Жүректің шартты тұйықтық көлемін анықтау. Жүректің оң жақ шегін анықтау



бет1/8
Дата30.10.2022
өлшемі359.42 Kb.
#463646
  1   2   3   4   5   6   7   8
пропед навыки


  1. Жүректің шартты тұйықтық көлемін анықтау.

Жүректің оң жақ шегін анықтау. Ең алдымен бұғана орта сызығы бойынша оң жақ өкпенің төменгі шегі анықталады, қалыпты жағдайда VІ қабырға деңгейіне сәйкес келеді. Содан соң плессиметр саусақты бір қабырға аралыққа (ІV) жоғары көтереді, саусақты жүрек оң жақ шегіне параллелді орналастырады, сосын тұйық дыбыс пайда болғанша саусақты жүрекке қарай жәй қағумен жылжытады. Анық дыбыс анықталған саусақтың сыртқы қырынан белгілеп, жүректің оң жақ шегін анықталады. Ол қалыпты жағдайда төстің оң жақ қырынан 1 см сыртқа қарай орналасады.
Жүректің сол жақ шегін анықтау. Ең алдымен сипау арқылы жүрек ұшы соққысы анықталады. Егер ол анықталмаса, қағуды қолтық асты орта сызығынан V қабырға аралығымен ішке қарай жүргізеді. Плессиметр саусақ жүрек ұшы соққысынан сыртқа қарай немесе қолтық асты орта сызығына перпендикулярлы орналастырып, тұйық дыбыс пайда болғанша қағу ішке қарай жүргізіледі. Сол қолды алмай тұрып, оң қолмен табылған шектің бұғана орта сызығына қатынасын анықтайды. Қалыпты жағдайда жүректің сол жақ шегі V қабырға аралығында бұғана орта сызығынан 1– 1,5 см ішке қарай орналасады. Жүректің жоғарғы шегін анықтау – саусақты қабырғаларға параллелді орналастырып, І қабырғааралықтан бастап, орташа күшпен қағып, тұйық дыбыс пайда болғанша төмен қарай түсе береді. Саусақтың сыртқы қыры бойынша тұйықты дыбыс пайда болған шегі белгіленеді. Қалыпты жағдайда жүректің жоғарғы шегі ІІІ қабырғаның жоғарғы қырына сәйкес келеді .





2. Өкпенің салыстырмалы перкуссиясы
1. Алдынан өкпе ұшын қағып салыстырады (плессиметр – саусақ бұғанадан жоғары параллель орналасады). Содан кейін бұғананың өзін қағып қарау керек. Екі жақтағы дыбысты салыстырамыз. Кейін бұғана асты ІІ және ІІІ қабырға аралық (плессиметр – саусақ қабырға аралықта орналасады) дыбыс салыстырылады.
2. Әрмен қағу тек оң жақта жүргізіледі, себебі сол жақта жүрек орналасады. Қағу тәсілімен оң жақ ІV– V қабырға аралық дыбыс, сол жақ І– ІІ– ІІІ қабырға аралық дыбыспен салыстырылады.
3. Өкпенің екі жанын қағу. Қолтық аймағың салыстырмалы қағу кезінде науқас қолдарын төбесіне қою керек. Қағу қолтық асты сызықтар бойынша жүргізіледі.
4. Өкпенің арқа бетін перкуссиялауды жауырыннан жоғары бастайды (плессиметр саусақ жауырынның жоғарғы қырына сәйкес орналасады). Жауырын аралық аймақ дыбысын салыстырып қағуда плессиметр – саусақты омыртқаға параллель орналастырып, екі жақтың дыбысын салыстырады. Жауырыннан төменгі аймақта салыстырмалы перкуссияны плессиметр – саусақ қабырғаға горизонтальді күйінде жүргізеді. Жауырыннан төменгі аймақта перкуссиялық дыбыс VІІІ–ІX қабырғааралық дыбыспен салыстырылады.
Қалыпты жағдайда өкпе үстінде симметриялық аймақтарда айқын өкпе дыбысы анықталады.
Мән беретін жағдай: оң жақ өкпе ұшында, ІІ– ІІІ сол жақ қабырғааралықта (жүрек жақын орналасуы) оң жақ қолтық асты аймағында (бауырдың орналасуы) перкуссиялық дыбыстың қысқаруы тән.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет