Жүрек қызметінің жұмысы кезінде пайда болатын электрлік құбылыстарды (биотокті) графикалық тіркеу әдісі.Қалыпты электрокардиограмма р q r s т деген тісшелермен белгіленеді



бет1/8
Дата01.11.2022
өлшемі1.53 Mb.
#463777
  1   2   3   4   5   6   7   8
Жедел жәрдем.Мейрамбек.


Негізгі бөлім:
17.10.2022 жыл 08:30-14:30 ЭКГ түсіру және талдау.
ЭКГ - жүрек қызметінің жұмысы кезінде пайда болатын электрлік құбылыстарды (биотокті) графикалық тіркеу әдісі.Қалыпты электрокардиограмма Р Q R S Т деген тісшелермен белгіленеді.Электрокардиографияда міндетті түрде 12 электрокардиографиялық тіркеме қолданылады: 3 негізгі стандартты тіркеме, 3 бір полюсті күшейтілген аяқ-қол тіркемесі және 6 кеуде тіркемесі бар.
ЭКГ (электрокардиограмма) түсіру техникасы.
1. ЭКГ-ға жүріп келгенде 10-15мин демалғаннан кейін түсіріледі,тамақтан кейін 2сағ.өткенде.
2. Науқастың жағдайы–кушеткаға жатқызып.
3. Электродтарды балтыр мен білектердің ішкі жағынан салынады. Теріні арнайы гельмен немесе 10% физ.ерітіндісімен дымқылдатады.
4. Электродты салу реті:
А. – қызыл – оң қолдын білегі.
Б. – сары – сол қолдың білегі.
В. – жасыл – сол аяқтың балтыры.
Г. – қара – оң аяқтың балтыры ( жер ).
Кеудемелі электродтарды пациенттің кеудесіне резеңкелік белгіленген еміздіктермен 6 позицияда жалғау:
V- IV қабырға аралықта төстің оң жағында
V- IV қабырға аралықта төстің cол жағында
V- IV және V қабырғалар арасында сол жақ төс жанындағы сызықта
V- V қабырғааралық сол жақ бұғана орта сызығында
V- V қабырғааралық сол жақ қолтық асты алдыңғы сызығында
V- V қабырғааралық сол жақ қолтық асты ортаңғы сызығында
5. ЭКГ аппаратын жерге қондыру; ЭКГ аппараттың кабелін тоққа қосу, аппаратты іске қосу;
6. Изоэлектро сызыққа аппараттың қаламын орнату;
7. Бақылау микровольтін тіркеу («М» немесе «50» кнопкаға басу арқылы) және «mV» кнопканы басу;
8. ЭКГ тіркеуді бастау;
- I стандартты тіркемеге кнопканы орнатамыз;
- «М» немес «50» басып 3-4 комплексті тіркейміз;
- II, III –кнопкаға бірінен кейін бірін басып, AVR, AVL, AVF
9. Кеуде тіркемелерін жазуға кеуде электродтарымен қолданамыз; . Кнопканы mV жағдайына қойып, бақылаймыз да микровольтті тіркейміз;

10. Аппаратты сөндіреміз; электроттарды шешеміз. ЭКГ лентасын толтырамыз; күні, науқастың тегі, аты жөні, жасы.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет