Катонқарағай ауданың 2011 жылдың 1 жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы



Дата24.02.2016
өлшемі53 Kb.
#16433
Катонқарағай ауданың 2011 жылдың 1 жартыжылдығындағы

әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы

АҚПАРАТ
2011 жылдың 1 шілдедегі мал шаруашылық өнімінің көлемі 3 млрд. 011 млн. 400 мың теңгені құрады немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 27,1 пайызға өсті. Мал шаруашылық өнімінің табиғи индексі 103 пайызды құрады.

2010 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ет – 3,7, сүт – 2,4, жұмыртқа – 2,6 пайызға өсті.

Ауданда ірі-қара мал басы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,8 пайызға, жылқы - 4,2 пайызға, шошқа – 2,6 пайызға өсті, құс өткен жылдың деңгейінде қалды. Сонымен қатар қой мен ешкі басы 0,2 пайызға азайғаны байқалады.

Өнеркәсіп өнімдерінің мөлшері 591,8 млн. теңгені құрады, немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 32,3 пайызға өсті. Өнеркәсіп өнімінің табиғи индексі 108,9 пайызды құрады.

Есепті кезеңде қайта өндеу өнеркәсібінің көлемі 431 млн. 600 мың теңгені құрады, өнімнің табиғи индексі – 103,2 пайызды құрады, соның ішінде тамақ өнеркәсібін өндіру көлемі – 359 млн. 200 мың теңгені, өнімнің табиғи индексі 102,1 пайызды құрады

Ағымдағы жылдың есеп беру кезеңінде 445 млн. 700 мың теңгенің инвестициясы ауданға тартылып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 41,9 пайызды құрады. Негізгі капиталға тартылған инвестиция өнімінің табиғи индексі 39,1 пайызды құрады.

2011 жылдың 1 шілдесіне аудан бойынша жалпы көлемі 1090 шаршы метрді құрайтын 14 тұрғын үй қолданысқа берілді немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,3 пайызды құрады, сонымен бірге берілген жоспар-тапсырмадан 1,6 есеге асыра орындалды.

Ауданның өздік бюджетіне 181 млн. 998 мың теңге көлемінде салықтар мен басқа төлемдер түсті, немесе болжамның 116,3 пайызы.

Бюджеттің шығыс бөлігі 1 млрд. 556 млн. 500 мың теңгеге орындалды, немесе қаржылардың игерілуі 99,0 пайызды құрады.

Ауданда 2316 шағын бизнес субъектілері тіркелген, немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,8 пайызды құрады. Соның ішінде 109 шағын кәсіпкерлік кәсіпорны тіркелген, бұл былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2 кәсіпорынға артық немесе 101,9 пайыз.

2011 жылдың 1-ші шілдесіне шағын бизнес субъектілерінен бюджетке 28,9 млн. теңгенің түсімдері түсті, немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,3 пайызды құрады.

2011 жылдың 1 шілдесіне тіркелген жұмыссыздар саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 23 адамға өсіп, 130 адамды құрады.

Жылдың басынан жұмыспен қамту бөліміне жұмысқа орналастыру бойынша 356 адам жүгінген болса, оның 258 жұмысқа орналастырылды, немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 145 адамға өскені байқалады. Жұмысқа орналасу үлесі 72,5 пайызды құрады.

Өткен жылдың тиісті кезеңінде 721 жаңа жұмыс орны ашылса, ағымдағы жылдың 6 айында ауданда 754 жаңа жұмыс орны ашылды, немесе ашылған жұмыс орны 33-ке өсті.

Есептік кезеңде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – 7 млн. 378 мың теңге, тұрғын-үй көмегі – 900 мың теңге, балалар жәрдемақысы - 7 млн. 743 мың теңге көлемінде төленді.

Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне күнкөріс деңгейі төмен, аз қамтылғандардың саны1465 адамды құрады.



Білім беру

Ауданда 54 жалпы білім беретін мектеп, оның ішінде Рахман қайнары, Талды, Маралды ауылдарындағы 3 бастауыш мектеп, мектеп жасындағы балалар контингентінің болмауына байланысты консервацияға қойылған.

Ауданда 3 мектеп жанындағы интернат, саз мектебі, спорт мектебі (БЖСМ) және 22 кәсіптік лицей жұмыс істейді.

Ағымдағы жылы 1-4 сыныпта оқитын 1684 оқушыны ыстық тамақпен қамтамасыз етуге аудандық бюджеттен 26 млн. 181 мың теңге бөлінді. Бүгінгі күнге тегін тамақпен қамтамасыз ету 100 пайызды құрайды. Тамақтанудың орташа бағасы 1 оқушыға 100 теңгені құрайды.

Облыс әкімінің 2009 жылғы 27 шілдеде берген тапсырмасын орындау мақсатында білім беру мекемелерінде балалардың күнделікті ас мәзіріне 20 грамм бал кіргізілген. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 3 млн. 205 мың теңге бөлінген.

Өткен жылдың тиісті кезеңінде балалардың мектепке дейінгі біліммен қамтылуы 79 пайызды құраса, үстіміздегі жылдың 1 шілдесіне осы көрсеткіш 88,7 пайызды құрады.

Бүгінгі күні 39 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істеп тұр, оның ішінде 33 шағын орталықтар және 6 балабақша. Мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың саны 1092, оның ішінде шағын орталықтарда – 729, балабақшаларда 363 бала.

Ауданымыз бірыңғай ұлттық тестілеудің нәтижесі бойынша бесінші жыл қатарынан облыс көлемінде бірінші орынды иеленуде. Аудан бойынша орташа балл – 99,87 болды.


Денсаулық сақтау

Аудан денсаулық сақтау жүйесімен толық қамтамасыз етілген – 2 емхана мекемелері (аудандық орталық аурухана және Катонқарағай ауылындағы аурухана), ауылдық аурухана, 3 алғашқы стоматологиялық медициналық көмек көрсету пункті, 6 отбасылық дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді. Алғашқы дәрігерлік көмекті тұрғындар үшін 41 медициналық пункттер көрсетеді. Дәрігерлік амбулаториялар мен фельшерлік-акушерлік пункттер толығымен телефон байланысымен қамтамасыз етілген.

Есепті кезеңде 2378 ауру адамдар емделді, немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 130 ауруға аз. Өткен жылдың тиісті кезеңінде - 22291 төсек-күндер өткізілсе, үстіміздегі жылдың есепті кезеңінде - 20669 құрады.

2011 жылдың 1 шілдесіне 184 бала дүниеге келді, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 15 балаға аз. Есепті кезеңде 180 адам қайтыс болды, өткен жылы – 215 адам.

Әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеуге аса көңіл бөлінеді. Осы жылдың 1 шілдесіне ауданда туберкулез ауруымен ауыратын 11 адам анықталды, өткен жылдың тиісті кезеңінде 14 адам ауырған. Туберкулезден қайтыс болған адамдар саны тіркелмеген, өткен жылдың тиісті кезеңінде 3 адам қайтыс болған, немесе 100 мың тұрғынға шаққанда 8,6%.

Ауданда барлығы 39 мәдениет ошақтары, оның ішінде 23 клуб мекемелері, 16 кітапхана және О.Бөкейдің мұражай-үйі бар. 2 денешынықтыру-сауықтыру кешені, 26 спортзал жұмыс істейді.



2011 жылдың 1 шілдесіне 95 қылмыс жасалған, өткен жылмен салыстырғанда 33 қылмысқа артық немесе 53 пайызға өсті. Басы ашылған қылмыс 92,3 пайызды құрады, өткен жылдың тиісті кезеңінде 91,4 пайыз болған.

Экономика және бюджеттік

жоспарлау бөлімінің бастығы

М. Нұрғалиев

Достарыңызбен бөлісу:




©www.dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет