ҚҚк western Union жүйесі пайдаланылатын алаяқтық санының артқаны туралы ескертеді



Дата03.07.2016
өлшемі149 Kb.
#175838
ҚҚК Western Union жүйесі пайдаланылатын алаяқтық санының артқаны туралы ескертеді

13:27 09/08/2012



АЛМАТЫ, 9 тамыз Новости-Казахстан ЖА. Қазақстанның Қаржылық қадағалау комитеті (ҚҚК) соңғы кездері үшінші тұлғалардың тарапынан Western Union ақша аударымы жүйесін пайдаланып жасаған алаяқтықтары туралы арыздармен азаматтардың жүгіну жағдайларының жиілегені туралы ескертеді.

Атап айтқанда, реттеушінің сайтында жарияланған хабарда сатып алынатын тауардың ақысын Western Union аударымдар жүйесі арқылы төлеген кезде алаяқтық жасалуы мүмкін екені айтылады. Қымбат бағалы тауарларды (мысалы, автомобильдерді) төмен бағаға сату туралы Интернет арқылы жасалатын ұсыныстар осындай алаяқтыққа ұшырау қатерінің ауқымына кіреді.

Әдетте, келіссөз жүргізу барысында сатып алушыдан ақша аударымдары жүйесінің көмегімен аванстық төлемді немесе алдын ала толық төлемді аудару сұратылады. Сондай-ақ алаяқтар сатып алушының төлем жасауға қабілетті екенінің кепілдігі ретінде оның өзіне белгілі адамның, мысалы, туысының, немесе сатып алушының тура өзінің атына ақша аударымын жіберуін сұрап, ондай аударым бойынша ақшаны тек төлем құжатында көрсетілген алушының ала алатынын желеу етеді.

Тауардың жеткізілетінінің кепілдігі ретінде сатушы сатып алушыға тауарды сатып алушыға жеткізу аяқталған сәтке дейін оған аударымның бақылау нөмірін бермеуді ұсынады, бірақ аударымның барлық басқа деректемелерін, соның ішінде ақша алушының деректемелерін (аты-жөнін) хабарлауды талап етеді.

Бұл орайда алаяқтар ақша алушының жеке басын куәландыратын құжаттарды қолдан жасайды және сондай құжаттарды пайдаланып, Western Union қызмет көрсету кеңселерінен аударылған ақшаны өздерінің тауарды жеткізу бойынша міндеттемелерін орындамастан ала алады.

Сонымен қатар ҚҚК бірқатар ақша аударымдары жүйелерінде алушының жанында тиісті жеке бас куәлігі болмаған төтенше жағдайларды ескере отырып әзірленген «Бақылау сұрағы» функциясы пайдаланылатынын айтады.



«Бақылау сұрағын ешбір жағдайда операция бойынша төлеу сәтін кідірту үшін қосымша қауіпсіздік құралы ретінде пайдалануға болмайды. Алушы жеке бас куәлігін ұсынғаннан кейін, тіпті егер алушы бақылау сұрағының жауабын білмесе де, ақша төлеу іске асырылады. Осыған байланысты ақша аударымдары жүйесі арқылы аударымдарды жөнелткен кезде алушының бақылау сұрағына жауап бермегені алушыға ақша берілмейтініне кепілдік бола алмайды» - делінеді ҚҚК хабарында.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет