></span>

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет