Жұқпалық қауіпсіздік Қолды әлеуметтік деңгейде тазарту



бет1/4
Дата18.08.2023
өлшемі20.19 Kb.
#476119
  1   2   3   4
қолды өңдеу


Жұқпалық қауіпсіздік
Қолды әлеуметтік деңгейде тазарту


Мақсаты: науқастармен немесе қоршаған орта объектілерімен жанасу нәтижесінде медициналық қызметкерлердің қол терісі ластанғанда, транзиторлы микрофлора мен ласты жою, науқас пен қызметкерлерге жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Қолдану көрсетілімдері: тамақты үлестіру алдында, науқасты тамақтандырғанда; әжетханаға барғаннан кейін; науқасқа күтім жүргізер алдында және жүргізгеннен кейін, егер науқастың биологиялық сұйықтықтарымен қолдары ластанбағанда.
Дайындаңыз: бір рет қолданылатын мөлшерлегіштегі сұйық сабынды, секундтық тілі бар сағатты, қағаз сүлгілерді.


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Саусақтардан сақинаны, жүзікті, сағатты және тағы да басқа әшекей-бұйымдарды шешіңіз, қол терісінің бүтіндігін тексеріңіз.

  2. Халаттың жеңдерін білектің 2/3 бөлігіне дейін қайырып ораңыз.

  3. Су шүмегін ашып, судың температурасын (35-400С) реттеңіз.

  4. Ағынды судың астында қолыңызды білектің 2/3 бөлігіне дейін 30 секунд бойы сабындап жуыңыз, қолдың саусақтарына, саусақ аралық аймағына, көңіл бөліңіз, содан кейін әрбір қолдың сыртқы бетін және алақанның, үлкен саусақтардың негізін айналмалы қозғалыспен жуыңыз, егер де қол терісінің беті мұқият сабындалса және теріде лас аймақ қалдырылмасаосы уақыт қолды әлеуметтік деңгейде тазартуға жеткілікті.

  5. Сабынды көбікті кетіру үшін ағынды судың астында қолыңызды шайыңыз (қолыңыздың саусақтарын жоғары қаратып ұстаңыз, жуғышқа тигізбей су шынтақтан жуғышқа ағуы қажет, қолдың саусақтары өте таза болуы керек).

  6. Шүмекті жабыңыз.

  7. Қолыңызды қағаз сүлгімен кептіріңіз.


қолды Гигиеналық деңгейде ТАЗАРТу


Мақсаты: транзиторлық микрофлораны кетіру немесе жою. Науқастың және медициналық қызметкердің жұқпалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет